Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:45, реферат

Описание

«Тіл біліміне кіріспе» курсы бастапқы, пропедевтикалық курс болып саналады. Бұл лингвистикалық курс гуманитарлық мамандық студенттеріне тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат/ ақпарат береді. Курстың мақсаты – бірінші курс студенттерін негізгі тілдік терминдер және ұғымдармен таныстыру, оларды лингвистиканың күрделі мәселелерін талқылауға дайындау.

Работа состоит из  1 файл

ТБН китап.docx

— 235.42 Кб (Скачать документ)

Тілдердің өзара  әсері лексика саласында жиі ұшырасады. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де араб-парсы және орыс тілдерінен енген көптеген сөздер бар.

Әдетте, тілдің фонетикасы мен грамматикасы тұрақты болады. Жиірек өзгеретіні, ауысатыны — лексика саласы. Егер бір тілден екінші тілге дыбыс не қосымша ене қалса, олар көп жағдайда сөздермен бірге, сөздердің құрамында ғана ене алады. Мысалға, қазақ тіліне орыс тілінен ауысқан 12 әріпті (дыбысты) келтіруге болады. Ол 12 дыбыс қазақ тілінің байырғы төл сөздерінде қолданылмайды, тек орыс сөздерінде ғана қолданылады. Сондай-ақ, тіліміздегі арызқор, арбакеш, өнерпаз деген сөздердегі -қор, -кеш, -паз жұрнақтары мен бейбақ, бейхабар, бимағлұм деген сөздердегі -бей, -би префикстері де түбір сөздермен бірге келген қосымшалар.

Бір тілдің екінші тілге әсері морфологиядан гөрі синтаксисте көбірек аңғарылады. Бұған орыс тіліндегі үлгі бойынша қазақ тілінде оңашаланған айқындауыш мүшелі сөйлемдердің немесе әр түрлі қыстырма сөздері бар сөйлемдердің қалыптасуын мысалға келтіре аламыз. Мысалы: Тоғжанға Абай тағы бір рет, соңғы  бір рет қарады (М.Әуезов).

Қорыта келгенде, тіл де дамиды. Бірақ оның өз даму жолдары бар. Лингвист болғысы келген адам алдымен тілдік заңдарды біліп алғаны  жөн.

3. Үшінші дәріс   Тілдің табиғаты мен қоғамдық  қызметі

3.1. Тілдің табиғаты

Тілдің табиғаты деген  нәрсе — тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франц Бопп: Тіл — биологиялық кұбылыс, оны кұдай жаратқан, - деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол: "Тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі", - дейді.

Бұлай болған күнде тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыруы керек еді. Әрине, бұл пікір дүрыс емес. Тіл — атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе. Олай болатын себебі — жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-анасының тілінен басқа орта болса, ол осы ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Оған өмірде мысалдар толып жатыр. Бұл - тілдің биологиялық құбылыс емес екендігін дәлелдейді.

Екінші бір  топ ғалымдар (Г.Штейнталь, А.Потебня) тілді психологиялық құбылыс деп біледі. Бұл пікір "тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады", деген түсініктен туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да қате пікір, егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке-жеке өз тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Өмірде олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі. Жеке адамның 
тілі қауымда ғана жасалынады, қауымда ғана дамиды.

Ендеше, адамзат  тілі - биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісу үшін керек, сол үшін жаралған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір-бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған болса, тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз - тіл, тілсіз - қоғам болмайды.

 

3.2. Тілдің қоғамдық қызметі

Тілдің ең басты  қасиеті не?

Оның ең басты  қасиеті — қатынас құралы болу қызметі. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс.

Тіл мен қоғамның арасындағы байланыс екі жақты болады. Біріншісі: тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде қоғамда бірлесіп еңбек етуі мүмкін емес. Өйткені тіл — қоғамның өмір сүруінің басты шарты. Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір  сүреді. Қоғамнан тыс тіл жок, тілдің екінші басты қызметі — ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың кұралы. Адамның ойы тіл (сөйлемдер) арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.

Тілдің  бұл  екі қызметінен басқа, яғни қатынас  құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметінен басқа, тағы бір қызметі бар. Ол - оның атауыштық (номинативтік) қызметі. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі - белгілі бір заттың,ұғымның,қимылдың, сынның аты, атауы болып табылады.

Тілдің төртінші қызметі — экспрессивті-эмоционалдық қызмет. Тілдің экспрессивті-эмоционалдық қызметі деп - адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік (субъективті) қатынасын, эмоциясын, яғни не жақсы көру, не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы: алақай, масқара, қап, айналайын т.б.

Тіл — халықтың тарихы, оның күллі өмірінің ізі. Тілден сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы сезіліп  тұрады.

Тіл - талай заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді. Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға да, социалистік қоғамға да қызмет етті. Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызмет етіп отыр.

Тіл белгілі бір  топтың, айталық, не байдың, не кедейдің мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдағы барлық таптар үшін қызмет атқарады. Олай болса, тіл таптық сипатқа емес, жалпы халықтық сипатқа ие болады. Бұл - оның ең басты ерекшелігі.

Сонымен, тіл таптық құбылыс  емес. Ол — қоғамдық құбылыс.

 

 

 

3.3Тіл және ойлау  

Тіл мен ойлау өзара  байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар   еді.   Өйткені   тілдік   бірліктер   болмыстағы   заттар   мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.

Қоғам мүшелерінің өзара  пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың құралы, ойды жарыққа шығару құралы.

Тағы да қайталайық: ойлау мен тіл бір-бірімен тьіғыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді. Ендеше, ойлаудың тілден тыс болуы мүмкін емес екен.

Бір нәрсені танып білуде тілдің атқаратын рөлі зор. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір затты  жақсы тану үшін, яғни оған ат қою  үшін, ең алдымен сол заттың басты белгілерін білу керек. Сол басты белгілерін жақсы білсең, оны тану да, оған ат қою да оңай. Мысалы, ненц (Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауында тұрады) тілінде қардың түрлерін білдіретін 40 шақты арнаулы атаумен бірге жалпы қар ұғымын білдіретін сыра (мағынасы — "қар") деген сөз бар. Аталған тілде шана түрлерін білдіретін 20-дан астам сөзбен бірге нарта деген жалпы атауы тағы бар.

 Бұдан шығатын қорытынды: атау сөз (ұғым) жалпы (абстракты) және нақтылы (конкретті) немесе деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді.

Адам тіл арқылы ойлайды. Ұғым сөз арқылы жатталып калады. Ал сөз  мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен мағынасы жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады.

Ұғымның  сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса, сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл - ойды айтып жеткізудің кұралы.

 Тіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

Дыбыс - тілдің материалдық бірлігі, сөздің құрастырушы бөлшегі. Ол тілдік форма болып саналады. Ендеше, сөз де, сөз тіркесі де, сөйлем де тілдік формалар, тілдік элементтер болып есептелінеді. Сөздің формасы оның дыбыстық құрамынан көрінеді де, мазмұны оның мағынасынан белгілі болады. Тілдегі әрбір сөз,  сөз тіркесі, сөйлем кандай да болсын белгілі бір мағынаны, ұғымды, ойды  білдіреді.  Ұғым мен мағына және  ой тілдік бірліктердің  мазмұны болып табылады. 

Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, яғни сөз бен мағынаның  арасындағы байланыс - табиғи байланыс емес, ол шартты байланыс. Мысалы, "ұннан иленіп, табаға пісірілген тағам' деген ұғым мен оның нан деген лексикалық атауының арасындағы байланыс - табиғи байланыс болса, дүние жүзі халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жоқ. Олай емес, оны біреу - нан,   екіншілер - хлеб, үшіншілер - brot (нем.), төртіншісі - bread (ағыл.) деп атайды. Олай болса, олардың арасындағы байланыс - кейіннен қалыптасқан шартты байланыс екен.

Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын, түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анық, айқын ойлай алады.

Бұған қарап, тіл мен ойлау  тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып  қалуға болмайды. Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай деп ұққан. Ол әр 41 түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі, - деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын.

"Тіл мен ойлау тепе-тең"  деп қателесушілер сияқты, "тіл  мен  ойлаудың арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде  бөлек" деп, қате тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен,  американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен З.Харрис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате.

Сонымен,   тіл   мен   ойлаудың   арасына  тепе-тендік  белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп тастау да ешбір    ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.

Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.

4. Төртінші дәріс Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары

4.     1. Тілдің таңбалық сипаты

Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы" (1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған. Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б.   Бұларды шартты таңбалар деп атайды.

Тіл — таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы. Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе - таңба мен мағынаның байланысында.

Тілдік   немесе   тілдік   бірліктердің   таңбалық   сипатына   не жатады?

Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін тіркейді және оны сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады Олар: 1) атауыштық қызмет (затқа ат қою, белгілеу, тіркеу номнативті кызметі), 2) коммуникативтік қызмет (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі), 3) эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету - эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).

Кез келген таңбаның екі  жағы болады: бірінші жағы - формасы, екінші жағы - мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі - сол таңбаның формасы, ал "көшеден өтуге рұқсат" деген мағынасы - оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Мысалы, бала, - лар/ -лер, -дың/-дің т.б. Бұл формалар мен мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да, біз "қазақ тілінің жүйесі", "орыс тілінің жүйесі" деген терминдерді жиі қолданамыз.

Шартты таңбалар мен тілдік таңбалардың айырмашылықтары  бар. Егер шартты таңбаның бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келсе, тілдік таңба әр уақыт солай бола бермейді. Кейде тілдік таңбаның бір формасына бірнеше мазмұн (мағына) сәйкес келуі мүмкін, болмаса керісінше: бір мазмұнға бірнеше форма сәйкес келуі мүмкін.

Мұны былайша  көрсетуге болады: бір форма > бірнеше мазмұн (көп мағыналық, омонимия) немесе бірнеше форма > бір мазмұн (синонимия, дублет, вариант). Тілдік таңбаның түрлері (типтері): фонемалар, грамматикалық морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер. Тілдік таңбаның екі түрлі белгісі бар. Олар  еріктілік және шарттылық. Еріктілік  дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы заттың немесе ұғымның    арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан да, бір зат әр тілде әр түрлі (әр   басқа   дыбыстық   кешенмен)   аталына   береді. Ол зат пен оның атауының арасында шартты түрде (табиғи емес) байланыс болады.

Енді тілдік таңба  мен шартты таңбалардың арасындағы қатарға келелік. Бұлардың арасында ұқсастық бар, сонымен  бірге, оларды бірдей, тең деп есептеуге болмайды. Ұқсастығы: екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де — бірдеме «хабарлаудың» құралы.

Ал айырмашылықтары:

1) тіл - ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау анағұрлым аз. Мысалы, бағдаршамның  қызыл түсі «көшеден өтуге болмайды" дегеннен басқа еш нәрсе хабарлай алмаса, тіліміздегі  қызыл деген сөз бірнеше ұғымды қамтиды: бірінші – түстің атауын, екінші - "ет" немесе "бидай" деген ұғымды, үшінші – «большевик» дегенді, төртінші - "қылша, қызылша" (корь) дегенді білдіреді;

2) тілдің шартты таңбалардан екінші айырмашылығы - ол (тіл) мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, адамның хабарлайтын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын,   қуанышын   немесе   қайғысын  да  білдіреді. Мысалы, жоғарыда аталған қызыл сөзінің "ет" немесе "бидай" деген мағынасы жағымды сезімімізді тудырса, ауруды еске салып тұрған төртінші мағынасы ("балама қызыл шығып жатыр" деген) - аяныш сезімін тудырады. Қызыл сөзінің "большевик" деген мағынасы да сондай. Ол бұрын жағымды мағына тудырса, қазір жағымсыз мағына туғызады. Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде (мысалы, жол белгілерінде) жоқ;

3) шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім бойынша өзгертіле алады. Мысалға қазақ тіліндегі Ұ дыбысын алалық. Ол дыбысты біз араб әліпбиін (алфабитін) пайдаланып жүрген кезде 9 әріпімен белгілеген едік. Кейін, яғни 1929 жылы латын әліпбиіне көшкенде оны U әріпімен таңбаладық. 1940 жылы орыс графикасына (кирилицаға) көшкен кезде әлгі дыбысты у әрпімен белгілеуге келістік. 1951 жылы аталған дыбысты (тағы да келісім бойынша) Ұ әрпімен таңбалауды жөн деп таптық.

Информация о работе Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары