Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 12:14, реферат

Описание

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңына және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін өзгеде заң актілеріне сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26-тарауымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.

Работа состоит из  1 файл

Баукага.docx

— 31.01 Кб (Скачать документ)

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің 
заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы 
НҰСҚАУЛЫҚ     

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңына және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін өзгеде заң актілеріне сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26-тарауымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.      

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық, өзгеде заңдар қорғайтын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтық заңнаманың негізі - сот әділдігін жүзеге асырудың қағидаларын бұлжытпай сақтауы азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеті болып табылады.     

3. Әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау Департаменті (әрі қарай Департамент), Бас әскери прокурор, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының прокурорлары, қала, аудан және оларға теңестірілген прокурорлар азаматтық істер бойынша сот актілерінің заѕдылығын тұрақты және тиімді қадағалауды, өз бастамасымен және басқа да тұлғалардың бастамасымен қозғалған азаматтық істерді сотта қарау кезінде қатысуды, сот актілерінің заңдылығын тексеріп, олар заңсыз болған жаєдайда наразылық келтіруді, азаматтық істерді қарау кезінде соттың іс жүргізу мерзімін сақтауын тексеруді, азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалаудың жағдайына тұрақты талдау жасауды қамтамасыз етеді. 
      К
өлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді сотта қарауға тағайындаған кезде оларға қатысу және кейінгі қадағалауды жүзеге асыру осы соттың мекен-жайы бойынша орналасқан көлік прокурорларына жүктеледі. Егер көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді тағайындаған соттың мекен-жайы бойынша көлік прокуратуралары орналаспаған болса, аймақтыќқпрокурорлар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сотта қатысуды қамтамасыз ету үшін ол туралы көлік прокурорларына дер кезінде хабарлайды, ал көлік прокурорлары сотқа келмеген жағдайда, бірінші сатыдағы сотқа қатысу және апелляциялық тәртіпте қадағалауды жүзеге асыру тиісті аймақтық прокурорларға жүктеледі. Бұдан кейін осы істер бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын қадағалау тәртібінде тексеруді тиісті көлік прокурорлары жүзеге асырады. Соттарда қаралған істер бойынша аймақтық және көлік прокурорлары тоқсан сайын салыстырып, анықтау есебін жүргізеді.     

4. Прокурор міндетті  түрде заңда көзделген, сот немесе жоғары тұрған прокурорлар қажет деп тапқан, прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүддесіне қатысты, денесі мен ақыл-есінің кемістігінен өзінің мүддесін сот арқылы қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын азаматтардың, кәмелетке толмағандардың (алимент өндіру туралы істерді қоспағанда) құқықтары мен мүдделеріне қатысты, мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздану, азаматты тұрғын үйден басқа үй-жай берместен шығару, жұмысқа қайта орналастыру, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы сотта қаралатын істер бойынша іс жүргізуге қатысып, қорытынды береді. 
      Сонымен
қатар, мемлекет мүддесіне қатысты істердің санатына, мемлекеттік кәсіпорындардың көрсеткен қызметтері үшін тұтынушылардан берешек сомаларын өндіру туралы даулар бойынша азаматтық істерді қоспағанда, тараптары мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар болып табылатын барлық істер жатады. 
      Мамандандырыл
ған ауданаралық экономикалық соттың бірінші сатыдағы сот мәжілісіне қатысу, соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарауды қоспағанда, осы соттардың мекен-жайы бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарау барысында істі бірінші сатыда қарау кезінде іске қатысуды облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімдерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот актілерінің заңдылыєын қадағалауды іске асырудың тәртібін Астана және Алматы қалаларының прокурорлары анықтайды. 
     
Әскери соттарда қаралатын азаматтық істерге қатысу осы соттардың мекен-жайы бойынша орналасқан әскери прокурорларға жүктеледі.      

5. Азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында, осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде көзделген және өз бастамасымен қатысатын істер бойынша прокурорлар өз ұстанымын тек іс құжаттарына, заң талаптарына қатаң негіздеп, оны жүйелі түрде қолдап, заңдылық, азаматтардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы туралы принциптерді басшылыққа алады. Іс бойынша қорытынды берген кезде өз ұстанымын нормативті құқықтық актілер мен сотта зерттелген іс құжаттарына сүйеніп, анықтап дәлелдейді. 
      Азаматты
қ іспен танысқаннан кейін, нәтижесі прокурорға немесе осы салаға жетекшілік ететін орынбасарға алдын-ала баяндалады. 
     
Қаралған іс бойынша заң бұзылған жағдайда қатысушы прокурор сот алдында лауазымды тұлғаға немесе ұйымға қатысты жеке ұйғару шығару туралы өтініш етеді. Анықталған заңды бұзу фактілері бойынша қосымша тексеріс жїргізу және кінәлі деп танылғандарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуге прокурорлар шара қолданады.     

6. Прокурорлар  азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтату туралы сот ұйғаруларының заңдылығын тоқсан сайын тексеріп, заңдылық бұзушылығы анықталєан жағдайда оларды жою үшін шаралар қолданады.     

7. Прокурорлардың талап арыздары бойынша қозғалған істерге, қай бөлімшенің бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері сотта қатысуды қамтамасыз етеді. Апелляциялық мерзім ішінде белгіленген категориядағы істер бойынша сот шешімдеріне наразылық келтіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.      

8. Прокурорлар  осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде аталған және өз бастамасымен қатысқан істер бойынша сот тарапынан жіберілген қателіктерді заңсыз сот қаулыларына апелляциялық тәртіпте наразылық келтіру арқылы уақтылы жоюға шара қолданады. Апелляциялық наразылықты, тек Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 364-бабында белгіленген сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері болған жағдайда ғана, және осы Кодекстің 335-бабының талаптарын сақтай отырып келтіреді. 
      За
ң бұзушылық айқындалған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 6-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес прокурорлар судьяларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады. 
     
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына апелляциялық (жеке) наразылық келтірген жағдайда оның көшірмесі бір мезгілде Департаментке жолданады.      

Информация о работе Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы