Азаматтардын касипкерлик кизмети

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:02, реферат

Описание

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:
а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
ә) табыс алуға бағытталған;
б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;
в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Работа состоит из  1 файл

азаматтар.docx

— 31.43 Кб (Скачать документ)

Азаматтардың  кәсіпкерлік қызметі

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:

а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;

ә) табыс алуға бағытталған;

б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне  негізделген;

в) азаматтардың атынан олардың  тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерліктің түрлері  Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік  болып табылады. Дара кәсіпкерлер  мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) тұрақты негізде жалдамалы  жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;

2) жеке тұлғалар үшін  Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.

Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.

Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:

  • а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
  • ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;
  • б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.

«Жекеменшіктік қосалқы  шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік  қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде  өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік  қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық  меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.

Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін  жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді.

Жекеменшіктік қосалқы  шаруашылық жүргізетін азаматтардың:

  • елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға;
  • кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоциациялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге;
  • ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар.

Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік  қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады  және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік  қызметпен байланысты барлық мәмілелер  бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының  атынан жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға  және (немесе) билік етуге болатын  меншік құқығында немесе өзгедей  құқықтарда азаматтарға жататын  мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:

  • 1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;
  • 2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • 3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • 4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).

Шаруа немесе фермер қожалықтары  үшін бірыңғай жер салығын төлеу  негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.

Құмар ойын бизнесімен айналысатын  кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі  салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі  салығын төлеушілердің қосымша  төлемін төлейді.

Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің  субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады

 

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

Кәсіпорын - белгілі бір  өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.

Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың  жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің  материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың  құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда

 -өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ;

- өндірілген өнімнің саны мен сапасы;

- өткізу көлемі;

-өткізуден түскен кіріспен  пайда. Осы факторлар негізінде  қол жеткізілетін тиімділіктің  деңгейі мен сипатын кәсіпорынды  дамытуға ықпал ететін ішкі  жэне сыртқы жағдайлар айқындайды.

Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:

1. Өндірісті цорлармен  цамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:

- ғимарат, құрылыс,

- құрал-жабдық, аспаптар,

- жер,

- шикізат-материалдар,

- отын,

- жұмыс күші,

- ақпарат және т.б. жатады.

2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:

- ғылыми-техникалық прогресс;

- өндіріс пен еңбекті  ұйымдастыру;

- кадрлардың біліктілігін жетілдіру;

- инновация мен инвестиция.

3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялыц сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызметтері.

Кәсіпорын қызметінің негізгі  факторлары:

1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны толмайтын" болып бөлінеді.

2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.

3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет керсетіледі.

4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген,  несиеге алынған және басқа  да мүліктерді пайдалану арқылы  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес  жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.

5.Капитал-тұтыну заттарының  көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

Кәсіпкер— жеке тұлға, ол:

- өндірістік-шаруашылық;

- көтерме сауда

- инновация;

- кеңестер беру;

- коммерциялық делдалдар;

- бағалы қағаз операциялары  және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.

Инновация - жаңа бұйымдар мен  озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:

- зерттеуді бастаудан  өндірісте алғаш рет игеруге дейін;

- алғашқы игеруден бастап  бұйымды тұтынушылардың қажетін  қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;

- одан соң бұйымды тұтынушы  пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.

Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

Кәсіпкерлік субектісі

1.Қазақстан Республикасының  және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана).

2.Заңды түрдегі шетел  азаматтары мен өкілеттілігі  шектеулі тұлғалар.

3.Азаматтық бірлестіктер.

Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

1. Меншік иесініц өзінің  тәуекел етуі және мүліктік  жауапкершілігі негізінде.

2. Кәсіпорынды меншік  иесі атынан басқару.

Меншіктің мұндай ережелері  өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.

Бұл келісімде:

- мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;

- әр түрлі қызметті  іске асыру;

- материалдық жауапкершілік  пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;

- келісімді сақтаудың  негіздері мен шарттары жасалад ы.

Меншік иесінің келісім  жасалған сәттен бастап кәсіпкердің  іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).

Кәсіпкердің құқықтары

- келісімнің бастамаларын  жүзеге асырып қаржықаражат тарту;

- интеллектуалды меншік  объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

- өндірістік бағдарламалар жасау;

- өз өнімдеріне тұтынушылар  мен жеткізіп берушілерді таңдау;

- Қазақстан Республикасының  заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

- сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

- кәсіпорындарды басқаруда  әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

- кәсіпорын иесінін атынан  кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

Кәсіпкер тұтынушынын  ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет.

Мәселен, бұлар

- ғимарат және құрал-жабдықтар;

- үй-жай, мүлік;

- өндіріс және тұтыну тауарлары;

- ақпарат; интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент);

- ақша, валюта, құнды қағаздар;

- басқа да тауарлар, жұмыстар мен кызметтер болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызмет:

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- кеңестер беру болып бөлінеді.

Бұлардың әрқайсысының өзіне  тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.

Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

- өнім өндіруге бағытталған  жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

- ақпараттарды өңдеу және жинау;

- рухани құндылықтарды игеру;

- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

-өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

- коммерциялық сауда мекемелері;

- тауар-қор биржалары; - банктер  мен халықтар.

Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу  жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

Информация о работе Азаматтардын касипкерлик кизмети