Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 11:45, автореферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еңсесін көтерген шақта бүкіл Еуразия аумағына, тіпті ғаламға танылып, беделі артып, дамып келеді. Егемен мемлекет дамудың жаңа сатысына көтеріліп, толғаулы, түйінді, маңызды мәселелерді шешуді стратегиялық мақсаттарға сәйкес кезегімен күн тәртібіне қоюда. Сондай кемелді проблемалардың ішіндегі негізгілерінің бірі - тәуелсіз Отанымыздың тарихын тану.
ӘОЖ 94+622.788.36+325.1]
(574)
Сүлейменова
Қымбат Қасымқызы
Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы
(1991-2007
ж.ж.)
07.00.02 - Отан тарихы
(Қазақстан
Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу
үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының Қазақстанның тарихи демографиясы
және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде
орындалды.
Ғылыми
жетекші: |
тарих ғылымдарының
докторы
Ғали Ә. |
Ресми оппоненттер: | тарих ғылымдарының
докторы,
профессор Омарбеков
Т.О. |
тарих ғылымдарының
кандидаты
Ақынжанов М.А. | |
Жетекші
ұйым: |
Л.Н. Гумилев
атындағы |
Диссертация 2009 жылы « 30 » сәуір күні сағат 14-30 – да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050100, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының қолжазбалар қорында танысуға
болады.
Автореферат
2009 жылы « »
наурызда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
тарих
ғылымдарының докторы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еңсесін көтерген шақта бүкіл Еуразия аумағына, тіпті ғаламға танылып, беделі артып, дамып келеді. Егемен мемлекет дамудың жаңа сатысына көтеріліп, толғаулы, түйінді, маңызды мәселелерді шешуді стратегиялық мақсаттарға сәйкес кезегімен күн тәртібіне қоюда. Сондай кемелді проблемалардың ішіндегі негізгілерінің бірі - тәуелсіз Отанымыздың тарихын тану. Тәуелсіз дамудың тарихи кезеңдерін біліп қана қоймай, сонымен қатар оның бүгінгі тыныс-тіршілігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрлі игі істердің жалғасын көрсету. Осындай құндылықтар арқылы тарихымыздың мән-мағынасын түсіну.
Еліміздің терең тамырлы тарихында Алматы қаласының орны ерекше. Өзінің пайда болып, қалыптасу тарихында қазақ елінің астанасы ретінде мәртебеге ие болған Алматы ірі мегаполис қана емес, қаржы орталығы түрінде бірнеше бағытта дамып келе жатқан республикадағы ең үлкен қала. Қазіргі кезеңде Алматы өз дамуының даңғылына түскен. Елбасының елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы туралы сөз қозғағанда Алматыны айналып өтпейтіні де өзінен-өзі түсінікті. Өйткені Алматы елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде басты рөл атқарады.
Әсіресе
оның әлемдік инвестициялық
Алматы мен оның маңы қалалық агломерация ретіндегі мәні жаһандағы агломерацияларға пара-пар. Қалалық агломерация өзіндік сипатқа ие болып, республиканың өзге аймақтарынан дараланып отыр. Агломерацияның ішінде соған сәйкес процестер жүреді. Сол үрдістерді оқып-үйрену, зерттеу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде қалалық агломерацияның пайда болу тарихын, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайын, демографиялық ахуалын және этникалық құрамын, ондағы миграциялық, маятниктік процестерді, олардың себеп-салдарын, тарихи мәнін білудің ғылыми-тәжірибелік маңызы зор. Алматы агломерациясының даму тарихын талдау, оның болашағын болжауға әлеуметтік, шаруашылық түйіткілдерді шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы осы уақытқа дейін тек экономикалық география ғылымы тұрғысында үстірт айтылып келген мәселені тарихи таным тұрғысында зерттеуге ғылыми негіз қалыптастырады.
Қала агломерациясы - (латын сөзінен aggqlomero – қосамын) - мәдени, транспорттық байланыстары және өндірісі жоғары дамыған күрделі көпқұрамды динамикалық жүйесіне біріктірілген, негізінен қалалық тұрғын орындарымен қалыптасқан халықтық тұрғын орындарының жиынтығы [1 ].
Еліміздің
әлеуметтік-демографиялық
Қалада еліміздің бүкіл банктерінің 70 пайызы орналасқан, сонымен қатар 30 пайызға жуық сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары бар. АҚШ пен Еуропа елдерінің 20 банк өкілдіктері де осы қалада орналасқан, қаржылық операциялар жоғары деңгейлерде жүргізіледі. Мемлекеттің несие рыногының 80 пайызы оңтүстік астанада шоғырланған. Және де Алматы қаласы жалпы мемлекеттің салық түсімдерінің қомақты бөлігін қамтамасыз етеді. Бірақ Алматы қаласынан ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын қала сыртына шығару саясатын жалғастыру қажет, себебі мегаполистің жанындағы елді мекендер де қарқынды дамуы керек. Ол үшін ірі қала жанындағы жақын орналасқан аудандарда өндірістік зоналарды құру әдістерін жетілдіру қажет. Егер де демограф Әзімбай Ғалидің ұсынған тұжырымы бойынша, ауылды жерлерде түбінде халықтың небәрі 3-4% жеткілікті десек, олардың үстіне 10-15% өндеуші салаларда ғана жұмыс істейтін болса, сонда ғана оптималды қала-ауыл қатынасы орнайды. Қазақтың басым көпшілігі қалалы жерлерде тұрақтанып қалуы ықтимал [2].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша республикалық кеңестегі қорытынды сөзінде: «Қала мен ауыл арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мұнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая түсуде. Біз ауылдағы жұмыс күшінің көптеп босауына, ауыл тұрғындарының қалаға көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға және ауыл мен қаланың арасындағы өмір сапасы деңгейіндегі үлкен айырмашылықты қысқартуға тиіспіз. Өйтпесек, біз өз мақсатымызға - бәсекеге қабілетті болуға қол жеткізе алмаймыз» [3]. Сол үшін аймақтағы демографиялық үрдістерді, олардың даму ерекшеліктерін зерттеудің маңызы зор, өйткені Алматы агломерациясы тұтастай Қазақстан Республикасы тәрізді полиэтникалы, поликонфессиялы сипатта.
Алматы агломерациясының тәуелсіздік кезеңіндегі жай-күйін қарастыру барысында оның экономикалық және адами ресурстарының, олардың қазіргі кездегі сипатын айқындауға жол ашады. Қала мен оның маңының даму заңдылықтарын, өзіне тән ерекшеліктерін тарихи талдау арқылы түсінуге септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы агломерациясының шаруашылық, әлеуметтік, этнодемографиялық, этномиграциялық дамуы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қала агломерацияларын зерттеу негізінен экономикалық география тұрғысынан жүргізілді. Аталмыш ғылым саласының мамандары оны зерделеуде қомақты тәжірибе жинақтады. Агломерациялық мәселелерді әр қырынан қарастырған ресейлік ғалымдар Н.Н. Баранскийдің, Г.М. Лаппоның, Ф.М. Листенгурттың, Ю.Л. Пивоваровтың, О.С. Пчелинцевтің, Г.Н. Фоминнің, Д.Г. Ходжаевтың, Б.С. Хоревтің және т.б. еңбектері зерттеушілерге кеңінен танымал. Бұл еңбектер агломерациялық, урбандалу проблемаларын зерттеуге мұрындық болады. Мәселен, Г.М. Лаппоның «Развитие городских агломераций в СССР» атты еңбегі қалалық агломерациялардың заманауи кенттену үрдісіндегі орны мен рөлін тануда аса маңызды. Кеңестік кезеңде марксистік-лениндік методология шеңберінде жазылғандығына қарамастан еңбек агломерацияның теориялық негіздерін түсінуге кеңінен мүмкіндік береді. Өйткені іргелі зерттеуде қалалық агломерациялардың дамуына әсер ететін факторлар, қала маңының қалыптасуының алғы шарттары, ірі агломерация және оның серіктес зонасы, т.б. мәселелер шешімін тапқан. Г.М. Лаппоның еңбегі агломерацияның теориялық-методологиялық негіздері көрсететін бірегей зерттеу болып табылады [4].
Біз
зерттеп отырған мәселенің
Алматы қаласы мен оның айналасындағы маятниктік миграцияның сипаты мен салдарын зерделеуге «Маятниковая миграция сельского населения» атты топтама септігін тигізеді. Жинақ маятниктік миграция деген не, маятниктік мигранттарға кімдер жатады, олардың жас мөлшері, әлеуметтік жағдайы қандай, маятниктік миграция қаланың еңбек ресурстарына қалай әсер етеді, маятниктік миграцияның болашағы қандай деген сауалдарға жауап береді. Сөйтіп, маятниктік миграция туралы толық түсінік беріп, осы мәселе бойынша зерттеушілерге жол сілтейді. Осы тұрғыдан алғанда топтама мәнді болып табылады [6].
Ірі мегаполистер, олардың жай-күйі мен болашағы кез-келген мемлекетті ойландыратын күрделі проблемалардың бірі. Қала ұлғайған сайын күрмеуі қиын мәселелердің қатары көбейетіндігі түсінікті. Сондықтан да ірі қалалар қашан да үкімет назарында болып, жиі тілге тиек етіледі. Осы орайда Б.С. Хоревтің «Проблемы городов» деп аталатын еңбегін атаған жөн. Өйткені зерттеу ірі қалалардың алдында тұратын түйіткілдерді нақ басып көрсетуімен ерекшеленеді [7]. Алматы агломерациясының болашағын болжауда, оның қазіргі кездегі орын алған проблемалардың шешімін табуда бұл еңбек маңызды болып табылады.
Алматы
агломерациясы және оның дамуы проблемалары
отандық тарих ғылымында зерттелуге
тиіс мәселелердің қатарына енетіндіктен
аталмыш тақырыпқа қатысты
Информация о работе Этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы