Туристік бизнестегі тәуекел

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:08, реферат

Описание

Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай.«Қауіп» категориясы классификациясының белгілерін таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:
1. «қауіп» адамдарға, материалдық және табиғи ресурстарға зиян келтіру ықтималдығы ретінде қарастырылады;
2. қауіпсіздік туралы айтсақ, біз әдетте құрамына адам – потенциалды құрбан ретінде және қауіп-қатер – зиян шектіретін жағдайлар енетін жүйені айтамыз;

Работа состоит из  1 файл

кәсіпкер 26 (4).docx

— 18.98 Кб (Скачать документ)

 

Абылай хан атындағы ҚазХҚ  және ӘТУ

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

  Тақырыбы:      Туристік бизнестегі тәуекел

 

                       

 

                      

                       Тексерген: Усубалиева С.Ж.

                                         Орындаған:   ФММК, туризм, 202 топ        Болатбекова Асем

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 жыл

 

     Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай.«Қауіп» категориясы классификациясының белгілерін таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:

1. «қауіп» адамдарға, материалдық және табиғи ресурстарға зиян келтіру ықтималдығы ретінде қарастырылады;

2. қауіпсіздік туралы айтсақ, біз әдетте құрамына адам – потенциалды құрбан ретінде және қауіп-қатер – зиян шектіретін жағдайлар енетін жүйені айтамыз;

3.  қауіпсіздікке адам барлық қауіп-қатерлерді ығыстырған, жойған немесе одан қорғанған кездерінде ғана қол жеткізіледі деп болжанады;

4. адамның индивидуалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда кедергі болатын барлық әрекеттер қауіп-қатер болып есептеледі;

5. бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары энергияның, заттар мен ақпараттардың нақты ағынымен түсіндіріледі.

Қабылданған болжамдар және де адамның энергия, заттар мен ақпараттардағы маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауынан туған қауіп-қатерлердің үш топқа бөлінуі көптеген қауіптерді топтастыру үшін көрсетілген белгілерді қолдану мүмкіндігіне апарды. Қауіптерді 3 негізгі класқа бөлуге болады:

1. табиғи-экологиялық – адам өміріне апаттардың зиянды әсерінен немесе заттар миграциясының табиғи геобиохимиялық циклдерінің антропогенді бұзылуынан туындайтын қауіптер;

2.  техногенді-өндірістік – технологиялық объектілерде жиналған энергияның қажетсіз қалдықтарынан болатын қауіптер;

3.  антропогенді-әлеуметтік – ақпаратты бұрмалау немесе әдейі жасырудан және де оны адамдарға жеткізу мен қабылдау ерекшеліктерінен болатын қауіптер.

Кез-келген іс-әрекетті іске асырған кезде (сонымен бірге, туризм саласында да) аталған кластардың әрқайсысы жеке де немесе барлығы бірге де көрініс беруі мүмкін.

Зардап-зияндардың себеп-салдарлы шарттылығына қарап объективті бар қауіптердің 2 топқа бөледі:

а) адам өміріне тікелей қауіп төндіретін;

б) сондай зияндарды жанама тигізетін, мысалы, оның өмір жағдайының нашарлауы нәтижесінде (материалды құндылықтарды жоғалту, табиғи қоршаған ортаның ластануы т.б.).

Қауіпсіздікті тек  нақты құрбандар және қауіп-қатерлерді азайту жолдары бойынша топтастыруға болады. Рекреация және туризм саласында бұл мәселені бірінші кезекте рекреанттар (туристер) және осы салада еңбек ететін адамдар қатынасында қарастыруға болады.

Тәуекел қауіптің өлшемі ретінде

Қауіптердің өте  көп таралған бағасы тәуекел болып есептеледі. Тәуекел мүмкін болатын қауіпті немесе табысты болу үмітімен істелген іс-әрекетті білдіреді. Тәуекелдің сандық бағасы – бұл қандай да бір уақыт аралығында болған жағымсыз салдарлар санының мүмкін болатын санына қатынасы.Адам өзінің өлімі мен табиғат апаттарының алдында қорқыныш сезімін сезе отырып, тәуекелді тіпті даму сатысының ең төменгі деңгейінде бағалай бастады. Тауар-ақша қатынастарының пайда болуымен тәуекел экономикалық категорияға айналды және қаржы мен сақтандыру мәселелерінде маңызды үлкен орын алды. Келісімді тәуекел концепциясының пайда болуымен оларды басқара бастады, яғни тәуекелді оқиғаларды болжап және тәуекел деңгейін төмендету, азайту шараларын қабылдады.

Сонымен тәуекел өте көлемді ұғым бола отырып, іс жүзінде адамның өмірі мен қызметіндегі қауіптердің өлшеуіші ретінде саналады. 

Тәуекелдерді топтастыру

Тәуекел ұғымы көп салалы болып келеді.Тәуекелдердің пайда болуына байланысты мынадай түрлеріне бөледі:

-   табиғи тәуекелдер – табиғаттың апатты күштерінің пайда болуына байланысты болатын тәуекелдер (жер сілкіністері, су тасқындары, селдер, борандар т.б.);

-   экологиялық тәуекелдер – қоршаған ортаның ластануына байланысты тәуекелдер;

-   техногенді (өндірістік) тәуекелдер – техникалық объектілерден болатын қауіптермен байланысты тәуекелдер;

-   коммерциялық тәуекелдер – қаржы-шаруашылық қызметтері нәтижесіндегі шығын қауіптерімен байланысты болатын тәуекелдер.

«Тәуекел» ұғымын қолдану жағынан алсақ, оны талдау және қауіпсіздікті басқаруына орай маңызды категориялар төмендегілер болады:

-   индивидуалды тәуекел – жеке индивидуум үшін қандай да бір қауіпті сипаттайтын тәуекел;

-    ұжымдық тәуекел – белгілі бір уақыт аралығында мүмкін болған апаттар нәтижесіндегі жарақатталғандардың саны;

-   әлеуметтік тәуекел (топтық) – адам топтары үшін тәуекел. Әлеуметтік тәуекел – бұл оқиғалар жиілігі мен осындағы жеңілген адамдар санының арасындағы тәуелділік;

-   потенциалды территориалды тәуекел – қандай да бір жағымсыз әсердің іске асу жиілігінің кеңістіктік таралуы;

-   келісімді тәуекел - өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде қандай да бір игілік немесе пайда алу үшін қоғам келісуге дайын тәуекелдің деңгейі;

-   келісімсіз тәуекел - әкімшілік немесе реттеуші орындар бұл тәуекелдің максимальды деңгейін белгілейді, егер осы деңгейді асып кетсе, оны жоюдың шараларын қабылдауды қажет ететін тәуекел деңгейі;

-   елеусіз тәуекел - кәсіпорынның әкімшілігімен немесе реттеуші орындармен максимальды рұқсат етіліп бекітілетін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәуекелдің  деңгейі.

Тәуекелді анықтау  процедурасы шамалы болатынын атап өту қажет. Тәуекелдерді анықтаудың 4 әдістемесін бөліп қарастыруға болады:

1.      инженерлік – статистикаға негізделеді, қауіпсіздіктің ықтималды анализі;

2.      модельдік – жеке адамға зиянды факторлардың әсері моделінің құрылымына негізделген;

3.      эксперттік – бұнда оқиға ықтималдығы тәжірибелі мамандарды, яғни эксперттерді сұрастыру негізінде анықталады;

4.      социологиялық – халықты сұрастыру арқылы жүргізіледі.

Бұл әдістер тәуекелдің әртүрлі жақтарын көрсетеді, сондықтан оларды кешенді түрде бірге пайдалану қажет.

Риск в туризме – понятие, которому подвергаются не только туристы. И если они рискуют попасть в ситуации различного рода, то турфирмы, предприятия размещения, питания и организаторы развлечений склонны к разным финансовым рискам. Некачественный подбор турагентством персонала значительно снижает спрос на его услуги. Даже самые крупные компании затрагивает проблема сезонности -  когда время отпусков проходит, не все могут выйти на самоокупаемость. Также турагентство должно очень тщательно выбирать партнеров, постоянно следить за их состоянием дел.

Часто бывает, что  оператор исчезает с рынка в самый  разгар сезона, а это приводит к  разорению или снижению благосостояния многих турагентств. Существуют риски, связанные с политической, военной, социальной и экономической обстановкой  в местах отдыха. Поэтому телефоны иногда могут «молчать» из-за терактов, землетрясений, и пр.  
Избежать риска в туризме можно, если внимательно относиться к этой проблеме, то есть заблаговременно учесть все факторы, ведущие к его возникновению, проявлять максимальную осторожность во всем и быть хорошо осведомленным. Но на всякий случай все же необходимо застраховаться, особенно тем, кто предпочитает экстремальный или экзотический отдых.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://biznestoday.ru/turizm
  2. http://1referat.kz/

Информация о работе Туристік бизнестегі тәуекел