Қазақстанның ұжымдастыру саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 12:13, реферат

Описание

1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
Тәркілеу. Бай мен кулактарды жою
Шаруалар қарсылығының түрлері
30-жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Қазақ КСР-інің құрылуы
Қазақстандағы ашарлышықтар
ІІІ. Қорытынды
Тест сұрақтары

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты.docx

— 328.86 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
  2. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
  3. Тәркілеу. Бай мен кулактарды жою
  4. Шаруалар қарсылығының түрлері
  5. 30-жылдардағы қоғамдық саяси өмір
  6. Қазақ КСР-інің құрылуы
  7. Қазақстандағы ашарлышықтар

ІІІ. Қорытынды

      Тест сұрақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы ұжымдастыру  саясаты (1925–1933 жж.)

 

Қазақ ауылы ұжымдастыру  қарсаңында

 

 ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды.

 Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.

 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.

Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру

 Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.

 Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдасты­рушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді.

 Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шару­аларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.

1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:

 республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,

1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,

 1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.

 Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.

 Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.

 

 

3

Ұжымдастыру зардабы

 1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.

 1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.

 

Тәркілеу. Бай  мен кулактарды жою.

 Елде аграрлық саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» ең әуелі малын, со­сын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге бағыт алды. 1927 ж. желтоқсанын­да Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылғын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін ко­миссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжа­нов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

 Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда Қаулыға сәйкес 400-ден аса малы бар 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудан­дарда малы – 300, ал отырықшы аудандарда малы 150 ден асатын шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге са­лынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мыңдай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.

 Тәркіленген малдың 80 мыңы кедейлер мен батырақтарға, 30 мыңға жуығы ұжымшарларға берілді. Мал мен құрал сайманға ие болған кедейлер ауылдағы орташалар тобы қатарына көтерілді.

 1920-шы жылдардың аяғында Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған ша­ралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды.

4

10–15 күннен кейін ондағы  адамдар жан-жаққа ешкімді тыңдамай  қашуға, көшуге мәжбүр болды. 

1930–31 жылдарда осындай  зорлап отырықшыландыру зобалаңына  ұшыраған мал шаруашылығымен  айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан  астам шаруашылықтар республикадан  тыс жерлерге көшіп кетті. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жыл­дың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы

 1929–1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды.

 Ірі көлемде шаруалар қозғалысы өткен жерлер:

1929 жылы 29 қыркүйек – Бостандық,

1929 жылы 1 қараша – Батпаққара (Қостанай),

1930 жылы 2 ақпан – Созақ,

1930 жылы 25 ақпан – Ырғыз,

 1930 жылы 26 наурыз – Сарқанда т. б.


 

Шаруалар қарсылығының түрлері:

көтеріліске шығу;

шолақ белсенділерді, партия   қызметкерлерін өлтіру;

шетелге көшу;

қалалы жерге кету т. б.

1930 жылы мамырда Семей округінің Өскемен, Самар, Катонқарағай аудандарында халықтың ірі толқулары өтті.

 Торғайдағы батпаққара  көтерілісін орталық бандиттік басмашылар қозғалысы деп атады.

 Қарақұм көтерілісіне қатысқандар саны 5000-ға дейін жетті. Бұл көтеріліс күшпен басылды.

 1930 жылы Созақта ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстандағы ең ірі шаруалар көтерілісі өтті. Көтерілісшілер аудан басшы­лары мен шолақ белсенділерді өлтірді. Көтеріліс күшпен басылып, оған қатысқан 68 адам атылды. Балқаш, Қордай, Шұбартау, Абыралы, Адай даласы, Іле өңірлерінде шаруалардың ірі көтерілісі болды. Көтеріліске қатысқандар аяусыз жазаланды.

30-жылдардағы қоғамдық саяси өмір

 30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі:

 

Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.

Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық  егемендік алмады.

Республикалардың заң  шығару бастамасы болмады.

1936 жыл – сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.

 

 Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:

Жазалау органдарының қызметі күшейтілді;

Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.

 Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау ша­ралары:

 Ату жазасы

 Жер аудару

 Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау

 КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.

 Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды.

 Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер  туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия ко­митеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты.

 1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

 

 

 

6

 Жазалау шараларының  құрбандары: Қазақ тілі ғылымының  негізін салушы А. Байтұрсынов;  Тілші ғалым, профессор – Қ.  Жұбанов,   Қазақтың тарих мектебінің  негізін салушы – С. Асфендияров, 

КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.

 Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

 Степлаг – Далалық лагерь.

 Карлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

 ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

 Алжир – Отанға  опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

 ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы.

 Үштіктер – үш адамнан құралған комиссия.

 БМСБ (ОГПУ) – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма.

 Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері т. б. болды.

30–40 жылдар мен 50-жылдарда контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, БМСБ (ОГ­ПУ) алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.

 Социалистік құрылысты  бұрмалаған жеке адамға табыну  идеологисясының зардаптары:

Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды

Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды

 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

 Сталиншілдіктің басты  қылмысы:

Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану.

Лагерьлер жүйесін құру.

Халықтарды күштеп көшіру.

Азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын бұзу.

31 мамыр – Ұлттық аза  күні болып белгіленді.

Алаш қозғалысының қайраткерлеріне қарсы репрессия. 1920 ж. басы мен 1930 ж. аяғындағы сот процесі.

 20 ж. аяғында жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тауып жатты.

 

 

7

1928 ж. аяғында «буржуазияшыл  ұлтшылдар» деп аталғандардың  – бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің  ішінен 44 адам жалған айып тағылып,  қамауға алынды. Олардың ішінде  А. Байтұрсынов, М. Дулатов,  М. Жұмабаев, Ж. Айма­уытов, Х. Ғаббасов  және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, Қ. Ке­меңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 ж. қыркүйек-қазанда қамауға алынды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Бұлардың барлығы 1937–1938 жж. жа­заланды.

1920 ж. аяғы мен 1930 ж.  басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы дағдарыс шиеленісе  түскен сайын Кеңеске қарсы  зиянкес элементтер мен астыртын  ұйымдарды іздеу кең өрістей  берді. Шахталар мен кәсіпорындарда  кездейсоқ авари­ялар болса, колхоздар  мен совхоздарда мал өлсе, өрт  және табиғи апаттар болса  – бәрі де тап жауларының  әрекеті деп түсіндіріліп, осыған  сай халық жауларына және кеңеске  қарсы деген бүлікші ұйымдар  жөнінде қолдан жасалған қылмысты  іс қозғалды. 1932 ж. Семейде, осы  облыстың Абралы, Шыңғыстау және  Қу аудандарында өмірде болмаған, орталығы Алматы бо­лып табылатын  астыртын «Қазақстан шаруалар  партиясының» филиалы «ашылды». Алайда шаруалардың жаппай көтеріліс  жасауына және ауылдар мен  селоларда ашаршылықтан адамдардың  өлуіне қарамай, бұл «іс» кең  өріс алмады. Осы іс бойынша  20-дан астам адам жауапқа тартылды. 1933 ж. Қызылорда облысының Қармақшы  ауданында «байшыл-ұлтшыл контррреволю­циялық  „Жайлас“ ұйымы әшкереленіп», жойылды.  Бұл іс бойынша 55 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оның 12-і атуға бұйырылды.

 Осымен қатар партия ұйымдарын тазалау жүргізілді. Сенуге болмайтындардың немесе бір кезде қате жібергендердің бәрі қуылды. Олар негізінен троцкийшілердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашы­ды деп айыпталды.

 КСРО жаңа Конституциясының жобасын талқылау осындай үрей және жанталас жағдайда өтті. Ол 1936ж. 5 желтоқсанда кеңестердің Бүкілодақтық VIII Төтенше съезінде қабылданды. КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақ АКСР-сы Одақтас Республика болып қайта құрылды. 1937ж. 12 желтоқсанда Қазақстан Кеңестерінің X төтенше съезі Қазақ КСР-ның Конституци­ясын бекітті. Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді.

1937–1938жж. жаппай саяси қуғын-сүргін. Тоталитарлық жүйенің нығаюы.

 

 

 

8

1937ж. басталған саяси  жазалау бүкіл елді қамтыды.  1936ж. Желтоқсан Пленумында, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-наурыз пле­нумында Орталық Комитетінің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «екіжүзділердің, халық жауларының бәрінің та­мырын шауып, жойып жіберу» қажеттігі туралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жазаланған «ұлтшыл-фашистер» деп аталатын­дардың істерінен көрінгендей, Н. И. Ежов пен оның сыбайластары мұндай істерді қолдан жасауға көп қиналып жатпаған. Бұл «істерге» — «ұлтшыл-фашистер» және басқа «халық жаулары» дегендердің істеріне кең құлашты сипат беру үшін НКВД ор­гандары оларды троцкишілдермен және оңшылдармен одақ жасады деген қисынды ойдан шығарды. Жер-жерде «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, оларда сотталғандардан қажетті «мойындаулар» зорлап алынды. «Халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді.

Информация о работе Қазақстанның ұжымдастыру саясаты