Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 17:58, реферат

Описание

Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

жеке меншік.doc

— 73.50 Кб (Скачать документ)

    Азаматтардың  меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен  туындау негіздері 

    Азаматтардың  меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының  азаматтары заңды түрде алған  қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл- объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінше, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

    Кеңестік  кезеңде азаматтар меншігіндегі тек ғана тұтынушылық сипат болды, ол мемлекеттің қоғамдық өнімінің бір  бөлігін таратып бөлу нәтижесінде  құрылды. Ал, иелік сипаты, көбіне, өндіру құралдарының мемлекетке тиесілігімен анықталған 90-шы жылдардың басында Қазақстанда өндіру құралдарының басым көпшілігі жекешелендірілді. Соның нәтижесінде иелік сипаты елеулі өзгерістерге ұшырады, ол өз кезегінде азаматтар меншігінің түрлеріне, оның мазмұнына өзгерістер енгізді. Өзгерістердің негізі Конституциясының 26-бабының 4-тармағында келтірілген, оған сәйкес «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Яғни акцент меншіктің тұтынушылық сипатынан оның ұлғаюға ұмтылатын капитал ретінде жұмыс істеуін жандандыруға ауысты.

    Азаматтардың  меншік құқығының негізінде әр сипаттағы  қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену  тәсіліне, азаматтар меншігі пайда  болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың  ерекшелігіне байланысты. Азамат материалдық игілікті өндіру процесінде де, бар материалдық игілікті бөлу және қайта бөлу процесінде де иемденеді. Өндіру процесінде иемдену өндіру құралдарын иелену нәтижесінде де, және онсыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар меншік жеке даралай немесе қоғамдық иемдену нәтижесінде де туындауы мүмкін. Азаматтардың жалданбалы жұмысшы ретіндегі еңбегі және олардың өздерінің жеке экономикалық қызметі меншіктің құрылуының негізгі көздері болып табылады. Экономикалық қызметтен барып кәсіпкерлік қызмет туындайды, ол дегеніміз- меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет (АК-ның 10-бабының 1-тармағы). Кәсіпкерлік қызмет жалданбалы еңбекті қолданып та, қолданбай да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер азаматтардың меншік иемденуінің әрқилы сипатын және түрлерін анықтайды.

    Егер  азамат өндіруді өзінің немесе қандай да бір негіздерде басқадан алған өндіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижесінде, жалпы ереже бойынша, дара еңбек меншігі (кіріс алуға бағытталмаған) немесе шағын жеке меншік (кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде) туындайды. Егер өндіру құралдарының меншік иесі өндіруге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдаланатын болса, ірі жеке меншік пайда болуы мүмкін. Азамат өзінің жалданбалы еңбегін өзі пайдаланса меншіктің дербес түрі құрылады. Өндіру құралдарының меншік иесі тек жекелеген адамдар ғана емес, жалпы қоғам да (мысалы, мемлекет) болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылатын мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдемақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т.б. арқылы біртіндеп азаматтың меншігіне ауысады. Азаматтардың мұндай меншігі өзіндік деп аталады, онда тұтынушылық сипат басым. Егер меншік өндіру нәтижесінде емес, материалдық игіліктерді бөлу немесе қайта бөлу (мысалы, мәміле жасағанда) нәтижесінде туындаса, ол кезде де дара меншік қатынасы туындайды. Бірақ бұл дара меншіктің негізіне меншік иесінің өндіргіш еңбегі алынбайды. 

    Меншіктің экономикалық түрлері 

    Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік – аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер комуналды меншік деп аталады. 

    Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуына жаққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, эканомикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.  
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің эканомикалық түрлері қалыптасады:

    Меншіктің экономикалық түрлері:

    жеке ұжымдық мемлекеттікmеңбіктік Еңбектік емес (жеке топтық) Республика меншігі Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі.

    Еңбек табысы есебінен Мұрагерге қалдырылған мүлік есебінен табыс; сақтандыру, несие мемлекеттеріне салған қаржылар; акция, обмегация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері. а) жалгерлік меншік

    ә) ұжымдық кәсіпорын Меншігі (сатып алынған)

    б) кооперативтік меншік

    в) акционерлік меншік:

    а) қоғамдық ұйымдарының меншігі

    ә) діни ұйымдарының меншігі

    Меншік:

    а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі)

    ә) бірлестіктер (ассоциациялар) меншігі:

    а) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)

    ә) біріккен меншік (шетел мемлекеті  кәсіпорыны) Республикалық меншігк (жер, қоймауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі)

    Жеке  меншік агенттіктерге қойылатын  талаптар

    Жұмыспен  қамтушы жеке меншік агенттердің  талаптары төмендегідей:

    «жұмыспен қамту жеке меншік агенттеріне» қандай жеке және заңды тұлға жататынына түсініктеме беріліп, ЖҚЖА-ның еңбек  делдалымен айналысуына хұқықтар қарастырылады;

    ЖҚЖа-ның  келісім-шарт негізінде көрсететін қызметінің түрі келтіріледі; ЖҚЖА-ның мемлекеттік органдармен жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасы келісіліп, Қазақстан азаматтарына делдалдық көмек пен Қазақстанға шетел жұмысшы күщін жұмылдыру лицензия арқылы жүзеге асырылады;

    ЖҚЖА-ға жұмысқа орналасуға байланысты азаматтардың хұқықтары  келісіледі, ЖҚЖА-дан кеңестер алу мен шешімдерге деген шағымдардың орталық атқарушы органдар мен сотта қаралуы туралы келісіледі;

    ЖҚЖА  міндеттемелерінің  өз қызметі туралы статистикалық мәліметтерді өкілетті органдарға ұсыну мен ЖҚЖА жауапкершілігі келісіледі.. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы ҚР 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №204-І «Халықты миграциялау туралы» Заң мен 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №2200 «Лицензиялау туралы» Заң күшіне бағынатындықтан. «Халықты миграциялау туралы» Заң Қазақстан Республикасындағы шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың және шетелдегі Қазақстан азаматтарының еңбек, кәсіби қызметінің тәртібін анықтайды. Бұл мәселе бойынша жеке бөлім ашылған. «Лицензиялау туралы» Заң лицензиялануға жататын қызметін мемлекеттік лицензиялауды реттейді. Осы заң негізінде Қазақстан азаматтарын шетелге жұмысқа орналастыру мен Қазақстанға шетел жұмысшы күшін жұмылдыру көрсетіледі.

    Аталған үш заңнан басқа жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттерінің заңдық базасын қалыптастыратын басқа да түрлі дәрежедегі өкілетті органдар қабылдаған нормативтік актілер бар. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес, 2004 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі №322 қаулы қабылдады, қаулы қосымшасында «Қазақстан Ресупбликасына шетел жұмысшы күшін жұмылдыруда жұмыс берушіге рұқсат беру тәртібі мен жағдайы, квота анықтаудың ережесі» жазылған. Және жеке меншік еңбек делдалдығы еңбек қызметіне байланысты мемлекетаралық келісім-шартпен де реттеледі. 

    Меншік  құқығы 

    Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

    Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады

    Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. 

    Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді.

    Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді. 

    Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады.

    Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК) 

    Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.  

    Жеке тұлғаның:

    айырбастау келісім-шарты

    сыйға тарту келісім-шарты

    өмірінің  соңына дейін бағу шартымен мүлікті  меншіктен шығару келісім-шарты

    тегін беру келісім-шарты

    неке  келісім-шарты

    (заң  бойынша) мұра бойынша өсиеттікке  құқық туралы куәлік

    жекешелендіру келісім-шарты

    заңды күші бар сот актілері

    мүшенің пай жарнасы соммасын толық салғаны  туралы үй-құрылысты кооперативінің анықтамасы

    тегін беру туралы келісім-шарты

    реквизиция  немесе бұзу барысында өтемақы түрінде  мүлікті беру келісім-шарты

    соғылған  обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті

    тіркеу  куәлігі

    жарғылық  капиталынан үлесті бөлі есебіне  мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі

    атқарушы  органдардың құқықтық актілері

    Заңды тұлғаның:

    сатып алу – сату келісім-шарты;

    айырбастау  келісім-шарты;

    тегін беру келісім-шарты;

    келісім – шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын  мүлікті беру;

    реквизиция  немесе бұзу барысында өтемақы түрінде  мүлікті беру келісім-шарты

    бөлінетін баланс немесе беру актісі;

    өз  күшіне енген сот актілері;

    соғылған  обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының  акті;

    жарғылық  капиталына жылжымайтын мүлікті  салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы);

    мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім;

    атқарушы  органдарының құқықтық актілері

    Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың  түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған  көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.

    Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа  жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс.

Информация о работе Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері