Ауыл шаруашылық кәсіпорыдарының рентабелділігін анықтау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:51, реферат

Описание

Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын дамытуды, келешекте жеделдетудің маңызды проблемаларының бірі – сала тиімділігін арттыру.
Өндіріс тиімділігі – экономикалық заңдылықтардың жүзеге асырылуы мен кәсіпорын қызметінің маңызды жағы – оның нәтижелілігі бейнеленетін күрделі экономикалық категория.
Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін сипатттау үшін натуралды және құндық көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Натуралды тиімділік көрсеткіштеріне өсімдік және мал шаруашылығының өнімділігі жатады. Натуралды көрсеткіштер құндық көрсеткіштерді есептеу үшін баға (негіз) болып табылады.: жалпы және тауарлы өнім, жалпы және таза табыс, пайда мен өндірістің табыстылығы.

Работа состоит из  1 файл

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері.docx

— 37.06 Кб (Скачать документ)

 

мұндағы   Ко – негізгі қордың орташа жылдық құны,

                  Коб – айналым қордың орташа жылдық құны.

Бұл көрсеткіш  өндіріс қорларының (негізгі және айналым) бірлігінен алынған таза табыс мөлшерін сипаттайды.

Ресустарды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштеріне: жер қайтарымы, қор сыйымдылығы және т.б. жатады.

Қорытындылаушыға  – ресурстар қайтарымы, өзіндік құн, материал сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, рентабельділік деңгейі жатады. Жеке көрсеткіштердің ішінде ең бастысы – еңбек өнімділігі.

Еңбек өнімділігі  - азықтың шамасы ның жанды еңбек шығындарына қатынасы.

Жалпы өнімнің нақты және ақшалай көріністегі көлемінің сипатталуы келесі түрде болады:

 ЕӨ  = ЖӨ / Т                                                     ( 14  )

 

Орташа жылдық 1 жұмысшыға есептелінген жалпы өнім көлемінің ақшалай бағалануы:

 ЕӨ  = ЖӨ / Р                                                      ( 15 )

 

Еңбек өнімділігінің  негізгі көрсеткіштерін атап көрсетіп кетейік:

1) ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігі – 1 адам/сағат есептегендегі жалпы өнім. Бір өнімге өнімнің еңбек сыйымдылығынан (Өес) жұмыс уақытының шығындарын алып тастайық :

 

Өес  = Т / ЖӨ                                                       ( 16 )

 

2)  қор  қайтарымы, қор сыйымдылығы;

3) материал  қайтарылымы, материал сыйымдылығы.

Егерде біз ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижесінен есептеу кезінде жерді өндірістің басты құралы ретінде, маңызды екенін ескермесек жөн болмас еді.

Бұдан жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін есепке алудың қажеттігі туындайды.

Ең бастысы-жер қайтарымы (ЖҚ) :

 

    ЖҚ  = ЖӨ / Қж                                                                                 ( 17 )

 

мұндағы  ЖӨ - ауыл шаруашылығндағы жалпы өнім;

    Қж – жер ресурстарының құны.

Жер сыйымдылығы (Жс) – жер қайтарымына қатысты кері көрсеткіш:

 

Жс = Қж / ЖӨ                                                            ( 18 )

 

Сонымен қатар барлық нәтижелі, қорытындылаушы көрсеткіштерді жер көлемінің бірлігіне есептеуге болады. Мысалы, жалпы, тауарлық өнімнің көлемі, жалпы табыс, таза табыс т.б. Жерді тиімді пайдаланудың натуралды көрсеткіштерінің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, өсімдік шаруашылығының негізгі өнім  түрлерін өндіру (астық, қант қызылшасы, картоп т.б.) 100 га жыртылған жерге, центнермен  есептегенде, сүтті ірі қара мал етін, қой етін тірі салмақпен өндіру , 100 га ауылшаруашылығына есептегендегі жүн, ц; 100 га жыртылған жерге  тірі салмақпен есептегенде шошқа еті, ц; құс етін өндіру, ц; жұмыртқа, мың дана; 100 га астық дақылдары егілген жерге есептелінген.

Күріш өндірудің өзіндік құны - өндіріске жұмсалған шығындармен жалпы өндіріс көлемі. Өзіндік құнды мына жағдайда төмендетуге болады:

    1. Егер жалпы өнімнің белгілі бір көлеміне өндірістік шығындардың сомасы азаятын болса;
    2. Егер шығындардың белгілі бір көлеміне өндірілетін жалпы өнімнің массасы көбейетін болса;
    3. Жалпы өнімді шығындардың көлемі шығындардың көлемінің өсуінен көбірек дәрежеде өссе.

Экономиканың  нарыққа көшкен жағдайында баға белгілеу маңызды рөл атқарады, нарықтық тетіктерді игеру мен пайдалану мүмкін болады. Баға– сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетін бағдарлайтын ақпарат береді.


Информация о работе Ауыл шаруашылық кәсіпорыдарының рентабелділігін анықтау әдістемесі