Иммануил Кант философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 19:24, реферат

Описание

Өзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа са

Содержание

Иммануил Канттың дін философиясы
Имануил Канттың философиясында ар ілімі.
Иммануил Кант философиясында эстетика ілімі.

Работа состоит из  1 файл

Иммануил Канттың дін философиясы.doc

— 39.50 Кб (Скачать документ)
 

      Иммануил  Канттың дін философиясы 

      Жоспар 

    1. Иммануил  Канттың дін философиясы
    2. Имануил Канттың философиясында ар ілімі.
    3. Иммануил Кант философиясында эстетика ілімі.
 
 

      Өзінің  «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде  Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я  бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар-ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарыиа сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) әлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дсрексізденген парыз ұғымы - Канттың ар ілімінің ішкі өзегі. Әрекет бостандығы дегеніңіз оған мүлдем қарама-қайшы ұғым. Адамдардың шынайы іс-әрекетінен тыс, жасанды жолмен туындаған мұндай ар ілімі кезінде замандастырының сынына да ұшыраған еді. Соның ішіқде Шиллердің пікірі ерекше көзге түседі. Ол Кант ілімінің қисынсыз, сырдаң екендігін өткір өлендермен әжуа етқен болатын. Кант езілген таптың өз бақытын о дүниеден табатынын ғылыми негізде дәлелдемек болған еді. Ол үшін бұл дүниеде парызынды орындап, ешкімнің бетіне жел боп тимесең болғаны, қандай зорлық-зомбылық көрсең де, іштен тынып, орнаған тәртіпті бұзбауың керек.

      Эстетика  және көркемөнер фплософиясы Кант дүниетанымының шыңы есепті. Ол бұрын ара-жіктері  ажырап кеткен сананың салаларын  байланыстыруға арналды. Көркемдік - Кант эстетикасының негізгі ұғымы. Алайда, Кант айнала қоршаған шындықтың көркемдігін сөз етпекші емес, оның барлық зейіні эстетикалық талғамға ауған. Мұның мәнісі негізінен көркемдік туралы субъективтік пікірлер жүйесіне келіп саяды. Пікірлесудің эстетикалық қабілеттілігін сынау Канттың ойынша екіге бөлінеді. 1) сараптау (аналитика), 2) диалектика. Сараптау өз кезегінде үшке бөлінеді: а) көркемдік сипаттау; ә) көңіл көтеріңкілігін сараптау; б) эстетикалық пікірлер тұжырымдары. Көркемдік Канттың категориялар жүйесіндегі сапа, сан, қатынас және модальность арқылы сарапталады. Сапа тұрғысынан талғамдық пікір енжарлық сипатта болады. Бір нәрсенің көркем немесе көркем еместігін сыртқы заттар туралы біздің ойымызды сол заттардың өзімен салыстырмаймыз, керісінше, адамның өзімен, қанағат (немесе қанағатсыздық) сезімімен салыстырамыз. Бұл орайда парасатпен байланысты қиялдаудың да жәрдемі тиюі керек. Талғамдық пікірді Кант адамдардың қажеттіліктерімен, көңіл-күйлерімен тіпті де байланыстырмайды. Көркемдік, өйткені ешқандай мүддесіз-ақ ұнауы тиіс. Ал сан категориясы тұрғысынан; көркемдік барлық адамдарға бірдей ұнауы тиіс. Ал қатынас категориясы тұрғысынан алғанда эстетикалық пікір дегеніміз мақсаттылық туралы мақсатсыз пікір. Өйткені, мақсаттылық эстетикалық емес, мақсаттылық пікірге тән. Акыр аяғында, модальность категориясының тұрғысынан алып қарағанда, барлық адамдарға ешбір ұғынықтылықсыз-ақ ұнайтын нәрселердің бәрі - көркемдік. Қорыта айтқанда, көркемдік дегеніміз өзінің пошымы арқылы ғана ұнайтын, ешбір мақсатсыз, мүддесіз қажеттілік арқылы ұнайтын нәрсе. Міне, осындан қиын да күрделі Кант эстетикасының тұжырымдары XVIII ғасырлық француз материалистерінің көркемөнер туралы түсініктеріне қарсы бағытталған еді. Олардың шынайылыққа негізделген көркемдік талғам теориясынан Кант идеалистік, мазмұннан мақрұм, тек сыңаржақты түрлерге құрылған эстетикалық ілімін қарсы қойды. Көтеріңкі көңіл-күйін талдаула да Кант жоғарыда көрсетілген қағидаларға сүйенді. Оның екі түрін белгілеген Кант, біріншісін математикалық-асқақтық. екіншісін -диалектеикалық асқақтық деп атаған. Ал олардын негіздерін Кант объективтік шындықтан емес, адамзаттың рухынан іздейді.Табиғат құбылыстарының заңғар  сипаты адамзат рухының асқақтығын сезінуте тек дәнекср бола алады. Бұл орайда Кант көмескі, идеалистік тұрғыдан эстетикалық пікірлердегі объективтік және субъективтік жақтарын біртұтастыққа біріктіруге ұмтылды. Кант эстетикасында ұлылық туралы ұғым келеңсіз түрде ғылыми таным мен көркем шығармашылықты қарама-қарсы қоюға негіз болды. Канттың пікірінше ғұлама өте күшті дарын иесі болуы мүмкін және оның шығармалары адамдар парасатына түсінікті болады, ал ұлылық тек көркемөнер шығармашылығында ғана кездеседі, және көбінесе қарапайым халыққа түсініксіз болады. Көркемөнер дегеніміз ұлылықтың шығармашылық нәтижесі, табиғат пен ар-ождан мәселелерін ымырашылдыққа жетелеуші, қажеттілік пен еркіндіктің арасындағы алшақтықты жоюшы ұлы адамның іс-әрекеті.

      Кант  эстетикасы оның таным теориясы мен  ар ілімі сияқты екіұдай сипатты  және қайшылыққа толы. Өйткені, ол бір  жағынан, көркемдікті мазмуннан, мақсат-мүддеден бөліп алып, тек формалар шеңберінде ғана қарастырған болса, екінші жағынан, көркемөнерлік шығармашылықта адам белсенділігі мен еріктілігін мәселе етіп қояды. Ұлы суреткердің іс-әрекетінен ол табиғи қажеттілік пен адамдық еріктіліктің ең жоғарғы сатыдағы одағын көреді.

      Кант  эстетикасы сыңаржақтылығына қарамастан көркемөнер теориясындағы соны жаңалық  болды, себебі ол дәстүрлі табиғатқа  еліктеу теориясына қарсы шықты, идеалистік тұрғыдан болса да, көркеменер шығармашылығының тереңіне бойлауға талпынып, біршама диалектикалық ойлар айтты. Бірақ, бұл ізденулерден жасалған жалпы қорытындыларының маңызы тым жадағай әрі келеңсіз сипатта болды. Мысалы, ол ақыр-аяғында «дүниежүзілік сәйкестік (гармония) жаратылыстан тыс күш иесінің ақыл-ой жемісі» дегенге дейін барған-ды.

      Канттың әлеуметтік - саяси көзқарастары өзінің екіұдайлылығымен жэне ымырашылдығымен ерекшеленеді. Мұнда жалтақ неміс бюргерінің алпауыттарға қарсы күрессем деген арманы ғана бар. Өйткені, ол буржуазиялық теңкерісті армандағанымен, іс жүзіндегі күрестен қорқады және алпауыттармен әр уақытта ауыз жаласып кетуге дайын тұрады. Сондықтан да Кант өкімет тарапынан соны өзгерістердің қолға алынуын тіледі. 

Информация о работе Иммануил Кант философиясы