Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:23, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

Работа состоит из  1 файл

диплом акбота оригинал.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

    Төменде көрсетілмегендерді қоспағанда, заңды тұлғалардан, филиалдары мен окілдіктерімен алым жиырма айлық есептік көрсеткішті;

  1. бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерден, қазыналық кәсіпорындардан және үй-жай (пәтер) иелері кооперативтерңнен, олардын филиалдары мен өкілдіктерінен алым бір айлық есептәк көрсеткішті;
  2. балалар мен жастардын қоғамдық бірлестіктерімен, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен олардың филиалдары мен өкілдіктерінен, алым екі айлық есептік көрсеткішті;
  3. шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен, алым бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

   Алымды есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңдарға баса назар аударып отыру қажет.

   Заңды тұлғаны  тіркеуден өткізу барысында ұсынылатын  құжаттардың бірі – арыз. Арыз Қазақстан Республикасы Әділет министрінінң бұйрығымен бекітілген үлгіге сай болуы тиіс(№1-қосымша).

   Арызбен қатар  заңды тұлғалар әділет органдарында  мемлекеттік тіркеуден өту үшін  Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу туралы Ереженің 1-қосымшасында  көрсетілген келесі құжаттарды ұсынулары керек:

  1. акционерлік қоғам: жарғы, құрылтай жиналысының хаттамасы, тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
  2. мемлекеттік кәсіпорын: жарғы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқару органының кәсіпорынды құру туралы шешімі, тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
  3. мемлекеттік мекеме: мемлекеттік мекемені құру туралы шешім, ереже (жарғы), тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
  4. тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі: жарғы, тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі (тұрғын үй-құрылыс және тұрғын үй кооперативтері кооператив мүшелерінің фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрған жері туралы мәліметтер бар тізімді ұсынады);
  5. сенім серіктестігі: егер өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырмайтын болса, жарғы, құрылтай шарт, тұрған жерін растайтын құжат (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа), тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек төлем тапсырмасының көшірмесі;
  6. үй (пәтер) иелерінің кооперативтері немесе: кондоминиум объектісіндегі үй иелері құрылтай жиналысының хаттамасы, жарғы; кондоминиум объектісін тіркеу туралы мемлекеттік акт, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;

адвокаттар алқасы: адвокаттар алқасының мүшелерінің жалпы жиналысымен (конференция) бекітілген жарғы, тұрған жерін растайтын құжат; тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;

  1. нотариалдық палата: жарғы, тұрған жерін растайтын құжат; тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
  2. қоғамдық қор: жарғы, құрылтай шарты (құрылтайшысы бір адамнан көп болғанда), тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесін;
  3. қоғамдық бірлестік: құрылтай съезінде (конференцияда, жиналысында)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    қабылданған жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, оған съезд (конференция, жиналыс) төрағасы және хатшы қол қояды, тегі, аты, әкесінің аты, туған    күні, айы, жылы, мекен жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің басқарушы азаматтарының тізімі, қоғамдықтіктің басқарушы органының тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі (саяси партияларды тіркегенде қосымша ұсынылады; партия бағдарламасы, партия мүшесінің әрқайсысының тегін, атын, әкесінің атын, туған айы мен жылын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін, тұрған жерінің мекен жайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәні бар қаладағы және селолардағы әрбір құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдар мен өкілдіктерінің) кемінде жеті жүз мүшесі бар, құрамында кемінде елу мың партия мүшесі бар партия мүшелерінің тізімі);

11)заңды  тұлғалардың  қауымдастық (одақ) нысананындағы  бірлестігі: бірлестіктің барлық  құрылтайшылары қолын қойған  құрылтай шарты, тұрған жерін  растайтын құжат, тіркеу үшін  алым төленгені туралы түбіртек  немесе төлем тапсыпмасының көшірмесі;

12) ауылдық тұтыну коопнратаві: құрылтайжиналысының хаттамасы, жарғы, тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу ушін алым төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі, азаматтар үшін-тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, заңды тұлғалар үшін-атауы, тұрған жері, тіркеу нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген жарна салушылардын тізімі;

13) аудиторлық палата: жиналыс хаттамасы, жарғы, тұрған  жерін растайтын құжат, тәркеу  үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тмпсырмасының көшірмесі;

14) толық серіктестік:  егер өз қызметтін үлгі жарғы  негізінде жүзеге асырмайтын  болса, жарғы, құрылтайшылық шарт, тұрған жерін растайтын құжат  (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен  басқа), тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;

15) өндірістік кооператив: егер өз қызметтің үлгі жарғы  негізінде жүзеге асырмайтын  болса, жарғы, құрылтайшылық шарт (құрылтайшылар қалауы бойынша), тұрған жерін растайтын құжат  (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа), тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі (егер өндірістік кооператив құру барысында құрылтай шарты бекітілмесе, онда тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрақты мекен-жайы көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі тіркеуші органға ұсынылуға тиіс);

16) тұтыну кооперативі:  жарғы, тұрған жерін растайтын   құжат, тіркеу үшін алым төленгені  туралы түбіртек немесе төлем  тапсырмасының көшірмесі (тұтыну  кооперативі кооператив мүшелерінің фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрған жері (азаматтар үшін), тұрған жері туралы, банк реквизиті және мемлекет тіркеу туралы мәліметтер бар (заңды тұлға үшін) тізімді ұсынады);

 17) діни бірлестік: құрылтай съезінде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы, жарғыны қабылданған жиналыстын (конференцияның, съездің, құрылтайдын) нөмірленген, тігілген хаттамасы, оған уікілетті тұлға қол қояды, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қол танбасы көрсетілген қоғамдық бірлестіктін бастаушы азаматтарының тізімі, тегі, аты, әкесінің аты, саялаулы қызметі, туған жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, қоғамдық бірлестіктің басқарушы органы мүшелерінің тізімі, турған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі (республика шеңберінен тыс басқарушы орталығы бар діни бірлестіктер қосымша қазақ немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәлдарылған шетел орталығының жарғысының көшірмесі, діни орталық өз елінің заңдры бойынша заңды тұлға болып табылатындығвн растайтын қазақ немесе орыс тіліне аударылған, нотариялды куәландырылған тізілім көшірмесі немесе басқа құжат ұсынады);

18) жауапкершілігі шектеулі серіктестік: егер өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырмайтын болса, жарғы, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесе;

19) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік: егер өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырмайтын болса, жарғы, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі (мына жағдайда, егер серіктестік құрылтайшылары өз қызметін серіктестіктің үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдаған болса, серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны ұсыну талап етілмейді. Осы жағдайда арызға барлық құрылтайшылар қол қояды, қолдапрдын растығы нотариалды куәландырылады);

20) мекеме: мекемені құру  туралы меншік иесі шешімі; ереже  (жарғы), құрылтайшылық шарт немесе  басқа да келісім (құрылтайшысы  бірден көп

болған жағдайда); тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі [8].

   Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу құжаттар  ұсынылған күннен бастап он  бес күн  қоғамдық бірлестіктер  үшін он күн ішінде жүргізілуі керек.

   Заңды тұлғаны  мемелекеттік тіркеуден, егер  заңды тұлға құрудың заңмен белгіленген тәртәбі бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген немесе құрылтайшыда-заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек болған немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ретте монополияға қарсы оргоан келіспеген жағдайларда, бас тартылады. Бұл ретте тқленген тіркеу алымы қайтарылуға жатпайды.

   Ұсынылған қажетті  құжаттардың Қазақстан Республикасы  заңдарына сәйкестігін тексеру  нәтижелері бойынша тіркеуші  орган жаңадан құрылған заңды  тұлғаға мемлекеттік тіркеу туралы  куәлік береді.

 

                        

2.2 Заңды тұлғаларды қайта құру нысандары   

 

 

   Азаматтық кодекстің  42-бабының :6-тармағына сәйкес, заңды  тұлғалар: жарғылық капиталының  мөлшері азайғанда; атауы өзгергенде; шаруашылық серіктерістігіндегі  қатысушылардың сандары өзгергенде (жүз және одан да көп қатысушысы  бар шаруашылық серіктестерін қоспағанда) қайта тіркелуге тиәс.

   Сонымен, заңды  тұлғаны қайта құру дегенеміз-тіркеуден  өткен заңды тұлғаны әрекет  етуші актілерінінң талаптарына  сай келтіру.

   Заң актілерінде  көзделген жағдайларда заңды  тұлға қайта тіркеуден өткізу  туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтініш беруге міндетті. Бұл орайда тіркеуші органға мынандай құжаттар табыс етіледі: заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкілетті органның шешімі не шешімінен еңгілілінді, заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер еңгізілген құрылтай құжаттарды, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенің растайтын құжат.

   Заң актілері  бойынша басқа да құжаттар  талап етілуі мүмкін. Соңғы заңнамадағы өзгерістерге байланысты акционерлері жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін: қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердің жалпы жиналысы уәкілдік берген адам қол қойған серіктестікті құру туралы өтініш; серіктестіктің жарғысы; қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердің жалпы жиналысы уәкілдік берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тізілімміндегі деректкр негізінде жасалған серіктестікке қатысушылар тізімі табыс етілуге тиіс.  

   Нарық жағдайына көшу барысында экономиканың бір саласында құлдырау байқалған болса, басқа салалары өркендеп жатады. Осы жағдайларда заңды тұлғалардың қайта құрылуы, яғни біреуінің тоқталып, басқасының туындауы қиын мәселеге айналады.

   Кәсіпкерлер өздерінің  капитал салымдарын қорғауына және мұршасы келгенше көбейтуге әрекет жасауы қызметтін жалғастырып жатқан заңды тұлғаларды түрлендіру туралы шешім қабылдауға шақырады. Біздің мелекетімізді қолданыиағы корпоративтік заңдар осындай рәсімдерге қатысушылардың барлығына мұндай жоспарларды нақты тиімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексінің 45-бабының  2-тармағына сай заңды тұлғаларды  қайта құру ерікті түрде немесе  ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заңды тұлғаны ерікті қайта құру оның млкінің меншіктенушісінің немесе құрылтай құжаттарына сай қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлға органының шешімі бойынша жүзеге асады. Заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім әдетте осы органның жоғары органымен, яғни қатысушылардың жалпы жиналысымен қабылданады. Мысалы, АК-тің 93-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы мүмкін.

   Заңды тұлғалардың  ықтиярсыз, яғни еркінен тыс  қайта құрылуына заң актілерінде кқзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жол беріледі. «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес коммерциялық банк мәжбүрлі түрде Ұлттық Банк шешімінің негізіндн қайта ұйымдастырылуы мүмкін. Банктің ерікті түрде құрылуына Ұлттық Банк рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысы шешімі негізінде жол беріледі [9].

   Ықтиярсыз тәртіппен қайта құру бөлу, бөліп шығару және өзгерту нысанында жүзеге асуы мүмкін.

   Егер заңды  тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеу үшін негіз болады (Азаматтық кодекстің 45-б. 3-т.).

Информация о работе Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері