Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 15:30, реферат

Описание

Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпариялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты.

Содержание

1. Кіріспе.
1.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Қазақстандағы доминанттық партия.
2.2 Қазақстанның саяси партиялар туралы заңы.
2.3 Қазақстандық партиялар қоғам мүддесін білдіре ала ма
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Саяси партиялар.doc

— 127.50 Кб (Скачать документ)

Құрылтайға 4000-  ге жуық делегат қатысты. Бұрынғы экс-премьер С. Терщенко партияның төрағасы болып сайланды. 2004 жылы  12 наурызда өткен кезектен  тыс VI съезінде партия төрағасының орынбасарлары болып Қазақстан Парламенті Мәжілісінің  төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевия Павлов сайланды.

Соңғы жылдары әсіресе, Президент сайлауы қарсаңында  сан түрлі бағыт ұстанған партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, азаматтық қозғалыстар мен ұйымдар, кәсіби және өзге де одақтар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары өмірге келді. Мысалы, соның бірі «Қазақстанның Республикалық Халықтық» партиясы төрағасы бұрынғы экс-премьер Ә. Қажыгельдин. 1998 жылы 17 желтоқсанда құрылды.

Партияның алға қойған мақсаттарының  бірі  адам құқығы мен бостандығы сақталған құқықтық мемлекет құру деп  жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына  қарсы  шықты. Бұл бағытта бірнеше  шаралар жасауға талпыныс та білдірді. Партия мүшелерінің қайта тіркелуі  үшін 50 мың мүшесі болу керек. деген заң талабына байкот жариялады.

 «Азамат» Қазақстанның демократиялық партиясы  1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген «Азамат» қоғамдық қозғалысының негізінде  құрылған. Тең төрағалары М.М. Әуезов, Ғ. Әбілсейтов, П.В. Своик. Жетекшілірінің әр түрлі қызметтерге ауысуына байланысты  партия жұмысын тоқтатты.

 «Азаматтық партия», төрағасы Перуашов Азамат Тұрлыбекұлы. Ол 1996-98 жылдары Президент әкімшілігінде  Стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгеушісі қызметінде болған. Партияның ОК екінші хатшысы Дүйсенбай Дүйсенов 1996-97 жылдары үкіметті  вице-премьердің орынбасары болған. Партия 1998 жылы 17 қарашадан Ақтөбеден өзінің құрылтай съезін өткізді. Бұл партияны құрған бастамашылар «Алюмини-Қазақстан», АҚ, Жезқазған мыс қорыту заводы, Ақтөбе феррасплав заводы, Ақсу Евразиялық эенргетикалық корпарациясы кәсіпорындарының ұжымдары. Қазір Әділет министрлігі  партияны қайта тіркеуден өткізген кездегі мүшелерінің санын 63458 адам деп отыр. Ал партия жетекшілері өз мүшелерін 105303 адам деп жариялауда.

Қазақстанның «Патриоттар» партиясының  төрағасы-ҒаниЕснекелдіұлы Қасымов бұрынғы Кеден комитетінің төрағасы.  Партия 2000 жылы 1 шілдеде өзінің құрылтай  съезін шақырып өмірге  келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда  Әділет министрлігінен қайтадан тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар.

Қазақстанның аграрлық партиясының төрағасы-Ромин Ризұлы Миданов 1997-99 жылдары бұрынғы премьер-министр Н.Ғалымбаевтың кеңесшісі болған пария жетекшілігін қатар атқарған. Қазақстанның аграрлық партиясы өз құрылтайын 1999 жылы 6 қаңтарда  өткізді. Ал әділет министрлігінен  тіркеуден өткен күәлігін осы жылы 16 наурызда алды. Қазір партия қатарында 98000 мүше бар. Қайта тіркеуден 2003 жылы 6 наурызда өтті. Идеологиялық жұмысының басты міндеті ретінде ол ауылдың дағдарысқа ұшырауын одан әрі болдырмау деп біледі. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруді  де өзіне міндет етіп алған.

«Асар» қозғалысы 2003 жылы  25 қазанда саяси партияға айналды. Партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты. Парития жетекшісі Дариға Назарбаеваның айтуынша «Асар» партиясы центристік  бағыт ұстанады.

2004 жылдың басында  пайда болған «Құқықтық Қазақстан» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушы  Заң академиясының ректоры, Жоғарғы Соттың төрағасы және басқа да  лауазымды қызметтерде болған Мақсұт Нарикбаев 29 сәуірде 300 мүшесі бар бұл ұйымын- «Қазақстанның демократиялық партиясы» деп жариялады. Ол партия қатарында 50 мыңнан мүше бар екендігін хабарлады. Алғашқы құрылтайына 398 делегат қатысты. Партияның негізгі мақсат азаматтардың елдің тәуелсіздігін баянды ету жолында топтасу  деп санап отыр. КДП-ның төрағасының орынбасары белгілі диссидент бұрынғы «Азат» қозғалысының басшыларының бірі Хасен Қожахмет болды.

Қазақстандық  партиялардың сайлау үрдісіне қатысуы қазіргі  заманғы өзгерістермен тығыз  байланысты. Саяси- партиялық күштердің  ара-қатынасынан, 2002 жылы қабылданған  «Саяси партиялар туралы» және «Сайлау  туралы» заңдармен анықталып  отырған партиялық құрылыс мәселелерімен тығыз байланысты.

«Саяси партиялар  туралы» 2002 ж. қабылданған жаңа заңда саяси партия азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында  білдіру және оларды қалыптастыру  ісіне қатысу мақсатында  олардың саяси еркін білдіретін ерікті  бірлестігі ретінде  айқындалған. 1 (Қазақстан Республикасының Саяси партиялар туралы заңы // Қазақстан Республикасы парламентінің жаршысы. №16. Астана. 2002. 18-19бб.) Жаңа заңда саяси партия анықтамасынан мемлекеттік билікті жүзеге асыруға өз өкілдері арқылы қатысу жолымен азаматтардың саяси еркін білдіре алады деген анықтау алынып тасталған. Бұл елімізде қалыптасып отырған саяси шындықты білдіреді, себебі көппартиялық жүйе жағдайында саяси партиялардың барлығы бірдей мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатыса алмайды. Дегенмен, бүгінгі күні саяси партияларды саяси үрдістің белсенді субъектісіне  айналдыруға көп көңіл бөлінуде. Саяси партиялар туралы заң 1996 жылы 30 мамырда және 2002 жылы шілдеде қабылданды.

Соның бірі ретінде «Саяси партиялар туралы» 2002 ж жаңа заңға  сәйкес саяси партиялардың саяси  және сайлау үрдісінің  негізгі субъектілерінің  біріне айналғанын айтуымызға болады. Егер 2002 ж дейінгі заң бойынша саяси партиялардың сайлауға қатысу құқы болып келсе, енді жаңа заң бойынша ол міндетіне айналды. Қазақстан Республикасының «саяси партиялар туралы» заңның 14-бабы 6-пункті бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатарынан екі рет қатыспаған саяси партия соттың шешімі бойынша таратылады. Сонымен, партияның өз мәртебесін сақтауы сайлау науқанына қатысуына байланысты.

 Әлемдік тәжірибені  талдай отырып Қазақстанның «Саяси  партиялар туралы» заңындағы  кейбір кемшіліктерді байқаймыз.  Себебі біздің заңда тек Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауына  қатысу мәселесі ғана

қойылған, ал Президенттік сайлау, маслихат депутаттарын сайлауға қатысу

жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарын сайлауға қатыу  талаптары енгізілуі қажет. Бұл  өз кезегінде партиялардың аймақтық, жергілікті бөлімшелерінің қызметін жандандырып, маслихат беделін артырар еді. Жалпы саяси партиялардың тек орталық Алматы, Астана сияқты қалаларда ған белсенді қызмет атқаратыны бәрімізге белгілі.

Алайда кемшіліктерге  қарамастан партиялардан Парламент Мәжілісіне қатысуды талап ету, еліміздегі партиялардың институттануына ықпал етрі сөзсіз. Саяси партиялардың институттануының әртүрлі өлшемдері бар екені белгілі. Мысалы, партиялардың институттануын партия жасы, электоралдық тұрақтылық, заң шығарушы органдағы  өкілеттілік тұрақтылығы және басшылықтың ауысуы сияқты күрделі шкала арқылы анықтауға болады. Ал зерттеушілер Р. Роуз және Т. Маки пікірінше партиялар кем дегенде үш рет жалпыұлттық сайлауға қатысса, онда ол партиялардың институттануының белгісі.

Саяси партиялар туралы заң талаптары «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» заңда толықтырулар енгізілгенде  есепке алынған. «Қазақстан Рспубликасындағы сайлау туралы» заң  азаматтардың  сайлау құқын жүзеге асыруды «Саяси партиялар туралы» заңы негізінде  қамтамасыз етуде. Конституциялық заңның 2004 ж жаңа редакциясы бойынша саяси  партиялар  сайлау блоктарын құруға құқылы. Сайлау блогын заң бойынша  кем дегенде екі  саяси партия  құра алады.  Саяси партиялар сайлау өткізу кезінде  бір ғана сайлау блогын кіре алады. Әрі сайлау блогтарына қатысты Конституциялық заңның саяси партиялар үшін көзделген ережелері қолданады. Өкінішке орай бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялар бұл мүмкіндікті пайдаланып отырған жоқ. 2004 ж. күзінде өткен Парлемнт Мәжілісіне сайлау кезеңінде өз бағдарламаларын жүзеге асыру  мақсатында екі сайлау  блогының құрылуы (АИСТ-Аграрлық-индустриялық еңбекшілер одағы; Коммунистер мен КДП оппозициялық халықтық одағы) АИСТ сайлау блогына жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

«Саяси партиялар туралы»  Заң саяси партиялардың сайлау үрдісіне қатысуын міндеттегенімен, ал сайлау туралы заң бойынша саяси партиялар  сайлау кезінде  кемсітушіліктерге  ұшырағанын байқамау  мүмкін емес. Қазақстан  Республикаснының сайлау туралы заңы төңірегінде  соңғы уақытта өткізілген кездесулер мен пікірталастар оның кейбір кемшіліктерін жоя алған жоқ.

Қазақстандық саяси  партиялар саяси үрдістің белсенді  акторына айналу үшін заңдық-құқықтық негіздерін ретке келтіру керектігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Мұны 2004 жылғы 19 қаркүйектегі Парламент Мәжілісі депуттатырын  сайлау нәтижесінен-ақ көруімізге болады. Сайлауға қатысқан 8 саяси партия мен екі сайлау блогынан жеті пайыздық кедергіні тек үш саяси партия мен бір сайлау бірлестігі ғана өте алады: «Отан», «Ақжол», «Асар», «АИСТ»-сайлау блогы. Бірақ он депутаттық мандаттың жетуін сайлаушылардың  60-62 пайыздан аса дауысына ие болған «Отан» партиясы иеленді.

 

Қорытынды.

Келешекте саяси және партиялық жүйелер арқылы кең  демократияға, сайлаушылардың өз еркін толық білдіруіне жағдай жасау үшін партиялық жүйе мен партия құрылысында терең өзгерістер жасалуы керек. Және ол бұрынғыдай жоғарыдан емес, төменнен- халықтың өз бастамашылығы, ынталығы арқылы жүзеге асуы маңызды.

Сонымен бірге, еліміздегі саяси-партияның аренадағы өзгерстерді де  есепке алуымыз керек. «Нұр-Отан» сияқты 1 млн. мүшесі бар халықтық демократиялық партиясының пайда болуы заңдағы  кемшіліктерді одан әрі  өзекті ете түседі. Енді жоғарыда көрсетілген саяси партияларға қатысты жүргізілген саясат мәселесіндегі теңсіздік тереңдейтіні сөзсіз. Әсіресе бұқаралық  ақпарат құралдарымен саяси партиялар туралы ақпарат тарату, саяси партияларға тең жағдай  жасау сияқты мәселелер орны ерекше.

Сондықтан Қазақстандық партиялар сайлау үрдісінің белсенді субъектісіне айналуы үшін оның заңдық-құқықтық негізіндегі кемшіліктерден арылу мәселесі  күн тәртібіндегі өзекті  мәселе болып табылады.

Бізге қуатты әлеуметтік  тірегі бар, журтшылықтың мүддесін анықтай  алатын , соны жеткізе алатын, сайлаушылардың дауысы  үшін бір-бірімен өркениетті түрде  тіресе алатын күшті, бәсекеге қабілетті партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңірегінде  біріккен, сындарлы тұрғыдан   өзара ынтымақтасатын  партиялар юолкға тиіс. Елдің жедел дамуына  бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдаруға, қолға алынған өзгерістерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабілетті партиялары бар осы хаманғы партиялық жүйені қалыптастыруға кірістік, деді Елбасы.

Қорыта айтсақ, Қазақстан  саяси  дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Енді  салалық партиялар саясатта басымдыққа ие болмай, идеялық бәсекелестік бірінші кезекке шағырылмақ. Отандық саяси жүйе өркениетті елдердегі бір-бірімен шанайы бәсекелесе алатын босағасы берік оңшыл, солщыл, центристік  тармақтар бойынша дамымақ.

Саяси  партиялар бағдарламаларын  талдау негізінде мынадай қорытынды  жасауымызға болады; 1) партиялардың  басым көпшілігінің   әлеуметтік негізі нақты емес; 2)  «Ақ жол», «Азаматтық» және «Демократиялық таңдау партиялары» өздерін азаматтар  партиясы деп жариялайды ; 3) өздерін патриоттар партиясы деп аттас партиямен қатар «Ақ жол», «Отан», «Асар» партиялары есептейді; 4) тек «Аграрлық» және «Ауыл» партиялары  ғана өздерінің әлеуметтік негіздерін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлер деп анық көрсеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Саяси партиялар туралы заңы //

          Қазақстан Республикасы парламентінің жаршысы. №16. Астана. 2002.

         18-19бб.

  1. Қуандық «Қазақстандағы көппартиялық жүйе әлемдік тәжірибемен үндесе ме?» Ақиқат №12, 2004.

3. Есенғазы Қуандық «Қазақстандағы көппартиялық жүйе». Саясат №12, 2004.

  1. Қуандық «Қазақстандағы көппартиялық жүйе әлемдік тәжірибемен үндесе ме?» Ақиқат №12, 2004.

5. Шабай Мусин «Қазақстан саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар туралы толғамдар». Ақиқат №12, 1997.

  1. «Халықтық партия халыққа қызмет етеді». «Нұр Отан». Бақытжан Жұмаділов. Егемен Қазақстан 7 ақпан 2007ж.
  2. Дос Көшім. Көппартиялық жүйенің көптеген мәселесі бар. Ақиқат, №1, 2004.
  3. Нұрымбетова Г.Р. «Қазақстан партиялары қоғам мүддесін білдіре ала ма? Саясат, №11, 2005ж.
  4. Анар Төлеуханқызы Доминанттық партия әлем елдері тәжірибесінен,

     Егемен Қазақстан, 21 шілде. 2006 жыл.

  1. А.Зиядин. Қазақстандық партиялардың  сайлау үрдісіне қатысушылық

     заңдық негіздері // Саясат №4.  2007, 14бб.

  1.   Амангелді Айталы. Билік партиясы: Егемен Қазақстан, 20 сәуір 2007.
  2.   Қуат Бораш.  Туыстас партиядан ту ұстар партияға дейін. Егемен

           Қазақстан, 14 желтоқсан 2006 жыл.

  1. Конституционное (государственное) право зарубежных стран.

           Учебник. В 4-х томах. т.3. Отв.  ред. Б.А. Старшун. М.: изд-во БЕК,

          1997. С. 764.

 14. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы: Қазақстан

      Республикасының Конституциялық заңы: 2004 жылдың 10 мамырына

      дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. Алматы:

     Жеті жарғы, 2004. 35, 38 бб.

  1. Н.Қалиев. Қазақстанның партиялық жүйесі: Қазіргі ахуал және даму

     кезеңі. Саясат; 2002. №11.

16. Есенғазы Қуандық «Қазақстандағы  көппартиялық жүйе». Саясат №12, 2004.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар