Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:08, курсовая работа

Описание

Адам қоғамының өсіп - өркендеуін көліктің даму тарихынан бөле алмаймыз.
Қазіргі заманның көлігі - шапшаңдығы мен жайлылығы жеткілікті биік деңгейдегі, жыл сайын миллиард тонна шикізатты, отынды, өнімді, көптеген жолаушыларды, бір жерден екінші жерге жеткізетін теміржолдық, өзендік, әуелік және автомобильдік көлік құралдарының қуатты саны енетін тұтас бір көлік жүйесі.
Қазіргі заманның көлігі жаппай индустриялы өнеркәсіпті, жұмыстың бөлінуін, ішкі және сыртқы сауданы қамтамасыз етеді, білім және техн

Работа состоит из  1 файл

Мой курсовой - Анель.doc

— 416.50 Кб (Скачать документ)

 

       Кесте 6

Автомобиль-самосвалдар, автомобиль-цистерналардың тиеу және түсіру пунктерінде жұмыссыз тұру уақыты

 

 

Уақыт нормасы 1т, мин

Карьерде істемейтін автомобиль-самосвалдар үшін

1

Карьерде істейтін автомобиль-самосвалдар үшін

0,2

Автомобиль-цистерналар үшін

4

 

       Жүктердің бөлек түрлеріне арналған тасымалдардың берілген көлемін қамтамасыз ету үшін пайдаланымдағы автомобильдердің тұтынулық саны (күн сайын жолда жұмыс істейтін автомобильдер саны) мына формула бойынша анықталады:

 

                                                       (6)

 

                

 

 

                                               (7)

 

 

Qтәу (10 авто ЗИЛ 131 ) = 97,8 · 10 = 978                                       (8)

 

 

Qтәу (10 авто ) = 114,50 · 10 = 1145

 

мұндағы,

Тn - автокөліктің сөткелік жұмыс уақыты, сағ;

q - номиналды жүк көтергіштігі, тонна;

Vт – техникалық жылдамдық, км/сағ;

Vмах – максималды жылдамдық;

lср – орта арақашықтық, км;

tпр – тиеу-түсіру пунктіндегі тұрып қалу уақыты, сағ;

γс – жүк көтергіштікті пайдаланудың статикалык коэффициенті;

β – жүрісті пайдалану коэффициенті.

 

Ескерту:

Тәулік кезінде (Тп) автомобильдің міндет орындаушы топтағы болғанының ұзақтығы борттың автомобильдер мен бензовоздар үшін 10-11 сағат, ал автомобиль-самосвалдар үшін 9-10 сағат деп алынғаны ұсынылады.   

Автомобильдің техникалық қозғалуы:

Ең жоғарғы техникалық жылдамдық жолдардың бірінші тобы үшін 52 км, II тобы үшін - 40 км/сағ, III тобы үшін - 32 км/сағ, IV тобы үшін – 28 км/сағ, V тобы үшін - 25 км/сағ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Автомобильдік жүк көлігінің топтастырушылығы

 

АКТ-ң жүктерін тасымалдау үшін ЖҚ пайдаланады: жүк автомобильдері және әр түрлі жүк көтергіштігі бар автомобильдік тіркемелер (борттық, самосвалдар, фургондар, ол ішінде изотермикалық, цистеркалары және басқалары), жоғары өтімділігі бар  автомобильдер, жартылай тіркелмелері бар сүйретпе - автомобильдер. Көліктік саланың бұл бөлігі өзі де өзінің тармақталған құрылымына ие.

Мұндай топтастырушылықтың тәсілдерінің әр түрлілігі үнемділіктің, жеткізіс  жылдамдылығының, коммерциялық жарамдылығының, қауіпсіздіктің, сыйымдылықтың, жүк көтергіштіктің, т.б. қолайлы байланысы негізінде жүктерді тасымалдау кезінде көлік құралдарын таңдау үшін көлік құралдарының бөлек параметрлерінің ерекшеленуін пайдаланумен түсіндіріледі.

Аталған негіздердің тізімі шамамен берілген, өйткені оны көліктік құралдардың белгілі қызметтік арнауынан, олардың пайдаланатын сипаттарынан, тасымалдайтын жүктердің өзгешелігімен, т.б. шығып отырып, жалғастыруға болады.

Автомобильдік жылжымалы құрамның белгілеу жүйесі және топтастырушылығы енгізілген. Сондай-ақ, жүктік  автомобильдерге қатысты автокөліктік құралдардың ( АҚҚ ) келесі белгілеу жүйесі алынған.

Кейбір автокөліктік құралдар өзінің белгілеуінде тире арқылы 01,02,03 деген қосымшаларға ие, ол үлгі немесе жаңартылған үлгінің ауыспалы немесе қосымша толықтырулары бар екенін көосетеді. Цифрлы индекстің алдында берілген топтастырушылық бойынша, көп жағдайларда, зауыт-істеп шығарушының әріптік белгілеуі көретіледі (мысалы, КамАЗ-5320). Шетелдік маркалары бар автомобильдердің белгілеуі, көп жағдайларда зауыт-істеп шығарушының маркасының әріптік белгілеуі мен үлгі мен жаңартылған үлгінің зауыттың реттік нөмірінен құрылады.

Қазіргі кезде БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының ішкі көлігі бойынша Комитеті жасаған, қауіпсіздікке арналған халықаралық талаптарында (БҰҰЕЭК Ережелерінде) айтылған, белгілер көп таралым алып келеді.

Аталған ережелерге сәйкес жүктік АҚҚ-дың халықаралық топтастырушылығы қабылданды.

 

 

 

 

 

 

Кесте 7

Категориялары

Катего-

риялары

АТС-тің түрлері

Толық салмағы

Ескерту

1

2

3

4

№1

Жүктерді таситын АТС-тар

3,5 дейін

Жүк тасымалдайтын арнайы және арнаулы автомобильдер

№2

 

3,5 – 12,0

Жүк тасымалдайтын автомобильдер, тазартқыш автомобильдер, арнайы және арнаулы автомобильдер

№3

 

12,0 жоғары

 

01

Тіркеу арқылы тасымал-дайтын АТС-тар

0,75 дейін

Тіркемелер

02

 

0,75-3,5

Тіркемелер, жартылай тіркемелер

03

 

3,5-10,0

 

04

 

10,0 жоғары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6        Тиеу-түсіру жұмысын ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар

 

Автомобильдік көліктің жарғысына сәйкес автомобильге жүктерді тиеу, бекіту, жабу, байлау жүк жіберушінің міндеті болып саналады, ал автомобильден жүктерді түсіру, бекітпелерді және жабылғыларды алып тастау - жүк алушының міндеті. Бірақ, бұл норма диспозитивтік болғаннан соң, ол тасымалдаудың шартында (жөнелту қызметін көрсетуге арналған) күні бұрын басқасы ескерілмеген жағдайда ғана қолданылады. Арту және түсіру шартының жақтары арасында міндет айырушылығы шартта жоқ болған кезде, жүк беруші мен жүк алушы автомобильдерінің борттарының, автоцистерналардың мөктерінен шлагтарды алуын және түсіруін, шлангтардың бекітуін және босатуын жасайды.

      - автокөліктік кәсіпорын немесе ұйым жүк жіберуші мен жүк алушымен келісіп, арту мен түсіруді өз міндетіне алады:шағын сауда айналымы бар қоғамдық тамақ және сауда кәсіпорындары жеткізетін қораптық, даналық және даналанатын-күбілік жүктердің арту-түсіруін;

      - автокөлік кәсіпорында немесе ұйымда арту-түсіру жұмыстарын механикаландыратын құралдардың бары негізінде басқа жүктердің арту-түсіруін.

Келісім бөлек шарт ретінде немесе тасымалдау шартында айтылған пунктерді енгізумен жасалады.

Автомобильдік көлікпен жүк тасымалдауға арналған ұзақ мерзімді жасау жағдайында  автокөліктік кәсіпорынның нақты жүктерді арту-түсіру  міндеттері шартқа қосымша ретінде енгізіледі, ал негізгі тасымалдау шартында арту-түсіру  механизмдердің барынша пайдалануын қамтамасыз ететін жағдайлар ғана ескеріледі; жүкжіберушінің жүктердің алдын-ала дайындығын (поддондарға, контейндерге, т.б. сыйдыру) жасау және арту-түсіру  механизмдерінің тұру орнын және ұсақ жөндеу орнын, жұмысшылардың демалуына арналған және киінетін-шешінетін бөлме орналастыру үшін қызметтік бөлмелерді тауып беру міндетін ескереді.

Автокөліктік кәсіпорны немесе ұйымы мен жүк жіберуші және жүк алушы арасындағы шартта автомобильдік көлігіндегі еңбекті қорғау ережелерінде ескерілген тәртіпке байланысты жүктерді арту-түсіру жұмысына жүргізушінің қатысуы қаралады.

Жүргізуші арту немесе түсіру жұмысына қатысқан жағдайда, жүргізуші арту кезінде жүкті автомобильдің бортынан алады, ал түсіру кезінде жүкті автомобильдің бортына әпереді.

Автокөліктік кәсіпорын арту-түсіру жұмыстарын жасау бойынша міндеттемелерді өз мойнына жүктесе, ол өзінің кінәсі бойынша арту-түсіру кезінде болған жүктің зақымы мен бұзылуы үшін жауап береді.

Жүк жіберуші мен жүк алушы жылдың әр мерзімінде жылжымалы құрамның бөгетсіз жүруін және маневр жасауын қамтамасыз ету үшін арту-түсіру орындарын, алаңдарды және оларға кіреберістік жолдарды түзу күйінде

ұстауы керек. Автомобильдерге әкелетін жүктерді арту және олардан жүктерді түсіру белгіленген мерзімді сақтау үшін керекті жұмысшылардың жеткілікті санымен және механикаландыру құралдарының барлығымен қамтамасыз етуге міндетті. Кешкі және түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс орындарына және оларға әкелетін кіреберіс жолдарға жарық беретін құрылғыштарды орнатуға міндетті; инвентарь, танелаж және керекті жағдайларда жылжымалы құралдармен, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың көлемі мен сипатына байланысты жүктерді арту және түсіруге арналған жабдықталған орындардың керекті санымен қамтамасыз етуге міндетті және силадтардың, кіру мен шығу жолдарының сілтемелері болғаны дұрыс.

Жүк жіберуші мен автокөліктің кәсіпорын жүк тасымалдау кезінде жүк жіберушінің (жүк алушының) тапсырысындағы жүктердің белгіленген көлемінің шегінде жылжымалы құрамның сиымдылығын (бірақ оның жүк көтергіштігінен артық емес) толық пайдалануға дейін артуға міндетті.

Жеңіл салмақты жүктерді (оның ішінде ауылшаруашылық жүктер) жаппай тасымалдау кезінде автокөліктік кәсіпорын немесе ұйым борттарды биіктетуге немесе жылжымалы құрамның жүк көтергіштігін пайдалануын өсіруді қамтамасыз ететін басқа шараларды қолдануға міндетті.

Үйіліп артып көшірілетін сусымалы жүктерді артқан кезде, қозғалыс кезінде жүкті шашылудан сақтап қалу мақсатында жүктің үсті жылжымалы құрамның бортының жоғарғы шетінен асуға тиісті емес.

Жүк жіберуші қорапсыз тасымалдайтын, қабылдауы мен артуы уақыттың едәуір шығынсыз мүмкін емес даналық жүктерді аса ірі артылатын бірліктерге (көліктік пакеттерге) біріктіруге тиіс.

Қорапсыз ауырсалмақты жүктерде бекітуге арналған арнаулы құралдар болуы тиіс, олар: томпайшықтар, рамалар, ілгектер, т.б.

Поддондарда тасымалдау кезінде бөлек жүктік орындар поддондағы олардың жайын және бекітуін бұзбай (жүк жіберушінің пломбасы бар жәшіктің жабық поддондардан басқа) жүктің санын тексеруге болатындай орналастырылады.

Жүктер жылжымалы құрамда орналастырылған болуға тиіс және тасымалдау кезінде жүкке қажау немесе зақым келмес үшін, есікке қысым түспес үшін, жылжу, құлау болмас үшін жүктер берік бекітілу керек, және арту-түсіру кезінде және жол жүру кезінде жылжымалы құрамның сақтанысы қамтамасыз етілуі керек.

Белгілі жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қосымша жабдықтауды жүк жіберуші автокөліктік кәсіпорын немесе ұйыммен келісіп қана жасай алады. Автокөлік кәсіпорындар немесе ұйымдар жүк жіберушімен жасаған шарты бойынша жүк жіберуші шоты арқылы автомобильдердің кузовтарының қайта жабдықтауын жасай алады. Автокөліктік кәсіпорын немесе ұйым жүкпен бірге жүк жіберушінің иесіндегі барлық құралдарды жүк алушыға береді немесе тауарлық-көліктік накладкасында аталуына сәйкес жүк жіберушіге оның шоты арқылы қайта жіберіледі.

Информация о работе Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы