Адам Мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 08:30, биография

Описание

Адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы және де Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды . Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары, діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе болып табылады.Менің ойымша Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста.

Работа состоит из  1 файл

ЭССЕ-Адам Мәселесі.doc

— 29.50 Кб (Скачать документ)

    Адам туралы Қытай философиясы мен мифындағы адам мәселесі туралы  былай делінген:  
1. Қытай философиясындағы адам мәселесі : Қытайда адам табиғатпен, космоспен теңестірілетініне қарамастан , ол Қытай философиясында орталық орынға ие.  
Қытай философиясының дәсүріне сәйкес қаймағы адам болып табылатын космостық энергиялардың үш түрі.  
Цзин- барлық тіршіліктердің тууының энергиясы, тірі организмнің тұқымы , түбірі. Бұл психофизикалық энергияның Бұрынғы көктің тұқымы деген түрлері болады.Ци – барлық тіршіліктің құрылыс материалдары қызметін атқаратын материалды рухани күш. Ци энергиясы заттық ци (заттар, тірі организмдер материалды формаға айналады. ) және рухани ци деп бөлінеді. Шэнь- адамның тұлғалық стерженін құрайтын, таусылмайтын рухани энергия, ол адам дүниеден өткеннен кейін де жоғалмайды. 

2. Қытай философиясындағы адамды қабылдау ерекшеліктері.  
Қытай философиялық батыстың дәстүрлі философиясы мен салыстырғанда адамды қабылдау ерекшеліктері.  
Қытай философиясы адам түсінігіне нақты түсінік бермейді, адамның мәніне нақты түсініктерді қорытындылау арқылы емес, адамның образын жасап зерттеумен оны ұғуға тырысады.Адам өмірін туғаннан емес , ұрықтану кезеңнен бастап есептейді.Адамды өлгеннен кейін бір жолата адамзат қатынастарынан шегермейді, яғни дүниеден өткеннен соңда жаны адами қатынастарда болады, қорғауға тәуелді болады. Адамның рухани орталығы ретінде басты емес жүректі айтады.Адамды табиғат пен космостық бір бөлігі ретінде қабылдайды, адамның табиғатқа билігін, ықпалын жүргізеді дегенді мойындамайды.Өмірдің жерлік бөлігін бағалауға шақырады, жердегі өмірді максимальды ұзартуға шақырады. 
Ұзақ өмір сүрүдің басты шарты  
Рухани психо физикалық энергия цидің таза күйін сақтау, яғни қажетсіз уайымдаулардан, құтылу қоршаған ортаға дұрыс қарым қатынас, оптимизм , тұрғын үйдің ішіндегі жиһаздың дұрыс орнының болуы кір ци ие адамдармен араласпау, керісінше, мықты таза цилі адаммен араласу.Өз тәнімен жанымен жұмыс істеу син чун  
Тағдырмен жұмыс істеу, қоғамға пайда әкелу мин чун қоғамдық тәртіптерді сақтау дұрыс тамақтану, емдік шөптерді, дәрілерді ішу. Қытайда тұру, қытай мәдениетімен жақындасу, қытайдың рухани энергиясынан дәм тату. 

  Ал енді өзіміздің  Қазақ ойшылдарының айтуынша: Әйгілі қазақтанушы, профессор Ж.Ж. Молдабеков: «Қазақ халқы ежелден әділеттілікті, сыпайылықты, шындықты, жарқын жүзділікті, өз тілегін іште ұстау, өсек-аяңнан бойын аулақ ұстау секілді құндылықтарды адами құндылықтар деп қастерлеген», – деген ой айтады. Жалпы, Қазақ философиясы мен мәдениетінде адам туралы ой қозғалғанда, ең алдымен оның рухани құндылықтарына көңіл бөлінген.  

 А.Х. Қасымжанов: «Кеңістікте адам дүниеге келгеннен бастап, белгілі бір өмірілік болмысын қалыптастырып, нақты бір мінез-құлық стереотиптерін меңгеріп, қоршаған ортаға, дүниеге деген дүниетанымын, көзқарасын орнықтырады», – деген ой түйеді.

  Ал енді өз  ойымды айтсам: Адам деген-ардақты  ат сондықтанда Адам болып туған соң, Адам болып өлу лазым-деп ойлаймын. 

Информация о работе Адам Мәселесі