Шыңғыс ханның тұлғасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 18:50, реферат

Описание

Біздің қазіргі тарих пәнінен білетініміз, Шыңғысханның руы Қият-Боржигин. Бірақ, оның көшпелі мәдениеттің өкілі ретінде рудан басқа ірі көшпенді бірлестік, яғни туған тайпасы да болуы керек қой. Бүгінгі тарихтанушылар Қият-Боржигин, Тайчут, Барин, Жатжират, т.б моңғол тайпалары деп атайды. Бірақ олардың бәрі ру, бір рудың ішіндегі ата болып, өзара туыстасып келіп, бір тайпаны ғана құраған. Сол себепті қазір бұл руларды өз ішімізден таба алмаймыз. Ал тайпаның ішіндегі рулар өзіндік сүзгіден өтіп, жаңарып отырған.

Работа состоит из  1 файл

Шынгыс ханнын тулгасы!!!.doc

— 75.50 Кб (Скачать документ)

   Шыңғыс  ханның тұлғасы  

   Біздің  қазіргі тарих пәнінен білетініміз, Шыңғысханның руы  Қият-Боржигин. Бірақ, оның көшпелі мәдениеттің өкілі  ретінде рудан басқа ірі көшпенді бірлестік, яғни туған тайпасы да болуы керек қой. Бүгінгі тарихтанушылар Қият-Боржигин, Тайчут, Барин, Жатжират, т.б моңғол тайпалары деп атайды. Бірақ олардың бәрі ру, бір рудың ішіндегі ата болып, өзара туыстасып келіп, бір тайпаны ғана құраған. Сол себепті қазір бұл руларды өз ішімізден таба алмаймыз. Ал тайпаның ішіндегі рулар өзіндік сүзгіден өтіп, жаңарып отырған. Мысалы: бір рудың ішіндегі  «мықты адам» ыдырап кеткен басқа туыстарының бәрінің басын қосып, соңынан ертетін болса, сол уақыттан бастап оның туыстары, басқа жекжаттар арасында, жаңа ру көсемінің есімімен таныла бастаған. Уақыт өте көсемнің аты тұтастай оның руына көшетіні тарихтан белгілі.

   Тайпаның  өз ішіндегі рулық атауы жиі өзгеріске  түсіп тұрған. Ал көшпенділердің одан ауқымды бірлестігі, яғни рулар одағы - тайпа атауы өзгеріссіз қалып  отырды. Сондықтан тарихта Шыңғысхан  заманындағы көшпенді тайпалардың атаулары сақталды. Ол - Керей, Абақ-керей(меркіт), Қыпшақ, Найман, Қоңырат, т.б. Бүгінде бұл тайпалар қазақ халқының құрамына кіреді, бірақ олардың арасында «моңғол» тайпасы жоқ. Көшпенді үшін «моңғол» сөзі рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді.

Әмір  Темір өзінің ұрпақтарына қалдырған  жазба мұрасында (оны өзбек баспагерлері «Әмір Темірдің аманаты» деген атаумен  шығарды) өз тайпасы туралы тәптіштеп  жазады. Міне осы кітаптан біз «моңғол» руының немесе тайпасының бірде-бір  өкілін іздеп таппаймыз.

   Русь  жылнамашылары алтынордалықтарды  «татар-моңғолдар» деп жазды. Ақсақ  Темір заманында Шағатай ұлысының отырықшы халықтары (Мауераннахр тұрғындары) «моғолдар» ( «монғолдың» бұзылып  аталуы)  деп көшпенділердің барлығын бірдей атай берген. Бірақ бәрінен бұрын бұл атауды жақын көршілері - оңтүстік Қазақстан аумағындағы көшпенділерге таңған.

Мауераннахрдағы биліктен айырылған Әмір Темірдің ұрпағы Бабур Шағатай ұлысының әскерін  Үндістанға алып келіп, жаңа бір көшпенді империяның іргесін қалады. Ал жергілікті халық шағатай түрктерін «моғол», яғни моңғол деп атаған. Одан ұққанымыз, отырықшы ел өздерінің үстіне келген көшпенділердің кім екенін ажыратып алмай жатып, бұрынғы үйреншікті тілмен «моңғолдар» дей салған. «Моңғол» сөзінің түпкі мағнасы Шыңғысқанның ұлыстары ыдырамаған заманда, барлық көшпенді жұртқа белгілі болған. Оны Әмір Темір де білді, сондықтан да оның туыстарының ішінде де моңғол атанған ешкім жоқ. Сондай-ақ, ол Темучжиннің руы кім екенін, оған «Шыңғыс» атағы қалай берілгенін және ол сөздің мағынасы не екенін де жақсы білген.

   Шыңғысхан шыққан көшпенді тайпа ешқайда жоғалып  кеткен жоқ, ол біздің арамызда өмір сүріп  жатыр. Бірақ  Шыңғысхан туралы жазған тарихшылар оны түркі тайпаларының ішінен көре алмады немесе көргісі  келмеген болар. Бүгінгі күні қолымызда бар тарихи деректер мен мәліметтер Шыңғысханның қандай тайпадан шыққанын және ол қай халыққа жататынын толық  дәлелдеп бере алады. Егер біз түріктердің салт-дәстүрлерін моңғолдардікінен айыра білсек, онда «Құпия тарих» «кейіпкерлері» кім екенін өздері-ақ «айтып» берер еді.

   Ең  алдымен, орысша аудармасында Темучжин деп аталатын Шыңғысханның шын есімі  кім еді дегенді анықтап алайық. Біз көшпенділердің есімі қашанда  белгілі бір мағынаны беріп тұратынын  білеміз. Тарихшы Е.И.Кычанов «Темучжин» атауын «Жизнь Темучжина, задумавшего покорить мир» деген кітабында былайша түсіндірген болады:

   «Алғашқы  дереккөздерінде болашақ қағанның есімі татар батырының құрметіне  орай берілген деген ақпар бар: (сөзбе-сөз)«...в  это время когда Есугай-Баатур воротился, захватив татарских Темучжина-Уге, Хри-Буха, ходившая на сносях Оэлун-учжин родила  Чингиз-хагана в урочище Делиун-балдах на Ононе. Родился Чингиз-хаган, сжимая в правой руке своей сгусток крови, величиною с альчик. Рождение его совпало с приводом татарского Темучжин-Уге, вот его и нарекли Темучжином».

Әрі қарай:

   «Некоторые  ученые предполагают, что имя Темучжин в переводе с древнемонгольского означало «кузнец». И для этого  есть основания. Еще в прошлом  веке монголы считали, что наковальня Чингиса, сделанная из металла бурын, имеющего свойства меди и железа, хранится на горе Дархан...»

Әдетте, елге белгілі есімдер халық арасында ұзақ сақталып қалады, ұрпақ алмасқан сайын бірнеше мәрте қайталанып отырса да, оның алғашқы мағынасы өте  сирек бұзылады. Кейде халық арасында мағынасы ұмытыла бастаған атаулар да кездеседі. Мәселен, Аблаз - бұл Абыл және Азық сөздерінің қосындысынан туған. Біздің жұрт бір кездері сайын даланы Күн бидің (Елсау) ұрпақтары билеген көшпенділердің біріккен мемлекеті (үйсіндер) болғанын да ұмыта бастағандай. Күнделікті өмірде көшпенділер өздерін көсемдерінің есімдерімен Абыл елі, Азық елі және Албан елі атап кеткен (б.э.дейінгі 3 ғ - б.э 3 ғ). Қалай дегенмен де шамамен осыдан екі мың жылдай бұрын Абыл-Азықтың қысқарған түрі Аблаз атауы өмірге келген. Қазір көшпенділердің осы біріккен мемлекетін әлемнің ешбір картасынан іздеп таппайсың, бірақ олардың ұрпақтары адам есімі арқылы осы мемлекеттердің атын бүгінгі күнге дейін алып келіп отыр. Бұл туралы 18 ғ. өмір сүрген  тарихшы Қазбек бек Тауасар ұлы жазды.

   Енді  Темучжиннің (Шыңғысханның) шын есіміне  қайтып оралайық. Көшпенді халықтың өлшеміне салсақ, ол өмір сүрген уақыт сонша  қиырда жатқан жоқ. Әйтседе, моңғолдар  арасында да, түріктер арасында да Темучжин есімін кездестірмейсіз. Неге десеңіз,  мұндай атау бұл халықтардың ешқайсысында да, ешқашан да болмаған. Біріншіден, бұл сөзде ешқандай мағына жоқ. Екіншіден, ол - «Құпия тарихты» орысшаға аударғаннан кейін ғана пайда болды. Қытайдан 19 ғасырда орыс синологы Кафаров жеткізген осы алғашқы дереккөзі негізінде, өкініштісі сол, қолдан «моңғолдар» туралы ғылым жасалды. Сөйтіп, аудармашылар Шыңғысханның есімін Темучжин деп «түзетіп» жіберген. Аудармашылар, әйтпесе «тарихшылар» дейміз бе, 19 ғасырдың ортасында қолдарында Шыңғысхан туралы материал, яғни «Құпия тарих» бола тұрып, ең басты, ең үлкен қателік жіберді. Олар түріктердің көп руларын моңғолдар деп түсінді. Шынтуайтқа келгенде, «Құпия тарих» - Шыңғысқанның тарихи ата-шежіресі және ол Шыңғысқан өлген соң 13 жылдан кейін көшпенді ортада жазылды. Сондықтан болар, ғылыми ортада ол Шыңғысхан туралы жазылған дереккөздердің ішіндегі ең бір ақиқаттысы деп саналады. Тарихи шежіренің соңында (282-тарау) автор былай дейді: «Құпия тарихтың» 282 тарауының соңында ол былай дейді: «Ұлы құрылтай болған жылдың (1240)тамылжыған айнда ( 7-ай)Керліннің Көде аралының Делуін бұлтығы мен  Сілкінсек екеуінің  арасына  қаған ордасы қонып жатқанда тәмамдадым». Әлбетте, жылнама авторы Шыңғысханның этникалық  тегін жазуды мақсат тұтпаған сияқты, бірақ  жылнама кейіпкерлерінің бәрі түркі ғұрыптарын ұстанғандықтан, олардың тегі кім екені өзді-өзінен түсінікті емес пе. Осыған қарамастан ғылымда «тыңнан түрен түрушілер» оларды «моңғолдар» деп жазып, ал олардың іс-әрекеттерінің бәрін түрік жұртының ұлттық салт-дәстүріне таңып қояды. Сөйтіп 19 ғасырдағы ғылыми ойдың жемісімен түркі дәстүрлі моңғол деген «дүбәра» халық пайда болды. Бұл адасушылық Шыңғысханды да айналып өтпеді. «Құпия тарих» бойынша, әлде-қандай жағдайлар болғанда ол биік төбеге шығып алып, мойнына  салынған белбеумен бірге түріктерше басын иіп Көк Тәңірге құлшылықпен  жалбарынатын.

   Ғылымда бұдан да басқа тағы бір «Алтан товч» деген алғашқы дереккөзі  бар. Ол 1926 жылы Монғолияда Хошуин тайпасының тайшысынан табылды. Орыс оқырмандары  онымен тек 1973 жылы ғана таныса алды (А.Шастина, Мәскеу қ). «Алтан товчта»  «Құпия тарихтың» 282 тарауының 233-і қайталанады, бірақ сонымен қатар Шыңғысхан туралы кейбір толықтырулар да беріледі. Мысалы, екі  дереккөзінде  де Темучжиннің тууы жөніндегі дерек бірдей: «...Ононның Делуін бұлтық деген жерінде Шыңғыс қаған туады...Татардың Темүжін үкісін ұстап әкелген кезде туды деп ырымдап, атын Темүжін қойыпты». «Алтан товч» «бұл қара жылқы жылының күн ысыған түс мезгілі болатын» деп толықтыра түседі. Сондай-ақ, татар Темучжиннің қолға түсуіне байланысты «туған нәрестені  Темучжин деп атап, темір бесікке бөледі» дегенді де қосады. Бұл Шыңғысхан қашан туды деп дабыра көтеріп жүрген ғалымдардың сауалына берілген нақты жауап. Автор Шыңғысхан есімінің түпкі мағынасы түрікше - Темір дегенді анық айтып тұр. Яғни, ол 1162 жылы туған, оның есімі - Темір. Біздің ата-бабамыздың салты солай- адам есіміне мән беріп қана қоймай, бала мықты болып өсуі үшін мүмкіндік болса, оны темір бесіке де бөлеп тастайды. Көшпенділердің баланы темір бесікке салуында өмірлік пәлсапа жатыр. Оның мәнін сол кездегі  көшпенділер жақсы түсінген.

«Алтантовчтың»  авторы бізге Шыңғысханның шын есімі  Темір екенін және оның қайдан тарайтынын нақты айтып отыр.  Сонда «учжин»  деген жұрнақ қайдан келген? Ол ерлердің де, әйел адамдардың да есімдерімен қосарланып жүреді. Мәселен: Темір учжин, Оэлун учжин және т.б.  Әдетте, мұндай дәстүрді түріктер ұстанады, бірақ олар «еке» жұрнағын қолданған. Мүмкін бұл да түріктердің «еке» жұрнағын «учжинге» шатастырып алып жүрген аудармашылар мен көшіріп жазушылардың қателігі болар. Әйтпесе, әлемнің басқа бірде-бір елінде мұндай тектес жұрнақ жоқ. Енді осы жорамалды анықтау үшін «Құпия тарих» жылнамасы тарихына көз жүгіртейік. Мүмкін «еке»-нің «учжин»-ге қалай айналып кеткеніне көзімізді сол жеткізер?

Қытайдан  табылған «Құпия тарих» орыс тіліне аударылған соң, көпшілік оқырманның танысып-білуіне  кеңінен жол ашылды. Алғашқы дереккөзінің авторы Шыңғысханның руынан екені сөзсіз. «Құпия тарихтың» 282 тарауының соңында  ол былай дейді: «Ұлы құрылтай болған жылдың (1240)тамылжыған айнда ( 7-ай) Керліннің Көде аралының Делуін бұлтығы мен  Сілкінсек екеуінің  арасына  қаған ордасы қонып жатқанда тәмамдадым». Осыған қарағанда оның өзі де Шыңғысханның айналасында болып жатқан оқиғалардың қайнаған ортасында жүргенге ұқсайды. Қағанның сәбилік және балалық  кезін жазғанда ол ұдайы «айтады», «дейді» деген сөздерді қолданады. Ал енді көшпенділердің барлығына қатысты дүрбелең оқиғаларды суреттегенде «біз», «біздер», «олар» дейді.

   «Құпия  тарих» пен «Алтан товчтан» басқа  тағы бір дереккөзі болды - қытай «Құпия тарихының» көшірмесі. Рашид-ад-дин сонда келтірілген деректерге сүйене отырып өзінің «Жылнамалар жинағы» атты еңбегінде моңғолдар туралы тарауды жазды. Осы еңбегінде ол моңғолдың ескілік әңгімелерін білетіндердің ауызша деректеріне де жүгінген. Мүмкін, осы ауызша деректердің әсерінен де болар, ол Шыңғысханның шешесін Оэлун-учжин, басқаша айтсақ - Оэлун-эке деген.

Ол былай  дейді:

«...оны  да Оэлун-эке деп атады. Қытай  тілінде «Фуджин» - қатын дегенді  білдіреді, ал Есугей бахадүрдің тайпасы  сол мемлекетке жақын көршілікте  өмір сүргендіктен, солардың сөз саптауларын қолданған...».

«Жақын  көрші» - Қытаймен аралықта  Гоби шөлі басқан мыңдаған шақырым жатыр. Дұрысында, Рашид-ад-динді Тимур (Темір), Оэлун (Өлең) және тағы басқа есімдерге  жалғанған қытайдың «учжин» жұрнағы таң қалдырған шығар. Сосын осы ұқсастыққа   айтар уәж таппай, оның ойына бар келгені Шыңғысхан көшпенділері мен қытайлар «көрші» тұрды дегеннен басқа лажы болмаған болуы керек. Рашид-ад-динге кінә жоқ, ол еңбегін Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 100 жыл өткен соң барып жазып отыр. Ол тіпті Шыңғысханның балалық шағы өткен, өсіп-жетілген жерлеріне барып дерек іздегеннің өзінде, сол кездегі дүрбелең оқиғалардың басы-қасында жүрген жандар өмірден озып кеткен. Бұл уақытта Ұлы далада үлкен өзгерістер орын алған. Көшпенді түріктер (қазақтар)  тектен-текке «Елу жылда - ел жаңа» демеген болар.

   Шыңғысханның  көзі тірісінде-ақ көшпенділердің негізгі  бөлігі Алтай асып, Шыңғыс ұрпақтарымен бірге батыс жерлерін жаулап алу  үшін аттанып кеткен болатын. Кейін, 1268 жылы Монғолияда қалған көшпенділер Қытайға қоныс аударады. Шыңғысханның кіші ұлы Төледен туған немересі Құбылай қағанат тағын Ханбалыққа (Пекин) ауыстырады. Ал одан бұрын Құбылайға наразы көшпенділердің бір бөлігі қазіргі Талдықорған облысының аумағына барып тұрақтаған еді. Наразы топтың басында Шыңғысханнан кейінгі қағандық мұрагері Үгедей қағанның ұрпағы Хайду болды. Олар дала билігі Төленің ұрпақтарына көшкеніне теріс қарады.

Рашид-ад-дин  «Жылнамалар жинағын» жазғанда монғолдың  ескілік әңгімелерін білетін ескікөздер жан-жаққа тарап кеткен. Бірақ олардың кейбіреулері тарихта  Елхан (елдің ханы) аталатын парсылардың билеушілеріне қызмет етіп, Рашид-ад-диннің жанында жүрген ( Әбілғазы жазған «Түрік шежресі» бойнша білгір 6 адам көмектескен).  Сөйтіп, ол Шыңғысхан туралы деректі «Құпия тарихтың» көшірмесі мен осы ескікөздердің әңгімесі бойынша толықтырған болуы керек.

   1240 жылғы жылнама авторы басқа  барлық көшпенді елдің өкілі  сияқты Шыңғысхан туралы шежірені  қолжазба түрінде жазды. Уақыт  өте ондай қолжазбаларды жаңартып, көшіріп жазып отыру  қажет. Міне осы көшірме Қытайдың Ханбалық қаласындағы Құбылай қағанның сарайында жазылуы мүмкін. Егер олай болған күнде, көшіріп жазушы автордың тілін  түк өзгертпестен, мәтінді иероглифке салып жазып шыққан. Шындығына келсек, ол нақ солай болған да. Бірақ иероглифтер түрік тілінің барлық бояма сырын бере алмайды, әсіресе кісі аттарына қосылған «еке» жұрнағының мағынасын ашу қиын. «Еке» - көшпенді түріктер үлкен адамдарды, құрметті кісілерді осылай ілтипатпен құрметтеп атына қосып атаған. Бұл дәстүрді басқа халықтардан табу қиын шығар. Мәселен, Асан-еке, Болат-еке, Қойшыбек-еке, Тұрсын-еке, т.б. Өздеріңіз көріп жүрсіздер, ондай құрмет көрсету түрі қазір де ортамызда бар. «Еке» жұрнағы беделді жастағы әйел есімдеріне де қосылып айтыла береді. Бірақ  бүгінде адамның толық есімінің соңынан «еке» қосу сирек, ол көбіне Қазақстанның оңтүстік аумағындағы үйсіндер арасында, қартаң адамдар арасында ғана кездеседі. Қазір, мәселен, Асан - Асеке немесе Болат - Бөке... деп тіпті алғашқы «е»-сі де қысқартылып айтылуы мүмкін. Сөйтіп, Темір, Оэлун (Өлең) есімдеріне қосақталған «еке»-ні қытай иероглифі нақты бере алмаған. Оның үстіне құрметтеу ишарасы ретінде айтылатын «еке»-нің мағыналық аудармасы да жоқ. Сондықтан көшіріп жазушы түрік мәтінін қытай иероглифіне ауыстырғанда, «еке»-ге балама болады-ау деген «учжин» сөзімен алмастырған. Әрі оның мағынасын иероглифтер арқылы беруге де жеңіл. Міне, өстіп қытай иероглифтері мен орыс аудармасынан кейін Темір-еке(темір) -Темучжин, Өлен-еке(өлең) - Оэлунучжин, татар Қара Бұқа - Хри-Буха және т.б болып шыға келген.

Информация о работе Шыңғыс ханның тұлғасы