Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:42, дипломная работа

Описание

Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

айтоща.docx

— 43.04 Кб (Скачать документ)

 Сабақта ойын технологиясымен  оқыту шеңберін жүзеге асыруға  негізделген негізгі міндеттер:

-өздік жұмыстың дағдысын  дамыту мен бекіту

-жағымды ойлай білу  ептілігі

-өзара әрекет етуді  ұйымдастыру

- шешімді қабылдау және  оның орындалуын ұйымдастыру

 Ойын технологиясының  оқытудың сатылары:

1. Ойынға кіріспе: берілген  ойынның мазмұнын анықтау, алынған  ақпаратты талдау, ойын топтарын  құру, рөлдерді бөлу

2. Баяндалған дайын обектіні  құрастыру: топтардағы рөлдік  қатынас, форматтық баяндалған  объектіні оқып білу

3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған  жобаларды талқыға салу

4. Ұсынылған жобаларды  экспериментальды жүзеге асыру:  ойыншы әрекеттері мен жобаларды  бағалау, ойындарды талдау.[6]

 

ІІ. Биология сабағында ойын технологиясының пайдаланылуы

2.1 Ойын элементтерінің  маңызы

 Ойын оқушының негізгі  іс-әрекеті ретінде психологиялық,  анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық  маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным  көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге  ие бола отырып, адамның жеке  тұлға ретінде қалыптасуына ықпал  етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын  жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко  былай деп жазды: «Бала өмірінде  ойынның маңызы зор, ересек  адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің  қандай маңызы болса, нақ сондай  маңызы бар. Бала ойында қандай  болса, өскен соң жұмыста да  көп жағынан сондай болады».  Сондықтан келешек қайраткерді  тәрбиелеу ең алдымен ойыннан  басталады.[1]

 Ойын өзінің тек  мазмұнымен оқушыларды бірден  жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа  психологиялық жағдайға әкеледі.  Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі  бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады.[14]

 Мұғалімнің міндеті-  ойын барысында балалар арасында  адамгершілік қарым-қатынастарды  талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен  басқару, балалардың достығын  қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада  анықталған білім, білік, дағдылар  жайында түсінік беру, оларды  қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау  немесе тексеру сипатында болып  келеді. Ойынның міндеті баланың  қызығушылығын оятып, белсенділігін  арттыру мақсатында іріктеліп  алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта  тиімді қолданылған ойын түрлері  мұғалімнің түсіндіріп отырған  материалын оқушылардың аса зор  ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне  әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын  болады.

 Ойындар оқушыларды  өз бетінше жұмыс істей білуге  дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік  қорларын молайтады. Ойынды қолдану  сынып оқушыларының пәнге деген  қызығушылығын арттырады, белсенділік  танытып, материалды қажетті деңгейде  игеруіне ықпал етеді. Ойындар  мазмұны баланы қызықтыра алатындай  құнды болуы керек. Ойын әрекеті  сабақта игерілген білім, білік,  дағдыға сүйене отырып оқушылардың  өзіне және басқаға сын көзбен  қарап, тиімді шешім қабылдауына  мүмкіндік туғызады. Ең бастысы  әлеуметтік психологиялық талаптардың  бірі – шынайы қарым-қатынас  практикасы мен ойынның логикалық  үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары  түрлерін таңдап алу, оны жүргізу  мұғалімнен үлкен шығармашылық  ізденісті талап етеді.[4]

 Ойын – баланың қажетті  әрекетінің бірі ойынды кіші  жастағы балалардың табиғаты  керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын  арқылы оқушы білім алуға, оқуға  қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын  қалыптастыруға болады.[1] Жалпы,  биология сабағында қолданылатын  ойын түрлері оқушылардың биологиялық  ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін  арттырып, ойлау дағдыларын шыңдай  түсетіні белгілі. Биология сабағында  қазақтың ұлттық ойындары қолданылады.  Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек»  ойыны белгісіз санды табуға  арналған ойын. Ойынға толық сынып  қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың  орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр.  Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол  ұтады. Өтілген тақырыптардағы  сабақ материалына лайықталған  ойын есептерін алып, тек ғана  оқушының орындай алатын іс  – әрекетімен шектелу жеткіліксіз.  Мұндай ойынды ұйымдастырудың  және басқарудың сипаты мен  жолдары және жолдары және  оларды қолданудың тиімді бөліктері  жан-жақты ойластырылуы керек.  Ойын үрдісінде балалардың білімі  тереңдей түседі, осыған дейінгі  білімдері мен түсініктері баянды  болып жаңа білім игеріледі.

 Жалпы білім беретін  мектептердің жоғары сыныптары  оқушыларының ой-өрісін дамытатын  «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық  мақсаты: берілген мысалды тақтаға  шығарып, сақинаны өзі қалаған  оқушыға салады. Ойын осылайша  жылдам түрде жалғасады. Ойынды  басқара жүріп, мұғалім оқушының  жеке басының ерекшелігіне, оның  санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына  ықпал жасайды.

 Ойын – адамның өміртанымының  алғашқы қадамы деп білеміз.  Оның басты ерекшелігі баланың  ойлау қабілетін жетілдіру болып  табылады. Ойында балалар әр нәрсеге  жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. [1]

 Ойын – оқушылардың  негізгі іс – әрекетінің бір  түрі. Ойын барысында оқушыныңның  жеке басының қасиеттері қалыптасады.  Мысалы: кіші мектеп жасындағы  балаларды көргендерін, байқағандарын,  айналасынан естігендерін ойын  кезінде қолданалытанын байқау  қиын емес. Ойын айналадағы болмысты  бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің  күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге  мүмкіндік алады, адамдармен араласуға  үйренеді. .[15]

2.2 Дидактикалық ойындар

 Мектеп оқушыларының  мектепке келгенге дейінгі әрекеті  ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде  олар біртіндеп ойын әрекетінен  оқу (таным) әрекетіне бейімделуі  тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын  дидактикалық ойындар арқылы  жүзеге асырылады. Ойын баланың  сабаққа ынтасын аударуға, көңіл  қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын  жеңілдетуге, білімді толық игеруіне  көмектеседі. Ойынның түрлері  өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.

 Сабақта ойын элементерін  пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады.  Теорияны практикамен ұштастыруға  жол ашады. Алайда ойынды үнемі  оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ  уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі  бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей  жымдасып жатуы тиіс.[9]

 Оқушылардың қызығушылығын  арттырудың бір көзі–биологиялық  ойын элементтерін қолдану деп  ойлаймын. Меңің ойымша, биологиялық  ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың  ең қызықтысы. Ойынның қандай  түрі болса да балаларды өзіне  тартады. Мен сабақта қолданған  әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге  тырысамын. Оқушыларға сұрақты  қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше  ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп  отырамын.

 Биология сабақтарында  халық ойындарын дидактикалық  материал ретінде қолданып сабақ  өткізу өте пайдалы.

 Мысалы: «Көрші-көрші»  ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда  екі топ өздері үйде дайындаған  жұмыстарымен бір-бірімен алмасып  көрсетіп, бір бірін бағалайды.

 Мұндай ойынды әр  түрлі тақырыптарда өткізуге  болады, өткізу арқылы қай оқушының  тақырыпты меңгере алмағанын  және қай жерден үнемі қате  жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін  оқушыларға білетін оқушылардың  түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге  болады.

 Алайда, ойын арқылы  тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің  мақсаттарына жету үшін пайдалану  орынды. Оқушыныңның қуанышы мен  реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық  ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі  артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял  елестері дамиды, мұның бәрі оқушының  жан-дүниесіне әсер етіп, оның  рухани адамгершілік сезімінің  дамуына ықпалын тигізеді.

 Сыныптарда мынадай  дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: биологиялық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтар.

8 сыныпқа «Қан. Қанның  маңызы. Эритроциттер» тақырыбына  мынадай ойын түрлерін өткіздім. Бұл сабағымның мақсаты: Қан,  қанның маңызы туралы түсінік  беріп, алған білімдерін өздігінен  оқып меңгеруге ықпал ету. Жаңа  сабақ интерактивті тақтадан  адам мен машинаны салыстыру  арқылы, яғни, оқушыларға адамға  ең қажетті мүше қандай болса  машина үшін маңызды бөлшек  деген синтуациялық сұрақтар  қойылады. Сонымен оқушылар біздің  ағза үшін ең маңыздысы –  ағза сұйықтық ортасы – қан.  Жаңа сабақ оқушыларға интерактивті  тақтамен меңгертіледі. Көрнекілік  ретінде малибу конфеті (эритроциттер) пайдаландым.

 

Ойынның түрі: «Жарыс сабақ»

 Сабақ мынадай кезеңдерден  тұрады:

 І кезең –«Ақсерек-көксерек»  ойыны (сыныпты топқа бөліп,  әр топ бір-біріне сұрақтар  қойып, сұрақтар арқылы үй тапсырмасын  сұрау)

 ІІ кезең – Жаңа  сабақ

 ІІІ кезең – «Алтын  қақпа» ойыны (бұл ойында оқушылардың  жаңа тақырыпты қалай меңгергенін  анықтау )

VІ кезең – Бағалау

VІІ кезең – Үйге  тапсырма беру

 Сабақ барысы:

1. Сынып оқушыларын «Эритроциттер»  және «Лейкоциттер» болып екі  топқа бөлініп жарысатындығын  түсіндірдім.

2. «Ақсерек- көксерек» ойыны.  Әр топ бір-біріне сұрақтар  қойып, жауап алады.

 І топ – ІІ топқа:

 • Организмнің ішкі  ортасы деп ……….айтады.

 • Адамда ……. қан  тобы бар.

 • Тегершік пішінді  қан жасушасы …….. деп аталады.

 • Қан қабылдаушы  адамды ……. атайды.

 ІІ топ – І топқа:

 • …………. – өкпе  мен ұлпалардың арасында газ  алмасу процесін қамтамасыз етеді.

 • ………. – қан  ағзаның тұрақты дене қызуын  сақтайды.

 • …………. – қанның  құрамында фагоцит қабілеті бар  жасушалар болады және арнайы  белоктар – антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне  кедергі жасайды да олардың  бөліп шығарады.

 Жаңа сабақ

 Қан – біздің ағзамыздағы  ең тамаша ұлпалардың бірі. Мемлекет  үлкен транспорт жолдарынсыз  қалай елестеуге болмаса, адамды, жануарларды да қансыз елестету  мүмкін емес. Өйткені қан бүкіл  ағзаға оттегін, қоректік заттарды, суды тасымалдайды.

 Қан –дәнекер ұлпасының  бір түрі. Ол адамның ішкі ағзасын  толтырып тұратын үш сұйықтықтың  біреуі. Қан, жасушаларға оттегін  қоректік заттар жеткізу. СО2 және  ыдырау өнімдерін сыртқа шығару  қызметін атқарады.Сонымен қатар  жылуды реттейді. 23 секундта қан  денені бір рет айналып шығады. Сонымен бірге қан қорғаныш, тасымалдау /гормондар/ қызметін де атқарады.

 

Ішкі ортаның

 ерекшеліктері Қан  Ұлпа сұйықтығы Лимфа

1. Мөлшері 4,5–5 л 20 л  1–3 л

2. Түсі Қызыл Сарғыш  Ақшыл-сары

3. Ұлпасы Дәнекер Дәнекер  Дәнекер

4. Құрамы а) Қан плазмасы  – 55%

 ә) Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)

 – 45% Қан плазмасына  ұқсас. Құрамында нәруыз аз, лимфоциттер,  лейкоциттер бар Қан плазмасына  ұқсас, құрамында нәруыз өте  аз. Лимфоциттері бар

5.Түзілетін

 орны Сүйектердің кемік  майында, көкбауырда, лимфа түйіндерінде  түзіледі Қанның құрамынан бөлініп  жасушаларды қоршап жатады Ұлпа  сұйықтығынан бөлінеді

6.Атқаратын қызметі Тасымалдау, тынысалу, қоректік, зәр шығару, жылу  реттеу, ішкі ортаның тұрақтылығын  қамтамасыз ету Капилляр қантамырларын  жасушалармен байланыстырып, заттар  мен газ алмасуды реттейді  Судың таралуын реттеу, қорғаныштық,  ұлпа сұйықтығын реттеу,

7.Айырмашылығы Тұйық шеңбер  түрінде жүректен мүшелерге, мүшелерден  жүрекке қарай ағып тұрады  Аздаған мөлшері капилляр тамырларындағы  қанға қайта қосылады Мүшелерден  жүрекке қарай бір бағытта  өте баяу ағады

 Қасиеті : Қанның ең  керемет қасиетінің бірі –  ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі. Тромб-фибрин ақуызынан түзілген. Ұю Са / кальций/ тұздарының қатысуымен  жүреді

 

қорғаныш тасымалдау

 

қоректену тыныс алу

 

жылу рет гуморальді реттеу

 

Қанның құрамы

 

55-60 % плазма 40- 45 % қан жасушалары

 

Сарысу Фибриоген 1. Эритроцит  – 100-120 күн /500 00

2. Лейкоцит – 1-7 күн  /4-8 мың

3. Тромбоцит 5-8 күн /200-400 000.

 

ТРОМБ + Са2+ қанның ұюы

 

ҚАНТОБЫ Егу Сарысу

 ІІ

 Жасанды

 

І ІҮ ИММУНИТЕТ

 

ІІІ Табиғи

 

Туа п.б. Жүре п.б.

 

Донор реципиент.

 

Жасушалық иммунитет: – «антиген», «ангитела

 

3. «Алтын қақпа» ойыны.

 

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

 Тоқысаң жалықтыра  қоймайтұғын,

 Ғылымдар патшасы боп  дараланып,

 Биология – қызыққа  тоймайтұғын- деп, биологияға  осылай баға беріледі. Ойын барысында  үш қақпа ашылады. Әр қақпада  тапсырмалар беріледі. Ол қақпалар  ашылған сайын тапсырмалар күрделене  түседі. Осы ойын арқылы оқушылардың  білімдерін тексеремін. Сабақта  білімімдерін ортаға салып, тапсырмаларды  мүлткісіз орындатып, сандықтағы  сыйлықты алуға тырысады.

 

І. Тас қақпа тапсырмасы:

 Сөзжұмбақ шешу: І топқа:

 

Сөзжұмбақтың сұрағы:

1. Организмдегі ішкі сұйық  ортаның бірі. (Қан)

2. Қан ұлпалар мен мүшелерге  қоректік заттарды, суды минералды  тұздарды және дәрумендерді тасымалдайды. (Асқорыту)

Информация о работе Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру