Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:31, реферат
Облыс Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы негізі қаланған (1992 жылға дейін Гурьев облысы болып аталды). Облыс аумағы 118,0 мың шаршы км жерді алып жатыр. Облыс халқының саны 2008 жылдың 1 маусым айына 494 699 мың адамды құрайды. Облыстағы орташа халық саны (1 шаршы метр аумағына) 4,0 адамды құрайды.
Атырау
облысы
Облыс Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы негізі қаланған (1992 жылға дейін Гурьев облысы болып аталды). Облыс аумағы 118,0 мың шаршы км жерді алып жатыр. Облыс халқының саны 2008 жылдың 1 маусым айына 494 699 мың адамды құрайды. Облыстағы орташа халық саны (1 шаршы метр аумағына) 4,0 адамды құрайды.
Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф аумағы- көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі жағалауынан жоғары көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) құралған.
Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының 2006 жылдың басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тіркелген, оның ішінде Атырау облысының үлесіне 88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде облысқа 2,5 млрд. тонна келеді.
Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай, олар: құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар күздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты, олардың қорлары 898 млн. куб.метрді құрайды.
Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды.
Климаты қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы), қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО, шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен – Жайық (жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1084 км), Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы ірі көлдің бірі – Индер (110,5 шаршы .метр).
Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым.
Облыс
орталығы Атырау қаласында орналасқан
(1992 жылға дейін-Гурьев қаласы), Жайық өзені
бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан
Астанаға дейін – 1810 км. Облыста 7 аудан,
2 қала (1 қала аудан қарамағында), 176 селолық
елді-мекен, 10поселкебар.
Жылыой ауданы
Аудан
1928 жылы құрылған. Оның аумағы 29,3 мың
ш.км. Аудан Каспий жағалауының солтүстік-шығыс
бөлігіне орналасқан. Халық саны 2007 жылғы
1 қаңтарда 69,7 мың адам құрады. Аудан бойынша
халықтың орналасу тығыздығы (1 ш. км-ге)
орташа есеппен - 2,4 адам.
Аймақ рельефі - жазық.
Жылыой ауданының аймағын Жем (Эмба) өзені
қиып өтеді.
Аудан орталығы – Құлсары поселкесі, ол
1939 жылы құрылған. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан
орталығында 48,6 мың адам орналасқан.
Аудан орталығының Атырау қаласына дейінгі
ара қашықтығы - 230 км.
Аудан жерінде көне-тарихи ескерткіштер,
мысалы: алтын киімді Сарматтар көсемінің
(біздің эрамызға дейінгі 2-4 ғасырда) жерленген
мәйіт қалдықтары, ұшқан қабірі, Шерлігүл
мешіті, Жұбан тамы орналасқан Аралтөбе
жерінің тарихы ерекше.
Ауданда 1 кенттік әкім, 1 кенттік әкімшілік
және 5 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Ауданда халық негізінен мал шаруашылығымен,
оның ішінде әсіресе, түйе және қаракөл
шаруашылығын дамытумен айналысады. 2006
жылы ет – 4,2 мың тонна (тірі салмақта),
сиыр сүті – 4,9 мың тонна, жұмыртқа – 1626
мың дана, қой жүні – 933 тонна (тірі салмақта)
болды. 2007 жылдың басында мүйізді ірі қара
15,3 мың бас, қой мен ешкі – 53,4 мың бас, жылқы
– 3,9 мың бас, түйе – 2,8 мың бас құрады.
Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы
қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі
бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені
осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар
ауданда «Жылыоймұнайгаз» басқармасы,
«Бақай» корпорациясы, «НСС», «Ғимарат»,
«КОССК», «Ақниет - Ембі» ЖШС-рі, «Жылыойкөлік»,
«Теңізавтокөлік» мекемелері жұмыс жасайды.
2006 жылы 14679,5 мың тонна мұнай; 4651,7 млн тк.м.
– табиғи газ; 1107,7 млн кВт/сағ электр қуаты;
1422,3 мың гКал жылу қуаты шығарылды.
Индер ауданы
Аудан 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9
мың ш.км. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан
халқының саны 30,7 мың адам құрады. Халықтың
орналасу тығыздығы орташа есеппен (1 ш.км.
жерге) 2,8 адам болды.
Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды. Индер
ауданын Орал өзені қиып өтеді.
Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан,
ол 1935 жылы құрылды. 2007 жылғы 1 қаңтарда
аудан орталығындағы тұрғындар саны 11,9
мың адам болды.
Индер поселкесінің Атырау қаласынан
қашықтығы - 200 км.
Ауданда 1 кенттік әкім, 6 ауылдық әкімшілік
орналасқан.
Негізгі айналысатын шаруашылығы – мал
шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл
тұқымдас қой түрін өсіру. 2006 жылы 4,7 мың
тонна (тірі салмақта) ет, 6,3 мың тонна сиыр
сүті, 300 мың дана жұмыртқа, 150 тонна (тірі
салмақта) қой жүні өндірілді. 2007 жылдың
басында ауданда 16,1 мың бас ірі қара, 87,3
мың бас қой мен ешкі, 5,6 мың бас жылқы,
2,6 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен
бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2006
жылы 1,4 мың тонна картоп, 2,3 мың тонна көкөніс,
1,3 мың тонна бақша дақылдары өсірілді.
Индер ауданында «ИСИ - Гипс - Индер», «Индергаз»
ЖШС-рі, «Есбол», «Жарсуат» К-рі, «Қазақтелеком»
АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік-
өндірістік басқармасы, Индер мұнай айдау
стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі
бар.
Исатай ауданы
Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7
мың ш.км. жерді құрайды. Ауданда 2007 жылғы
1 қаңтарда 24,3 мың адам орналасқан. Халықтың
орташа орналасу тығыздығы (1 ш.км-ге) -
1,6 адам құрайды. Аймақ жері – жазық, Каспий
жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық,
топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ.
Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан,
оның негізі 1973 жылы қаланды. Ондағы халық
саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 7,4 мың адам құрады.
Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы
- 85 км. Ауданда 7 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал
шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006 жылы
өндірілген ет 4,7 мың тонна (тірі салмақта),
сиыр сүті – 3,8 мың тонна, жұмыртқа – 150
мың дана, жүн – 79 тонна (тірі салмақта)
құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарына аудандағы
мүйізді ірі қара саны – 11,6 мың бас, қой
мен ешкі – 49,5 мың бас, жылқы – 7,7 мың бас,
түйе – 6,4 мың бас болды. Ауданда «Жайықмұнайгаз»
басқармасынан басқа «Сазанқұрақ» қазақ
американ бірлескен кәсіпорны, «Прикаспиан
Петролеум», «Потенциал Ойл», «Жанбай»,
«Светланойл», «НБК» жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктері орналасқан. Сонымен
қатар Аққыстау селосында «Әдемі үй» ЖШС-гінің
қарамағындағы кірпіш зауыты жұмыс жасайды.
2006 жылы 1165,5 мың тонна мұнай өндірілді.
Қызылқоға ауданы
Аудан
1944 жылы құрылды. Аудан көлемі 24,9 мың
ш.км жерді алады. Халық саны 2007 жылғы 1
қаңтарда 32,5 мың адам болды. Орташа есеппен
халықтың орналасу тығыздығы (1 ш.км-ге)
1,3 адам.
Аймақ рельефі – жазық. Аудан орталығы
Миялы селосында орналасқан, негізі 1959
жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан
орталығындағы халық саны 6,2 мың адам болды.
Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы
- 300 км. Ауданда 10 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Қызылқоға ауданын Ойыл және Сағыз өзендері
қиып өтеді.
Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал
шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006 жылы
10,4 мың тонна ет (тірі салмақта), сиыр сүті
– 10,3 мың тонна, жұмыртқа – 226 мың дана,
жүн – 216 тонна (тірі салмақта). 2007 жылдың
1 қаңтарына аудандағы ірі қара саны –
36,6 мың бас, қой мен ешкі – 109,5 мың бас,
жылқы – 5,1 мың бас, түйе – 1,8 мың бас болды.
2006 жылы 711,9 мың тонна мұнай өндірілді.
Аудан экономикасының басты саласы-ауыл
шаруашылығы. Аудандағы барлық шаруашылық
құрылымдарындағы мал басы 1 қаңтар 2007
жылғы мәлімет бойынша ірі қара – 36615 бас,
қой-ешкі – 109485 бас, жылқы - 5138 бас, түйе
– 1845 бас болып, өткен жылдың салыстырмалы
мерзімінен ірі қара – 3,3 %‚ қой-ешкі –
11,9 %, жылқы – 0,1 %-ға өссе, түйе -1,7%-ға өсіп
отыр.
Аудан экономикасына мұнай-газ саласы
да елеулі үлес қосып келеді. Аудан өмірінде
«Қайнар» мұнай-газ өндіру басқармасы
мен «Мәтен» қазақ-түрік біріккен кәсіпорнының
алып отырған орны ерекше. Жыл ішінде "Қайнармұнайгаз"
басқармасы мен "Мәтен" біріккен
кәсіпорыны арқылы 703,4 мың тн мұнай, 18,5
мың тн газ алынып, өткен жылдан мұнай
– 6,6 %, ал газ – 8,8 %-ға жоғарылады.
Құрманғазы ауданы
Аудан
1928 жылы құрылған. Аудан көлемі – 20,8
мың ш.км. Халық саны 2007 жылғы 1
қаңтарда 58,8 мың адам болды. Орташа есеппен
халықтың орналасу тығыздығы (1 ш.км. жерге)
2,8 адам құрады.
Аймақ рельефі жазық тегістік. Аудан орталығы
Ганюшкин селосында орналасқан, ол 1793
жылы құрылды. Аудан орталығында 2007 жылғы
1 қаңтарда тұратын халық саны – 13,1 мың
адам құрады.
Аудан орталығының Атырау қаласынан ара
қашықтығы 260 км. Ауданда 18 ауылдық әкімшілік
орналасқан. Құрманғазы ауданын ірі өзендердің
бірі – Қиғаш өзені қиып өтеді. Айналысатын
негізгі шаруашылық бағыты – қой шаруашылығы,
әділбай қой тұқымын өсіру. Сонымен бірге
егін шаруашылығы да дамыған. 2006 жылы 2,4
мың тонна картоп, 3,7 мың тонна көкөніс,
1,4 мың тонна бақша дақылдары, 10,8 тонна
ет (тірі салмақта), 10,7 тонна сиыр сүті,
172 мың дана жұмыртқа, 276 тонна жүн (тірі
салмақта) өнімдері алынды. 2007 жылғы 1 қаңтарға
мүйізді ірі қара – 36,5 мың бас, қой мен
ешкі – 126,9 мың бас, жылқы – 11,4 мың бас,
түйе – 4,5 мың бас болды. Негізгі тамақ
өнім түрлерінің ішінде жаңа піскен нан
– 526 тонна құрады. Аудан көлемінде жұмыс
жасап тұрған ірі кәсіпорындар бар, олар
«Мақаш» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас»
ЖШС-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Каспий балық»
К-і және т.б.
«Мақаш» ӨК-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Сүйіндік»
ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і мал шаруашылығымен,
малдарды асылдандандыру жұмысымен айналысады.
«Каспий балық» ӨК-і балық аулау және оны
өңдеумен айналысады.
Мақат ауданы
Аудан
1924 жылы құрылды. Оның көлемі 4,9 мың
ш.км. жерді қамтиды. 2007 жылғы 1 қаңтардағы
ауданда тұратын халық саны 27,9 мың адам
болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы
(1 ш.км. жерге) 5,7 адам.
Аймақ жері жазық, тегіс. Аудан орталығы
Мақат поселкесінде орналасқан, оның негізі
1924 жылы құрылды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан
орталығында тұратын халық саны 13,9 мың
адам болды. Аудан орталығының Атырау
қаласынан ара қашықтығы - 130 км. Ауданда
6 кент бар. Мақат ауданын Сағыз өзені қиып
өтеді. 2006 жылы ауданда 616,3 тонна мұнай,
44,2 мың гКал жылу қуаты шығарылды. Аудан
аумағында «Доссормұнайгаз» басқармасы,
«Доссормұнаймаш» ЖШС-гі, «Мақат газ айдау
стансасы», «Мақат энерго жөндеу» мекемелері,
Мақат локомотив пайдалану депосы, «Мақат
сервис - 2004», «Локомотивтік сервис орталығы»
ЖШС-гі жұмыс жасайды.
Махамбет ауданы
Аудан
1938 жылы құрылды. Аудан жері 9,6 мың
ш.км. 2007 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының
саны 29,6 мың адам болды. Халықтың орналасу
тығыздығы орташа есеппен (1 ш.км. жерге)
3,1 адам құрады. Аймақ рельефі – жазық,
топырағы ақ таңдақ, құмды. Аудан орталығы
Махамбет селосында орналасқан, оның негізі
1928 жылы құрылды. Аудан орталығында 2007
жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны 7,6
мың адам құрады. Аудан орталығының Атырау
қаласынан қашықтығы 67 км. Ауданда 11 ауылдық
әкімшілік орналасқан.
Махамбет ауданын Орал өзені кесіп өтеді.
Ауданның айналысатын негізгі шаруашылығы
– көкөніс, сүт өндіру. 2006 жылы 4,6 мың тонна
картоп, 8,6 мың тонна көкөніс және 1,9 мың
тонна бақша дақылдары жинап алынды. 4,2
мың тонна ет (тірі салмақта), 7,0 мың тонна
сиыр сүті, 170 мың дана жұмыртқа, 34 тонна
жүн (тірі салмақта) өндірілді. 2007 жылғы
1 қаңтарда аудандағы мүйізді ірі қара
– 16,0 мың бас, қой мен ешкі – 48,9 мың бас,
жылқы – 3,1 мың бас, түйе – 2,7 мың бас құрады.
Ауданда мал және егін шаруашылығымен
айналысатын «1 Мамыр» ЖШС-гі, «Райхан»,
«Раушан», «Қорған» шаруа қожалықтары,
«АтырауАгроөнімдері» АҚ-ы, «Мұра», «Дастан»
ӨК-рі бар.