Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 18:09, курсовая работа

Описание

Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері………………………4
1.1 Кедендік төлемдер және салықтар……………………………………..4
1.2 Кедендік төлем мен салық түрлері……………………………………..5
1.3 Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы…….....7
1.4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі...............................9
1.5 Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі........................................10
II бөлім. Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу....12
2.1 Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.............12
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтерді басқару...............18
Қорытынды......................................................................................................22
Қолданған әдебиеттер.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Кедендик толемдер.docx

— 60.61 Кб (Скачать документ)

 

                                           

 

Мазмұны

 

Кіріспе..............................................................................................................3

I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері………………………4

    1. Кедендік төлемдер және салықтар…..4
    2. Кедендік төлем мен салық түрлері..5
    3. Кедендік  баждың  экономикалық  мәні  және  оның   маңызы…….....7
    4. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі...............................9

1.5  Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі........................................10

II бөлім. Кедендік  төлемді   анықтаудың  өндірістік  жағдайын  шешу....12

2.1  Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.............12

2.2  Қазақстан Республикасында кедендік қызметтерді басқару...............18

Қорытынды......................................................................................................22

Қолданған әдебиеттер.........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе

       Қазақстанның тәуелсіздік алып,егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұры-лымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келеді. Осындай басты бағыттардың бірі – кеден жүйесі.

       Кеден ісі саласы  – Қазақстан Республикасының  кеден саясатын  іске асыру кезінде  кеден ісін қолдану  жөніндегі мемлекеттік  реттеу саласы. Кеден  ісі кеден саясатының  мақсатқа жету  құралы ретінде,  кеден территориясында  арнайы әдіс-тәсілдері  арқылы басқа кеден  салаларының элементтерімен  байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық  қызметінің құралы  болып табылады.

         Белсенді сыртқы  сауда саясатын  жүргізумен байланысты  Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.

Қазақстанның  өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден  тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін  талдау өте маңызды.

Алғашқы бөлімінде – кеден  ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан  Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы  кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Келесі  бөлімінде, яғни екінші бөлімінде – мемлекетіміздің  бюджетінің қалыптасуындағы  осы кеден төлемдері  мен салықтардың  алатын орны, оларды есептеу, төлеу мерзімдері мен тәртібі, кедендік ресімдеу мен бақылау, кеден баждарын жинау  механизмі көрініс  табады.

Соңғы бөліміне келмек болсақ, бұл бөлімде кеден  ісі дүние жүзілік  деңдейде қарастырылады. Қазақстан Республикасының  кеден саясаты  шет  елдердің кедендік саясатымен салыстырмалы түрде көрсетілген. Осы жерден біз  еліміздің кеден  ісінің барлық ерекшеліктері  мен кемшіліктерін  байқаймыз.

 

 

I бөлім. Кедендік  төлемдердің түсінігі  және түрлері

    1. Кедендік төлемдер және салықтар

      Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1) кедендік  баж;

2) кедендік  алымдар;

3) алымдар;

4) алдын  ала шешім үшін  төлемақы.

Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару  және өндіріп алу  тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша  жеңілдіктер осы  Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінде айқындалады. 

Қазақстан Республикасының  кеден органдары  демпингке қарсы, қорғау және өтемдік  баждарды Қазақстан  Республикасының  заңдарында белгіленген  тәртіппен және жағдайларда  алады.

Төлеушілер, салықтарды есептеу  және төлеу тәртібі  Қазақстан Республикасының  салық заңдарына  сәйкес айқындалады.

Жеке  тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.  

Кедендік  төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын  тауарлардың кедендік  құнына процентпен  есептелетiн -  адвалорлық;

2) салық салынатын  тауарлардың бірлігі  үшiн белгiленген  мөлшерде есептелетiн  - ерекшелiкті;

3) кедендік төлемдер  ставкаларының  аталған екi түрiн де  ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi. 

Кедендік  баждар 

Кедендік  баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау  кезінде төленеді, бұларға орналастыру  жағдайы Қазақстан  Республикасының  Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді  белгілейді.

Кедендік  баждардың ставкаларын  Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік  отыз күн өткен  соң күшіне енеді. 

Кедендік  алымдарға:

1) кедендік  ресімдеу үшін  кедендік алым;

2) кедендік  ілесіп алып жүру  үшін кедендік  алым;

3) тауарларды  сақтау үшін кедендік  алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары  шығындарының құны кеден  алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз  болып табылады. ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым  алынады. 

Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан  Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым  алады.

Бірнеше көлік құралын  кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына  барабар бөлінеді. 

Иелері  кеден органдары  болып табылатын  кеден қоймалары  мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан  Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.

Кеден органдары  алатын алымдарға:

1)  лицензия бергені үшін  алым;

2)  кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.           

Лицензия  және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның  біліктілік аттестатының берілгені үшін белгіленген  алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайды.  

Лицензия  бергені үшін алым:

1)   кеден қоймасын құрғаны;

2)   ажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;

3)   бос қойма құрғаны;

4)   уақытша сақтау қоймасын құрғаны;

5)   кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;

6)   кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.

Тауардың  жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын  ала шешім қабылдағаны  үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала  шешім үшін төлемақы  алынады.

 

    1. Кедендік төлем мен салық түрлері

 

Қазақстан  Республикасының  кеден   шекарасы  арқылы  тауарлар  мен көлік  құралдарын  өткізу  кезінде  және     Қазақстан  Республикасының  «   Қазақстан  Республикасында  кеден  ісі  туралы»  Заңмен бекітілген басқа  да  жағдайларда  кеден  төлемдерінің  келесі  түрлері  алынады:

  • кеден  бажы;
  • Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензияны  беру үшін  алым;
  • тауарларды  кедндік  алып жүру  үшін  кеден  алмы;
  • кедендік  рәсімдеу  бойынша  маманның  біліктілік  куәлігін  беру  үшін  алым;
  • кедендік  рәсімдеу  үшін  кедендік  алым;
  • алдын  ала  шешім  қабылдау  үшін  төлем;
  • ақпарат  және  консультация  бергені  үшін алым.

  Салықтар -  тауарлар  мен  көлік   құралдарын  Қазақстан   Республикасының   кедендің  шекарсы   арқылы  өткізуге  байланысты   алынуы  Қазақстан  Республикасының   кеден  органдарына   жүктелген   ҚҚС  мен  акция  және  бұл белгіленген  мөлшерде  жән  көрсетілген  мерзімдерде  мемлекеттің  өзінің қызметтері  мен  міндеттері  жүзеге  асырудың  көзі  болып  табылатын  ұлттық  табыстың  бір  бөлігі.  Салықтар  мемлекеттің  құрлуы  мен  қатар  қалптасты  және мемлекеттің  өмір  сүріп  дамуының  негізі  болып  табылады. 

         Салықтың   түрлері

  1. Қосылған  құн  салығы 
  2. Корпарациялық  табыс  салығы
  3. Жеке  табыс  салығы
  4. Әлеуметтік  салығы   және  т.б.

Заңды  және  жеке  тұлғаларға  мемлекеттік  органдар  көрсеткен  қызмет  үшін  олардың   міндетті  төлемдері  төлемдер  болып  табылады.  Осы  төлемнің  сомасы  жергілікті  бюджетің    табысына  түседі  немесе  белгіленген  үлесте  бюджетке   және  сәйкес  ұйымға  қосылады,  олардың  қызметін  дамыту,  ілгерлету, шығындарын бөлшектеп  немесе  толғымен  өтеу  үшін  қызмет көрсеткен  ұйымның,  мекеменің  қарауына  толығымен  түседі.

   Төлемдерді  өтеу  қаржылық  тұрғылары және жргілікті бюджеттерге есптелетін, сонымен бірге мүліктік  құқықты техникалық  процедураларды  және  тіркеулерді, объкетінің  қызметінің  белгілі бір жағдайын  бекітуді қосатын қызметтің кең аумағында жүзеге  асырылады. 

      Қазақстан  Республикасының кеден  заңдарына  сәйкес  анықталатын тауарлардың  кедендік  құны, кедендік   рәсімдеу   үшін  кедендік  алымдар,  импорттық  кедендік баж, импортайтн  тауарға  төленетін  акциз.

       Кеден заңдарына сәйкес  анықталатын кедендік  құн   немесе  тауардың  заттай   мөлшері импортталатын акциздік тауарлар  бойынша салық салу  объектісі ретінде алынады.  Белгілеуге  жататын тауарлар  бойынша, есептелген  акциз сомасы  алып  келінетін тауарлардың көлемі  бойынша акциздік алым  маркаларының  құынына азайтылады.  Сондықтан кеден жеңілдігі түсінігі  тариф   жеңілдігі түсінігінен кеңірек.

Информация о работе Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері