Ауылдан аттанған алаугер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 19:59, реферат

Описание

Біздің елімізде өткен, қазақ жерінде бұрын соңды болмаған қысқы Азия ойындары бүкіл халықты таңқалдырды. Айта кететін жайт, ойын басталғанға дейін көмекшілер де таңдап алынған болатын. Және де, сонымен қатар, қазақ халқының алауын тұтатқан жас спортшылар қаншама?! Енді осы жайында кішкене айта кететін болсақ...

Работа состоит из  1 файл

азиада дурыс.doc

— 1.34 Мб (Скачать документ)

        

                
 

     Біздің елімізде өткен, қазақ жерінде бұрын соңды болмаған қысқы Азия ойындары бүкіл халықты таңқалдырды. Айта кететін жайт, ойын басталғанға дейін көмекшілер де таңдап алынған болатын. Және де, сонымен қатар, қазақ халқының алауын тұтатқан жас спортшылар қаншама?! Енді осы жайында кішкене айта кететін болсақ...

Астанадағы ашылу  салтанатында еліміздің жеті спортшысы  қазандықтағы алау отын тұтандырды. Түйе балуан Әбілсейіт Айханов, Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, Сидней олимпиадасыныңт чемпионы Ермахан Ыбырайымов, Афина олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтармен бірге ең жас мәнерлеп сырғанаушы Тимур Тұрсынбаев болды. Ол бүгінде біліктілігін Ресейде жетілдіріп жатыр. Қазақстан чемпионаты мен спартакиадасының, Мәскеу төріндегі бірнеше бәсекелердің жеңімпазы. Мәнерлеп сырғанауды төрт жасында бастаған оның талабы таудай. Кемеліне келгенде олимп шыңына шығуды көздейді. Тек армандамай, соған жетуді межелеп те қойған.

     Қазақ  ырымшыл халық. Күні ертең алдыңғы  толқын ағаның жарқын жолы  жұғысты болып, Тимур олимпиада  алтынын кеудесіне тақса, сабақтастық  деген осы дейміз.

                                  

Ауылдан аттанған алаугер

     VII қысқы Азия ойындарының салтанатты  ашылу шарасында еліміздің көк байрағын «Астана –Арена» стадионына  КСРО халық артисі  Асанәлі Әшімов,Мәскеу Олимпиадасының  чемпионы Жақсылық Үшкемпіров , әйгілі желаяқ Әмин Тұяқов және белгілі әуедоп  шебері Жәнібек Сауранбаевтармен бірге төрт бала ұстап шықты.Бұл  төртеуі де осал емес.Солардың бірі – шәлкөделік Жандос Ілияс.Жуырда ол Алматы облысы әкімінің қолынан «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадады.

     Бейбіт  күннің батыр баласына  басшылық  құрметін мұнымен ғана шектеген жоқ.Әл-Кувейтте тұтанып,еліміздің төрт құбыласын түгел шарлаған Азияда алауын  алып жүруді жүктеді.Астана төрінде  алауды алып жүрген  кіл ығай мен  сығайлардың арсында осы Жандоста жүрді.Ескерте кетер жайт,оның есімі тарихқа  ең жас алаугер ретінде  де жазылып қалады.Азия ойындарының  ашылу  рәсімін көзімен көріп, ортасында жүргенін сұрамаққа  хабарласқан едік.Алматыға  жеткесін хабарласатын болды.

  

             

Дерек пен дәйек

     Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт  вице министрі Талғат Ермегияевтің мәлімдеуінше,Азияда инфрақұрылымына  1 миллиард 400 миллион АҚШ доллары жұмсалады.

     Ұйымдастыру жұмыстарының  өзіне 250  миллион  доллар жаратылған

     Сондай- ақ қаражаттың  едәуір бөлігі  Азияның 45 еліне тікелей хабар тарату үшін  шығындалған.

     Қысқы Азиада ойындарында  Қазақстан спортшылары  барлығы 70 медаль алды.Оның 32-сі алтын,21-і күміс  және 17-сі қола.Сөйтіп , жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

     Ал,Түркияның Ерзурум қаласында өткен қысқы спорт түрлері бойынша  студенттердің дүниежүзілік  универсиадасы  Азиядамен тұспа- тұс келді.Оған Азия елдерінен  де дүлділ спортшылар қатысты.Қазақстан құрамасы 1 алтын,6 қолаға ие болып , командалық есепте   14-ші орынды қанағат тұтты. 
 
 

 

Есте  қалған ойындар

     Азияда басталғалы бері алғаш рет шайбалы хоккейден Қазақстанның құрама командасы жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. Ақпанның 6-сы күні Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында 7 –ші қысқы Азия ойындары айасындағы шайбалы хоккейден ақтық ойында біздің хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесіп, өз қарсыластарын 4/1 есебімен жеңді.

     Ойынның бірінші кезеңінде екі команда тең ойнап, бір – біріне  шабуыл жасаумен болды. Есеп – 0:0. Екінші кезең де осындай қарқынмен басталды. Осы кезеңнің соңғы минуттарында ғана біздің хоккейшілер қарсыластың қорғанысын бұзып, №14 ойыншы Евгений Блохин Жапонияның қақпасына алғашқы шайбаны салды.

     Жеңістің  барлығы Азичдаға арналды. Сонымен  қатар, Азия ойындары елімізді, салт-дәстүрімізді,мүмкіндіктерімізді  көрсете білді деуге толық  негіз бар. 

              

Айбынды асырған азиада көш  басында –қазақстан 

     Қаңтардың 30-ы мен 6-ы аралығында Астана мен Алматы қалаларында өткен VII қысқы Азия  ойындарында еліміздің спортшылары  бұрын- соңды болмаған жетістікке  жетті.Отандастарымыз қысқы Азиадада 32 алтын,21 күміс, 17 қола , барлығы 70 медальді жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады.Бұған дейін қазақстандық спортшылар мұндай нәтижеге жетпеген болатын.Нәтижеміз  біз үшін өз алдына , осы қалыпта алтын медаль саны жағынан  қысқы  Азиаданың  рекордын жаңарттық.

     Екінші орында Жапония  спортшылары ,үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары иеленді .Жапонияда -13 алтын,24 күміс және 17 қола медаль.Кәрістерде -13 алтын, 13 күміс және 38 қола медаль.1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен  алғашқы қысқы Азиадада  жапондықтар 29 алтын медаль жеңіп алған болатын.Бұл жолы  Қазақстан ол көрсеткішті  32 медальге  бір- ақ жеткізді. 

             

«Азиада жұлдызы жарқырай берсін!»

     Ақ Азиаданың әр күні еліміз үшін табысты өтті.Өткенге көз жүгірсек ,осы кезге дейін  өкен Азия ойындарында  Қазақстанның жеткен жетістігі 2-ші орын болыпты.Осыған дейін жинаған тәжірибеміз,7-ші қысқы Азия ойындарында  көш бастауымыз  Қазақстанның ірі спорттық державаға  айналанының  дәлелі.

     Өйткені, жалпы  командалық есепте  70 жүлдеге қол жеткіздік .Біздің спортшылардың үлкен жетістігі  тек қана Астана мен Алматы  қалаларында емес, републикамыздың басқа қалаларында  да жастардың  спортқа деген қызғушылығын арттырғаны сөзсіз.Азиада ойындрын ұйымдастырудағы басты мақсат та осы болатын

     Азиаданың салтанатты жабылу рәсімі  Балуан Шолақ атындағы спорт  және мәдениет сарайында 6- шы ақпан күні өтті .Алматыға келген сапарында Балуан Шолақ атындағы  спорт кешенін  тамашалап, қайта құрылымдау жұмыстарына  көңілі толған  Нұрсұлтан  Әбішұлы: «Ақ  Азиаданың жабылу салтанаты  осы  спорт  сарайында өтеді»,- деп кесіп кесіп  айтқан болатын. Айтса айтқандай- ақ , спорт  сарайы  заман  талабына  толық  сай келеді.

     Азиада ойындарының жабылу рәсімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұбайымен  келіп, құрметті  қонақтардың ортасында отырды. Осыдан кейін кері санақ басталып, Азия ойындарының ашылу салтанатында Елбасының сөйлеген сөзінен қысқаша бейнекөрсетілім тамашаланды.

     Азияны  мекен ететін түрлі ұлттар  мен ұлыстардың атынан үн қатқан  алты интернационалды спорт қауымы өкілдері би биледі. Осылайша, әлем халқына Араб, Жапон, Корей, Қытай, Үнді дауысы және Қазақ үні жеткізілді. Кейіннен  жиналған көрермен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызының орындауындағы әнді тыңдады.

     Шара  барысында Қазақстан Республикасының Празиденті Нұрсұлтан Назарбаев 7 – қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялап: «Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшыларға айрықша алғысымды айтамын. Сіздер ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына тамаша тарту жасадыңыздар. Астанада жағылған Азия алауы әр жүректе ұзақ сақталады деп сенемін. Қазақстанға деген ыстық ықыластарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Келесі қысқы Азия ойындары Жапонияға беріледі, біз аталмыш елге зор табыстар тілейміз. Азияда жұлдызы жарқырай берсін!» - деді. Осылайша елбасы өз сөзінде 7 – қысқы Азия ойындары халықаралық өмірдегі ірі оқиға болғанын атап өтті.    

Азия  туын Саппороға тапсырдық

     7 – қысқы Азия  ойындарының туын  Саппородағы ұйымдастыру  комитетіне беру  рәсімі Алматыда  өтті. Жалауды 7 – қысқы Азия ойындары аясында өткен допты хоккей бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі Рауан Исалиев алып шығып, оны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке, одан кейін жапондық тараптың өкіліне табыс етті.

     Салтанатты  шараның финалында 8 – қысқы Азия ойындары өтетін қала – Жапонияның Саппоро қаласының таныстырылымы және Азияда алауын салтанатты сөндіру рәсімі болды. Бұдан кейін Қазақстанның эстрада шеберлері қорытынды вокалдық композиция орындады. Азияданың жабылуы от – шашумен аяқталды.

Әлемді  тамсандырған аламан

     Бәріміз  асыға күткен VII Қысқы Азия ойындары  да мәреге жетті.Еліміз тәуелсіздік тарихында  тұңғыш рет кең көлемді спорттық шараны  жоғары деңгейде өткізді.Ашылу жабылу салтанаттарының ерекше болғанын  әрбір жанкүйер  тамсана  айтып берері сөзсіз.Ал біз  осы сында  ел ісінде қалған ерекше жайыттарды  атап өткіміз келеді.

    1.Қазақстан құрамасы  біз күткен  межеден де  асып түсті .Жалпыкомандалық есепте  бірінші күнен соңғы күнге дейін топ тізгінін  ешкімге берген жоқ.

    2.Жанкүйерлер сенім артқан  спортшылардың бәрі  дерлік сенімді ақтады. Олар-Е.Хрусталева,А.Черяков (биатлон), Р.Жапаров (тұғырдан секіру), А.Полотаринин, Н.Чеботько ( шаңғымен жүгіру), Д.Рейхерд,Ю.Голышева ( фристайл),Д.Кошкин,И.Закурдаев ( тау шаңғысы).

     3.Евгений Левкин ( тұғырдан секіру),Денис Тен (мәнерлеп сырғанау), шорт- тректен ерлер мен әйелдер эстафетасына қатысқан спортшылар,Руслан Әбләтифов пен Жібек Арапбаева (фристайл, акробатика),Михаил  Сокорин мен Ольга Новикова (шаңғымен бағдарлау),Дмитрий Бармашев (фристайл,могул),Денис Кузин (конькимен жүгіру) –міне , елімізге жаңа қырынан  танылған спортылар осылар! Жаңа есімдер!

     4.Азия құрылығында командалық  спорттан ( хоккей, бенди) Қазақстанмен теңесер ел жоқ!

     5.Олимпиялық спорт санатына  енетін бағдарламалар бойынша  фристайл, тау щаңғысы, тұғырдан секіруден ел намысын қорғаған  спортшылар жаңа буынның ерекше талантты екенін дәлелдейді.

     6. Тұңғыш рет Қазақстанда өткен спорттық мерекені  әлемнің 30- ға жуық елі теледидардан тікелей тамашалады.

           

Азиада  айшықтары

     Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы жиыны 70 медаль жинады.Оның 32-сі –алтын,17-сі қола.

     Қазақстан құрамасы 25 жылдан бері  бұзылмаған құрлық рекордын жаңғырты.Қысқы Азия ойындары тұңғыш  рет  ұйымдастырылған 1986 жылы  жапон спортшылары 9 алтын жүлде  жеңіп алса, биыл біздің  отандастарымыз олардан 3 алтынды артық иеленді.

     30 алтынды Қазақстанға әйгілі  «Медеу» мұз айдыны сыйлады.Допты хоккей  финалында Қазақстан құрамасы  Моңғолияны  14:2 есебімен ұтып, қазақ спортының  жаңа жылнамасын ашты.

     VII Қысқы Азия  ойындарының дүркін чемпионы  атағын 3 қазақстандық  спортшы жеңіп алды.Олар- А.Полотарин (шаңғымен жүгіру), Сорокин және О.Новикова ( шаңғымен бағдарлау).

     Қазақстан құрамасы өзі жеңіп алған 70 медальдің  40-ын, яғни ,60 пайызға жуығын Алматы  облысының  аумағында иеленді. «Солдатсай» шатқалында – биатлоншылар, шаңғышылар және шаңғымен бағдарлаушылар, «Табаған» кешенінде- флистайлшылар, «Шымбұлақта» тау шаңғылары  елімізге күн сайын  медаль сыйлады.

    
 
 

       

Информация о работе Ауылдан аттанған алаугер