Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 12:38, курсовая работа
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып, шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.
I НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі
1.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері
1.3. Шағын кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
I
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН
1.1. Шағын
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының
ғылыми негізделуі
1.2. Қазақстандағы
шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері
1.3. Шағын
кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген ғылыми жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгінгі нарықтық экономикаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып, шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жылдағы Жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау, қаржыландыру шараларын қолдану абзал.
1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың құқықтық нысанына, критерилеріне, есеп және есеп беру жүйесінің нормативтік заңдық базасы қамтылды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай:
• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі;
• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы;
• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;
• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен арадағы мәселенің шешілмей келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес нарықты экономикасы бар елдердің барлығы мойындап отыр. Оны экономикадағы үлес салмағынан көруге болады.
Шағын кәсіпкерлік - бәсекелестік ортаны қалыптастыратын, нарықты отандық тауарлармен толтыратын, халықты жұмыспен қамтитын, ірі және орта бизнестің «ауқаттану» ортасы, орта топты қалыптастыратын қоғамның тұрақтылық негізі. Осыған байланысты. Шағын бизнесті қолдауға Қазақстан Республикасы жыл сайын 159,2 млрд. теңге бөлінеді. Ел басы өзінің жолдауында биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. тг. бөлінетіндігін, сонымен бірге, банк несиелеріне кепілдік беру мен сақтандыруды, жүзеге асыруды қолға алу керектігін ескертті. Мұнын өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.
«Шағын кәсіпорынның дамуы және тиімділікті талдау» атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда, яғни нарықтық экономика жағдайында шағын бизнестің дамуы мемлекет үшін өте маңызды.
Бұл баяндаманың мақсаты - өнеркәсіпте шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның артықшылықтарын дәлелдеу.
Осыған байланысты мынадай мәселелер қаралады:
• өнеркәсіп пен шағын кәсіпорындардың ролі;
• бүгінгі күнгі өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың жағдайын талдау, тиімділіктерін анықтау;
• осы
салада шағын кәсіпорын болашағы.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ
Бүгінгі
күні экономикалық өсудегі негізгі
бағыт шағын кәсіпкерліктің ынталандырып,
оны ұлттық экономикадағы рөлін
өсіру. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық
іс - әрекеттің негізгі әдісі
Шағын кәсіпкерлік ескі мәдениеттің барлық кезеңінде болған. Соның арқасында өркениет сол кездегі елдің барлығына таралған. Ірі бизнестің пайда болуына дейін шағын кәсіпкерлікке қойылатын мәселе болмаған. Классикалық экономика өкілдерінің барлығының зерттеуі бүгінгі шағын кәсіпкерліктің сол кездегі жағдайы болған. Мұның барлығы бізге микроэкономика мен экономикалық ілімдер тарихынан белгілі.
Шағын кәсіпкерліктің қиыншылықтары ХХ - ғасырдың бастапқы жылдары Гильфердинг, И. Шумпетер жазды.
60-шы жылдарығы батыс экономикасы сол кездегі экономиканың «екі жақтылығын» мойындайды. Олар «орталықтан» мөлшері мен әсер етуі бойынша ірі кәсіпкерлер немесе «шеттелген» - шағын кәсіпорындар.
Барлық нарықтық елдерде шағын кәсіпорынсыз нарықтық қатынастың дұрыс дамымайтындығын түсінді. 70 – 80 - ші жылдар монополистік емес сектордың жұмысы белсендірек жүріп 3 - бағытта қозғалды:
-
мәселе тереңінен зерттелді,
-
шағын кәсіпорын мәселесі
- елдердің ерекшелігі ары қарай зерттеле бастады.
Біздің еліміз бұл жылдары Кеңес Одағының құрамында болғандықтан елде ірі кәсіпорынның басымдылығына артық берілді. Шағын кәсіпорындар мүлде жат ұғым болды.
Шағын кәсіпорынның анықтамасы, оған қойылатын критерилерімен анықталады. Оған қойылатын критерилер туралы сұраққа шетелдік және отандық әдебиеттерде үлкен көңіл бөлінеді, бірақ ғалымдар ортақ бір ойға келген жоқ. Шағын кәсіпорын әр елдің заңындағы қойылған критерилермен анықталуда. Критерилерге келместен бұрын шағын кәсіпорын секторын бүлдіретін терминнің мағынасын анықтап алайық. Ағылшын тілді әдебиеттерінде, шағын кәсіпорын деп аударылады әр елде өздеріне ыңғайлап аударғанмен көптеген батыс - еуропалық әдебиеттерінде осы термин тікелей қолданылады. Әр елдің өз экономикасындағы ерекшеліктерге сай «бизнес» терминінің орнына бізде кәсіпкерлік ұғымы қолданылуда. Бұған дейінгі, әсіресе өтпелі шағын бизнес және шағын кәсіпкерлік ұғымдары қатар қолданылып жүрген болатын. Қазақ тіліндегі кәсіп сөзін бизнес сөзіне балама түрінде алдық және ол өзін ақтайды деп ойлаймыз.
Шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың маңызды элементі. Онсыз мемлекет үйлесімді дами алмайды. Ол көбінесе экономиканың өсу қарқынын, құрылымын және ЖҰӨ - нің сапасын анықтайды. Бұл сектор нарық инфроқұрлымының ажырамыс элементі. Бүгінгі өндірістің ажырамас бөлігі ретінде экономикадағы бәсекелестікті қолдап, қоғамдық құрылысқа әлеуметтік негіз қалайды. Көптеген анықтамалар түсінуші тұлғаның мүддесіне, мақсатына және қоршаған ортаның даму деңгейіне сай анықталады. Бір зерттеуде 75 елде қолданылатын 50 анықтаманы келтіреді. Шағын кәсіпорындарды анықтауда негізгі мәселе жоғарғы шекті анықтауда туындайды: қаржыгер негізгі қордың нақты түрінде немесе қосымша құнымен қосылғандағы жоғарғы деңгейді көрсетсе, жұмысшылар жалпы жұмысшының санын көрсетуі мүмкін, саудагер максималды сату көлемін, қызмет көрсетушілер жалпы клинеттерінің санын көрсетуі мүмкін және тағы басқа.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай келе мыналарды айта кету керек:
- шағын
кәсіпорындарды анықтау
- анықтамалар тәжірибедегі мұқтаждықтарға байланысты анықталады және белгілі бір мақсаттарға қызмет етеді;
- анықтамалардың көп болып бөлінуі сол кездегі нақты жағдайды көрсетеді;
Шағын кәсіпкерлікке қойылатын екі критерийді бөліп қарастыруға болады: сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге кәсіпорындағы жүмысшылардың орта саны, капиталдың айналым мөлшері, активтердің мөлшері, табыс көлемі және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Бірақ ресми шетелдік статистика шағын кәсіпорындарға тек жүмыспен қамтылғандардың санын көрсетеді. Дәл осы көрсеткіш барлық елдердің мүдделеріне сай келеді. Қалған көрсеткіштер тек ғылыми әдебиеттерден іскерлік баспалардан, банктер мен салық органдары жүргізген анкеталардан және шағын кәсіпорындардың инфрақүрлымын қамтамасыз ететін мамандандырылған үйымдардан көруге болады.
Сапалық көрсеткіштеріне кәсіпорын иесінің меншік қүқығы мен кәсіпорынды басқаруға және жүмысшылармен байланысының деңгейінен көруге болады. Келесі мәселе кәсіпорынның нәтижесіне оның жетекшісі тікелей міндетті, жанұялық іс жүргізу, қаржыландырудағы сипат. Маңызды критерилер болып құқықтық тәуелсіздік жатады. Сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге мыналарды да жатқызуға болады, өткізетін товар мен нарығының кішкене болуы. Осы критерилердің барлығының жиынтығы шағын кәсіпорындарға экономикалық категорйя ретінде шегін анықтауға көмектеседі.
Қалай дегенменде шағын кәсіпорындар жоғалып немесе ірі кәсіпорындарға айналып немесе басқа кәсіпорындарға қосылып отырады. Бірақ шағын кәсіпорындардың тұрақсыздығын диалектикалық түрғыда қарау керек. Бір жағынан жоғалады, екінші жағынан пайда болады. Сонымен әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын кәсіпкерлікке әртүрлі ұйымдық - қүқықтық нысаны бойынша жүмыс істейтін адамдардың санымен анықталады. Ал бірнеше ғылыми еңбектерде шағын кәсіпорын деп, бір меншік иесімен басқарылатын бірнеше адамның тобын немесе кәсіпорынның ісін айтады.
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» жөніндегі заң бойынша, шағын кәсіпкерлік деп - қүрамында жүмыс істейтіндердің саны 50 адамнан аспайтын, меншігіндегі активтерінің саны 60000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес кәсіпорындар жатады.
Бұдан басқа салалық ерекшеліктері бойынша өнеркәсіпте, қүрылыста және транспорта - 100 адамнан, көтерме саудада - 50 адамнан, бөлшек саудада мен қызмет көрсетуде - 30 адамнан, басқа салаларда 50 адамнан аспауы керек.
Келесі маңызды категория - шағын кәсіпорындардың
сыртқы ортасы. Бұл шағын кәсіпорындардың
қүрылуы мен жүмыс істеуіне әсер ететін
элементтердің жиынтығы. Мүндай элементтер
5 топқа бөлінеді. Біріншіден шағын кәсіпорындардың
нарықтық жиынтығы: ресурстық және өткізу.
Екіншісі шағын кәсіпорындарға қажетті
нарықтық институттар мен агенттер. Үшіншіден
қоғамдық қатынастардың кешенін кіргізеді;
қүқықтық әлеуметтік - мәдени және саяси
т.б. Төртінші топ басқа да әлеуметтік
- экономикалық үрдістер мен қатынастарға
қатысты шаруашылық қүрылымы және т.б.
Ерекше топ ретінде шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау элементін кіргізуге
болады. Шағын кәсіпорындардың сыртқы
ортасы анықсыздықпен ерекшеленеді.
1.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері
Еліміздегі қалыптасқан жағдай тиімді жүмыс істейтін шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және дамыту керектігін дәлелдеп отыр. Осы шағын кәсіпорындар көптенген мемлекеттердің экономикалық өркендеуіне, өндірістің алға жылжуына және халықтың белсенді бөлігінің көтерілуіне мүмкіндік берген. Шағын кәсіпорындар арқылы, мемлекеттер соңғы 30 жылда көптеген жетістіктерге жеткен.
Экономикалық реформа кезіндегі іске асқан институтциялық алдын - ала білім алу республикадағы шаруашылықтың типі мен меншік нысандарының өзгеруіне, шағын кәсіпорыннның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік болды.
Информация о работе Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы”