қазақ кеңес өнерінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:50, реферат

Описание

Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады. Бұл жылы киноға Қызылорда каласында өткен Қазакстан кеңестерінің I съезі түсірілген. Осы жылы «Қазақ АКСР-і құрылуының бес жылдығы» деп аталатын екінші деректі фильм көрсетілді. Ол кезде бүкіл республика бойынша Ағарту халкомының көшпелі киносы болды - Ақтобе, Қызылорда, Темір және Шымкентте, 1928 жылы астана Қызылордадан Алматыға көше бастады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ Кеңес өнерінің дамуы.doc

— 86.50 Кб (Скачать документ)

  Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ өнері мен мәдениетінің шығармаларындағы тарихи уақытқа деген қажеттіліктің туындауының көрінісі тек кино өнерінде ғана емес, театр, музыка, әдебиет шығармаларында да пайда болды. Дәл осы жылдары айтыс өнеріне аса мән аударылғандығы белгілі. Е. Тұрсынов «Художественное время и пространство в айтысе» атты мақаласында қазақтың айтыс өнеріндегі уақыттың ерекшелігін былай деп зерделейді: «Ата-бабалардың уақыты үнемі бүгінгі күннің маңызды әрі белсенді бөлшегі ретінде рөл атқарады» . Өткен шақпен, ата-бабаның уақытымен тығыз байланыста көрініс табатын айтыс өнерінің 1990 жылдары ұлттық мәдениет тарихының алаңында белсенді түрде орын алуы, халықтың тарихи жадына деген қажеттілігінің бір көрінісіне айналды. 

    Осы кезеңдегі Қазақстанның деректі киносы халықтың жады мен бүгінгі күннің арасындағы байланыстың көрінісі ретінде фольклордың шығармаларына назар аудара бастайды. Бұл бір жағынан фольклор шығармаларындағы уақыт бейнесінің көрініс табу ерекшелігімен де байланысты болды. «Қазақ фольклорындағы уақыттың бейнесі өткен шақ пен бүгінгі күннің жиынтығы және екі уақыттың бір-бірінен ажырамайтын бөлшегі ретінде көрініс табады. Бірнеше онжылдықтар, тіпті ғасырлар бұрын өмір сүрген ата-бабалардың рухы тірілер санасының құрылымында үнемі жаңғырып отырады». Фольклор шығармаларының, соның ішінде аңыз-әңгімелердің деректі киноның бейнелік құрылымында көрініс табуы және осы үрдіс арқылы ұлттық сана-сезімнің түп тамырына үңілу барысы, мысалы «Қауышу» фильмінде «Ақсақ құлан», «Қорқыт туралы аңыз» атты күйлер мен олардың шығу тарихын қазақтың ежелгі аңыздарымен байланыстыру арқылы көрініс табады. Музыка-кейіпкер арқылы ұлттық музыка мәдениетінің көрінісі әлемдік үйлесімділікпен үндестікте қарастырылады. Сондай-ақ, музыканың ежелгі шамандық дәстүрлерінде орын алған маңыздылығы бүгінгі жас баланың қобызда ойнаған ежелгі күйлерімен ұласып жатады. Фильмде кешегі тарихи уақыт пен ұрпақтар сабақтастығының арасында өзара тығыз байланыс орнайды. Мифтік уақыт пен заманауи уақыттың қатар көрсетілуі «Бекет ата» (реж. Ә. Сүлеева) тағы да басқа көптеген деректі фильмдерде көрініс табады.

XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл,  Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында  түрлі деңгейдегі мәде­ниет мекемелері  жұмыс істеді.

А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.

Қазақ әншісі Әміре  Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның аста­насы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.

  1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұман Шанин болды. Театр ұйымдастыру ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуаныш­баев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – те­атрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфу­линнің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылымдары сахнаға шығарылды.1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды.

  30 жылдары қазақ киносының дами бастаған кезі болды. Осы кезде Алматы қаласында жұмыс істеген «Востоккиноның» бөлімшесі «Жайлауда», «Түрксіб» сияқты деректі фильмдер мен «Қаратау құпиясы», «Жұт», «Дала әндері» сияқты дыбыс­сыз көркем фильмдерді түсірді.1934 жылдан бастап республикада хроникалы фильмдер студиясы жұмыс істей бастады. 1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Мемлекеттік музыка театры болып ашылған бұл театрда М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі 100 реттен астам көрсетілді.1934 жылы А. Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.


Информация о работе қазақ кеңес өнерінің дамуы