Биогенді элементтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 17:05, реферат

Описание

Жер – сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің бөлігі. Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, космостың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес.

Содержание

Тақырыбы : Жер-тірі материяның тіршілік ету орны.

Мақсаты: Жер плантасның химиялық құрамы, оның күн жүйесіндегі алатын орнын түсіндіру

1 Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін планеталар қатарында.

2 Жер планетасының химиялық құрамы.

3 Жер планетасында болатын химиялық элементтер формалары.

Работа состоит из  1 файл

Биогенди элементтер.doc

— 486.50 Кб (Скачать документ)

       өсімдік пен топырақ жануарлардың тіршілігіне қажетті мөлшерде оттегінің болуы;

       улы қосылыстардың болмауы;

       қолайлы су – ауа режимі мен өсімдік тамырларының қоректік заттектерді және ылғалдықты жақсы өткізетін физикалық құрылымының (механикалық төзімділігі, т. б.) болуы.

Қарашірік жинақталған қабаттың (А1) үстінде өсімдіктер түсімінен құралған төсеніш (ыдырамаған өсімдік қалдықтарынан тұрады) деп аталатын қабат, ал астында элювийлік жайлаған қабат (А2), төменірек иллювийлік (жуылған, құнарлығы аз) қыртыс (В) орналасқан. Бұл қабаттардан төмен бастапқы (топырақ түзетін) жыныстар орналасады.

Топырақтың минералды бөлігі негізінде 50% кремнеземнан (SiO2), 25% - ке дейін глиноземнен (AI2O3), 10% - ке дейін темір оксидінен (FeO3) және 0,1% - тен 5% - ке дейін магний (MgO), калий (K2O), фосфор (P2O5), кальций (CaO) оксидтерінен тұрады. Органикалық қалдықтар жай (су, көміртек диоксиді, аммиак және т.б.) немесе күрделілеу (мысалы, гумусты) қосылыстары түзіи минералданады.

Минералдардың, органикалық заттектердің және газдардың белгілі бөліктері сұйық күйде топырақта болатын суда еріи, топырақ ертіндісін түзеді. Топырақ ертіндісі жер шарының тарихындағы табиғи сулардың ең маңызды санаттарының бірі, В. И. Вернадский айтқандай (1960), «биосфера механизмінің негізгі элементі» және «тіршіліктің негізгі субстраты».

Топырақтың маңызды қасиеттеріне топырақ ертінділеріндегі тұздар мөлшерінің, қышқылдықтың өзгеруі жатады, себебі оларға микроорганизмдердің белсенділігі мен өсімдіктердің азотты сіңіруі, топырақтың қоллоидтердің алмасу негіздерінің жалпы жиынтығы, олармен байланысты топырақтың алмасу мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.

Топырақтың судағы мөлшері бірқатар факторларға байланысты, әсіресе температура мен жауын – шашынның көлемінде. Топырақ ертінділері (топырақтың сұйықтық фазасы) неғұрлым тұзды болған сайын олардың өсімдікке өтуі төмендейді. Қоректік заттектер топырақтан өсімдіктерге иондық түрде тамыр арқылы өтеді, мысалы, металл катиондары органикалық қышқылдардың сутек катионымен алмасады. Топырақ түзу процесінде топырақты мекендеген тірі организмдердің атқаратын рөлі зор. Топырақ неғұрлым құнарлы болса соғұрлым олардың саны жоғары болады. Қара топырақтың қалыңдығы 15 см беткі қабатының 1 га ауданында 10 т бактериялар, сонша саңырауқұлақтар, 4 т шылаушындар, 140 кг балдырлар, 17 кг жәндіктер және 6 кг аяққұйрықтылар болатыны есептелінген.

Өсімдік үлескісі астындағы топырақ организмдерінің қауымдастықтары тепе – теңдік күйінде болады, өйткені, олардың қорек негізгі осы өсімдіктердің түсіндісі болып табылады. Мұны тұтынып олар органикалық заттектерді бейорганикалық заттектерге айналдырып, негізінен көмірқышқыл газы мен су түзеді. Сонымен топырақтағы организмдер топырақ түзуші фактордың бірі екенін айқын, топырақ қасиеті осыларға да тығыз байланысты.

Топырақтың физикалық – химиялық қасиеттерінің қалыптасуында ерекше маңызды рөл атқаратын жәндіктерге жауын құрты жатады. Олардың көмегімен күрделі экологиялық мәселені шешуге болады, мысалы, органикалық қалдықтарды өңдеуді және топырақтың құнарлығын жоғарылатуда. Көрнекті биолог ғалым Ч. Дарвии айтқандай «... өткен ғасырлар бойы жауын құрттары арқылы жыртылып келген».

Бір жауын құртының массасы шамамен 0,5 грамдай, бір шаршы метрде олардың саны 50 – ге жуық болады. Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері арқылы 50 тоннадай топырақты, құрғақ шөптерді, жапырақтарды, көңді және тағы басқа да органикалық заттектерді өткізіп, құнарландыра алады. Жаңбыр құрттарының өнімділігі және өсімі жоғары қызыл түрлері кейбір елдерде жасанды жолмен өсіріліп құстарға, балықтарға, терісі қымбат аңдарғы жем ретінде беруге және өте сапалы биогумус деген тыңайтқыш алуға қолданылып жүр. Жауын құртының ішегінен өткен органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге ұшырап, жай қосылыстарға айналады және микроэлементтер мен пайдалы микроформалармен байытылады, капролитті құрлымы түзеді. Капролиттер суда біртіндеп еріп топырақтың құрылысын жақсартып отырады. Оларға бактерицидтік қасиеттер де тән. Биогумустың тиімділігі барлық органикалық тыңайтқыштардікінен анағұрлым жоғары. Оны қолдану арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарлатумен қатар топырақтың құнарлығын, жел мен су эрозиясына беріктілігін, экологиялық жағдайын жақсартады. Биогумус радиоактивті элементтердің, ауыр металдардың, нитраттардың транслокация процесін тегжейді.

2. Қазақстан Республикасының топырағының сипаттамасы

Біздің еліміздің ең басты байлығы – жер. Қазақстан жері туралы қысқаша мәліметтер  1 кестеде көрсетілген:

Қазақстан топырақтары туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, өндіріс салаларының бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай келеді, бұл көлемге әскери - өндірістік кешендерлің зақымдаған 20 млн. га үстіндегі жерлер, санитарлық сақтау зоналары алып жатқан жер көлемдері, құнарлығы өте төмендеп бүлінген 60 млн. га асатын жайылымдардың жалпы көлемі кіргізілмеген. Осыған Қазақстанда дағдарысқа ұшыраған аймақтарды қоссақ, құнарлығы күрт төмендеген, ластанған жерлер көлемі республикада 85 – 90 млн. гектарға жетіп отыр

Қазақстанның негізгі топырағы және оны ауыл шаруашылығына пайдалану мәселелері

Жер көлемi жөнiнен Англиядан 11 есе үлкен кең  байтақ Қазақстан территориясы тepicтіктен оңтүстікке қарай 2 мың километрге жуық, шығыстан батысқа қарай 3 мың километрдей мол кеңістікті алып жатыр.

Бұл кең алқапта жазықтар мен ойпатты жер­лер, биiктiгi әр түрлi таулар да кездеседi. Мұндай кең алқаптың әр жерiнде табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлi болып келедi. Бiрақ  ол қа­лай болса солай өзгере бермей, бiр бағытта өзгере­дi. Мысалы, Қазақстанның  eгicтік алқаптарында климаттың,  топырақтың терістіктің оңтүстікке қа­рай өзгеруi табиғаттың көлденең аймақтық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау eтегінен  төбесiне қарай өз­геруі  табиғаттың тік  аймақтық заңына  бағынады. Қазақстан территориясында тундра, тайга және субтропикалық аймақтардан басқа аймақ түгел кездеседi.

1) Республикамыздың солтүстiгiн жеткiлiктi ылғалданған оңтүстiк орманды далалы кiшi аймақ алып жатыр Жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан бұл аймақта ылғалды шал­ғынды              топырақтар              көп              тараған.              Негiзiнен солодталған орманның сұр топырағы мен шалғын­ды қара топырақ және сiлтiciзденген қара топы­рақ кездеседi. Суарылмайтын егiншiлiк дамыған алқап, тәлi­мі жерге негiзiнен жаздьiқ бидай егiледi.

Егicтікке жарамды жерлердiң бәрi түгелдей игерiлген. Қал­ған жерлерi шабындық пен жайылым үшiн пайда­ланылады. Қазақстан территориясында бұл кiшi аймақ 0,4 млн. гектарға жуық. Бұл кiшi аймақ оңтүстiкте көлемдi қара топы­рақты далалық аймақпен  жалғасып жатыр. Топы­рақ-климат жағдайына қарай бұл аймақ eкi кiшiрек аймаққа бөлiнедi: а) жеткiлiктi  ылғал­данған  д ала;  б) ылғалы жеткіліксіз дала

Бұл аймақтың бiразы да Батыс Сiбiр ойпатына орналасқан. Солтүстiк Қазақстан облысы түгелдей, Көкшетау облысының

көпшiлiк жерi, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Це­линоград, Торғай, Ақтөбе, Орал облыстарының шеттерi осы аймақта орналасқан. Ылғал көбiнесе күз бен қыс кездерiнде түседi де май-июль айла­рында аздаған құрғақшылық  болады. Бiрақ eгістің  өніміне әсер eтетін қатты құрғақшылық 8-10 жыл­да бiр рет қайталанады.

2) Топырағы кәдiмгi қара топырақ (жеткiлiктi ылғалданаған далада) пен оңтүстік қара топырақ (ылғалы жеткiлiксiз далада). Мелиорацияламай. eгicтiкке жарайтын жерлер­дің барлығы жыртылған. Бұл суарылмайтын ас­тық егiлетiн негiзгi алқап. Кебiр сор топырақ және комплекстi учаскелер күрделi мелиорациялауды, ал барлық жыртылған жер фосфорлы тыңайтқыштарды  керек етедi. Бұл аймақтың көлемi 25,4 млн гектардай, яғни республика жерiнiң 9 процен­тіне жуық.

3) Қара топырақты далалық аймақтың оңтүстігінде Батыс Қазақстан территориясынан шы­ғыстағы Семей облысына дейiн ұзыннан созылып құрғақ далалық аймақ жатыр. Бұл Павло­дар облысының көп жерiн, Көкшетау облысының батыс жағының  бiраз жерiн, Қостанай, Целино­град облыстарының орта шенiн, Ақтөбе, Орал, Торғай облыстарының терістік жағын алып жатыр. Бұл алқаптың солтүстiк жартысының топырағы оңтүстiк қара топыраққа өте ұқсас.

4) Күңгірт қара қоңыр топырақ, ал оңтүстік жартысында ылғалдың аздығына байланысты өсiмдiктерде сирексiп, топырақтың қара шiрiгi азайып, то­пырағы.

5) Жай қара қоңырға айналады.

Tүceтін ылғал мөлшерi әр түрлi. Алқаптың те­picтік жартысында, топырағы күңгiрт қара қоңыр жерлерде суарылмайтын астық eгici (жаздық би­дай) дамыған. Бiрақ олардың өнімі ауа райына байланысты. Орта есеппен төрт жылдың бiр жы­лында өнім болмайды. Ал алқаптың оңтүстiк жар­тысында құрғақшылық одан жиi болады, сондық­тан суарылмайтын eгicтіктің өнімі  тұрақсыз. Бұл аймақта eкi жылдың бiрiнде өнім алынбайды.  Бұл алқапта да егiншiлiк пен мал шаруашы­лығы дамыған.

Алқаптың барлық топырағы, әcipe­се  жеңiл топырағы жел эрозиясынa ұшырап оты­рады. Сонымен қатар оған фосфорлы тыңайтқыш­тар керек. Бұл құрғақ-далалық  алқаптың көлемi 52 миллион гектардай, Қазақстан жерiнiң 19 проценттейi.

6) Құрғақ далалық алқаптың оңтүстігінде,              батыстағы Орал облысынан Шығыс Қазақстан облысына дейiн созылып, Ақтөбе, Торғай, Целиноград, Қарағанды, Жезқазған, Семей облыстрының көп жерлерiн шөлейт аймақ алып жатыр. Бұл тepicтіктегі далалық және оңтүстiкте­гi шөл аймағының арасында орналасқан. Сондық­тан мұнда осы eкi аймаққа тән қасиеттер бiрдей ­кездеседi. Климаттың құрғақшылығына қарай көп өзгеруiне байланысты, мұндағы өceтін шөптердiң, түрлерi азайып, сирексидi.

              Топырақ құнарлығы азайып, әcipece оның құрамындағы қара шiрiгi кемiп, түci тepicтiктегі қара қоңыр орнына ашық қоңырға айналады.

              Топырағы кебiр. Орта есеппеп жылына бар болғаны 180-210 мм ылғал түседi. Оның өзi де әр жылы әр қилы болады. Ол eгістікті  қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффи­циентi аймақта шамамен 0,2-0,3, яғни 20-30 процент. Бұл қазiр негiзiнен мал шаруашылығымен айналысатын аймақ Жайылым көктемгі, жазғы, күзгi уақыттарда жақсы.              4 жылдың 3 жылы құрғақшылық болады. Сон­дықтан тұрақты өнім алу үшiн eгісті  тек қолдан суару керек. Суарылмайтын eгістіктер аз мөлшер­де ойпатты, шалғынды жерлерде ғана мол өнім бередi. Бұл жерлерге тез пicетiн тары, арпа егiлуi керек. Бұл алқаптың көлемi кең, 38,4 миллион гек­тар, яғни Қазақстан территориясының 14 процент­тейiн алып жатыр. Бұл  алқапта түсетін ылғалдың жерден булану мүмкiншiлiгi 10-15 рет артық болады. Ылғалдану коэффициентi 0,1-0,05-ке дейiн кемидi. Жылына түсетін ылғалдың мөлшерi 80-150 миллиметрдей.

Үздiксiз уақыттың ұзақтығы 170-210 күнге жетедi. Бұлтсыз күні көп, ыстық болады. Температура 10 градустан жоғары болатын күндер температурасының қосындысы Түркістан маңында 47000 жетедi. Бұл аймақ нағыз шөлдiң өзi. Топырағы тек ерте көктемде және күздiң кейiнгi айларында бiраз ылғалданады. Сондықтан өсiмдiк тiршiлiгiнде eкi биологиялық тыныштық кезең болады, бiрiншiсi қысқы суық кезiнде, екiншiсi жазғы қатты құрғақшылық түскен кезде. Бұл өсiмдiктер де табиғаттың қаталдығына бейiмделген сирек өceтін бұта, жусан және кейбiр кебiр, сортаң топыраққа бейiмделген ащы шөптер. Өсiмдiк сирек өсетiндiктен, олардың, топырақтағы қалдықтары да мардымсыз болады.

Топырақ түci бозғыл тартып өзiн құраған тау жы­нысына ұқсайды. Бұл аймақ eкi кiшi аймаққа  бөлiнедi:

7) қоңыр топырақта ащы шөпті жусанды шөл (терicтiгiнде),

8) сұр қоңыр тпоырақты жусанды ащы шөпті шөл (оңтүстiгiнде). Соңғысында тақыр да көптеп кездеседi. Бұл аймақта кездесетiн негiзгi топы­рақ: сұр қоңыр, тақыр түстес топырақ. Көп алқап­тарда үйме құмдар, тақырлар, сортаңданран жер­лер кездеседi. Бұл аймаұ - негiзiнен өнім аз күздiк, қыстық, көктемдiк мал жайылымы. Eгін тек cyapған кезде ғaнa шығады. Топырақ құнарлылығы аз болған­дықтан cyapғaн кезде азотты, фосфорлы тыңайт­қыштар қолдану керек. Бұл Қазақстандағы ең көлемді аймақ. Көлемi 119 миллион гектар, яғни Қазақстан территориясынық 44,4 процентке жуық жерiн алып жатыр. Miнe, осымен Қазақстанның жазық террито­риясындағы көлденең топырақ-климат аймақтары бiтедi. Ендi республикамыздың Шығысы мен оңтүстiк-шығысындағы таулы аймақтарға (таулы ай­мақтардың табиғи жағдайларының айрықша бо­луына байланысты) - тік аймаққа тоқталайық.

Қазақстанда таулы алқаптар аз. Бұл Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы, Талды­қopғaн облыстары төңiрегiндегi Жоңғар және Iле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Шымкент облысындағы Қазығұрт және Қаратау таулары. Бiз Iле Алатауының етегінен төбесiне дейiн кездесетiн топырақтың сипаттама­сына тоқталайық.

9) Бұл таулы алқаптардың етегiнде eнi әр жерде әр түрлi болып, батыстан Шығысқа қарай созылып тау –етегіндегі шөл дала аймағы жатыр.

Teгicтiктeгi шөл дала аймағына қара­ғанда тау етектерiнде жатқандықтан бұл аймақ­тың табиғи жағдайы өзгеше, пайдаланылуы да басқаша. Ылғал мөлшерi тeгicтік территориядағы шөл дала аймағындағыға қарағанда әлдеқайда мол. Орта есеппен жылына 250-660 миллиметрге де­йiн жетедi. Бiрақ бқл ылғалдың көбi жылдың көктемгі және қысқы айларында түседi де жаз, күз құрғақшылық болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды пайдаланып өнім беретiн, веге­тациялық  мерзiмi ұзақ емес астық дақылдары (күздiк және жаздық бидай, арпа) суарылмайтын жерлерге егiледi. Ал суармалы жерлерге астықтан басқа техникалық дақылдар - мақта, қант қы­зылшасы, темекі, жүгерi, беде, овощ, бау ағаштарымен жүзiм өсiп тамаша өнім бередi. Қалған жер­лерi көктемгі, күзгi мал жайылымдары топырағы негiзiнен сұрғылт түсті. Бұл аймақтың таулы ал­қаптан қаншалықты қашықтығына, түсетін ылғал­дың мөлшерiне байланысты топырақ. Tүci де өзге­рiп, бiрнешеге бөлiнедi.

Таудан ең алыс жатқан шетiнде ашық сұрғылт түсті топырақты кiшi аймақ жатады, одан кейiн кәдiмгi сұрғылт түсті топырақ­ты, ал тaуғa ең жақын күңгiрт сұрғылт түсті және ашық қара қоңыр топырақты кiшi аймақ бар. Осы үш кiшi аймақтың соңғысында ғaнa, яғни күңгiрт түсті және ашық қара қоңыр топырақ тapaғaн алқапта ғaнa суарылмайтын eгicтep (негiзiнен ас­тық) ауадан түceтін ылғалмен қамтамасыз етiле­дi, ал соңғы екеуiнде, әcipece ашық сұрғылт түсті топырақ тapaғaн аймақта eгicтікті қолдан суар­майынша жақсы өнім алынбайды. Міне негiзiнен осы eкi кiшi аймақта Алматы, Жамбыл, Талдықорғaн облыстарының қант қызылша eгicтepi, суар­малы жерлердегi астықтары, темекі, овощ, жүзiм­дiктерi, Шымкент облысының мақтасы мен дәрi шөптер eгicтiктepi, бау-бақша, жүзiмдiктер орын алған. Тау етегiндегi шөл дала аймағының көлемi 14 миллион гектардай.

10) Тау етегiндегi шөл дала аймағынан биiгi­рек алқапта аласа таулы дала аймағы  орын алады. Бұл аймақта таудың топырақ климат жағдайларына тигiзетiн әcepi үлкен. Ауадан түсе­тін ылғал мөлшерi 500-800 миллиметрге жетедi. Ылғал көп түсетiндiктен шөптер жақсы өседi. Топырақты да құнарлы қ.ара қоңыр және қара топырақ. Бұл суарылмайтын eгicтiктep аймағы. Көбiнесе дәндi дақыл егiледi. Мал азығындағы шөптер де көп орын алған. Егiншiлiктiң дамуына жер бедерi ыңғайсыз, сондықтан көп жерлерi жа­йылым, шабындық, ретiнде пайдаланылады. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемic ағаштары, бұталар көп тараған.

Информация о работе Биогенді элементтер