Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 12:40, реферат

Описание

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 89.20 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, статистика бойынша кәмелетке толмағандар  арасында қылмыс ауылды жерге қарағанда  қалалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген: 1) отбасындағы байланыстың нашарлауы, күнұзақ жұмыста болғандықтан ата-аналардың баланың жүріс-тұрысын бақылай алмауы; 2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты – жастарды қылмыстық әрекетке тарту; 3) қалаларда мінез-құлқы қоғамға жат адамдардың өзара байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері зор; 4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы; 5) тұрған жерді тез ауыстырып, сол қала аумағында басқа жерге оңай жинала салу мүмкіндігі; 6) тұрған жері мен бос уақытын өткізетін жер аралығының алшақтығы, мұндай жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады; 7) қалада материалдық қаражатты қылмыстық жолмен табу оңай; 8) қалада жастарды өзіне тартатын «бұзылған» жерлер жеткілікті; 9) ауыл жастары сияқты табиғатқа жақын емес, оларда мейірімділік, басқаларды аяушылық сезімі жақсы қалыптаспайды; 10) ауылдағы сияқты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды; 11) ауылға қарағанда қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы құқыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді.

Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.

Диссертацияның  «Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтарын түрлері бойынша талдау»бірінші бөлімнің үшінші бөлімшесінде қаралады. Бұл бөлімшеде, жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтары түрлері бойынша талданған.

Қылмыстылықтың  жекелеген түрлерін өзінше бөлек-бөлек  қарағанда қылмыстылықтың күрделі, жүйелік-құрылымдық әлеуметтік құбылыс ретінде бүтіндігін, оның әрбір түрлерінің диалектикалық өзара байланыстары мен өзара әрекеттестігін әрқашанда есте сақтау керек. Дәл осы жүйелік-құрылымдық тәсіл «қылмыстылық көрініс сипаттамасын» реттеуге және оның өзіндік детерминологиясының нақты тетіктерін ашуға мүмкіндік береді. Криминологиялық оқулықтарда және монографияларда қылмыстылықтың түрлерінің криминологиялық сипаттамасы қаралады. Олардың кейбіреулері жиі кездеседі және олар жалпы қылмыстылыққа елеулі ықпал етеді. Ал кейбіреулері аса көп таралмаса да, не қоғамға аса қауіпті, не едәуір ерекшеліктерге ие. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің детерминациясы мен себептілігі, айта келгенде, мемлекет, қоғам деңгейінде олар үшін ортақ құбылыстармен және процестермен анықталатынын ескеру керек. Бұл процестер мен құбылыстар өздерінің әртүрлі әрекеттестігінде қылмыстылықтың сан қилы түрлерін тудыруы мүмкін. Мысалы, адам өлтіру, әйел зорлау, ұрлық көптеген криминологиялық параметрлер бойынша парақорлықтан, алаяқтықтан, абайсызда жасалған қылмыстардан және басқалардан өзгеше. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің криминологиялық маңыздылыққа ие ерекшеліктерін ескермеу – онымен күресте мақсатты және нақты тәсілдерді қамтамасыз етпеу деген сөз. Сонымен қатар, қылмысты жасаудағы қылмыскердің мінез құлқын да жетік талдап өту аса қажет. Қылмыскердің жас ерекшелігіне, оның өскен ортасына, әлеуметтік жағдайына қарай. Мысалы, кіші және ересек жастағы жасөспірім арасында ортақ ұқсастықтар көп және ол аралықты бозбалалық шаққа өту кезеңі дейді. Кәмелетке толмаған 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік тәжірибенің жетімсіздігі, жоғары сезімдік, қозғыштық, еліктеуге бейімділік, көзқарасы мен мінез-құлқындағы қарама-қайшылық пен тұрақсыздық, сырт адамның ықпалына икемделгіштік, сырт көзге ересек көріну ниеті тән. Олар тіпті өзін ересек етіп көрсету үшін жұрт көзінше темекі шегіп, ішімдік ішуге, жанжалға, ұрысқа араласуға дайын. Ондай балалардың көпшілігі ата-аналарымен бірлесіп шешетін мәселелерді өз бетінше, үлкендердің келісімінсіз шешуге тырысады (мектепті тастап кету, өзінше бір жұмысқа тұру, өзінің жеке заттарын сатып жіберу немесе басқа зат сатып алу). Ал, жасөспірімдік кезеңнің табалдырығын аттаған 11 жастағы бала мен бозбалалық кезеңге ауыса бастаған 15 жастағы жасөспірімнің физикалық және психикалық жағынан, ал соған байланысты әлеуметтік сана тұрғысынан ерекшеленетінін, аңғаруға болады. Кіші жастағы жасөспірімдік кезең ол балалық шақтан ересек шаққа көшу мерзімінде бала ағзасының мінез-құлық, әрекетіне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетін физиологиялық өзгерістер процесі жүреді. Бұл жас аралығында бала мінез-құлқында көріне бастайтын өзгерістерге байланысты дисгармония (үйлесімсіздік) кезең деп атауға болады. Міне осындай талдаулар арқылы, қылмыстың алдын алуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы көрсетіледі.

Диссертациялық  жұмыстың екінші бөлімі «Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың негізгі бағыттары» деп аталады. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінің бірінші бөлімшесінде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алудағы этикалық бағыттары қаралады. Бұл бөлімшеде этиканың ұғымы және діннің адам тәрбиелеудегі маңыздылығы көрсетіледі.

Этика (грек. ethika, ethos – әдеп, өнегелік мінез) – өнегелік, мораль туралы ілім [2, б. 114]. Этика өзіне нормативтік этиканы және мораль теориясын қамтиды. Біріншісі игілік, ізгілік, қастандық және т.б. туралы мәселелерді зерттейді, мінез-құлықтың моральдық кодексін тудырады, неге ұмтылу керектігін, қандай мінез-құлықтың жақсы екендігін, өмірде қандай мән бар екендігін көрсетеді. Этика бағыттары арқылы қылмысты болдырмауға және азайтуға үлкен мүмкіндіктер туады. Оның бір бағыты – дін болып есептелінеді. Себебі, мемлекет бар жерде дін болады, бірақ барлық діни ағымдар сол мемлекеттің дамуына, сол халықтың адами тәрбиесінде бірден дұрыс әсер ете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көптеген діни ағымдар, діни секталар жұмыс істеуде. Олар біздің жастарымызды қандай жолға бағыттайтыны белгісіз. Сондықтан жастардың қылмысқа бармау, құқық бұзбауының, адаспаудың негізгі бағыты ол діни сауаттылықта. Қазақстанның әрбір жас мүшесі діни жағынан сауатты болса, қылмысқа, құқық бұзуға бармайды. Ол үшін жастармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар мен заңгерлер өздері діни сауатты болуы шарт. Мысалы, дінге мысал ретінде «ислам» діні көрсетіледі. Себебі, қоғамда исламдық мораль нормалары мен мінез-құлықтың этикалық ережелері нормаларының қайта жандануы және мемлекет заңдарын сақтау рухани-өнегелілігі жоғары адамды қалыптастыруда оң нәтиже бере алады. Ислам өз көрінісін өнегелік және өнегесіздік туралы ұғымдар мен түсініктерден, моральдық нормалардың жиынтығынан табады. Құранда ол туралы нақты жазып көрсеткен. Ол, адамдардың рухани, өнегелік және сана-сезімдік мәселелерін дін ғана біржола шеше алады, ол адамға соншалықты қажет ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді баулиды, адамды қоғам мен мемлекеттің ешқашан толық жетілмейтіндігін ұғынуға және оның деңгейінен жоғары көтерілуге үйретеді. Ислам этикасының нормалары ұтымды ақыл-оймен және адам интеллектісімен сәйкес келеді. Егер «жоғарыда» ешнәрсе болмаса, бұл өмірде ойға келгеннің бәрін істей беруге болады деп санау адамның азғындауына алып келеді. Сондықтан да этикалық тәрбие мәселесі әруақытта мәңгілік әмбебап өнегелік негізге сүйену керек, содан ғана мәдениет, тәрбие, білім дәні өсіп шығады. Исламдық этика мұсылман дінін ұстанатын адам үшін сондай негіз болып табылады.

Диссертациялық  жұмыстың екінші бөлімінің екінші бөлімшесінде «Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың алдын алудың педагогикалық бағыттары» мәселелері зерттеледі.

Бұл бөлімшеде, автор  криминология ғылымының этика ғылымымен  ғана емес, педагогикамен де бірігуге тиіс екендігін, себебі психология, биология, генетика және сол сияқты ғылымдар қылмыстық заңды бұзушы адамдарды азайту үшін не істеу керек? деген сұраққа жауап бере алмайтындығын көрсетті.

Сонымен қатар, аталған  ғылымдардың қылмыстық мінез-құлықтың генезисін толық аша алмайтындығын, оны тек гуманитарлық ғылым, оның ішінде педагогика ғылым ғана бере алатындығы айтылады. Педагогика – тәрбие туралы ілім.

Сөзбе сөз аударғанда – «баланы жетектеу» деген  мағына береді екен. Тәрбиелеудің, білім  берудің және оқытудың заңдылықтары туралы ғылым ретінде ұзақ және күрделі  жолдан өтті, ол ғылыми негізделген білім жүйесіне айналды, ал тәжірибе көптеген ұрпақтарды тәрбиелеп және оқытып нағыз өнерге айналды. «Ежелгі Грецияда өз қожасының баласын мектепке жетектеп алып барып, сабақ кезінде және одан тысқары жерде балаға қызмет көрсететін құлды педагог деп атаған. Қоғам дамыған сайын педагогтың рөлі едәуір өзгеріп, ол басқаша ұғымға ие болды, ол баланы оқытудың, жан-жақты тәрбиелеудің өзінше дербес өнеріне айналды» [3, б. 2].

Жұмыста, жаста тәрбиелеуде  патриотизмнің және қазақ тұрмысындағы жастарды тәрбиелеудің жолдары мен  амалдары көрсетіледі. ҮІ-ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің  ардақтайтын моральдық құндылықтарының  ішінде отансүйгіштік рух жетекші орын алатындығы айтылған. «Тоныкөк» жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді. «Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым. … Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды», – деген жолдардан отаншылдық маңызы зор тағылымды ой-пікірлерді айқын байқаймыз. Ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан-жақты реттелген. Қазіргі кезде 3,8 млн адам оқумен қамтылған: 400 мыңы – мектепке дейінгі балалар, 2,1 млн – мектеп, училище оқушылары, 200 мың – арнайы орта оқу орындарының, 3 мыңнан аса – ЖОО студенттері. Ол үшін, қандай болмасын заң халықтың тәжірибесінен бастау алып соның негізінде дайындалып, ұрпақ тәрбиесіне ендірілуі керек. Сондықтан ғана қабылдауға заң іске асырылса, құқық бұзылмайды.

Құқықтық тәрбиеде қолданатын, ескеретін жай қазақ  үшін заң – әдет, салт-дәстүрінің өзі моральдық құқық ретінде өмір сүрген. Сондықтан болашақ заңгерлер, педагогтар халықпен, оның ішінде жастар мен құқықтық тәрбие жүргізілгенде өз халқының ғасырлар бойы жинаған құқықтық мәдениетін бойына сіңіре, оны бүгінгі талапқа сай кәсіби қызметінде пайдаланса, құқықтық тәрбиенің маңызы арта түседі. Бұл – жастарды құқыққа қарсы мінез-құлықтың қалыптасуындағы негізгі тәрбиелік жолы.

Сонымен қатар, жұмыста  Қазақстан Республикасында әлі  күнге дейін тәрбиенің мемлекеттік  тұжырымдаманың жоқ екендігі айтылады. Коммунистік режим келмеске кетті, ал ғалымдар 17 жыл бойы тәрбие тұжырымдамасының нұсқасын да берген жоқ. Осыған орай, келешекте  тұжырымдама жасалынуы тиіс. Онда, ислам дінінің қоғамға беретін  адамгершілік қасиеттерінің орны мен  рөлін анықтау қажет.

Ал, дисертациялық  зерттеу жұмысының екінші бөлімінің  үшінші бөлімшесі «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың алдын алудың криминологиялық бағыттары» деп аталады.

Бұл бөлімшеде, этика, ғылым ретінде, адамның өнегелі, дұрыс мінез-құлық көрсетуі үшін біз не істеуіміз керек деген мәселе көтеріледі, онда криминология ғылымы жасалып жатқан қылмыстардың саны азаю үшін не істеу керек деген мәселелер көтеріледі және құқық бұзушының жеке басқа ықпал етудің криминология ғылымы уағыздайтын әдістері мен амалдары қарастырылады.

Қылмыстылықтың  алдын алу дегеніміз – бұл  мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды  тұлғалардың қылмыстылыққа жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық  іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтың детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі.

Сонымен қатар, кәмелетке  толмаған құқық бұзушыларға ықпал  етудің негізгі педагогикалық әдістері мен тәсілдерін қарастырыла келе, оны қалыпқа келтіруде кәмелетке  толмағандардың істер жөніндегі  бөлім қызметкерлерімен бірге психолог-мамандардың, педагогтардың, криминологтардың көмегі керек екендігі айтылады. Бұл жұмыстың ұтымдылығын арттыру үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың, әсіресе дамуында қандай да бір ауытқушылық барлардың, ал олардың ішінде полицияда есепте тұратындары аз емес, жеке басын зерделеуге арналған жаңа әдістемелік нұсқаулар керек екендігі сөз болады.

Автор, жоғарыда аталған  өзекті мәселелерді шешуде келесідей  заңдар қабылдануы керектігін атап кетті: «Жарлы отбасындағы баланың денсаулығын  қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, онда ол балаларға тегін медициналық  қызмет көрсету, тек оқушыларды ғана емес, мектепке бармайтын балаларды  да ауық-ауық диспансерлеп тұру көзделсе; «Жас отбасына медициналық-санитарлық көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, онда отбасына, анаға және балаға көмек көрсетудің нақты нысандары көзделсе; «Азаматтардың қалпына келген денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы. Бұл заң актілері жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту үшін ғана емес, қоршаған ортаны сақтау үшін де керек: экологиялық апаттардың, табиғи зілзаланың ауыр зардаптарын жою, өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға әсерін болдырмау (оқу мекемесінің жанына ондай кәсіпорын тұрғызуға тыйым салынатын кез келді), ауру, жарым-жан бала туудың алдын алу және т.б. үлкен орын алады. Балалар мен жасөспірімдердің өздерінің тұратын жерлеріндегі демалысын ұйымдастырудың бұрынғы тәжірибесіне көшіру. Сол мақсатта жергілікті әкімшілік мектептерге, тұрмыстық-коммуналдық мекемелерге жан-жақты көмектесуі тиіс. Бұл іс-шараға бизнесті де тарту мәселесін қарастырған жөн.

Қорытындыда жүргізілген диссертациялық зерттеулер нәтижесінде келесідей негізгі қорытындылар жасалынған. Криминологиялық теория әлеуметтік биология ғылымымен үйлесімін тапқан жағдайда ғана табысты дами алады, себебі оларды ортақ мәселе – адам болмысын зерттеу мәселесі біріктіріп тұр. Желікпеліктің (маниакальность) қандай кейпі криминогендік мінез-құлықтың: агрессияның, қатыгездіктің, іш тарлықтың, сараңдықтың және т.б. негізінде жатыр. Бұл табиғи теріс қасиеттер белгілі бір қолайсыз әлеуметтік жағдайларда үдеп, керісінше, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарға баулу нәтижесінде ол қасиеттерден арылуға болады.

Адамның құқыққа қарсы мінез көрсетуінің басты себептері, негізінен, биологиялық факторларда жатыр, олар әртүрлі желікпелік тудырады. Адамның бұл психикалық қасиеттері қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалынан, ата-ананың балаға қатыгездігінен, ата-ананың бір-біріне араздастығынан, сондай-ақ жасөспірімнің төңірегіндегі адамдардың оған көрсеткен зорлық-зомбылықтарынан шиеленісуі мүмкін.

Егер адамда (қоғамда  да) агрессивтік, қатыгездік және желікпеліктің  басқа түрлері артатындай мүмкіндік  болса, онда оларды қалыпты деңгейге дейін төмендететін де мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндік тәрбиелеуде, оқытуда, этикалық және эстетикалық құндылықтарға баулуда жатыр.

Адамның желікпелік қасиеттерінің ішінен агрессивтіктің ерекше түрін – «криминалдық агрессияны» бөліп алуға болады, бұл адамның айырықша психикалық күйі. Себебі әлеуметтік биология және этология ғылымдары агрессияны адам бойында болуға тиісті табиғи инстинкт деп есептейді.

Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық келеңсіз мән-жайлар (жұмыссыздық, дағдарыс, кедейшілік, өндірістегі қиындықтар, еңбектену саласындағы қайшылықтар) құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері бола алмайды, олар тек адамның ондай мінез-құлқын қоздыратын, оның психикасының өзгеруіне себеп болатын жағдайлар ғана.

Әртүрлі жас санаттарының жалпы құқыққа қарсы мінез-құлқына сипат беретін ортақ әлеуметтік жағдайлармен қатар (ортақ санат) екінші және үшінші деңгейдегілер де бар. Мысалы, келеңсіз сипаттағы объективтік жағдайлардың екінші деңгейіне жасөспірімді әлеуметтендіретін мән-жайлар және қалада бар барлық ерекше жағдайлар жатады (ерекше санат). Әртүрлi шамада барлық жастарға тән психикалық ауытқулар түрі үшінші деңгейді құрайды (бірлі-жарым санат).

Сыртқы мән-жай (жағдай), сөзсіз, құқыққа қарсы мінез-құлықтың генезисінде маңызды рөл атқарады. Адам болмысының күрделі жаратылысы генетикалық деңгейде айырықша жадының дамуын қарастырған (адамдар тіршілігінің ұтымды-әлеуметтік тәжірибесі), оны ең ұтымды тәжірибенің негізі – руханилық және өнегелік санаттар. Бұл аталғандар, адамда бойында бірімен-бірі тығыз байланысқан. Адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықтары сияқты, рухсыздық пен өнегесіздік, адамның тәжірибеде дұрыс болуын қалыптастыра алмайды, ал онсыз адам да, қоғам да жетіле алмайды.

Информация о работе Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет