Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 09:40, реферат

Описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады

Содержание

1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Работа состоит из  1 файл

Zarina3.doc

— 241.50 Кб (Скачать документ)

 

Бақылау мен талқылау сұрақтары

1.      «Меншік» түсінігінің заңдық және экономикалық мәнін ашып көрсетіңіздер.

2.      Неге өтпелі кезеңде меншік қатнастарын реформалау қажет?

3.      Мемлекеттен алу жекешелендіруден немен ерекшеленеді?

4.      Қазақстандағы жекешелендіру үдерісінің мәнін ашып көрсетіңіздер.

5.      Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдаудың жүйесі қандай?

 

 

3-ТАҚЫРЫП

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТРУ НЕГІЗДЕРІ

Жоспар

1.     Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрлымы және оның қызметі туралы.

2.     Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы.

3.     Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістерң.

4.     ЭМР-ді пайдаланудың шетелдік тәжірибесінің ерешеліктері.

   1-сұрақ. Біздің мемлекеттің Конституциясында : «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады»,- деп атап көрсетілген.

   Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:

     республиканың  мемлекеттілігін;

     басқару нысанын;

     мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерді өзара қатнастарының тәсілдерін;

     адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.

    Мемлекеттік құрлығы құрлымында мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық (ҚР Конституциясы 3-бап) бөлулер деп бар екенін атап өтеді.

    Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі Конституцияда анық бөлініп көрсетілген.

    Қазақстан Республикасының Президентті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президентті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтармен жалпы, тең және тікелей сайлау құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы»                  1-сурутте көрсетілген.

    Суретте экономикалық дамуға жауапты биліктің үш бұтағы белгіленген.

1-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы

    Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган, сенат пен мәжілістен тұратын парламент болып табылады.

    Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізгі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.

    Үкімет республикада атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президент алдына жауапты, сондай-ақ парламент алдына жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканы дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.

    Премьер-министрдің мідетіне салалық министрліктер мен ведомстволарды басқару және бағыттау енеді.

   Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол жоғарғы сот және Конституциялық Кенесті жүзеге

асырады.

    Мемлекетті басқару органдары

тікелей президентке есеп береді,

оларды шартты түрде екі санатқа

бөлуге болады: елдің ұлттық қа –

уіпсіздігіне  жауап  беретін  ми –

нистрліктер мен ведомстолар және ұлттық экономиканы дамытуға жауапты ведомстволар.

    Нарықтық қатнастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту шаралары бойынша, басқару құрылымының ұйымдастыруын жетілдіру қажеттілігі туындайды.

    Мұны төмендегінің есебінен жүзеге асырады:

1.     Құрлымды ықшамдау.

2.     Қайталанатын қызметті жою.

3.     Артық штаттарды қысқарту.

4.     Барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару қызметін нақты шектеу.

5.     Республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен үйлестірілуі.

    Қазақстанда қазіргі уақытта он жеті министрлік, мемлекеттік комитеттер, сондай-ақ басқа да ведомстволар жұмыс істейді.

    Елдегі экономикалық жағдайға жауапты, маңызды органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне елдің экономикалық дамуына, келешекті болжау, индикативтік жоспар (кешенді ауыл шаруашылығы бағдарламасын дамыту), экономиканың кейбір маңызды бағыттарын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаға негізделген, құжаттарды әзірлеу бойынша қызмет жүктелген.

    Қаржы министрлігі елдің мемлекеттік бюджетінде оның әр түрін әзірлеу мен жүзеге асырууға жауап береді. Қаржы министрлігінде мемлекеттің бюжеттік қаржысынжандандыратын және іс жүзінде бөлетін Қазынашылық бар, ол бюжеттің кассалық орындалуына бақылау жүргізеді.

    Елдің Ұлттық банкіне елдегі ақша-кредит жүйесінің жағдайына, теңгенің бағамына, оның тұрақтылығына жауапкершілік жүктеледі, сонымен бірге, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ инфляция мәселесі де Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің құзыретіне енеді.

    Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да маңызды мәні бар – соған сәйкесті аймақта істің жағдайына жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) және атқарушы биліктер (әкімиаттар) жауапты. Алғашқысы жалпы мемлекеттік мүдденің есебінен және тұрғындардың қалауын білдіріп, оларды жүзеге асырудың шараларын белгілейді.  Екіншісі ат  –

қарушы  билікте  жалпы  мемлекеттік

саясатты жүргізуді қамтамасыз  етеді.

    2-сұрақ.  Мемлекеттік      реттеу

ғылыми негізделген тұжырымдамасыз

мүмкін емес.

    Тұжырымдама экономиканың басымдылығы мен мақсатын – дағы саясатқа негізделу тиісті (2-сурет).

 

2-сурет. Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

    2-суретте белгіленген байланыстар ЭМР-дің тұжырымдама– ларының мәнін ашып көрсетеді.

    ЭМР-ң тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құрылым–дық –инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.

    Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:

–       басымдық  мәсәлелері;

–       мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы.

Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз:

     болжау және стратегиялық

жаспарлау;

                 қаржылық-бюджеттік реттеу;

                 салықтық реттеу;

                 ақша-кредиттік реттеу;

                 бағалық реттеу;

                 кедендік-баж реттеуі;

                 нормативтік-трафиктік реттеу;

                 әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.

    3-сұрақ. Тақырыптың келесі сұрағына көше отырып, әлеумет–тік-экономикалық дамудың шешімін қабылдау барысында негізделуі көрсеткіштердің әдістерін атап өтеміз:

     экономиканың математикалық, құрылымдық-логикалық модельдері;

     келешектегі экономикалық көрсеткіштердің баланстық және факторлық әдістері;

     «мақсат ағашы» құралын пайдалаумен әлеуметтік-экономикалық дамуды мақсаты белгілеудің әдістерін әзірлеу;

     әлеуметтік-экономикалық даму түрлерінің оңтайлы әдістері және осы негізде мемлекет тарапынан басымды қалдау бағытын айқындау;

     салааралық баланс – келешектегі экономикалық салалық құрылымының негіздеме құрал ретінде;

     аймақаралық байланыстарды ұтымды қамтамасыз етудің баланстық әдісі.

    Экономикадағы баланс экономика арасында өзгермелі бай–ланыс орнатады. Олар екі немесе экономикалық (мемлекеттік бюджет, табыстар және тұрғындардың шығындары, сыртқы экономикалық баланс, төлем балансы және т.б.) көбірек бөлігінің теңдігін көрсететін кесте немесе теңдеу түрінде көрсетілген.

    4-сұрақ. ЭМР-дің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталамыз.

    Дамыған елдердегі шетел тәжіриебесі біз үшін тұжырымдама–лық негіздердегі анықтауда бағдар болып табылады, бірақ әлеуметтік-экономикалық дамуда шетел моделін біздің жағдаға абсолютті және өзгеріссіз көшіріп алу міндетті емес.

Бұл бірнеше себептерден мүмкін емес:

1.     Республика геосаяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этномәдени және басқа да ерекшеліктер–мен айрықшаланады.

2.     Қазақстан жағдайында директивтік-жоспарлы экономика–дан (ұқсастығы әлемде жоқ ) нарықта көшу үдерісі өтуде.

3.     Басқару мен шаруашылық жүргізу жүйесінде көп жағдайда негізгі өзгерістер тиісті негіздерсіз өтеді және «төңкерісшіл» сипатта болады, онда нарықтық экономикалы елдердегі мемлекеттік реттеу шаралары, олардың эволюциялық дамуының «өнімі» болып табылады.

Бақылау мен талқылау сұрақтары

1.      Елдің мемлекеттік органдарының құрылымы туралы айтып беріңіздер және олардың қызметін атап өтіңіздер .

2.      Қоғамдағы экономикалық үдерістерге жауапты, мемлекеттік органдардың қызметінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

3.      ЭМР-дің тұжырымдамасы неден құрылады?

4.      Әлеуметтік-экономикалық даму барысында қабылданған шешімдер кезіндегі көрсеткіштер негізделуінің әдісін атап өтіңіздер.

5.      ЭМР-дің шетелдік тәжіриебесі туралы (Қытай, Үндістан) әңгімелеңіздер.

 

 

 

 

4-ТАҚЫРЫП

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҒА МОНИТОРИНГІ

Жоспар.

1.     Монополиялар және мемлекеттік реттеу.

2.     Мемлекеттік монополияға қарсы саясаты. Монополистік тенденцияны зерттеу және қолайлы бәсекелестік ортаны құру.

3.     Баға саясаты және оларды мемлекеттік реттеудің тетіктері.

    1-сұрақ. Белгілі тезистерден бастайық.

    Нарық экономикасының басты қозғаушы күші – тауар өндірушілердің бәсекелестігі.

    Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың) тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) үшін күресі ретінде көрінеді.

    Егер жалпы бәсекелестік қатнастар туралы айтылса, онда бәсекелестік қатнастары кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шарушылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбір болады.

    Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылатынын атап өткенбіз. Монопоияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің

арқасында ғана болуы   мүмкін.                                                        

    Сөйтіп,  монополия  бәсеке –

лестікке   қарама-қарсы  жұмыс

істейді.

    Алайда, таза монополия өмір-

де сирек кездеседі. Нарық-та бір

фирманың билік жүргізуі жеткі-

лікті түрде шартты болады. Шы-

найы өмірде белгілі бір салаларда

ірі фирманың шектеулі саны бол-

ғанда, олигополия жиі кездеседі.

    Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі, бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болады.

3-суретте нарық құрлымының жіктелімі көрсетілген.

Нарық құрылымының түрлері

      Жетілген            Монополистік        Олигополия          Таза монополия

    бәсекелестік          бәсекелестік      

3-сурет. Нарық құрылымының жіктелімі

    2-сұрақ. Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті – бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы (тізетуші) ықпал жүргізетін әдістері енеді.

    Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.

    Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы (трестке қарсы) заңдар жиынтығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.

    Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты – тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері