ғылымның басталу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 07:01, доклад

Описание

Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады.

Работа состоит из  1 файл

ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 32.40 Кб (Скачать документ)

Универсализм  – орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.  

Орта  ғасырдағы дүниеге көзқарастың  ерекшеліктері:  

1. Барлық  адам баласының қызметі діни  пайымдаулармен түсіндіріледі, табиғатқа деген  көзқарас библия  концепцияларының цензурасынан өтті.  

2. Дүниенің  жаратылуы, бірлігі құдай арқылы  болғандықтан, орта ғасыр дүниенің  картинасында жаратылыстану дамитындай  объективті заңдар ашылмады.  

Орта  ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға  қарағанда кейін бірнеше қадамға  шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары – астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.  

Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.  

Математика  мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар – Коперник, Кеплер, Галилей түрды.  

Орта  ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі – дүниенің аяқталғанын шеңбермеи білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.  

Сол кездегі  ғылымның дамуына қалалықтарды қатал  тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен  өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің  ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты  ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау  да да жоғары бағаланды.  

Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін  шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта  өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.   

Жаңа  ғылымның ірге тасын қалағандардың  бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дурыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық қүралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар  

Аналитикалық  және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану – гректер жүргізе  алмаған  өлшеу жумыстарын жүргізуге  мумкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.  

Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.  

Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.    
 
 

КЛАССИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

«Классикалық  ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына  дейінгі уақытта қалыптасты.  

Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының  өз ерек-шеліктері болды:  

Шындықты  айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика  қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін  меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.  

Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін  тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды.  

Элементаризм  – күрделі құрылымдардың царапайым  элементтерін бөліп алып, анықтама беру.   

Статизм – бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару.  

Антиэволюционизм  – реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.  

Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.  

Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы  орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.  

Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым  тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.   

Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары  механистикалық және метафизикалық  болып қана отырып, табиғатқа деген теология-лық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотеза-сы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.   

Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым  салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зер-ттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады.  

XIX ғасырдың  екінші жартысындағы ғылымдағы  үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:  

Шлайденн  мен Шванның клеткалық теориясы;   

Майер мен Джоульдің энергияның сацталу  және айналу заңы;  

Ч. Дарвиннің  эволюциялық ілімі болды.  

Одан  кейін табиғат диалектикасын  толығымен негізделген үлкен  жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:  

- 1861 жылы  А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың  химиялық құрылысы теориясы;  

-1869 жылы  Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;   

1869 жылы  Л.Х.Вант Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;  

1875 (Дж. К.Максвелл) – жарыңтың электромагниттік  теориясы ашылды. Осы ғылыми жаңалықтар  негізінде жаратылыстану жоғарғы  сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер  жинаушы ғылым болса, ал XIX ғасырда  заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы  туралы ғылым болды, жаратылыстануда  ғылым диференциациясы белсенді  түрде жүрді, яғни ғылымның  ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, қатты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа сала-лары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.  

XIX ғасырдың  аяғында ғылымдар интеграциясының  алғашқы белгілері шықты, ол XX ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралықзерттеулер жүргізіле бастады (биохИмия, геохимия,  биогеохимия тағы басқалар).  

Жаратылыстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенді.  

Тіршілік  пен тірі организмдердің пайда болуы  биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның  орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.  

Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы бол-ды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.  

Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамды өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында маза-сыздық пен бей-берекеттік тудырды.  

Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы  жағдайды күрт шиеленістірді. «Қудай жаратқан» деген уғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы рөлінен айрылды. Христиандық теология бойынша «табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі» деген антропоцентристік көзқарасты үстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен Кутқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бул пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейбере-кеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылу-лық өлім) жетеді деген.  

Соған қарамастан, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы ғылымдағы алтын еасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген инсти-туттар   мен   академиялар   ашылды.   Әр   түрлі   зерттеу   жумыстары  

үйымдасқан  түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды.  

Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан  жағдай шешімін табуды қажет етті.   

Ол XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталып, XX ғасырдың ор-тасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.    
 
 

ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР  

Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды.  

Г.Герц – электромагниттік толқындардың ашылуы;   

К. Рентген  – қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;  

Дж. Томсон – электрондарды ашу;  

П.Н.Лебедев  – жарық қысымы;  

М.Планк  – кванттық идея;  

А.Экштейн  – салыстырмалылық теориясы;  

Э.Резерфорд  – радиоактивті бөліну.  

1913-1921 жылдары  атом ядросы туралы түсінік  негізінде Н.Бор атом моделін  ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің период-тық системасына сүйенді. Бүл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезең болды. Ол материя мен оның қүрылысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бурынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең XX ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен уштасуымен байланысты болды.  

Революцияның  үшінші кезеңі XX ғасырдың 40-шы жылдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш  машина мен кибер-нетиканың пайда  болуымен байланысты. Сонымен қатар, бул кезде физикамен бірге хймия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.   

XX ғасырдың  ортасынан бастап ғылым мен  тех::ика тутасымен бірігіп қазіргі ғылыми-техникалық революцияға әкелді.     
 
 

ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ  

Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша  ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан  кейде оны классикалық емес ғылым  деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:  

1. Классикалық  механиканы негізгі ғылым деп  санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. Муның өзі әлемді алып механизм түрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.  

- Классикалық  ғылымдағы механистикалық, метафизикалық  көзқарастарды диалектикалық көзқарас  ауыстырды;  

Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау  жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен  алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар  мен ғылыми әдістемелердің пайда  болуы көп әсерін тигізді:  

Информация о работе ғылымның басталу мәселелері