Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 20:10, курсовая работа

Описание

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3

І. Ежелгі Грекиядағы саяси ойлардың рационалды кезеңі-------------------------5

1.Гомер, Гесиодтың саяси-құқықтық ойлары ----------------------------------------5

1.2 Солон , Пифагор саяси ойлары -----------------------------------------------------7


ІІ. Грекиядағы саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі -------------------8

2.1 .Аристотель,Платон,Демокриттің ойлары --------------------------------------8

2.2 Сократтың мемлекет және құқық туралы--------------------------------------17

2.3 Грекиядағы саяси-құқықтық ойдың құлдырау кезеңі-------------------------18



Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------22

Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------24

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.docx

— 57.73 Кб (Скачать документ)

        Ел билігін жереби,алдау ,зорлық арқылы иемденгендерге карсы болды.Алғашқы кауымдык құрылыстың таптық қоғамғм өтуге байланысты ежелгі Грекиядағы әртүрлі таптардың өкімет билігі үшін күресі жанданды.Бұл күрес негізінде  түрлі көзқарасты жақтаушылар философтар  мне саяси ой-пікірдіуағыздаушылар туғызды.  
 

2.3  Стоицизмнің негізін салушылар

       Философиялық көзқарасы жағынан Эпикур (б.з.д. 341—270 жж.) Демокриттің атомистік иілімдерін жалғастырушы болды. Самос аралынан шыққан ол мүғалімнің отбасында дүниеге келді. Кейіннен Афиныға қоныс аударған Эпикур шәкірттерді шағын топқа бөліп (оның ішінде құлдар да болды) өзінін жеке бағына жинап алып, оқьпты. Демокриттың атомдық теориясын негізге алған ол шешім дүниесінің мәні мен заңдылығын түсіндірді.

      Стоидизмдегі сияқты Эпикур философиясының басты міндеті максатқа ұмтылған адамның мінез-құлқы туралы ілімге талдау жасау болды. Эпикур ілімі бойынша, табиғат құдайлардың араласуынан, өз заңдары бойынша дамиды. Сондықтан да ол табиғатты оның зандарын ашу арқылы танып білуге болалы деді. Бірақ адамдардың табиғатты, оның ішкі заңдылыктары мен құ-былыстарын танып білуі басты міндет емсс дей отырып, Эпикур табиғат туралы білім адамдарды жалған сенім мен қараңғылықтан құтқаруға және өмір үшін арпалыстағы қорқынышты женуге, олардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік туғызады деп санады.

      Эпикур бойынша, мемлекеттік биліктің басты мақсаты адамдардың өзара қауіпсіздігін сақтау, олардың бір-бірінен қорқу сезімін жою және олардың бір-біріне зиян келтіруіне жол бермеу. Нағыз қауіпсіздік адамдар қауымдастығьнан бөлініп жеке дара өмір кешкенде ғана мүмкін.

     Эпикурдын түсіндіруіншс, заңдар ақылдыларды тобырдан қорғау қызметін аткарады. "Заңдар,— деп жазды ол,— ақылдылардың зұлымдык жасауы үшін емес, шараға қаталдық жасалмауы үшін шығарылған. Эпикур заңдарды барлық адамның құқығын қорғайтын құрал ретінде емес, жекелеген топтардын ғана мүддесін қорғайтын құрал деп білді./10/

     Индивидуализмді бар жан-тәнімен қорғаған ол демократияны жақтамады. Ол "данышпан адамды" "тобырға" карсы қойды Адамдар атомдардан тұратын болғандықтан, өзінін жеке-дара белсенділігінің көмегімен жақсы сөзге толы мақсатқа жете алады. Егер стоиктер өмір сүріп отырған қоғамды ақтай отырып, барлық адамдарды тағдырдың жазғанын орындауға шақырса, Эпикур бұдан қарама-қарсы түрлі әдіспен жеке адамға бостандық әпере отырып, оларды қоғамдық қатардан бойларын аулақ ұстауға және өзін-өзі жетілдіруге шақырды.

     Стоицизмнің негізін салушы Китоннан шыққан Зенон (б.з.д. 336—264 ж.ж) болды. Ол өзін тыңдағысы келетіндердің бәрін — Афиныдан адам көп жиналған жерде — агорода — үй артындағы қабырғасы жоқ, жан-жағы ашық қалқа астына шақырып, өзін осылай тыңдауға (философиялық ағымның аты да осыдан келіп шыққан) дағдылаңдырды.

       Стоицизм белгілі дарежеде сирек және шығыс көзқарастарының бірыңғай жинақталған қосындысы еді. Ол ең көп тараған философиялық мектеп болып қана қойған жок, сонымен қатар ең ұзақ өмір сүрген эллиндік философиялық мектеп те болды.

       Стоиктер дүниенің бәрін, оның ішінде ойды, сөзді, отты және тағы басқаларды дене деп атады. Дүниеде пайда болған және жүзеге асқан нәрсенің бәрі заңды да қажетті құбылыс. Әлемдік бұл заңдылықты стоиктер тағдыры деп атады. Олардың көзқарасы бойынша, бүкіл әлем тағдыр арқылы басқарылады және тағдыр құдайылық сипаты мен ұғымы бар "табиғи заң" ретінде карастырылады. Зенонның айтуынша "табиғи заңдар құдайылық болып келеді және дұрыс нәрсені орындататын және дұрыс емес нәрсеге тиым салатын күшке ие".

      Стоиктердің оиынша, әрбір адам табиғатқа сәйкес өмір сүругс және табиғат алдындағы өз борышын орындауға тиіс. Яғни әркім өзінің өмірден тағдыр белгілеген орнына, тұрмыс-тіршілігіне риза болуға тиіс. Бостандық ұғымын да стоиктер "тaғдыр" арқыльт түсіндіруге тырысады, өмірден алдын-ала шешіліп қойылған тағдыр белгісі болғандықтан, бостандықтың болуы да  мүмкін емес./10,28 б./

      Стоиктердің табиғи — құқықтық көзқарастарының мәні бойынша, құлдықты ақтауға болмайды. Бірақ олар (құлдар) да тағдырдың жазғанына көнуге тиіс, олар да тағдырдың бергенін орындай отырып, рақымшылдық пен ізеттілікке жете алады деп есептеді.

      Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасауды қажегтілігін түсінунен деп ұғындырады. Алғашкы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең назар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті  бөлу теориясында одан әрі дамытылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Корытынды

Менің ойымша, Ежелгі Грекиядағы саяси ойлары саясаттың дамуы өз үлесін қосты. Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі,дамуы біздің заманамыздағы  басқарудың түрлерінің кейбіреулері жетті. Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежелгі Грециядағы "Жен данышпан" деп аталғандардың шығармашылығы. Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және подития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.       Аристотельдін  айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақса-тына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі — адамдардын тәрбиешісі болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесіндс ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды.

      Платон идеалды мемлекет туралы еңбсгінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды.

      Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенсді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

      Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс. Демокриттің тарихи орны ежелгі грек натур-философиясының индивидуализм, ара болмыс ұғымдарын талдап, орнықтыруга бет-бұруымен    байланысты.

Демокриттің саяси ойы оның билік пен мемлекет, демократия мен бостандық туралы, қоғамдагы әділ сот және басқалар туралы терең толғамдарынан аңғарылады. Оның антик дүниесінің рухани дамуына айтарлықтай ықпал еткен негізгі идеялары біздің заманымызда да қызықтыра алады.

       Сократты философияда диалектиканың  негізін салушы ғұламалар   деңгейіне көтерді.Саясатқа келгенде  ғұлама әділетсіздікке  негізделген   баскару тәсілдерінің  бәрін   монархияны ,тиранияны ,аристократияны ,плутократияны түгелдей катал  сынға алады.Тіпті Афинадағы демократияның  кейбір нышандарына да күдікпен  қарайды.

       Сократ индукциялық, дефинициялық  тәсілдерді кодана отырып ақиқатты  анық таныған. 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Саяси ілімдер тарихы:Нұрымбетова Г.
  2. Әлемдік Саясаттану Антологиясы:1 том,92 бет
  3. Антология   Платона.М:1990 г
  4. Антология мировой политической мысли.Т.2.Зарубежная политическая мысль:истоки и эволюция.М:1997
  5. Бабақұлы Б.Платон//Ақиқат.1995.№3
  6. Қуандық Ж.Аристотель//Ақиқат.1995.№2
  7. Федорова М.Классическая политическая философия.М.,2001
  8. Антология мировой правовой мысли.Т.1.Античный мир,восточные цивилизации.
  9. Саяси ой тарихы.А.,2003
  10. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы.А.,2002.
  11. История политических и правовых учений.Древний мир.М.,1985
  12. Философия Сократа.М.,1990
  13. Философия Платона.М.,1990
  14. Классическая политическая философия.М.,1999
  15. Алексеева Т.А. Современные политические теории.М.,1997
  16. История политических и правовых учений.М.,1995
  17. Мәдениеттану.Жақсылыкова А.Е. А.,1999

Информация о работе Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы