Бұқаралық қатынас әлеуметтануы

Дата добавления: 18 Февраля 2012 в 16:15
Автор работы: a********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать (10.80 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

Бұқаралық қатынас әлеуметтануы.doc

  —  46.00 Кб

    Бұқаралық қатынас әлеуметтануы

      Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..

      Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда  әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.

    БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БКҚ,  қоғамның  позитивті және негативті  жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ.  БКҚ негізгі функциялары –

     Тәуелсіз  Қазақстаның даму үдерісіндегі саяси жүйесін бұқаралық ақпарат құралдары институтынсыз елестету мүмкін емес. БАҚ аса маңызды, көпсалалы, көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпараттық функцияларды атқаратын демократиялық, азаматтық, саяси және идеологиялық институт ретінде түзілуде. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үдерістерде БАҚ кең ауқымды функцияға ие болғандықтан, қоғамда БАҚ араласпайтын сала жоқ. Әр қырынан, әр саладан, әр деңгейден көрінеді. БАҚ-тар әлемдегі демократиялық институттардың әртүрлі, көпсалалы функцияларын дерлік толығымен атқаруда. БАҚ-тың рөлі туралы әртүрлі пікір, талдаулар бар. Ғылыми әдебиетте,  жалпы, оның жиырмаға жуық функциясы көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еліміздегі қоғамдық-саяси жүйенің қалыпты қызмет жасауы мүмкін емес. Өйткені, БАҚ «қоғамның демократиялық дамуының аса маңызды құралы» болып табылады. Демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарына кең құқықтық өріс ашылып, заңмен тыйым салынбағанның бәрімен шұғылдануына ерік берілді. Ендеше, Қазақстанның жан-жақты жаңару кезеңіндегі саяси жүйедегі БАҚ-тың орны туралы қандай қорытындылар жасауға болады? БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде көпсалалы, көпқырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің орнын тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық институт. Билік БАҚ-ты қоғамдық пікірді білдіруші өзінің демократиялық-ақпараттық әріптесі ретінде қабылдаса, БАҚ әр деңгейдегі билік институттарын халық өкілеттік берген, ел мен ұлт мүддесін жүзеге асырушы, мемлекет мүддесін қуаттайтын әріптесі ретінде қабылдауы тиіс. Ол үшін БАҚ пен билік арасында «келісім архитектурасы» қалыптасуы керек. Бұл іске қойылар басты талаптар: шыншылдық, ашықтық, ақпараттық, жаңашылдық, әлеуметтік, жауапкершілік  және қоғамдық пікірге деген құрмет.   
– Сіз жоғарыда БАҚ-ты көпсалалы, көпқырлы қоғамның барлық саласына араласа алатын демократиялық-қоғамдық институт дедіңіз. Билік неге БАҚ-қа өз құзыретін жүргізгісі келеді?  
– Мемлекеттік органдардың немесе шенеуніктердің бұқаралық ақпарат құралдарын толық мемлекеттік билік бақылауына алғысы келетіні де, ал, бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан, әрине, толық тәуелсіздікте болуды аңсайтындары да бар. Әділетіне келсек, бұның екеуі де бүгінгі күнгі қоғамдық ахуалда үрдіске сай келмейтін мақсаттар. Масс-медиа өкілдерінің шексіз тәуелсіздік немесе еркіндік туралы пайым-тұжырымдары да, сайып келгенде, негізсіз. Себебі – кез келген ақпарат құралының құрылтайшысы, иесі бар. Олардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан саяси мүдде-мақсаттары бар. Бұл – басы ашық мәселе. Елбасы Н.Назарбаев журналистермен кезде- 
суінде: «Мемлекеттік емес БАҚ-тар қожайындарының қатты қыспағына түсіп отыр. Әлгілер өздерінің та- лас-тартысына енді журналистерді тартады. Айналып келгенде журналистер әлгі қалталы байлардың айтқанымен жүріп, солардың сойылын соғатын аманат-адамдарға айналды», – деген болатын. Жалпы, қай елде де болсын, мемлекеттік билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынастар қашанда қайшыласып, бүкіл қоғамның назарын өзіне аударып отыратыны белгілі. Мемлекеттік билік органдары журналистерге құрметпен қарағанның орнына, шекесінен шертіп отырғанды ұнатады. Жұмыс беруші тарапынан қандай қысым көрсе де, журналистің негізгі ұстанымы мемлекеттік, ұлттық мүдделер болып, өзінің азаматтық келбетін сақтауы керек. Бүгінде БАҚ еліміздегі бүкіл саяси биліктің жария, ашық қызмет жасауының басты механизмдерінің біріне айналды және БАҚ-тың бұл мәселедегі ықпалы күн сайын артуда. Бұл артықшылықтарын олардың өздері де сезеді. Кейде БАҚ-тың билік органдарына қысым көрсетіп, үстемдік жасағысы келетін ауанын да байқауға болады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, БАҚ қоғамда болып жатқан процестерге әлеуметтік бақылау жасап, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығара да алады екен. Халық БАҚ-қа сенеді. АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, жұрт президент пен конгреске қарағанда телевизия мен баспасөзді лайықты көреді. ҚР Конституциясына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына сәйкес, ақпарат құралдары меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардан заң жүзінде тыйым салынбаған барлық ақпаратын алуға және таратуға құқылы. Бұл үшін мемлекеттік органдар, олардың басшылары ақпарат құралдарына жаңаша көзқараспен қарап, бұрынғы машықтарынан арылуы керек. Өкінішке қарай, біздің көптеген мемлекеттік органдардың басшыларының ақпарат құралдары өкілдерімен сөйлесу, дидарласу мәдениеті төмен. Олардың көбі журналисті  қоғамдық әріптес, мемлекет мүддесін жақтаушы деп емес, қайта сол саладан тек кемшілік, тұздығы ащы, көлеңкелі фактілер іздеуші субъект деп қарайды. Мемлекеттік биліктің әр деңгейіндегі басшылар журналистерді өздерінің ақпараттық әріптестеріне айналдырып, олардың қоғамдық беделіне нұқсан келуіне жол бермеулері тиіс. Шенеуніктер БАҚ-тың тез, шапшаңдығын ескере отырып, оның еркін әрі уақытылы ақпарат алуына мүмкіндік жасауы керек. Ол үшін келешекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанында БАҚ пен жоғары саяси мектеп тыңдаушылары арасында арнайы курстар өткізіп, шенеуніктерге Қазақстанның саяси өміріндегі БАҚ-тың  маңызы мен рөлін, бағыттары мен ерекшеліктерін түсіндіру керек.         
– «БАҚ-ты төртінші билік» дейді. Сіздің пікіріңіз?   
– БАҚ «төртінші билік» дейтін пікірлер жиі айтылып жүр. Саяси жүйенің бір құрамдас бөлігі ретінде БАҚ, ең алдымен, азаматтық қоғам институты, ол – билік институты емес. Оны тікелей коммерциялық құрылым деп те қарауға болмайды, оның басты функциялары – қоғамды интеграциялау, ұйымдық, ақпараттық-әлеуметтендірушілік қызмет атқару. БАҚ қоғамда болып жатқан маңызды үрдіс-құбылыстармен, азаматтарды толғандырып жүрген проблемалармен билікті ақпараттандырып отыруы керек. Саясаттану теориясындағы саяси институттардың міндеті мен функциялары тұрғысынан қарасақ, БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде мынадай: ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеуметтендіру, танымдық, білім берушіліқ, қоғамдық мүддені қалыптастырушылық сияқты аса маңызды функцияларды атқарады. Ақпараттық жүйенің мемлекеттік шеңберден асып, трансұлттық сипат алып, өз мемлекетінің бақылауынан және оның заң жүйесінің ықпалынан шығып та кетіп жататыны болады. БАҚ-ты «биліктің төртінші тармағы» деп атау конституциялық нормаларға сай  келмейді. Себебі – еліміздің Конституциясында билік тармақтары анық көрсетілген. БАҚ-ты ақпараттық, тәрбиелік, қоғамдық бақылау, инновациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт ретінде қарастыру керек. БАҚ-тың заңсыз жолмен сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметіне араласуына болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – биліктің беделінде емес, өз беделінің билігі мен күшінде. Дәл қазіргі жаһандану заманында ақпаратты ауыздықтап ұстау мүмкін емес. Ақпарат мемлекеттік биліктің шеңберінен шығып та кетіп жатады. Ақпараттар тасқынының күшеюі – Парламенттің әлі де айрықша көңіл бөліп, заңнаманы жетілдіруін қажет етеді. Бүгінде БАҚ-тың  маңызының артқандығы сондай, оларды мемлекеттің толық бақылауына алу мүмкін емес. Және, сонымен қатар, оны жекеменшік капиталдың қолына беру де дұрыс емес. Журналист ақиқат пен шындықтың бірден-бір қорғаушысы, әділдіктің эталоны екенін ұмытпауы тиіс. Журналистің жазған жанайқайларына, өткір пайымдауларына, пікірлеріне, тіпті ашыну, өзімшілдігіне де құрметпен қарау керек. Өйткені, журналист өз мүддесі үшін емес, мемлекет, ұлт мүддесі үшін шырылдайтынын естен шығармаған жөн.  Мемлекеттік билік жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзара түсіністік пен шынайы әріптестік үнемі да- мып, нығайып, одан жиналған күш-жігер еліміздің ұ
Ақпаратқа қолжетімділік қоғам мен мемлекеттің демократиялық тұрғыда дамуының маңызды элементі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде нақты жетістіктерге қол жеткізді.  Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік басқару органдарынан ақпарат алуын реттейтін заңдар  қабылданғанымен, ақпаратқа қол жетізу құқығын толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін проблемалар да жоқ емес. Бұл жағдайдағы басты себептердің бірі  ақпаратқа қолжетімділік мәселелерінің жан-жақты әрі прогрессивті түрде құқықтық регламенттелмеуі, қолданыстағы ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, тиімсіз құқық қолдану практикасы, бюрократия мен сөзбұйра, азаматтардың өз құқықтары туралы хабарсыздығы, ақпарат көздеріне цензура болып табылады. Сайып келгенде бұл мәселелер азаматтардың ақпарат алу құқықтарын іске асыруын қиындата түседі.  

Мақсаты

«Қазақстан  Республикасында ақпаратқа қолжетімділік  туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстандағы ақпаратқа қолжетімділіктің жай-күйі бойынша сараптамалық баға алу.   

Қойылатын мәселелер

  1. Мемлекеттік органдардан ақпаратқа қолжетімділік
  2. Мемлекеттік органдардың жабықтығы/ашықтығы 
  3. Ақпаратқа еркін қол жеткізу конституциялық  құқықтарының сақталуы 
  4. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы заң қабылдау қажеттігі 
  5. Ашық түрде қол жеткізуге болатын ақпарат
  6. Жабық болуға тиіс ақпарат
  7. Ақпарат ұсыну тәсілдері
  8. Ақпарат ұсынуға жауапты тұлғалар 
  9. Ақпараттың пайдаланылуына жауапты тұлғалар 
  10. Қоғамның қатысуы
  11. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң кімге қолданылуы тиіс 
  12. Ақпарат ұсынудың ақылы /тегін болуы
  13. Мемлекеттің ақпаратқа қолжетімділікті  реттеу жөніндегі функциялары 
  14. БАҚ рөлі
  15. ҮЕҰ рөлі
  16. Азаматтар туралы ақпараты бар дерекқорға қолжетімділік. Бірыңғай ақпараттық жүйе 
  17. Қоғамдық маңызы бар ақпарат 
  18. Ақпаратты қорғау
  19. Электрондық үкімет
  20. Осал топтардың мүдделері
  21. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде жаңа технологияларды пайдалану  
Описание
Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..
Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
Содержание
содержание отсутствует