Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

 

     152-атқыштар бригадасы:Қазақстан жерінде қүрылған атқыштар бригадаларының бірі Оралда құрылған 152-атқыштар бригадасы (командирі — полковник Рогаткин, комиссары - С.Мартынов). Бұл бригада 1941 ж. соңы мен 1942 ж. басында құрылып, Сталинград май-данындағы 28-армия қатарында соғысты. Қүрама 1942 ж. та-мыздың ортасында Астраханьның солтүстік-батысында 90 ки-лометр жерде, Волга мен Каспийдің төменгі ағысы бойында шабуылға шыккан жау әскерімен бетпе-бет кездесіп, алғаш рет шайқасқа түсті, әрбір қүдық үшін кескілескен ұрыстар жүрді. Бригада мен оның көршілеріне Қалмақ АКСР-інің барлық оңтүстік-шығыс бөлігін ұстап ,тұрудың және жаудың Астра-ханьды басып алу жоспарын іске асырмай тастаудың сәті түсті. Жергілікті тұрғындар қазақстандық бригадаға Астрахань қала-лық комитеті мен Қалмақ обдыстық партия комитетінің ескерткіш туын тапсырды. 20 қарашада, яғни шабуылдың алға-шқы күні-ақ 152-атқыштар бригадасы 6-танк бригадасымен біріге отырып, Хулхута поселкесінің солтүстіқ-батысындағы жау қорғанысын бұзып, штурммен Сянцик елді мекенін алды. Жауды қуа отырып, армия бөлімдері 1943 ж. қарсаңында Қал-мақ АКСР-інің астанасы Элиста қаласын жаудаһ босатты1, қаңтардың ортасына қарай Маньч өзеніне шықты, ал 22 қаңтарда басқыншыларды Сальскіден қуды. 8 ақпанға қараған түні 152-бригаданың жауынгерлері мен офицерлері алғашқы-лардың бірі болып Дондағы Ростовқа қарай шабуылға шыкты. Осы ұрыстарда Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығында көрсетілген ерекше көзге түскен бөлімдер мен құрамалардың ішінде 152-бригада да аталады.Қазақстандық 152-атқыштар бригадасымен болған ұрыс-тарда 2 мыңнан астам солдаты мен офицерінен және 18 танкісінен айрылған жау Астраханьға шабуыл жасау әрекетінен бас тартты.

      1943 ж. мамырдың аяғында аз уақытқа орнаған тыныштық кезінде бригада резервке шығарылып, Ростов облысының Мясников ауданының Ленинаван селосына жеткенде бригада өзінің қатарын толықтырып, 118-атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды2. 1943 ж. тамыз-қыркүйек айларында Солтүстік Таврия мен Мелитопольді азат етуге 118-атқыштар дивизиясы ат салысты. Құрама Миустағы неміс қорғанысын ауыр шайқастардан соң бұзып өтіп, олардың Сармат, сулы және құрғақ Еланшық өзендері бойындағы аралық шептерге бекінуіне мүмкіндік бермеді. Дивизия Мелитополь, Днепрден Молочная езені бойымен Азов теңізіне дейін өтетін шептердегі ұрыстарда ерекше көзге түсті. Он бес күннің ішінде дивизия фашистердің шабуылын тойтарып, Молочная өзеніндегі қаһармандық шайқасы үшін "Мелитополь дивизия-сы" құрметті атағын алды3. Ерлік көрсеткен жауынгерлер арасында қатардағы жауынгер А.Найманбаев, сержант Ж.Сәдуақасов, тағы басқалар болды.4-Украина майданының Никополь — Кривой Рог операция-сына 5-Екпівді армияның құрамында — 118-Мелитополь атқыш-тар дивизиясы да қатысты. 1944 ж. 7 ақпанда дивизия гитлершілердің қорғанысын бұзып өтіп, басқа дивизиялармен бірге жаудың Днепрдің оң жағалауындағы Никополь плацдармын жойды, сөйтіп, 10 ақпанда Днепрден өте бастады...Наурыз айында 118-дивизия 57-армияның қарауына берілді, сөйтіп, енді оның құрамында шайқасқан дивизия 12 сәуір күні таңертең Тираспольдің солтүстік. жағын алды, ал бір күн өткен соң Варница станциясының іргесінен Днестрден өтті.1944 ж. шілдеде 118-дивизия Висланын батыс жағалауын-дағы Львов - Сандомир плаццармын ұстап қалу және кенейту үшін болған шайқастарға қатысты.1944 ж. 18 шілдеде 1-Белорус майданының әскерлері жау-дың қорғаныс шебін бұзды, ал 20 шілдеде Батыс Бугті азат етіп, Польша территориясына шықты.

 

    72-гвардиялық  атқыштар дивизиясы: 72 - Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы– Ұлы Отан соғысында ерекше танылған қазақстандық әскери құрама. 1941 ж. 5 желтоқсанда Астана (бұрынғы Ақмола) қаласында құрылған. Алғашында 459-атқыштар дивизиясы аталып, 1942 ж. 18 қаңтарда реттік саны 29-ға өзгертілді. 16 — 24 шілде (1942) аралығында Сталинград түбіне келіп жетіп, 5 — 10 тамыз аралығында Ақсай — Есаулов ауданында жаудың 2 жаяу әскер, 1 моторлы дивизияларының шабуылына төтеп берді. Кейін жау қоршауын бұзып өтіп, 2 қыркүйекте Сталинградтың оңтүстігндегі Бекетовка кентіне келіп жетті. 20 қарашада қарсы шабуылға шығып, Сталинградтың орталық және оңтүстік аудандарын азат етті. Сталинград майданындағы (1942, шілде — 1943, ақпан) көрсеткен ерліктері үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1943 ж. наурызда Воронеж майданы құрамында Харьков түбінде Германия әскерлерінің шабуылын тойтарса, мамыр айынан бастап Белгородтың оңтүстік-шығысына Дала майданының құрамына жіберілді. Курск шайқасы кезінде жаудың 2 жаяу әскер, бір танк дивизиясының шабуылын тойтарып, Харьков, Красноград қалаларын азат етуге қатысты. Осы үшін 1943 ж. 19 қыркүйекте “Красноград” дивизиясы құрметті атағы берілді. 23 қыркүйекте Днепр өзенінің арғы бетіне өтті. Өзеннен өту және оны қорғау кезіндегі ерліктері үшін дивизияның 25 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

      387-атқыштар дивизиясы. Қаһарлы 1941 ж. күзінде Қазақстанда құрылған құрамал-ардың бірі — 387-атқыштар дивизиясы. Бұл құрама Ақмола қаласында құрылды. Оның құрамы Ақмола облысының және оған көршілес Қарағанды, Қостанай облыстарының тұрғында-рынан жасақталды. Дивизияның тұңғыш командирі полковник М.С.Сущенко болды. Дивизия 1941 жылдың қараша айында Ба-тыс майданға жөнелтілді. 387-дивизия Мәскеуді қорғауға қатысты. Брянск майда-нындағы 61-армияның құрамында қимыл жасай отырып, ди-визия 1941 жылғы 27 желтоқсанда Орел облысының (қазіргі Калуга облысы) Ульянов ауданындағы Троицкое және Город-ки селоларын азат етті.Ал кейіннен 387-атқыштар дивизиясы Волга жағалауын-дағы шайқастың қызып тұрған кезінде Сталинград майданына жіберілді. Бұл 1942 жылдың желтоқсаны болатын. Ол кезде Сталинград түбінде қоршауға алынған Паулюстің армиясын құтқару үшін неміс командованиесі жанталаса әрекет жасап жатқан еді.Гитлер командованиесі қоршауды бұзып өту үшін, неміс-фашист әскерлерінің фельдмаршал Манштейн басқарған Ко-тельниково — Тормосин тобын Сталинградқа бүрды. Бұл топ-ты талқандау генерал Р.Я.Малиновский басқарған 2-гвардия-лық армияға жүктелген болатын. Бұл армияның құрамында қазақстандық 387-дивизия да болды. Құраманын алдында Васи-льевск — Капкино бағытында қоршауда қалған әскерлер тобы-на қарай дұшпанның жарып өтуіне жол бермеу міндеті тұрды. Бұл міндетті орындау үшін дивизия белімдері ашық далада, үскірік аяз бен қарлы боранда асқан табандылык, төзімділік керсетті. Дұшпанның танктермен жасаған талай-талай шабу-ылдарына тойтарыс бере отырып, дивизия 1942 жылғы 25 жел-тоқсавда өздері де шабуылға шыкты. Желтоқсанның аяғында олар Доннан өтіп, Тормосин - Нижне-Чирская тас жолына жетті. Көмекке келе жатқан жау әскерлері талқандалған соң, біздің 2-гвардиялық армия Ростов бағытына қарай шабуылды үдете түсті. Осы жолы 387-дивизия баскд да құрамалармен бірлесе қимыл жасай отырып, 31 желтоқсанда Тормосин қаласын азат етті.

   Қоршаудағы Паулюс әскерлеріне көмекке ұмтылған гитлершілер тобы талқандалысымен, Сталинград майданы-ның армиялары шабуылды бастады. 387-атқыштар дивизиясы (командирі - Полковник А.К.Макарьев, комиссары - под-полковник В.М.Алексеев) Васильевка, Верхнекумский, Крас-ноярский бағытына шегінген жаудың ізіне өкшелей түсуге бұйрық алды. Бұл бұйрық та өте ұйымдасқан түрде орындал-ды. 1943 жылғы 16 қаңтарда 387-дивизия Красногорский және Михайловский поселкелерінің түбіндегі Северский До-нец езеніне жетті. Өзеннің қарсы жағалауында Украина жері жатты, бірақ сол күні біздің жерлестерімізге Украина жеріне аяқ басудың сәті түспеді: командованиенің бүйрығы бойын-ша, олар аз уақыт тыныс алған соң, Донның төменгі ағысы бойына қарай қозғалды. Гитлершілердің жанталасқан қарсылығын да, ауа райының күрт өзгерістерін де табандылықпен жеңіп отырған 387-диви-зия 13 ақпанда Новочеркасскіге келіп кірді, келесі күні Несве-тай және Буденный ірі елді мекендерін азат етіп, Миус өзеніне шығып, онын батыс жағалауындағы биіктік үшін ұрыс жүргізді. Сталинградтан Ростов облысындағы Матвеев қорға-нына дейінгі сан километрлік жолда дивизия бөлімдері 391-атқыштар дивизиясы 3-Екпінді армияның құрамында 1943 ж. 11 шілдеде жау шебін бұзып өтіп, шегінген гитлершілерді өкшелей қуды. Осы ұрыстарда 951-артиллерия полкі дивизиондарының жауынгерлері кезектесе ілгері жылжу әдісін қолданды: бір-екі дивизион жауды атқылағанда, басқала-ры зенбіректерді машиналарға тіркеп алып, алға жылжып отырды.

 

Сталинград  шайқасына қатысқан батырлар тізімі: Әбдіров Нұркен (1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов облысы) - әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

    Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов-(8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ. 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жойған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949- 72 жылы халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Орда атындағы мектепке Хсайыновтың есімі берілген. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

     Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. 62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылып болысымен, Днепр жағалауына жылжып келді де, 2-Украина майданының 37-армиясы құрамына енгізілді. Днепр бойында кескілескен шайқастар болып жатты. Осы уақыт ішінде 184-гвардиялық атқыштар полкі Днепрдің оң жағалауына етіп, қолайлы бекініске орнықты. Келесі күні таң ата полк шабуылға көшті. Жауынгерлік күзетте болған пулеметші Шәкенов жаудың 3 рет жасаған шабуылын тойтарып, 17 әскері мен офицерін және ірі калибрлі пулеметін жойды. ¥рыс кезінде 2 рет жараланды. Днепрден өтуде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Шәкеновке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1944). 1944 жылы наурызда Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Тараз қаласындағы құрылыс тресінде қызметте болды.

    Қарсыбай Сыпатаев - 13-ші жеке атты-артиллериялық дивизионы 61-ші атты әскери дивизияның 4-ші корпусы құрамында өзінің өшпес ерлігін жасады. Бұл корпус  Сталинград қоршауы басталғанға дейін Ортаазиялық Әскери аймақтан темір жол арқылы Сталинградтан оңтүстікке қарай орналасқан ауданға шұғыл түрде жіберілген еді. 1942 жылы қазанның 16-нан қарашаның 8-іне дейін  қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек, түрікмендерден құралған кавалериялық бірлестік (полковник А. Ставенковтың 61-ші атты-әскери дивизиясы мен полковник В. Баумштейннің 81-ші атты-әскери дивизиялары) жолсыздық, қар мен жаңбырға қарамастан, қарсыласушы әскер құрамына енді. 61-ші дивизия румындық 4-ші жаяу әскер тылында жүріп, Соляной, Уманцево деген елді мекендерді қайтарып алды және Шарнутовский хуторының маңындағы жаудың 45 танкімен болған шайқасқа төтеп берді. 61-ші атты-әскер дивизияның белсенді іс-қимылдары 51-ші әскердің сол жақ қапталындағы бөлімдер мен бөлімшелердің табысты шайқасына септігін тигізді. «Нақ осы күндері оңтүстікқазақстандық даңқты жауынгер Қарсыбай Сыпатаев батырлық ерлігін жасады. Қарсыбайдың марапаттау қағазында: «Қызыл әскер сарбазы Сыпатаев Сталинградтан оңтүстік-батысқа қарай жердегі неміс жаулаушыларына қарсы кескілескен шайқаста ерекше батылдық мен табандылық көрсетті... «Қызыл батыр» колхозының ауданында  1942 жылы қарашаның 23-і күні өз минометімен дәл көздеп атып, жаудың жаяу әскерінің бір взводын жойды. Шарнутовский хуторының түбінде 1942 жылы қарашаның 26-сы күні жаудың 36 танкісі үш жақтан батареяны қоршайын деді. Сыпатаев жолдас минометімен дәл көздеп, танкілермен келе жатқан жаяу әскерді атқылап тоқтатты. Неміс танкісі минометке жақындағанда, оның жолын бөгеу үшін Сыпатаев қолындағы жарылғыш затпен танктың астына  түсіп жау танкісімен бірге өзін жарып жіберді. Осылайша батырлық жасаған Қарсыбай Сыпатаев қаза болды».

    «Бұл ерлік   жайлы хабар бүкіл елге тарады. Оңтүстік Қазақстан облысының  Шаян ауданына көптеген хаттар  келді. 1943 жылдың мамыр айында құрама командирі Л. Малеев, әскери комиссар В. Степаненко, саяси бөлім басшысы В. Чиковани «Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев» деген мақаласында оңтүстікқазақстандық ұланның Отаны үшін жанын қиып, қазақ халқының күрескер рухы мен қасиетін паш еткенін атап өтті. Ол батылдық пен ерлік символына айналды. Облыстық газет «Қазақ халқының ержүрек  ұлы Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев» деген тақырыппен мақала жариялады», деп жалғастырды Ә.Смайылов. Ғалым Қарсыбайдың ауылдастары онымен әскерде бірге болған майдангерлерге жазған, сол кездегі басылымдар бетінде жарық көрген хаттың көшірмесін тауып алған. Хаттың мәтіні мынадай: «Құрметті жолдастар, сіздерді шын шүректен құттықтаймыз! Жерлесіміз, адал еңбекші большевиктік партияның түлегі Қарсыбай Сыпатаевтың Кеңес Одағының Батыры атағын алғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Ол әскери борышын орындау кезінде жаудың 28 танкісін бөгеу үшін жанын пида етті. Қарсыбай бойындағы патриоттық сезіміне ерік беріп, «Көктөбе» ауылындағы жерлестерінің аманатын орындады. Ол батыр болған ата-бабасының, ақ шашты анасының ар-намысына дақ түсірмей, ерлік жасады. Қарсыбай арамызда жоқ, сол үшін қанша қайғырсақ та, елінің ардақты ұлы үшін мақтанышымыз Қаратаудың Тұра шыңынан да асады. Батырдың анасы Жекепар, әйелі Бибісая көз жасын төкті. Бірақ бұл қайғыға бола төгілген көз жасы ғаны емес, бұл мақтаныштың белгісі.  «Менің Қарсыбайым елінің аманатын орындады. Дала қыранын бекер өсірмеппін. Менің басқа майдангер-балаларым ананың көз жасынан қорғасын құйып, Қарсыбай үшін кек алады» деді Жекепар.  Құрметті командирлер, сіздердің қарамағыңызда күресіп жатқан барлық қазақ жауынгерлеріне, барлық жерлестерімізге мына бір сәлемімізді жеткізулеріңізді сұраймыз. «Минометші Сыпатаев сияқты батыл әрі байсалды, өлімді жек көретін жауынгер болыңдар. Сонда ғана қазақ халқына, кеңес елінің барлық бауырлас халықтарына  жеңіс, бейбітшілік пен бақыт әкелесіңдер. Колхозшылардың тапсырмасы бойынша Қ.Сыпатаев атындағы колхоз төрағасы Ағыбаев, партия ұйымдастырушысы Ахметов, есепші және хатшы Есназарова, колхозшылар: Бибісая Сыпатаева, батырдың әйелі, Сапар Сыпатаев  пен Жұмабек  Сыпатаев, батырдың ағалары,  Күлхан Үметаева, Бейсен Еркебалаева және т.б.». Хатта соғыс кезеңіне деген құрмет пен колхозшылардың рухы, жауды жеңеміз деген үміт лебі сезіледі. Хаттың сөздері мен стилі, яғни сол кезеңнің өмір шындығы сақталған. «Оқырмандар үшін Қарсыбайдың өз қолымен жазған тағы бір құжатты көрсетейін», - дейді профессор. «Мен, Қарсыбай Сыпатаев, 1918 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауданының «Көктөбе» колхозында дүниеге келдім. Менің әке-шешем кедей шаруалар, туыстарым сотталмаған және сайлау құқығынан айырылмаған. 1931-1934 жылдар аралығында «Көктөбе» колхозының мектебінде оқыдым. 1934 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың күзіне дейін Шаян орта мектебінде оқыдым. Осы жылдың күзінен бастап колхозға есепші болып жұмысқа тұрдым. 1936 жылдан осы күнге дейін (10 мамыр 1941 жыл) - колхоз есепшісі. Партия тарапынан жауапкершілікке тартылған жоқпын. КСРО, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне және жергілікті еңбекшілер депутаттары кеңесіне сайлау кезінде участкелік комиссиясының хатшысы қызметін атқардым. Әр кезде үгіт-насихатшы қызметін атқарамын, колхозшылардың партия мен үкіметтің шешімдерінжүзеге асыруына көмектесемін. Бұл менің қысқаша өмірбаяным. Қ.Сыпатаев. 10 мамыр 1941 жыл». Батырдың жерлесі Таукүл Есназарованың естелігінен бір үзінді: «Қарсыбай Қызыл әскер қатарына өз еркімен кетті, әскери комиссариаттан шақыру қағазы келген жоқ. Ауылдастары Қарсыбайды колхозда қалып, жұмыс істеуге шақырды. Ол болса, «Үйде қалуға болмайды. Мен Қызыл әскер жауынгері болуым керек. Елге жеңіспен ораламын, не ерлік жасап мерт боламын», - деген еді».

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы