Агроөнеркасип кешені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:40, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан Республикасы экономикасының ең негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басқа салалардан айырмашылығы және оның ерекшелiгi - ауыл шаруашылығы тек өндiрiс саласы ғана емес, халқының ауқымды тобының өмiр сүру аясы да болып табылады, Қазақстанның агроөнеркәсiптiк мамандануын тереңдету хақында зерделеп ойлануға жетелейдi. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіптіккешеннің барлық салаларын қайта құрудың ауыр жолын бастан кешті. Осы уақыт аралығында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары жекешелендіру, кейін қаржылық оңалту, сондай-ақ дәрменсіз шаруашылықтардың банкроттығы үрдістерін өтті.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (3).doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

–Мемлекет басшысы 2012жылдың 27 қаңтарында өткен кеңейтілгенотырыста егін алқаптарын әртараптандыру жөнінде сөз қозғаған болатын. Бұл істе мынындай жағдайлар қарастырылды:

– Ауыл шаруашылығының дамуы үшін егіс алқаптары құрылымдарын әртараптандыру мәселесі маңызды стратегиялық мәнге ие. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып біз бидайдың дара дақыл егісінен алшақтамақпыз. Оның үлесі бүгінгі күні республика бойынша ғылыми негізделген 45-50 пайыздың орнына 65-66 пайызға дейін жетсе, егін егетін негізгі аймақтар – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 78 пайызды құрап отыр.

Көзделген мақсаттарға жету үшін облыстарға ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптарының көлемдері бойынша индикативті көрсеткіштер жеткізіліп, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс және аудан әкімдері арасында, сондай-ақ аудан әкімдері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілер арасында меморандумдар жасалатын болады.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптарын әртараптандыруға кедергі келтіріп отырған негізгі проблеманың бірі – астықты және майлы дақылдардың тұқымын сақтау үшін олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеретін арнайы сыйымдылықтар санының жетіспеушілігі. Осыған сәйкес арнайы сыйымдылықтардың санын көбейту жоспарлануда. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» ұлттық холдингімен бірлесе отырып экспорттық бағытта және егін егетін негізгі аймақтарда орналастырылатын астық сақтау сыйымдылықтарын 1 миллион тоннаға дейін кеңейту мәселесін пысықтауда.

Астықты артық өндіру сату кезінде көптеген қиындықтарды туындататыны белгілі. Осы жағдайды ескере келе, 2013 жылдан бастап бидайды және басқа да дәнді дақылдарды өндіруге бөлінетін субсидияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізілмек. Осы тетіктер бойынша лизингілік бағдарламаларды арзандатуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге маусымдық жұмыстарды жүргізуге берілетін несиелерді кепілдендіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алуға қайта бағдарлау көзделуде.

 

Агроөнеркәсіп кешенінің  құрамы

119 мемлекеттік  шаруашылықтардың барлық түрі

285 акционерлік  қоғам

122042 шаруа қожалықтары 

4452 серіктестік

1452 өзге де  ауыл шаруашылық құрылымдары

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды  ерекшеліктері 

 

Қазақстанның  агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын  шет елдерге қарағанда агроөнеркәсіп  кешеніндегі салалалық сәйкессіздіктер  көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы  өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтаумен  және тасымалдаумен  айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ, жалпы агроөнеркәсіп  инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-шы жылдардың басында агроөнеркәсіп  кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен  астам болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар  астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті толық қамтамасыз ете алмады. Осының салдарынан өндіріс өнімі  көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырады. Бұрынғы  КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс  жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі  жақты тасымалдауға келетін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде  қалып қоятын. Сондай-ақ, Қазақстан  еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің  бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып  отыратын.  

 

Агроөнеркәсіп үшін машина жасау 

 

Павлодар трактор  зауыты

Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі

«Манкентживмаш»

«Актюбсельмаш»

Мамлют машина жасау зауыттары

Мемлекеттің үлесі  

 

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен  дамуының стратегиясы» деген еңбегінде  былай деп атап көрсетті: 

 

 

 

«... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп  кешеннің дамуы, оны жүйелі және батыл  реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың  артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

Агроөнеркәсіптік  кешенін техникалық жарақтандыру

Машина-трактор  паркін қазіргі кездегі жағдайы.

Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа  да ауыл шаруашылығы техникалары  бар.   
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған. 

Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы  техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды: 

тракторлар -1117 дана; 

астық жинайтын комбайндар - 1605 дана; 

тұқым сепкіштер - 819 дана; 

егіс кешендері - 394 дана; 

дестелегіштер - 308 дана. 

2010 жылы «ҚазАгроҚаржы»  АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл  шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:

тракторлар -586 дана; 

астық жинайтын комбайндар - 656 дана;

тұқым сепкіштер - 303 дана;

дестелегіштер - 140 дана.

 

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары 

     Агроөнеркәсіп кешеніндегі  негізгі мәселелер  және оның шешу  жолдары         

Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала  суландырмай-ақ егiн шаруашылығына  жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды. Табиғи жайылым алқабы мұнан  да көп, 179 млн. гектардан астам.        

Елдiң  астық өсiретiн белдеуi бидайдың әлемдiк  нарықта сұраныспен пайдаланылатын қатты және күштi сортты 

 

 

 

 

 Өткен жылдарда аграрлық секторды реформалау тереңдей түскен жүйелiк дағдарыс кезеңiнде  өттi.        

Осындай жағдайда еркiн нарық тұжырымдамасы  елдiң аграрлық секторын дамытуда бiрқатар проблемаларды шеше алмады            

Басты мақсатқа - тиiмдiлiкке және тиiсiнше, дiттей отырып реформалар жүргiзiлген ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң түсiмдiлiгiн арттыруға объективтi түрде қол жетпедi.        

Шаруашылықтарды бөлшектеу нәтижесiнде қалыптасқан  жер үлесi мен мүлiктiк құқықтар мөлшерi, көп жағдайда, жоғары тауарлы  өндiрiс жүргiзуге, техниканы тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бермедi.        

Ауыл  шаруашылығы өнiмдерiне және материалдық-техникалық ресурстарға (салааралық), азық-түлiктi сатып алу және түпкiлiктi бағаларына (iшкi салалық) бағаның қалыптасқан  теңсiздiгi рентабельдiлiктi төмендетiп, аграрлық өндiрiстiң шығындылығына  алып келдi.        

Өтiмдi капиталдың болмауы және өндiрiстiң  тиiмсiздiгi банк кредиттерiн қол жетiмдi етпедi және сектордың ауыр қаржылық жағдайын одан сайын ушықтырып жiбердi.         

Аграрлық  секторда өндiрiлген қосымша өнiмнен орасан үлес алатын делдалдық құрылымдар, жергiлiктi монополистер (өңдеушi және көтерме сауда кәсiпорындары) өткiзу мен жабдықтау жүйесiнде барған сайын көбiрек орын ала бастады.        

Осы жылдары объективтi тұрғыда шектеулi болған аграрлық секторды мемлекеттiк  қолдаудың қолданылған жүйесi өндiрiске  ынталандырушылық әсер ете алмады - бөлiнген қаражат тиiмсiз пайдаланылды.         

Шаруашылық  байланыстардың үзiлуi, нарықтық инфрақұрылымның, көлiк коммуникацияларының мешеулiгi өнiмдi өткiзу, соның iшiнде экспортқа  өткiзу мүмкiндiгiн шектедi.        

Соңғы кезге дейiн iшкi нарықты қорғаудың айқын жүйесiнiң болмауы отандық өнiмдi неғұрлым арзандау импорттық өнiмнiң ығыстыруына алып келдi, мұның өзi өндiрiстi тұншықтырудың қосымша факторына айналды       

Аграрлық  өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгi еңбекақы төлеудiң төмен деңгейiмен ғана ұсталуда. Едәуiр дәрежеде мұның өзi отандық және шетелдiк ұқсас өнiмдердiң арасында орын алып отырған еңбектi және материалды көп қажетсiнетiн айырмашылықты өтейдi.        

 Сұраныстың қысқаруына байланысты, аграрлық сектордың өндiрiс қуаттары  артық болып қалды.        

Әлемдегi (Қазақстан үшiн) ықтимал азық-түлiк  нарықтарына тиiмдi көлiк жолдарының болмауы. Республиканың оңтүстiк  аймақтарының шектес мемлекеттердiң  су ресурстарына тәуелдiлiгi. Iшкi нарық ауқымының шектеулiлiгi және шашыраңқы орналасуы, ТМД елдерiнiң дәстүрлi өткiзу нарықтарының сатып алу қабiлетiнiң төмендiгi.  Аграрлық сектордың өткен жылдардағы дамуының iшкi және сыртқы факторларын жинақтап, қорыта келiп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:        

- аграрлық сектордағы жағдайдың  нашарлап кетуiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi        

- аграрлық секторды және тұтас  алғанда ауылдық жерлердi, жаңа  нарықтық жағдайларда басқару  мен реттеуде мемлекет рөлiнiң  ақырына дейiн iске асырылмауы;         

- басқару мен реттеу объектiсi  технологиялық байланысты тiзбектердi - өндiрiстi, дайындауды, қайта өңдеудi және өткiзудi қамтитын қалыптасып отырған өнiм нарықтары емес, тiкелей ауыл шаруашылығы қызметi болды;        

- азық-түлiктiң әлемдiк нарығы аграрлық  протекционизммен қатты бұрмаланған  жағдайда, ырықтандырылған сыртқы  сауда режимi жағдайында мемлекеттiк қолдау шараларының қысқаруы және тұтас алғанда саланы мемлекеттiк реттеу деңгейiнiң төмендеуi жалпыәлемдiк практикаға қайшы келедi;         

- аграрлық саясатты ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк саясат  шараларын қамтитын, неғұрлым кең  тұрғыдағы ауыл саясатын қалыптастыру проблемасы туындап отыр;        

- аграрлық жұмыспен қамтудың қысқаруының  тежеусiз үрдiсi жұмыспен қамтуды  қамтамасыз ету мiндетiн алға  қояды, мұның өзi ауыл тұрғындарының  басым көпшiлiгiне өз шаруашылығын  жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың неғұрлым кең тараған барабар нысаны тамақ өнеркәсiбi және қызметтiң басқа да индустриалдық салалары болып отыр.        

Қазiргi жағдайдағы аграрлық және онымен өзара  байланысты экономиканың тамақ өнiмдерi секторының бөлшектерi осы тiзбекте қалыптасатын нарықтық институттар жиынтығында мемлекеттiң аграрлық-индустриялық саясатының бiртұтас объектiсi ретiнде қарастырылуға тиiс.        

Алдағы  жылдарда мемлекеттiң күш-жiгерi мынадай  мiндеттердi шешуге шоғырландырылады:        

- аграрлық-индустриялық  өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттi және интеграцияланған нарығын қалыптастыру, олардың жұмыс iстеуiнiң құқықтық және институционалдық инфрақұрылымын құру, жосықсыз бәсекелестiктен және әлемдiк нарықтың қолайсыз конъюнктурасынан қорғау;         

- ауыл жоғары өнiмдi техниканы және осы заманғы технологияларды тиiмдi қолдануға мүмкiндiк беретiн шаруашылық жүргiзудiң ұтымды нысандарын қалыптастыру, нарықтық жүйеге сәттi интеграциялану атап айтқанда, шаруашылықтардың көлбеу кооперациялануымен тiгiнен интеграциялануын (шаруашылықтарды шоғырландыру) дамыту арқылы интеграциялану;         

- мемлекеттiң аграрлық секторға  көмегiн ұтымды ету және оның  ынталандырушы бағыттылығын күшейту.  Саланың қаржы секторын дамыту;        

- ұтымды мамандандыруды қалыптастыру  және аграрлық сектордың өндiрiстiк күштерiн неғұрлым қолайлы табиғи аймақтарда шоғырландыру негiзiнде аграрлық өндiрiстiң мөлшерiн кезең-кезеңiмен оңтайландыру және терең қайта құрылымдау;        

- аграрлық сектормен өзара байланысты  қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң сегменттерiн,  жұмыспен қамтудың басқа да барабар түрлерiн оза дамыту арқылы ауыл халқын жұмыспен қамтудың барлық нысандарын дамыту;        

- аграрлық өндiрiстiң технологиялық  деңгейiн көтеру және ресурстар  үнемдейтiн әрi экологиялық таза  технологияларды енгiзу, ғылыми зерттеулердi  қолдау көрсету және ауыл шаруашылығында консультация беру жүйесiн енгiзу;        

- ауылдық өндiрiстiк және әлеуметтiк  инфрақұрылымды дамыту.        

Аграрлық-индустриялық нарықтарды реттеу:       

Негiзгi мiндеттер:         

- халықтың және кәсiпкерлердiң  едәуiр топтары табысының елеулi  азаюына жол бермеу;        

- аграрлық бизнестi дамыту және  трансакциялық шығынды азайту;        

- нарыққа қатысушылардың барлығы  үшiн тең бәсекелестiк жағдайды  қамтамасыз ету, нарықтың жекелеген  бөлшектерiнiң монополиялануын шектеу.        

Нарықты мемлекеттiк реттеудiң негiзгi шаралары:        

- кеңейтiлген үдемелi өндiрiс үшiн  арналған қажеттi рентабельдiлiк  деңгейiн (сатып алу интервенциясы)  қамтамасыз ету ең төменгi кепiлдi сатып алу бағаларын, кепiлдi бағаларды  белгiлеу үшiн қайсыбiр өнiм  бағасының мақсатты деңгейiн қолдау  тетiктерiн енгiзу арқылы нарықты бағамен реттеу;        

- тиiстi өнiм нарығында, кәсiби операторды  қалыптастыруға бағытталған нарықты  регламенттеу, нарықтардың жұмыс  iстеуiнiң және тұтас алғанда,  аграрлық өндiрiстi коммерцияландырудың  жалпы ережелерiн белгiлеу;         

- аграрлық-индустриялық  тауарлар саласында протекционистiк  сыртқы сауда саясатын жүргiзу;         

- аграрлық бизнес субъектiлерiнiң  қалыптасуын ұйымдық және құқықтық  тұрғыда қолдауды көздейтiн: дербес ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң жергiлiктi өткiзушi, қайта өңдеушi, жабдықтаушы, қызмет көрсетушi және кредиттiк кооперативтердi қалыптастыруы; саланың инвестициялық жағынан неғұрлым тартымды субъектiлерi ретiнде тiгiнен интеграцияланған түзiлiмдердi (интеграцияландырушылар - қайта өңдеушi және сауда кәсiпорындары) құру. Қазiргi заман жағдайында өздерiнiң шикiзат аймақтарының дамуына мүдделi қайта өңдеу кәсiпорындары аграрлық сектордың негiзгi жекеше инвесторы болуға тиiс;         

Информация о работе Агроөнеркасип кешені