Инвестиция климаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:48, курсовая работа

Описание

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................

1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі..............................................................................4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………...9

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы....................................................................................................13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................................................................................................13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23

3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері........................................................27

Қорытынды.........................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................32

Қосымша..........................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық климаты.doc

— 276.50 Кб (Скачать документ)

        Қазір инвестиция түріндегі шетел капиталына үлкен үміт артылуда. Бұл, жол берілетін көлемде шетел валютасының біріктіретін механизм. Қаржы нарықтарының бірнеше түрлері бар:акция нарығы,облигация нарығы, опциондар нарығы.        

Әрбір атқарушы билік деңгейіне өз қызметін қаржыландыруға ауқымды ақша сомалары талап етіледі.Әдетте,мұндай жобалар әртүрлі ұзақ мерзімді міндеттемелер – облигациялар шығару арқылы қаржыландырылады. Ақшаға сұраныстың басқа көзі болып құйылуы ұлттық экономиканы сауықтыруға әрекет жасайды. Екіншіден, қазір интеграция кезінде, шетел инвестициялары ұлттық мемлекеттердің жақындасуының бір құралы болып табылады.

          Қазіргі уақытта, екі негізгі ұйымдар даму деңгейі төмен нлдерге, соның ішінде Қазақстанға да, қаржылық қаражаттар салады. Олар – Халықаралық Валюта Қоры және Халықаралық Даму Банкі.Бірақ, бұл халықаралық ұйымдар ‘’приоритетті’’ салаларын қаржыландырады, мысалы, ауыл шаруашылығы. Қазақстан қазір іс – жүзінде барлық салаларды қаржыландыруды қажет етеді.

          Қазіргі кезде, кәсіпорынды концессия көмегімен шетел иелігіне беру жолымен Қазақстан өндірістік процесті қалпына келтіру әдісін дамытуда. Ережеге сәйкес,бұл кәсіпорындар металлургиялық, тау – кен өндірісі,және тау – кен өңдеуші салаларға жатады. Бірақ,қазір,ұлттық экономикаға жағымды әсер етеді.

Қ.Р.Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері.

Қ.Р.Президенті жанындағы Шетел инвесторлары Кеңесі (ШИК) Мемлекет басшысының №3985 1998 ж 30 маусымындағы жарлығымен құрылды. Ондағы мақсат Қазақстандағы жұмыс жасайтын инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізуде, сондай– ақ инвестициялық  

Қызметпен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету.

          Кеңес – ақылдасушылық – консультативтік орган болып табылады.ШИК–н Қазақстан Республикасының Президенті басқарады. Ол оның қызметін басқарады, сонымен қатар нұсқаманы бекітеді жене Кеңес отырысында өкілеттік етеді.

         Кеңес құрамына Қазақстан Республикасынан Премьер – Министр,Ұлттық Банк Төрағасы, Сыртқы істер Министрі, Индустрия және сауда Министрі,экономика және бюджетті жоспарлау Министрі,Қаржы Министрі, Индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет Төрағасы және шетел инвесторларының жолдауын қарау жөніндегі ведомстволық комиссияның төрағасы кіреді.

          Кеңес құрамына шетел жағынан халықаралық қаржылық ұйымдардың және шетел компанияларының бірінші басқарушыларының белгілі бір саны кіреді.

          Кеңес отырысында оның құрамына кірмейтін компаниялар мен ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. ШИК шегінде 5 бірлескен жұмыс топтары қызмет етеді – салық салу, заңнама, шетел инвесторларының ағымдағы қызметі, Қ.Р. инвестициялық беделдік арттыру және мұнай газ секторы мәселелері бойынша.

           Кеңестік қызмет органы мен қызметінің негізгі координатор болып Қ.Р. индустрия  және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет табылады.’’Шетел Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі’’ Ассоциациясы шетел жағынан координатор болып табылады.Комитет, мүмкіндігінше, өндірістік және шетел инвесторларының іскерлік ассоциациясы,мемлекеттер өкілдіктерінің(Қазақстан Республикасында тіркелген ). ‘’Шетел Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі ‘’Ассоциациясымен келісіп ұсыныстарды ескере отырып Кеңестің шетелдік мүшелерінің 1/3 құамын өзгерту жөнінде ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына бере алады.

           Кеңес отырысы жылына бір немесе екі рет жүргізіледі.Оның құрылған мезетінен бастап мемлекет басшысының төрағалық етуімен 13 пленарлы отырысы өтті:1998ж 25 қыркүйек, 1999ж 2маусым, 1999ж 3 желтоқсан, 2000ж 8 желтоқсан, 2001ж 13маусым,2001ж 15желтоқсан, 2002ж 05 щілде, 2002ж 06 желтоқсан, 2003ж 05 маусым, 2004ж 4 маусым, 2004ж 10 желтоқсан және 2005ж 17 маусым.

            Бұдан басқа, Кеңестің ағымдағы отырысы жиі болады және жұмысшы топтардың кездесулері ұйымдастырылады.

            Кеңестің пленарлы және ағымдағы отырыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жетілдіру бойынша министірліктер мен ведомстволарға тапсырыспен қаулылық шешімдер қабылданады.

            Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар табылады:

           1. Инвестициялық қызмет мәселелерін реттейтін заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды және сонымен қатар халықаралық маңызға ие Қазақстан Республикасының ірі инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруымен байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентіне қарауға беру.

            2. Инвестициялық климатты, сондай–ақ Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тарту стратегияларын жақсарту бойынша ұсынымдар жасауға.

            3. Әлемдік экономикалық процестерге елдің экономикасының интеграциясы бойынша ұсыныстар жасау.

            Кеңес отырыстарында мәселелердің кең спектрі талқыланады, оның ішінде:

-         Қазақстан Республикасының инвестициялық беделдік арттыру

-         Қазақстан Республикасының сот  жүйесі

-         Салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жақсарту

-         Заң шығару процесінің айқындылығын арттыру

-         Шетел жұмысшы күшінің елге келуін лицензиялау

-         Инвестициялық пікірталастың келіспеушіліктерін жою және сотсыз шешу

-         Көрші елдермен тарифтік саясаттың координациясы және транспорттық тарифтер.

-         Шетел компанияларының басты буындарының келуі мен кетуі процедураларының жеңілдету.

-         Бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

-         Инвестицияларды саяси және жиі болатын тәуекелдерден сақтандыру.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы.

 

          Қазақстан, сөзсіз ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту сферасында постсоветті кеңістікке көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан тек шикізаттың стратегиялық түрлерінің экспортері ретінде ғана емес, сонымен қатар инвестицияларды жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық база және жағымды орта жасалғандығымен де тартымды.

           Жалпы, шетел капиталын тарту және қорғау процедурасы, қазіргі уақытта 20-дан астам заңдық және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Соларға сәйкес Қазақстанда шетел инвестициялары барлық ұйымдық – құқықтық нысандарда рұқсат етілген кез келген обьектілер мен қызмет түрлеріне,соның ішінде шетел фирмалары құру арқылы, яғни толығымен шетел инвесторларына тиесілі, оның филиалдарын өкілдіктерін, не бірлескен кәсіпорындар құру арқылы салына алады.Шетел инвесторларына респуюликада қайта инвестициялау үшін, тауарларды сатып алу үшін және басқа да мақсаттар үшін табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға кепіл береді.

            Ел экономикасына күрделі ауқымды инвестициялық ресурстарды тартудың,оларды рационалды және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып,Президент жарлығымен бірыңғай уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының инвестиция жөнінднгі мемлекеттік комитеті құрылды. Республикада экономиканың приоритетті секторларына тікелей инвестицияларды тарту бойынша белгілі бір жарнамалық жұмыстар да жүргізілуде.

 

 

 

 

 

Шетел инвесторлары үшін келесідей салық жеңілдіктері қарастырылған (2009ж).

 

 

 

Негізгі қаражаттарға инвесторлардың жалпы көлемі көрсетілген экономиканың

приритетті секторларының атауы.

Салық жеңілдіктерінің қызмет ету мерзімі(инвестор салықтан босатылатын

Жылдар саны) 

Табыс* салығы

Мүлік салығы

Жер салығы

 

 

1

Өндірістік инфрақұры - 

лым.

10млн(АҚШ)долларына

дейін қоса алғанда.  

10 млн.жоғары

 

 

 

 

    4

 

     5

 

 

      5

 

      5

 

 

     4

 

     5

 

 

2

 

 

Өңдеуші өндіріс

1млн.АҚШ дол.дейін қоса алғанда.

1млн.-5млн.$(АҚШ)қоса

алғанда.

    5млн.$(АҚШ) жоғары

 

      2

 

      3

 

     5

 

      3

 

      4

    

      5

 

      3

 

     4

 

       5

 

 

3

Астана қаласының объектілері.

10млн.$(АҚШ) дейін қо-

са алғанда

10млн.$(АҚШ) жоғары

 

 

      3

 

      5

 

 

 

       4

 

       5

 

 

     4

 

     5

 

 

 

4

Тұрғын үй**,әлеуметтік 

Сфера және туризм объектілері.

4млн.$(АҚШ) дейін қо - 

са алғанда

4млн.$-10млн.$(АҚШ)   

қоса алғанда

10млн.$(АҚШ) жоғары

 

 

 

     2

 

     4

 

     5

 

 

 

       3

 

       4

 

        5

 

 

 

      3 

 

      4

     

      5

 

5

Ауыл шаруашылығы.

1млн.$(АҚШ)дейін қоса

алғанда

1млн.$(АҚШ)жоғары

 

     3

 

     5

 

       4

 

       5

 

      5

 

      5

 

 

        Қабылданатын заң актілері мен ұйымдастырушылық шаралар Қазақстандық экономикаға шетел инвестицияларының құйылуына әрекет жасайды. Оған, қазір 40 шақты елдер өз қаржылық ресурстарын жұмсауда. Шетел инвестицияларының негізгі көлемі тау-кен өндірісі өеркәсіптерінің негізгі қаражаттарын (75%) құруға бағытталады. Құрылыстағы шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Батыс Қазақстан (66%), Атырау (22%), Ақтөбе және Маңғыстау (4-5%) облыстарында игерілуде.

         Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Орта Азияға түскен барлық тікелей инвестицияларының 80%-н алды. 2001 жылы Әлем банкі Қазақстанды инвестицияның едәуір көлемін тартатын әлемнің 20 елінің қатарына қосты.

Донор-елдерден тікелей шетел инвестицияларының түсуі(2009 жылы жаңартылған).

 

     Елдер

Көлемі($ млн.)

Жалпы көлемдегі үлес

Салмағы(%)

АҚШ

Канада

Ұлыбритания

Италия

Ресей Федерациясы

Нидерланды

Қытай

Германия

Индонезия

Оңтүстік Корея

994

252

232

191

81

79

96

16

47

25

 

46,6

11,8

10,9

9,0

3,8

3,7

4,5

0,8

2,2

1,2

 

Қазіргі уақытта, Қазақстан дамуға ресми көмек шегінде бірқатар Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ), Азия даму банкі (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ), Ислам даму банкі (ИДБ) сияқты халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдармен және Жапония, АҚШ, ГФР және т.б. донор-елдер өкіметімен қаржылық ынтымақтастықты дамытуда.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы (ұйымдастырылмаған саудадан басқа) кеден статистикалық мәліметтері бойынша 2008 жылы 16009,9млн. АҚШ долларын құрады. Ресеймен тауар айналымы 4,7млрд. долларды құрады, Қытаймен 1,5 млрд.доллардан асып түсіпті, Қазақстан мен Иран арасында 220млн. Доллар, Украинамен - 645млн. доллар,Өзбекістанмен - 204млн. долларды құрады.

Табыс және мүлік салықтарына қатысты  екі ретті салық салуды болдырмау туралы келісімдер: Тәжікстан Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Украина, Белорусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекістан Республикасы, Иран Исламдық Республикасы, Түрік Республикасы, Швейцария, Молдова Республикасы, Эстон Республикасы, Румыния, Бельгия Патшалығы, Чех Республикасы, Франция , Болгария, Грузия, Корея, Швеция, Литва, Түркменістан, Индия, Ресей Федерациясы, Канада, Азербайжан, Нидерланды, Пәкістан, Венгрия, Италия, АҚШ, Норвегия,Латвия.

Құқықтық көмек, құқықтық ақпаратпен алмасу және құқықтық қатынастар туралы, ынтымақтастық туралы келісімдер: Өзбекстан, ҚХДР, Түркменістан, Грузия, Қырғыстан, Пәкістан, Тукия, Литва, Монғолия, Қытай, Иран, Ресей Федерациясы.

Инвестицияны өзара қорғау және оған әсер ету туралы келісімдер: Тәжікстан, Болгария, Ресей Федерациясы, Бельгиялық-Люксембургтік Экономикалық Одақ, Франция, Кувейт, Өзбекстан, Қырғыстан, Индия, Чех Республикасы, Грузия, Иран, Израиль, Ұлыбритания, Венгрия, Монғолия, Сауд Аравиясы, Польша, Украина, Литва, Швейцария, Египет, Финляндия, Қытай, АҚШ, Туркия, Испания, ГФР, Грекия, Нидерланды, Австралия.

 

                                                                                                                                            

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы

2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі

 

Канада – Қазақстан және екі жақты ынтымақтастықтың ерекшеліктері

Орталық Азия қауіпсіздік, сауда және тиімді экономикалық басқару мәселелеріндегі ынтымақтастықты нығайтуға Канаданың күш-жігерлері бағытталған бірінші дәрежелі өңір болып табылады. Бүгінде осы аймақ лаңкестікпен күресудегі дипломатиялық және әскери күш-жігерлердің ортасында. Оның сондай-ақ әлемнің болашақ энергетикалық қауіпсіздігі үшін де орасан зор мәні бар. Орталық Азиялық өңір үшін жылдам өзгерістер де, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың арта түскен зейіні де тән. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі 15 жылдың ішінде Қазақстан өңірдегі көшбастаушы елге айналды, мұнда қарқынды және түбегейлі саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жүріп жатыр.

Информация о работе Инвестиция климаты