Марганец – топшасы, қосылыстары, химиялық және физикалық қасиеттері, минералдары және рудасының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Описание

Марганец табиғатта пиролюзит MnO2, гаусманит Mn3O4, браунит Mn2O3, марганец шпаты MnCO3, родонит MnSiO3, марганец жылтыры MnS және т.б. құрамы күрделі минералдар түрінде кездеседі. Марганец кендері Украинада, Закавказьеде, Оралда, Қазақстанда, Батыс Сібірде және басқа жерлерде бар. Марганецке бай кендерден біздің ел дүние жүзінде 1-орын алады.
Марганец алюминотермия әдісімен алынады, ондай марганецте 4-6% Al, Si, Fe болады, алюминотермиялық марганец түсті металдардың құймаларын даярлауға ұсталады.

Содержание

I. Кіріспе .....................................................................................................................................3

1. Марганец топшасы.............................................................................................................4

1.1. Марганецтің қосылыстары................................................................................................6

1.2. Марганецтің химиялық және физикалық қасиеттері......................................................7

II.Негізгі бөлім

2. Марганец минералдары.Псиломелан ..............................................................................8

2.1. Пирозюзит..........................................................................................................................9

2.2. Родохрозит…………………………………………………………..…….……….........11

Қорытынды ......................................................................................................................13

Әдебиеттер тізімі .............................................................................................................14

Работа состоит из  1 файл

Ақнұр Марганец.doc

— 917.50 Кб (Скачать документ)

   Пиролюзит кендері.  Ол біздің елімізде Закавказьеде, Украинада, Қазақстанда кезедесді.

   Пиролюзит кені  шет елдерде  Үндістанда, Золотой Берегте, Бразилияда, Богемияда бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Родохрозит


 

 

 

Родохрозит – MnCO3 (марганец шпаты). Грекше  родон – роза, хрос – түс деген сөз. Сонымен, родохрозит  минералдың түсіне қарай қойылған ат.

   Химиялық құрамы: MnO 61,7%, CO2 38,3%.

  Қаттылығы. 3,5 – 4,5 , үгілгіш зат; жымдастығы ромбоэдр бойынша білінеді. Мешікті салмағы 3,6 – 3,7. жылтырлығы – шыныша, сызығы қара. Түсі ал қызыл, малина түсті.

   Сингониясы тригондық,  кристалдық құрылыс кальцитке   ұқсас. 

   Кристалдық бейнесі.  Қуыстардың ішінде оның әртүрлі  ромбоэдр  формалары кездеседі.  Көбінесе кристалы түйіршікті  жұмыр немесе сәулелі  сферолит  формада болады.

  Жаратылысы  гидротермалық  және теңіздік. Родохрозит тотығу  – бұзылу зоналарында өте сирек кездеседі. Родохрозит өте құнды минерал. Ол ферромарганец  қорытып алу үшін  және  химия өнеркәсібінде қоданады.

   Кендері біздің  елімізде  Нижний Тагильде, Закавказьеде  кездеседі.

  Шет елдердегі  кені  Солтүстік Перенейде, Бьютте, Эльба аралында бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Марганец  металлургияда   болаттардың және құймалардың   құрамына араластыруға  қолданылады.  Ол үшін  таза марганец емес, оны  ферромарганец  және “айна” шойын түрінде қолданады.

   Ферромарганецті   алу үшін  пиролюзитті, темір  кенін  және  коксты араластырып, электр пеште балқытады. Одан шыққан  ферромарганецте 60 – 80% марганец болады.

  “Айна” шойынды алу үшін темір және марганец кендерін  домно пештерінде кокспен тотықсызданыдары, онда  15 – 20% марганец болады.

   Марганец араласқан болат ерекше қатты, берік, коррозияға ұшырамайтын, ұрып - соққанға төзімді және тозбайтын болады. Сондай болаттың біреуі 83 – 87% Fe, 12 – 15% Mn, 1 – 2% C-тен  тұрады. Мұндай болат тас үгетін диірмендер, эксковаторлар, темір  жол рельстерін, ақша сақтайтын сейф  тағы басқа жасау үшін қолданылады. Соғыс техникасына керекті заттар жасау үшін бұл болатқа тағы хром қосады. Электротехникаға өте керекті манганин деген құйма жасалады, оның  электр өткізгіштігі температурадан өзгермейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. С.Жайлауов «Физикалық химия» Ақтөбе 2003ж.
  2. К.Аханбаев «Жалпы және анорганикалық химия» Алматы 1999 ж
  3. Б.Бірімжанов, Н.Нұрахметов «Жалпы химия» Алматы 1992ж



Информация о работе Марганец – топшасы, қосылыстары, химиялық және физикалық қасиеттері, минералдары және рудасының түрлері