Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:27, реферат

Описание

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.docx

— 30.07 Кб (Скачать документ)

Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.

Халық ең соңында бірігудің  қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр  бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс  бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.

1730 жылы көктемде Балқаш  көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.

Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.

Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен  Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.

Абылай ханның тұсында  Қазақ хандығы:

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында  Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.

1711 жылы дүниеге келген  Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі  Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.

Жоңғар әскерін басқарған  Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен  Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай  бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын  келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды  жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше  ұсақ иеліктерге бөлініп кетті.  Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар  мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары  Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.

1771 жылы Әбілмәмбет хан  өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды  Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.

Ресей империясы құрамында  Саяси және экон. қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.

Қ. арасында кейiнгi орта ғасырларда меншiктiң бiрнеше түрi айқындалды: 1) мал мен мал ш. өнiмдерiне деген  меншiктiң жеке дербес отбасылық  түрiндегi меншiгi; 2) жерге немесе жайылымдарға қауымдық меншiк; 3) су көздерiне меншiк; 4) қауымдар ассоциациясының қарамағындағы малшылар тобы көшiп-қонатын аймаққа қатысты экономикадан тыс меншiк, Қ-дың әлеум. ұйымдасуы адамдар арасындағы бiр-бiрiмен байланысты әр алуан қарым-қатынас түрлерiне (қандас туыстық-отбасылық, шаруашылықтық, әскери, мәдени, этн., т.б.) негiзделдi.

 

1824, 1867 — 68 жылдардағы  әкiмш.-саяси реформалары арқылы Ресей үкiметi қазақтарды басқарудың дәстүрлi жүйесiн жойды. Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы халықтар арасында шаруашылық айырбас пен басқа да қарым-қатынастар үшiн қолайлы жағдай туды, капиталистiк өндiрiс қатынастары кеңiстiгiне негiз қаланды.

Ресейдiң отаршыл саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерi болып өттi. Оларды Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, т.б. басқарды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстандағы егiншiлiкпен айналысатын халықтар арасындағы қазақтардың үлес салм. 55,4%-ға жеттi. Өнеркәсiп дамуы, т. ж-дар салынуы, су жолдарының кеңiнен пайдалануы қазақ жұмысшыларының қалыптасуының экон. негiздерiн қалады.

Кеңестік дәуірі

1917 ж. Қазан төңкерiсiне  дейiн Қ-дың негiзгi кәсiбi көшпелi немесе жартылай көшпелi жағдайда мал өсiру, суармалы егiншiлiк болса, аңшылық пен балық аулау және қолөнерi де халық тұрмысында берiк орын алды. Қоғам өмiрiнде рулық-патриархалдық қатынастар үстем болып келдi.

Кеңестiк үкiмет өткiзген кәмпескелеу, ұжымдастыру шаралары Қ-ды 1931 — 33 ж. ашаршылыққа ұшыратты. 1929 — 31 ж. Қазақстанда кеңес өкiметi саясатының асыра сiлтеулерiне қарсы 372 көтерiлiс болды. Көтерiлiстiң күшпен басылуына орай Қ. басқыншылыққа ұшырады. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қожалығы сыртқа көшкен. Олардың едәуiр бөлiгi Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Қазақ этносы осы жылдары аса көп шығынға ұшырады. Ашаршылық және онымен байланысты туған iндеттер салдарынан 2 млн. 200 мыңнан астам адам қырылды. Бұл барлық Қ-дың 48%-ын құрады.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында мерт болған шамамен 410 мыңдай қазақстандықтардың басым бөлiгi Қ. едi.


Информация о работе Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)