Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

  4. Несиенің таза бағасына немесе айналымдылығына бірінші кезекте маңыз беріліп отырған қазіргі уақытта, ауыл шаруашылығындағы өндіріс айналымының ұзақтығы оны несиелендіруге қолайсыз жағдай туындатады.

5.Шикізатты жеткізу мен азық-түлікке деген төлем қабілетті сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі негізінде  аграрлық саланың ел экономикасы мен тығыз салааралық өзара байланысы. Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің 1% өсуі барлық экономиканың 2-3 % өсуін қамтамасыз етеді.Ауыл шаруашылығына бөлінген әрбір теңгенің басқа салаларда 9-10 теңге болатын қосымша жиынтық сұраныс туындататынын есептеулер көрсетеді.

Егер мемлекет аграрлық нарықты басқарудан шеттетілсе немесе басқару саясатында дәлсіздіктерге жол берсе, онда тек әлеуметтік тұрақсыздық қана орын алып қоймай, мемлекеттік кірістің төмендеуін бірден күшейтетін елдің азық-түлік қауіпсіздігі де жоғала бастайды.Мұндай жағдайда үкімет мемлекттік қолдау механизмдері арқылы қаражаттың бір бөлігін аграрлық салаға қайтара отырып, бұл құбылыстың жағымсыз зардаптарын және баға тепе-теңсіздігін  жоюға міндеттенеді.Бұған қарсы тұру үшін республика бюджетінен жүзеге асырылуға тиіс іс-шаруаларға қаржы бөліну қажет.

Бүгінгі күні өнімдерді  сату (өтім), дәлірек айтқанда, тапсырыс қоржынын қалыптастыру мен оның материалдық базасын қамтамасыз ету мәселесі кәсіпорын іс- әрекетінің ең басты мәселесіне айналып отыр. Оның дұрыс және уақтылы шешілуінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен нарықтағы  бәсекеге қабілеттілігі айқындалады.Сол себептен, басқару шешімдерін қабылдау үрдісін зерттеу ерекше маңызға ие болып табылады.

Агрофирма басшысы мүмкін болатын жағдайлардың басым көпшілігін болжай отырып, өндіріске қатысты  шешімдерді қабылдауы тиіс.Сондықтан, өндіріс тиімділігін көтеру үшін шикізат құнындағы ауытқыларды анықтауға, технологиялық үрдісті жақсартуға, өнімнің сұраныс деңгейі мен оны сақтау жолдарын болжамдауға және т.б. мүмкіндік беретін негізді мәліметтерді толық пйдалану қажет.

Шешім қабылдаудың барлық үрлдісіне мынадай екі негізгі  сипат тән:

Біріншіден, шешім қабылдау үрдісі қалыптасқан жағдайларға  сай жорамалданатын көптеген мүмкін алтернативтер ішінен тек бір  ғана, толық анықталған шешімді таңдауға негізделеді. Сөйтіп, шешім қабылдау үрдісінің өзіне тән ерекшелігі варианттардың көптігі деп есептеледі.

Екіншіден, шешім қабылдау барлық кезде қандай-да бір мақсат үшін істелінеді, яғни ол мақсатқа сәйкес болуы керек.

Сондай-ақ, шешім қабылдау кезінде белгісіздіктерге де ұшырасады. Мұны әлеуметтік- экономикалық  ортадан  жиналатын мәліметтердің толық еместігі мен және оны қабылдау мен тексеруге адам қабілетінің шектеулілігі мен түсіндіруге болады.

Шешім қабылдау мен дайындау барысындағы басшының әрекеттерін ( 3- суретте) көрсетілген басқару  үрдісінің үлгісі  көрінісі ретінде  көрсетуге болады.

Басқару шешімін жасаудан, қабылдаудан және орындаудан тұратын  басқару үрдісі түтркіден, яғни шешім  қабылдауда қажет ететін жағдайдың  пайда болғанын көрсететін кейбір оқиғалардан  басталады. Мысалы, өткен кезеңдегі  кәсіпорын  іс-әрекетінің қорытындысы  туралы есептердің, технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізудің кідірісі туралы мәліметтердің, нарықтағы күштерді орналасу ретінде туындаған өзгерістер туралы деректердің келіп түсуін, т.б осындай түрткі ретінде қабылдауға болады.

 


 

3сурет. Басқару нұсқасындағы  шешім қабылдау үрдісі.

 

Шешім қабылдау үрдісінің  үлгілерін кәсіби түрде қолдану  агрокәсіпорын менеджеріне шешім  қабылдау барысында ішкі сезімдері  мен өзіндік ой-пікірлерін қадағалауға  үлкен сенімділікпен және дәлдікпен  шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Басқа жағынан, үлгілерді қолдану менеджердің интуициясын, тәжірибесін және білімін толығырақ жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Соңғы жылдары Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік  басқаруды ұйымдастыру тұжырымдамасының белгілі бір бөлігі жасалып, барлық деңгейдегі мемлекеттік және шаруашылық басқаруды жетілдіру жөнінде бірқатар іс-шаралар атқарыла бастады. Алайда мемлекеттік және шаруашылық басқару менеджергілікті өзін-өзі басқару арасында функциялардың, құқықтардың және жауапкершіліктердің айқын бөлінісіне, сондай-ақ, осы басқару түрлерінің ұтымды үйлесіміне негізделген агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды іс-жүзіндегі ғылым негіздері әліде болса қалыптастырылмады. Сондықтан,басқару үрдісіне қатысты зерттеулердің маңыздылығы күшейіп отыр нормативтік базаны дайындауға және агроөнеркәсіптік кешен тәжірибесінде басқарудың теориялық әрі практикалық маңызы бар мәселелерін шешуге елеулі түзетулер енгізу талап етіледі.

 

1.3. Аргоөнеркәсіптік  құрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.

 

Қазақстан үшін дамыған  батыс елдерінің арасында Францияның агроөнеркәсіптік кешенді тәжірибесінің  мәні  ерекше зор. Өйткені, Францияда  орталықтандырылған әкімшілік басқару  әдістері мен жақсы нарықтық механизмі бар  аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу жүйесі едәуір оңтайлы ұштастырылған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің табиғы- климаттық шарттарды ескеретін нақты аймақтық мамандануға негізделген. Фермерлік шаруашылықтар (шаруа қожалықтары) өз өнімдерін дайындаушы және өңдеуші орындарға жеткізу қызметінен босатылған.

Франция ауыл шаруашылығының негізін отбасы  қожалықтары  құрайды.

2004-2007 ж.ж. аралығында  өндірістік шоғырлану мен мамандану  үрдісінің күшеюі нәтижесінде  фермерлік шаруашылықтардың  саны 40,2%-ға (1,1 млннан 721 мыңға дейін) азайып, ауыл шаруашылық жерлердің ауданы бойынша орташа көлемі 19-дан 39,1 га-ға дейін ұлғайған Францияның ауыл шаруашылық азық-түлік кешенін басқару міндетін Ауыл шаруашылық министрлігі мен оның аймақтық және департаменттік басқармалары, ауыл шаруашылық палаталары сондай-ақ, бірқатар салалық және салааралық сипаттағы аралас, жартылай мемлекеттік және кәсіптік құрылымдар атқарады.

Фермерлер мен өзгеде ауыл шаруашылық  өндірушілері мамандырылған  және кәсіптік ұйымдар арқылы ауыл шаруашылығын  басқаруға қатысады. Мұндай ұйымдардың ішінде Ауыл шаруашылық палатасының үлес салмағы едәуір үлкен деп есептеледі.

Жекелеген ауыл шаруашылық өндірушілер топтарының мүдделерін көрсететін кәсіподақтардын ашық жүйесі аграрлық саясаттың қалыптасуына өзіндік септігін тигізеді.

АҚШ-та аграрлық саясатты жүзеге асыру міндеті Федералдық ауыл шаруашылық министрлігі мен  штаттардың осыған пара-пар министрліктеріне жүктелген. Штаттардың ауыл шаруашылық министрліктері Федералдық министрліктен  тәуелсіз әрекет етеді.Олардың арасындағы қарым-қатынас штаттарға ішкі мәселелерін шешуге барлық қажетті құқықтарды беретін федералдық заңдар негізінде жүзеге асырылады.

Әйтсе де АҚШ Ауыл шаруашылық  министрлігі федералдық әкімшіліктің құрамдас бөлігі ретінде әрбір штаттағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен тұтынуға қажетті деңгейде ықпал етуге мүмкіндік беретін едәуір күшті механизмге ие болып табылады. Аталмыш министрлік бұған әртүрлі жалпы ұлттық бағдарламаларға федералдық бюджеттен бөлінетін өте қомақты қаржылық құралдарға иелік етуі арқылы қол жеткізеді. Бұл бағдарламаларды кепілдікті бағалар өңделетін (игерілетін) жер көлемін шектеу, тікелей төлемдер және импорттық квоталар деп төрт топқа жіктейді.

Кепілдікті бағалар  бағдарламасы бойынша тауардың ең төменгі  сатылу бағасы белгіленеді де, сатылмай қалған тауарлар сол бағамен мемлекет тарапынан сатып алынады.

Өңделетін жер көлемін  шектеу бағдарламасы ауыл шаруашылық өндірісінің көлемін азайту есебінен фермерлердің кірісін арттыруға  бағытталады. Мұндай жағдайда министрлік ауыл шаруашылық өнімін өсіруге бөлінген жер көлемін қысқартуға келіскен фермерлерге нақты жинаған өнімін ең төменгі бағамен сатып алуға кепілдік беруі мүмкін.

Импорттық квоталар бағдарламасы шетелде өндіріліп, ішкі нарыққа  әкелінетін тауарлардың (әсіресе, қанттың ) санын шектейді.

АҚШ-та қабылданатын барлық федералдық бағдарламалар оларды орындауға  қажетті материалдық және еңбек  ресурстарын тартуға мүмкіндік  беретін қаржылық құралдармен қамтамасыз етіледі. Штаттардың министрліктері жалпы  ұлттық бағдарламаларды іске асыруға және Федералдық министрлік бюджетінен қосымша қаражат алуға талпыныс білдіреді.Бағдарламаларға қатысу өндірушілер үшін де өте тиімді, себебі олар арқылы фермерлік бағалар мен кірістер еркін нарықтағы деңгейден жоғары деңгейде ұсталып тұрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің  бағаларын ұстап тұруға бағытталған  үкіметтік саясатты жүзеге асыру  мақсатында Федералдық министрлік құрамынан  тауарлы-несиелік  корпорация (ТНК) құрылған. Корпорация таза қаржылық мекеме болмағанына қарамастан, фермерлердің капитал көздерінен пайдалану мүмкіншіліктерін кеңейтуге жағдай жасайды. ТНК несиелерінің жалпы көлемі ауыл шаруашылық саласындағы үкіметтік бағдарламаларға және фермерлердің осы бағдарламаларды іске асыруға қатынасу деңгейіне тәуелді болады.

АҚШ-тағы жергілікті басқарудың ұйымдық түрлерінің  сан алуандылығы мен жергілікті органдарды әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлу, қалыптастыру және жұмыс істеу жөніндегі бірыңғай қағидаларының жоқтығы оның ең басты өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Мұны жергілікті басқаруды ұйымдастыру мәселелерін әрбір штаттың өз бетінше шешетіндігімен түсіндіруге болады.

АҚШ-тың жергілікті басқару  органдары жергілікті деңгейдегі әртүрлі  мәселелерді шешуге толық құқығы мен қызметтері бар жалпы уәкілетті  органдарға және аз ғана қызметтерді орындайтын арнайы ситпаттағы органдарға бөлінеді.Бірінші топқа –графтықтар, муниципалитеттер  және тауншиптер; ал, екінші топқа – мектептік және арнайы округтер жатады.

Қазіргі таңда АҚШ-та 3041 графтық бар. Олар бір-бірінен  жер көлеміне (26 шаршы мильден 58 шаршы мильге дейін) және халық санына (100 мыңнан 7 млн. адамға дейін)  қарай айтарлықтай дәрежеде ерекшеленеді.Штат басына шаққандағы графтық саны да бірыңғай емес, яғни 3 пен 254 бірлік арасында ауытқып отырады.

Графтықтардың іс-әрекеті  штат заңдарымен реттеледі. Көптеген графтықтарға заңнамалық ережелер қолданылмайды. Оларды басқару құрылымы орталықтандыру мен кәсіпқойлықтың жоқтығымен ерекшеленеді.

Графтықтардың  басым  көпшілігінде басқарушы алқалық  орган-графтық кеңес халық тарапынан  екі түрде сайланады. Графтық кеңестің бірінші түрі комисионерлік деп аталып, оған мемлекеттік қызметке орналасуға құқығы жоқ үш-бес мүше сайланады. Мұндай кеңестер графтықтардың 80%-ға жуық бөлігінде кездеседі.Графтық кеңестің екігші түрі графтық құрамындағы тауншиптер мен муниципалитеттерден таңда алынатын және кеңестегі өз міндеттерін де қоса атқаратын лауазымды тұлғалардан құралып, «бақылаушылар кеңесі» деп аталады.Кеңес мүшелерінің саны 10-нан 100-ге дейін және одан да көп мөлшерге жетеді.Бақылаушылар кеңесі тек қана бес штатта кездеседі.

АҚШ-та графтықтарды басқарудың үш негізгі түрі қолданылады. Комиссиондық түрінде графтық кеңес заң  шығарушы hәм атқарушы қызметтерді, кейбір штаттарда –тіпті, соттық қызметтерді  қатар атқарады. Аталмыш кеңес  құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты қорғау, саудамен айналыуға рұқсатнама беру және оны реттеу мәселелері  бойынша заң шығарушы өкілеттілігіне ие болып табылады.

Басқарудың келесі түрі саналатын администраторлар кеңесі (550 графтықта) кеңінен қолданылады. Мұндай басқару түрінде графтық кеңес графтықтың әкімшілік аппарытын басқару үшін бір администраторды тағайындайды. Администратор салық деңгейін белгілеу және бюджетті бекіту секілді аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдап, графтықтағы департаменттер мен қызметтердің басшыларын бақылайды; бюджеттің дайындалуына басшылық жасап, оны кеңестік қарауына ұсынады және кеңеске графтықты басқару мәселелері жөнінде ұсыныстар береді. Басқарудың бұл түрі орталықтандыру деңгейін көтеріп, графтық әкімшілігінің басшысы қызметіне кәсіби басшыны тағайындауға мүмкіндік туғызады.

Графтықты басқарудың  үшінші түрі – сайланбалы (таңдап алынатын) басшы арқылы жүзеге асады (146 графтықта  қолданылады). Графтық кеңестің сайланбалы басшы-төрағасының немесе президентінің  қызметтері графтықты басқарудың екінші түріндегі бас администратордың қызметтеріне пара-пар келеді. Дегенмен, бұл лауазымды тұлға графтық басшысының фомалдық  мәртебесін иемдене отырып, графтық кеңестің шешімін қабылдамауға және осы кеңестің қарауына графтық саясатының басты бағыттарын ұсыну менхалық алданда графтық атынан сөз сөйлеуге құқылы болып табылады. Таңдап алынған басшының өкілеттігі тым кең болғандықтан, аталмыш басшы графтықтың әкімшілік басқармасын жедел басқару үшін кәсіби басшыны тағайындай алады.Жалпы АҚШ графтықтарында сайланбалы лауазымды қызметтер санының азайып келе жатқандығы байқалғанымен, әртүрлі қызметтік кеңестер мен комиссиялар әлі қысқыры қоймады.

Муниципалитеттердің едәуір басым бөлігі графтықтардың құрамына кіреді. Оларда АҚШ халқының 2/3 бөлігі тұрады.Муниципалитеттер тек қана штат биліктеріне бағынатын жеке қағаз жүзінде өзін-өзі басқаратын бірліктер деп есептелгендіктен, олар мен графтықтар арасындағы қарым-қатынас бір-біріне бағынуға негізделмейді.Муниципалитеттер халқының саны 10 мыңнан 7,5 млн.-ға (Нью-Йорк) дейін ауытқып отырады. Дегенмен, 80%  муниципалитеттерде   5 мыңға дейін, ал олардың жартысында 1 мыңға дейін адам тұрады.

Муниципалитеттер өздері кіретін графтық пен штат ауқымды  өзіндік саяси салмақ  пен ықпалға  иелік ете отырып, әртүрлі федералдық және штаттық субсидияларды алуға, салықтардың белгілі бір үлесін  иемденуге  және облигация шығару есебінен қосымша қаражат табуға құқылы болып табылады.

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары