Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

    Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен  теориялық мәнділігі:

  • Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін айқындалды;
  • бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;
  • Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

    Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

  • Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдері өз іс тәжірибелерінде оқу үрдісінде қолдануға болады;
  • зерттеу материалдарын жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарында, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру институтында пайдалануға болады.

    Зерттеудің  базасы: Алматы қаласының  №140 мектеп-гимназиясы.

    Диплом  жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері айтылады. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, диплом жұмысының құрылымы қамтылған.

    «Ыбырай Алтынсарин  шығармалары  арқылы бастауыш сынып  оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың  ғылыми-теориялық  негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы ретінде Ы.Алтынсарин шығармаларының мазмұны, мәні қарастырылды. Ы.Алтынсарин шығармаларына теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.

    «Ыбырай Алтынсарин  шығармалары  арқылы бастауыш сынып  оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімінде Ы.Алтынсарин шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.

    Қорытындыда теориялық және тәжіриелік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар нақты түрде көрсетілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Ыбырай Алтынсарин  шығармалары арқылы  бастауыш сынып  оқушыларының адамгершілік  қасиеттерін қалыптастырудың  ғылыми-теориялық  негіздері

     1.1. Бастауыш сынып  оқушыларының адамгершілік құндылықтардың          тәрбиелік мазмұны  

    Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына  Жолдауында» жас ұрпақты адамгершілікке баули отырып, жауынгерлік, Отансүйгіштік  рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегісімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды әрине, бұл мақсатқа жету барысында біздер болашақ педагог-ұстаздар халықтық төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды бала тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.

    Жалпы адамзаттық құндылықтар мәселесі көне заманда да, қазіргі кезенде де философ, педагог, психолог және тарихшы мамандардың щүғылданып келе жатқан мәселелерінің бірі.

    Жалпы құндылықтар мәселесіне арналған зерттеулер нысаны - құндылықтың мөні мен табиғаты, олардың генезисі мен топтамасы, адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлі, құндылықтар иерархиясы, қүндылықтар әлеміндегі бағдарлар сияқты сұрақтар болып табылады.

   Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда  құндылықтар жүйесінің алар орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс қүбылыстарының қүндылықтарынсыз өлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің де мәні болмайды.

     Құндылық дегеніміз не? Ол адамның мінез-қүлқында, тарихта, әртүрлі мөдениетте қалай көрініс табады? Құндылықтардың қазіргі заманғы философиялық түсініктемесі қандай? Құндылықтар дегеніміз «ешқашан өзгермейтін» идеялар мен принциптер ме, әлде табиғат пен қоғамның объективтік қүбылыстары ма? деп, зерттеу мәселемізге байланысты көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында «құндылық», «адамгершілік құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық» ұғымдарына берілген әр түрлі анықтамалардың бар екендігіне көзіміз жетті. Олар алуан түрлі және тіпті бірін-бірі жоққа шығаратындары да бар. Әртүрлі авторлардың еңбектері біртүтас зерттеу мәселесін қүрмайды. Бұл құндылық ұғымының әртүрлі мағына беруінен туындап отыр (белгілі бір объектінің құны бар немесе белгілі бір объект құндылық болып табылады).

          Объектілерді немесе заттарды қүндылықтар деп есептеу тағы бір мәселеге әкеліп тірейді: қүндылық дегеніміз - субъект үшін ерекше мөні бар немесе оның қажеттіліктерін қанағаттандыратын нақты бір заттар ма, өлде қүндылық деп ерекиіе бір абстрактілі мәнге ие заттарды айтамыз ба?

          Мәселен, Р. Вильямс құндылықтарды  мақсат-құндылық (терминальды), құрал-құндылық (инструментальды) болатындықтан оларға бағынышты құндылықтар болады деген пікірді білдірді де, мақсат құндылыққа - Ақиқатты, Еркіндікті, Әсемдікті, Әділдікті, Жақсылықты жатқызады. Ал қүрал-қүндылықтарға - Әлеуметтік, Саяси, Экономикалық құбылыстарды жатқызады. Бұлардың барлығы қоғамдық тарихи үрдістің жалпы адамзаттық құндылық кеңістігіндегі алдына қойған мәселелермен байланысты құндылықтар болып табылады — дейді [64].

   Осы терминальды құндылықтардың ішінде интраперсональді, яғни адамның жеке басына байланысты (жанды құтқару, өмір мөні т.б.) және интерпер соналды, яғни өртүрлі топтарға бағытталған (өділдік, бауырмалдық т.б.) салалар бар. Біздің ойымызша осы терминальді құндылықтардың жүйесі негізінен қоғамдағы адамгершілік құндылықтар жүйесін қүрайды.

   Әрине, инструментальды құндылықтарсыз жалпы құндылықтар жүйесі қалыптаспайды.

   Өйткені, олар нақты тарихи жағдайдағы ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан мөселелерді қамтиды. Инструментальды құндылықтардың негізін моральдық құндылықтар құрайды және олар қоғамда реттеуші, тәрбиелеуші функцияларды атқарады. Міне, біз осы жоғарыдағы пайымдаулардан құндылықтар жүйесінің әртүрлі элементтері болып есептелетін жеке, топтық, қауымдастық, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар иерархиясы бар екенін айқындаймыз.

   Демек, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе - өмір. Өмір - адам тіршілігінің негізі, онсыз адамның өзі де, өмірдің мәні туралы ойлары да іс-өрекеті де, қуаныш-қайгысы да жоқ.

   В. Франкл өмір мәнін адам жаны ұмтылатын «рухани объект» жөне ол мақсатпен, қүндылықпен байланыста болады деп түсіндіреді. «Өмір мәнін түсіну әртүрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс, өйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үпгін табиғи құбылыс болып саналады»[65; 18].

    Осыған  орай халықтың өз дінін білу керек  екендігін түсіне білген Ыбырай қазақ балаларын мүсылман дінінің шын мәнімен таныстыратын «Шариат-үл Ислам» деген атпен діни оқулық жазып, 1884 жылы Қазан қаласында жарыққа шығарды. Ислам дінінің негізгі қағидаларын қазақ тілінде баяндайтын бүл кітап туралы пікірлер әртүрлі. Бұл мәселенің мәні жөнінде біздің ойымызды білдірсек, біріншіден, сол кезде орыс патшалығының мектептерінде дін сабағы міндетті түрде оқытылатын.

    Сондықтан да ерте ме, кеш пе бұл пән қазақ даласында ашылған мектептерге де жетер еді жөне ол христиан дінін уағыздаушы пән болуы өбден мүмкін еді. Осы қүбылыстың алдын ала білген Ыбырай қазақ мектептерінде мұсылман дінінің негіздерін оқытуды енгізді. Оқулық қазақ балаларына түсінікті қазақ тілінде жазылды.

      Екіншіден, Ы.Алтынсарин мұсылман дінінің адамды адамгершілікке шақыратын тұстарына ерекше назар аударып, адам өмірінің мәні ғылым-білімге, адамдыққа үмтылу, адамгершілікте өмір сүру, сол арқылы халқына пайдалы болу деп түсініп, ғүлама үстаз діни оқулықты да осы қағиданы үғындыруға пайдаланды.

   Ағартушының пайымдауынша, өмір өтпелі, дүниеде мәңгілік ешкім де, ештеңе де жоқ. Адам бүл дүниеге аз уақытқа келген қонақ қана, бай мен жарлы, қүл мен патша, үлкен мен кіші де қүдай алдывда бірдей, бөрі де бір күні бүл дүниеден өтеді. Әрбір адам алдымен осы ақиқатты үғынғаны жөн. Олай болса, аз ғана ғүмырды

жақсы мен жаманды айырып, таза пиғылмен қайырымды істер істеп, бір-біріне мейірімді болып, жақсылықпен өмір сүрген жөн.

   Жамандық істеген залал илігетін қүдай емес, адамның өзі, жақсылықтың, ғылым-білімнің, таза мінездің пайдасын көретін де адам емес пе? Алла-тағала адамды жаратқанмен, жақсы мен жаманды таңдау адамның өз еркіне берілген, сондықтан дұрыс өмір сүру -адамның өз қолында.

   Біз тұлға бойында құндылықты бағдарлардың қалыптасу деңгейін А.Г. Харчев ұсынған  деңгейлер негізінде анықталады:

  • Құндылықты бағдарлар- тұлғаның рухани келбетінің барлық жақтарын және оның тіршілік әрекетін қамтитын біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан деңгей;
  • Құндылықты бағдарлар- өз бағыты бойынша тұлғаның сана өлшемдеріне сәйкес, бірақ адам тек өзі үшін ең маңызды деп тапқан рухани мақсат өлшемдерін ғана меңгерген деңгей;
  • Құндылықты бағдарлар- жүйесі жеткіліксіз меңгеріліп, адамның көптеген іс-әрекеті мақсатсыз істелетін деңгей;
  • Құндылықтар ес, ақыл арқылы сөз жүзінде ғана меңгерілген, бірақ практикалық әрекетте байқалмайтын даңгей;
  • Құндылық бағдарлардың тұрлаулы жүйесі жоқ, мінез-құлық негізінен бір сәтті импульстер және ниеттермен реттелетін деңгей.

    Аталған деңгейлерге топтау үшін оқушының рухани тұлғасын төмендегідей көрсеткіштермен, өлшемдермен анықтауға болады:

  • танымдық өлшем- оқушылардың рухани құндылықтарды игеру деңгейі;
  • эмоциональды-құндылықты- оқушылардың құндылықты меңгерудегі мотивациясы, рухани құндылыққа қатынасы, дүниетанымдық көзқарастары, ұстанымдары қызығушылығы, пікірі, адамгершілігінің болуы;
  • тәлім-тәртіп- оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттегі белсенділік деңгейі: тәртібі, қарым-қатынасы, еңбек, оқу, сөйлеу мәдениеті, алған білімді практикада қолдану- дейді.

    Ал, рухани құндылық мәселесі жөнінде Қ.Қ. Шакаримова « Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы» деген мақаласында « рухани құндылық» ұғымын алты бағытқа бөледі.

  • Танымдық бағыт- ( таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі және т.б.).
  • Әлемдік бағыт(азаматық, патриотизм, өмірлік позиция, ұжымшылдық, адам құқықтары және т.б.).
  • Салауатты өмір салты- ( экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу, денешынықтыру және т.б.).
  • Адамгершілік бағыты- ( жеке тұлғаның құндылық қасиетері, сыйлау, мейрімділік және т.б.).
  • Ұлттық бағыт – ( салт-дәстүр, діни ғұрыптар, ұлтжандылық, жерін, елін сүю және т.б.).
  • Дүниетанымдық бағыт- ( ғылыми, білімділік, дүниені түсіну, ойтолғаныс, және т.б.). 

          Отандық ізденушілердің бірі Б.Қ. Игенбаева рухани адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу тәсілдері жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:

    1. Рухани-адамгершілік  құндылықтарды кез-келген пәнді  оқытудың мазмұнына енгізу;

    2. Сыныптан  тыс сабақтарды баланың адамдық  асыл қасиеттерді игеруіне ықпал  ететіндей бағытта ұйымдастыру;

    3. Жеке  пән ретінде жүргізілетін сабақтардың  бағдарламасына енгізу.

    Мәселен В. Франкл «Адам өмір мөнін іздеуде» деген еңбегінде өмір мөнін жоғалту адамның материалдық жэне өлеуметтік орнымен емес, депрессиямен, демек, уайымдаумен, қайғырумен байланысты, деп   көрсетеді.   Жоғары   деңгейде   дамыған   қоғамда   материалдық

    қажеттілікті  қанағаттавдыру адамға өмір мәнін сезінуге көмектеспейді.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру