Инновациялық оқыту әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:22, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді

Содержание

Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

инновациялык окыту адистери.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

Тағы  да айта кетерлік нәрсе, әрбір сабақты  өзекті де ділгір сабаққа айналдыру, әрі дәстүрлі емес түрде өткізу мүмкін емес және қажеті де жоқ. Бірақ, әрбір сабақ баланы тәрбиелей отырып оқытуға міндетті. Мұғалім оқыту әдістерін таңдағанда осы қағидаларды естен шығармағаны абзал.

 

 

2.3 Ынтымақтастық  жаңашыл  педагогика тәсілдері

 

Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар: мақсаттың бір екенін анық сезіну; ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу; мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.

Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына  себеп болған оқушылардың білім  деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының  баланың еркін және жан-жақты  дамуын тежеп, талантын басуы.

Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.

Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:

- балалар мен  мұғалімдер, ата-аналар арасындағы  ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;

- оқушыға атқарушылық  және шығармашылық қабілетін  •(дамытатын жұмыстар беру;

- баланы өзін-өзі  және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;

- тірек идеясы;

- жаңарту идеясы;

- озу идеясы;

- жаңа мектеп;

- тұлғаны дамыту  идеясы.

Кеңес мектебі  білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.

Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің  дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.

Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский  оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады

Баланың бір  күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.

Жаңашылдар  баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады. Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі. Жастар философиясы. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы диалектикалық-материалистік философияны түсіндіреді.

Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал. Мектеп және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы

3 Инновациялық  оқытуды сабақ барысында қолдану  (Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде)

 

 

Қазіргі заманғы  ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен демуы және информация көлемінің әр 3-5 жылда 2 еседей өсіп отыруы, әсіресе ой еңбегін және оқыту үрдісін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр.

Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір  жолы, жастарға үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдерін тауып, олардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ондай жаңа оқыту тәсілдерінің бірі академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қарастырайық.

Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны әдістемеден ажырата алмайды. Егер әдістеме көбінесе оқу процесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекшелігі бар. Біріншіден технология – бұл соңғы нәтижеге берілетін кепілдік; екіншіден, технология – бұл болашақ оқу процесінің жобасы. Өзінің педагогикалық технологиясында В.М.Монахов мынандай анықтама береді: педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқытушымен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау.

Ғылыми тұрғыдан негізделген В.М.Монаховтың педагогикалық  технологиясы мұғалім қызметін екі  кезеңге бөледі.

Оқу процесін жобалау  кезеңі.

Осы жобаны іске асыру кезеңі.

Бірінші кезеңде  мұғалім оқу материалын шағын  мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан  оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім  оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге алдын-ала тапсырыстар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу процесінің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу процесін жобалаудағы негізгі объекті – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін. Технологияда оқу процесін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.

Технологиялық картаның әр бөлшектері қандай жұмыс  атқаратынын қарастырайық.

1.Мақсат қою.  Берілген тақырыпқа қойылатын  білім стандарттарының талабын  жүзеге асырып жүрген бағдарлама  мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.

2.Болжам. Бұл  өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-ші және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-ші тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.

3.Үй тапсырмасын  мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын  мөлшерлегенде біраз ақаулар  жіберсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім сәйкес түзету жүргізу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.

1-ші деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.

2-ші деңней. Болжамның 3-ші тапсырмасына.

3-ші деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.

4.Логикалық  құрылым, оқу тақырыбына байланысты  әр шағын мақсаттарды меңгеру  үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжырымдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.

Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:

1)Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.

2)Оқушылардың  жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.

3)Оқушыларды  стандарт деңгейіне жеткізетін  педагогикалық әдістер жүйесі.

Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін  тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.

Оқу үрдісін  педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық  карталарынан құралады. Технологиялық  картаның құрамды бөліктерін және олардың  атқаратын қызметтерін қарастырайық.

1.Технологиялық  негізі жоғарыда айтып өткеніміздей  мақсат қоюдан басаталады, яғни  тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды  анықтау.

Мақсатты нақты  және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі  сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үрдісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.

Ілгеріде қойылатын  мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мәні жойыла бастайды.

Мақсат қою  технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және мазмұндылығына мұғалімнің сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтың берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.

2.Берілген тақырыпты  мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі  жұмыс осы қойылған мақсаттарға  байланысты оқушылар білімін  болжау жұмысын құру.

Біз бірінші  рет оқушыға жеке тұлға ретінде  қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:

1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандарты (программа) деңгейіндегі тапсырма, көтеріңкі деңгейдегі тапсырма.

2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі көтеріңкі деңгейде.

3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:

1)білім беру  стандарты талаптары деңгейіндегі  тапсырма;

2)білім беру  стандарты талаптары деңгейдегі  тапсырма;

3) «Төрттік»  баға деңгейіндегі тапсырма;

4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.

4-аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болу керек.

5-аксиома. Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.

6-аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсаттың мазмұнына байланысты.

7-аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.

Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғандща болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.

Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік. 3-аксиомада  болжамдағы тапсырмалар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары  деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.

Келесі кезекте  «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың  ойлау, есте сақтау дағдыларын жылдамдығын  тексеру мақсатында болу керек. №3тапсырманың («төрттік» баға деңгейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В.М.Монахов эксперименттік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсынады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» бағаның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стандарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.

Информация о работе Инновациялық оқыту әдістері