Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері

Автор работы: x******************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 18:10, доклад

Описание

Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері.docx

— 35.54 Кб (Скачать документ)

      Парламенттің  рөлі мен мәртебесі өсті, бұл, сөзсіз, қабылданатын заңдардың сапасын  арттырады, Парламенттің заң шығармашылық қызметіне тиімді әсер етеді.

      Бұдан басқа, бір қатар басқа түзетулер  саяси жүйенің тиімді қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

    Қортындылай келе, мемлекеттік қызметінің сапасын  көтеруге, азаматтық қоғаммен мемлекет арасындағы өзара ықпалдастығын  нығайту, халықтың әлеуметтік және құқықтық қорғалуына бағытталған Қазақстандағы  жүргізіліп жатқан реформалар қоғамдағы  ішкі тұрақтылық пен келісімді сақтайды, бұған біздің Конституциямыз толық  мүмкіндік туғызады.  

    Қазақстандағы азаматтық қоғам  қалыптасуының ерекшеліктері 

    Адам  қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері  қандай -бұл туралы бір қорытынды  пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті  ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама  берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси  қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл  бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: «Қоғам — адамдардың өзара еңбек жасауының одағы».- дейді.

    Қоғамдық  мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша  емес, түпкілікті, нақты, объективтік  мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам - саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай  қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер  еді. Адам - қоғамның бірінші клеткасы. Қоғам - адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам  дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару  керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».

    Қоғамның  тарихи объективтік қалыптасқан  негізгі белгілері:

    - саналы  адамдардың ерікті түрде бірлесіп  одақ құруы;

    - қоғамдық  түпкілікті, нақты, объективтік мүдде  мақсаттың қалыптасуы;

    - адамдардың  өзара ынтымақтастығының,  бірлігінің  қалыптасуы;

    - қоғамдық  мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды  реттеп - басқару;

    - қоғамды  басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын  аппараттың, мемлекеттік биліктің  өмірге келуі.

    Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір  мақсатты орындау үшін саналы түрде  өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде  екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың  қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

    Адамның объективтік тарихи даму процесіне  және күнделікті қарым-қатынасында  қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың  ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі — адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа  түрлері тез құрылып, тез тарап  жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

    Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық  құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

    Қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда    азаматтық    қоғамның қалыптасу  ерекшеліктері: кеңестік мейлінше  мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам   мен   мемлекеттің   ара   қатынасын   тәуелсіз - дербестікте  дамыту.

    Республика  Конституциясы Казақстандағы қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы — онда «Қоғам» бөлімнің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның  автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік  меншікпен жеке меншікті (6-баптың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең  ауқымды және біртұтас кешенін (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әралуандылықты (5-бап) және тағы басқа  Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды  ерікті дамытудың алғы шарттарын  жатқызуға болады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл  бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты. 
     

    Қазақстанда құқықтық мемлекет құру 

    Құқықтық  мемлекеттің бастаулары мен белгілері

    Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары —  барынша ескі идеялар, оның негізін  салушылар деп заңды түрде  ежелгі грек философтары Платон, Аристотельдер  есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес проблемасы айрықша  маңызға феодализм және авторитарлық және тоталитарлық режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде  ие болды. Құқықтық мемлекет идеяларын  дамытуға И.Кант, В.Гегель сияқты ойшыл-философтар барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің  философиялық негізін қалады. Канттың  ойы бойынша, «мемлекет — құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі». Жан-Жак Руссо, оның ой-толғамдары да құқықтық мемлекет негіздеріне жатады, мемлекет «қоғамдық келісім» нәтижесінде  пайда болады деген идеяны негіздеп шығарды, өйткені халық ортақ істерді және әрбір тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда болуының объективті қа-жеттілігін түсінеді.

    Құқықтық  мемлекет теориясындағы аса маңызды  мәселелердің бірі - биліктерді бөлу қағидатын  құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье  болып табылады. Ш.Монтаскье: «Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін  өзара ұстап тұратын тәртіптер  жүйесі қажет» деп дәлелдеді.

    Г.Едлинек  құқық және заңның үстемдігі идеясын  алдыға тарта оты-рып, сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын  ұсынды. Орыс заңгерлері Н.М.Коркунов, П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.

    Жоғарыда  айтылған идеялар негізінде кейінде  төмендегідей белгілерімен ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:

    Өркениеттің тұрақты дамуының кепілі ретіндегі  азаматтық қоғам-ның — автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің өмір сүруіне  қажетті жағдайдың болуы.

      Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:

    а) мемлекеттің  құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,

    ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді  білдіреді.

      Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде  билікті бөлу қағидатын іске асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді  емес мынадай биліктер болуы тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа  тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тұлғаның немесе адамдар  тобының қолында жинақталып қалуына  жол бермеу, сөйтіп тирандық және авторитаризмнің  алдын алумен негізделеді.

    Заңның  үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл  жоғары заң күшіне ие және мемлекеттің  нормативтік құқықтық актілерін  құрайтын Конституция негізгі заң  болуы тиіс дегенді білдіреді.

      Құқықтық  мемлекетте сот әділеттің және шынайы сот төрелігінің салтанат құратын  органы болуы керек. Сот— қандай да бір ықпалдан тәуелсіз қорғау және бұзылған құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін орган.

    Құқықтық  мемлекеттің негізі — тұлғаның бостандығының, оның құқықтары мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және кепілділігі.

      Сөйтіп, құқықтық мемлекет — бұқаралық билікті  жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық  және заңның үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.

    Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев  болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің  қағидаттарын құру мәселесі бойынша  бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың біразы күні бүгінге дейін  өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік  егемендік позициясын жақтады, адамдарды  ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы  формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан мұра боп  қалған заңдардың жиынтығын - Қасым  салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын»  білу қажет». Демократияның маңызды  бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып  жатыр. Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды: «білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру керек».

      Құқықтық  мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы  және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің  жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан  Республикасының ең қымбат қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары мен  бостандықтары деп жариялады. Бұл  ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.

      Құқықтық  мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік  билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып  табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында  қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік  егемендігі туралы» декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін  реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында  Республикада мемлекеттік билік  заң шығарушы, атқарушы және сот  билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген. Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.

      Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі  құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің  белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі  қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде  бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады.

      Конституциялық  кеңес заңдар және басқа да нормативтік  актілерді, егер олар Конституцияға  қайшы келетін болса, Конституцияға  сәйкес келмейді деп тануға құқылы.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы  адам, оның құқықтары мен бостандықтары  ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа  да кепілдіктердің нақтылы жүйесін  құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде  баршаның заң мен сот алдындағы  теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері