Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 10:21, реферат

Описание

Қылмыс дегеніміз - жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.

Содержание

КІРІСПЕ
І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 4
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4
1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны 5
ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7
2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 7
2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

Работа состоит из  1 файл

Қылмыс құрамы.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге  кейбір әрекеттер келісім шартқа негізделуі мүмкін. Мысалы, бір тұлға  екінші тұлғаны тау асуларынан өткізуге міндеттеніп, қажет жағдайда көмек  көрсетпесе, міндеттерін орындамаған болып есептеледі.

Әрекетсіздікке  жауапқа тарту үшін тұлғаның әрекет ету мүкіндігінің болған, болмағандығын  анықтау қажет. Көп жағдайда міндетті орындау белгілі бір сыртқы жағдайларға  тәуелді болады. Жекелеген жағдайларда  заңды әрекет етуді шектейтін жағдайлар бекітіледі. Сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда тұрған тұлғаға көмек көрсету міндеті, осы міндетті орындау мүмкіндігімен тығыз байланысты.

Қылмыстық заң  қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуыменде байланыстырады.

Қылмыстық  салдар деп қылмыс құрамының объективті белгілеріне жататын және тұлға  әрекетімен (әрекетсіздігімен) негізделген  қоршаған ортадағы өзгерістерді айтамыз.

Әрбір қылмыстық  әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заңмен қорғалатын тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қол сұғады. Бірақ қол сұғу объектіге келтірілген зиян материалды емес болуы мүмкін. Өйткені ол заттар әлеміне емес, адамдар арасындағы қатынасқа жатады.Қол сұғу объектісіне келтірілген зиян әр түрлі үлгіде көрінуі мүмкін. Мысалы, материалдық залал келтіру (біреудің мүлкін ұрлау, бүлдіру), физикалық зиян келтіру (денсаулығына зиян келтіру).

Қылмыстық нәтиже материалдық емес сипатқа да ие болуы  ықтимал. Мысалы, азаматтық мүліктік емес субъективті құқықтарын бұзу (саяси, еңбектің және басқа да ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын бұзу).

Заң шығарушы зиянды салдарларды жазу кезінде әр түрлі  техникалық тәсілдер қолданады. Соның  біреуін алатын болсақ, қылмыс құрамының  қасақаналығы заңдағы сипаты бойынша құрамның аяқталуына белгілі бір қылмыстық салдарлар пайда болуы керек. Мысалы, қасақана кісі өлтіру, ұрлау және т.б. Заңда көрсетілген салдарлар жоқ болса, қылмыс жасау үшін қастандық жасалған болып саналады.Жекелеген қылмыс құралдарында ауыр қылмыс салдарының пайда болуы жасалған әрекеттің қауіптілік дәрежесін көтереді, сәйкесінше жасалған қылмыстың квалификациялануын өзгертеді (мысалы, заңсыз аборт өндірісі – Қ.К 117б).

3. Себепті байланыс.

Материалды  қылмыс жасау кезінде тұлға әрекеті немесе әрекетсіздігімен зиянды салдарлар пайда болуы арасындағы себепші байланыстың болуы арасындағы себепші байланыстың болуы немесе болмауы сұрағы туындайды[10]. Қылмыстық құқық теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қылмыстық  құқықта зиянды салдар тұлғаға тек  қана, егер оның әрекеті немесе әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.

Әрекет пен  зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет нәтиженің пайда болуынан бұрын болса ғана болады.

Қылмыстық құқықта  көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық категория негізінде  қарастырады өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.

Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға инфекция түсіп қайтыс болады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ, тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың ағымы.

Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда  болуы мүмкін. Тұлғаның әрекетсіздігі пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол тұлғаның өзінің арнайы міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.

4. Қылмыс құрамының  объективті жағының факультативті  белгілері.

Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және белгілі бір тәсілмен жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы және тәсілінің ерекшеліктері әрекеттің зияндығына мәнді әсер етеді.Сондықтан заң бұл белгілерді қылмыс құрамының маңызды белгілеріне жатқызады:

1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында ерекше бекітілген әскери уақыт әскери қылмыстардың зияны мен дәрежесін көтеретін жағдайлар (367-368 б.б, ІІІ-т.т.).

2. Кей жағдайларда  қылмыс құралы белгілеріне қылмыс  жасаған орын танылады. Мысалы, қылмыстық  кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң жауапкершілік бекітілген, онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу көрсетілген.

3. Көп жағдайда  қылмыстық нақты құрамының объективті  жақ белгісі ретінде қылмыс  жасау әдісі танылады. Осылайша  заң шығарушы меншікке қол  сұғуды тәсілдеріне байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).

4. Кей кезде  қылмыс жасау кезінде белгілі  бір қаруды қолдану тәсілі  қылмысты ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық  Кодекстің 187-бап 2 тармақшасында  қарастырылған біреудің мүлкін  өртеу арқылы немесе басқа  да қоғамға қауіпті әдістерді қолданып қасақана бүлдіру немесе жою.

Қорытынды

Осы «Қылмыс  құрамы» туралы жазылған курстық  жұмысымды қорытатын болсам. Қылмыс құрамы – бұл өте өзекті, күрделі  тақырып. Бұл курстық жұмысты  жазу барысында, қылмыс құрамын қылмысты саралаудағы маңызы мен ерекшеліктеріне және оның жекелеген элементтеріне тоқтап өттім. Қылмыс құрамын анықтау қылмыскерге жаза тағайындау кезінде аса маңызға ие. Қылмыс құрамының әрбір элементін анықтау, оның дұрыстығына анық көз жеткізу әділ жазаның кепілі болып табылады. Кей жағдайларда осы қылмыс құрамын дұрыс анықтау салдарынан кінәсіз тұлғалардың темір торға түсіп жататындары бәрімізге мәлім. Әрине, қазіргі уақытта жоғарыда айтқан олқылықтар бірлі-жарым. Әсіресе тәуелсіздігімізді алғанға дейін қаншама жастарымыз теріс саясаттың құрбаны болып кетті. Бұл жерде менің меңзеп отырғаным – «Желтоқсан оқиғасы». Көптеген қазақ жастары 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасында» әділеттікке жете алмай, өмірімен қоштасты. Осы бәрі сол уақыттағы заң орындарының өз істеріне немқұрайдылы қарауынан деп ойлаймын.Бақытымызға орай, Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алып, конституциямен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таныды.Осыған байланысты кеш те болса «Желтоқсан оқиғасының» құрбандары қылмыс құрамының жоқтығына байланысты заң жүзінде анықталып шыққаны бәрімізге мәлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының  Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен  толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11, 9.12.2004 № ). Алматы

 

Арнайы әдебиеттер

Поленов Г.Ф. Уголовное право  Республики Казахстан, общая часть, «Әділет Пресс» 1997

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті — Жарғы», 2000

Уголовное право Республики Казахстан, учебник. Алматы «Жеті — Жарғы», 1998

Пионтковский А.А. Курс советского уголовного право. Т.2. Москва, 1970

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Алматы «Жеті — Жарғы», 1999

Кузнецов Н. Ф Преступление преступника Москва 1969

Қылмыстық құқық Жалпы  бөлім Москва Инфра. М-Норма 1997

Филиминов Понятия и цель наказния, новое уголовное право  РФ, общая часть Москва 1995

Лейкина Н.С Личность преступленика  и уголовная ответстветственность Ленинград 1968

Дагель П.С Учение о  личности преступника в советском  уголовном праве. Владивосток 1970.

 


Информация о работе Қылмыс құрамы