Денежная политика в РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:55, курсовая работа

Описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері 5
1.1 Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі даму жағдайы
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты 7
1.3 Міндетті резервтер: несиелік операциялар және ақша нарығындағы операциялар 9
1.4 Ақша-несие саясатын жүргізу әдістерін және құралдарын жетілдіру 12
2 Төлем айналымы және ақша-несие саясаты 14
2.1 Төлем айналымы түсінігі
2.2 Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері 15
2.3 Ұлттық банктің алтынвалюта активтері, оның төлем балансындағы маңызы
18
3 Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары 23
3.1 Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның ақша-несие саясаты (Курс.ж.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

      Бағалардың  ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң  ақша-несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамасыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты. Ал дербес өзіндік шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұра өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда біз алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін» ақша тасқыны ұлғаятыны сөзсіз. Осы жағдайда тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі орын алады да еркін баға белгілеу сияқты өзін өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз. Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын мехенизм қалыптасатын жіне әрекет ететін болады.

        Жоғарыда көрсетілген шараларды  бір мезгілде және кешенді  жүзеге асыру ділгерлікті жеңу  еркін, нарықтық бағалар жүйесін  өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жылдам іске аса қоймайтын үрдіс екендігі белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшәләк жолмен реттеп отыру әлі де сақталынатын болады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек. Болашақта мемлекеттік баға реттеу өз мәнін біршама сақтайтыны байқалады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің тұрақтануына бұлайша баға белгілеуді реформаларды белгілеудің күрделі қиындыққа, үлкен әлеуметтің тәуекелге толы жол екендігін де мойындаған жөн. Әйтсе де бұл қазіргі заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға жеткізетін бірден бір жол.

      Банктің негізгі функцияларының бірі төлем  айналымы бойынша әрекет ету функциясы  болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды құраудан,несие беруден, төлем айналымына әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады. Бұл функциялардың әр қайсысы жоғарыда аталған топтарға бөлінуге орай белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі төлем операцияларын олар бойынша орындауды міндетіне алады: чектерді төлеу, аударымдар жасау, вексельдер және өзге де құжаттар бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы операциялар арқасында банктер жалпыға ортақ кассирлерге айналады.

      Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда  банктердің функциясы - төлем айналымына әсер етуі - елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырауда, бұл компьютерлік және телекоммуникациялық байланыстардың дамуының салдары деуге болады, мұның өзі төлемдер мен ақша аударылымдарының өтуін тездетеді. КСРО тараған кезде және оның үйіндісінде тәуелсіз мемлекеттер құрылған кезеңде ақшалардың төлемдері мен аударылымдары айға тіпті жылға созылды.

      Қазақстанның  қазіргі банк жүйесінде аударымдардың жасалуы әлемдік талаптарға сәйкес келеді, мысалы «Қазақстанның халық жинақтау банкі» заңды тұлғалар арасындағы есеп айырылысуды «күніне күн» есеп айырылысуға мүмкіндік береді. Аталған функцияның маңызын өсіре бағалау қиын, өйткені ол ақшалар мен – «кез келген елдің экономикасының өзегімен» байланысты. Бұл орайда аталған функцияның рөлі Қазақстанның әлемдік экономикаға енуі нәтижесінде ақшалардың төлемдер мен аударымдарын өткізуге тездету және жетілдіру міндетін алға қояды және қолма қолсыз түрде есеп айырысудың жүзеге асуы өскен кезде ерекше маңызды.

      Төлем айналымына байланысты операциялардың дамуына неғұрлым күшті фактор Қазақстанның саяси жағынан да, экономикалық жағынан  да егемендік алуы болып табылады, себебі нағыз мемлекеттік егемендік  елдің төлем жүйесінің сенімді де берік болуына мүмкіндік беретін әлемдік стандарттар мен талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруды ұсынады. Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануымен сәйкес келеді. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерімен ерекше дамиды. Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы қажет. Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарлауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды. Банктік операциялардың дамуында ақпарат пен коммуникацияның қазіргі кездегі техникалық құралдары айрықша роль атұарады. Банк ісі ақпаратты дер кезінде беру, оны жедел өңдеу және мәмілеттердің ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды талдау және ақша нарығының даму болашағын дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді болады. Қаржы нарығының қатысушылары өз істерін жүргізу үшін ақпараттың өте үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан да банк ісіне ҒТР дың соңғы жетістіктерін енгізбей, коомпьютерлік техниканы игермей банк қызметін жақсарту мүмкін емес.

        Банк жүйесінің дамуындағы елеулі  құбылыс ретінде мынаны атап  көрсетуге болады, яғни несиелңк  мекемелердің көтерме операциялардан бөлшек операцияларға өту оның клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі.

      Қазіргі кезде көптеген банктер өз стратегияларын өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын  бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл ауқаты нашар топтарға бағытталады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

      Біз дамыған нарықтық экономикасы бар  елдердің қазіргі кездегі несие  жүйесін сипаттаушы маңызды мәселелеріне тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолда қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз үшін шетел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономикалық нарыққа өтудің ең басында тұр. Ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде.

      Қазақстан Республикасында ақшалардың қолма  қолсыз төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың ең көп тараған тәсілі төлем тапсырмасы болып табылады. Заң бойынша төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты жөнелтуші мен қабылдаушы банк арасындағы міндеттер мен құқықтар, олардың арасындағы шартпен белгіленеді, ал оларды нақты түрде жүзеге асыру қабылдаушы банкке төлем тапсырмасын көрсету сәтінен басталады. Алушы банк ондай нұсқауды алғаннан кейін оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелді түрде бас тартуға тиіс. Алушы банк төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда жөнелтушінің акцептелген төлем тапсырмасының орындалуы жөнінде талап ету құқығы туындайды. Төлем тапсырмасы белгіленген нысандағы банкте басқа кәсіпорынға оның шотынан ақша қаражатының сомасын аудару туралы банкке берілетін бұйрық болып табылады. Төлем тапсырмасы несие аударымына алушы банкке бастамашының ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма қолсыз төлемдерге жатады. Тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына оның ақшасын аудару туралы жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы банкке тапсырмасы ретінде болады. Ақшаны жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банкке төлем тапсырмасын белгіленген нысандағы банкте ұсынады. «Төлемнің мақсат» деп аталатын бағанаға ақшаны жөнелтуші ақшаны аударуды жүзеге асыруға негізде құжаттың атауын, нөмірі мен күнін және Қазақстан Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерімен тікелей көзделген болса, өзге де реквизиттерді көрсетуге міндетті, сонымен қоса «төлем мақсатының коды» бағанасына – төлемнің белгісі қойылады.  
 

      2.3 Ұлттық банктің алтынвалюта активтері, оның төлем балансындағы маңызы 

     Әлемде  нарық экономикасында несие жүйесі екі дәрежеде қызмет атқарады, олар «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді. Осыған сәйкес экономикалық талдау да макроанализ және микроанализ деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж. М. Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.

      Микроэкономикада - жеке буын немесе негізгі экономикалық буынның қызмет ету саласы. Микроэкономиканың  нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты табыс табу.

      Макроэкономикада  - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық фирмалардың жиынтығы болып табылады.

      Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары  едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік  экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері қайта жаңғыртылуда. ҒТР-дің даму әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы мен орталықтануын талап етті. Сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономикадағы дамуының өзгермелі жағдайына бейімделуі жүзеге асады: банк жүйесінің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады. Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүліктерді басқару және басқа көптеген банктік және банк маңындағы қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің көпжақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.

      Несиелік  мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт  бойынша жүргізіледі.

      Біріншісі - дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық кеңістік принципке және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей конфронтацияға шығады.

     Екінші - банктік емес мекемелердің банктік  нарықтағы енуі арқылы. Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада депозиттік саудалық операцияларды барынша бәсекелес келеді.

        Соңғы жылдары банктік және басқа арналардағы қаржы несие мекемелері арасындағы қаржы, халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес өткір сипат алады.

      2009 жылы инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындық жұмыстары жалғастырылды. Бұл қағидаттар трансмиссиялық тетіктер үлгісіне негізделген инфляция бойынша мақсатты бағыттарды негізге ала отырып, ақша-несие саясатының негізгі өлшемдеріне болжамдар жасауды көздейді.

      Трансмиссиялық тетіктер үлгісі 2005 жылдың соңында әзірленді. Оған ақша-несие саясаты құралдарының инфляцияға ықпал етуінің мынадай негізгі арналары кіреді: ақша арнасы, пайыздық арна, валюта арнасы, сыртқы экономикалық арна.

      Трансмиссиялық тетіктің үлгісін құру үшін үлгінің негізіне, егер бұрын бірқатар экономикалық айнымалылар бір-біріне қатысы бойынша нақты функционалдық өзара байланысты көрсетсе, онда осы өзара байланыстар жақын арадағы болашақта қадағалануы мүмкін деген жорамал салынған іс-қимыл түрі таңдалды.

      Теңгенің  АҚШ долларына номиналды айырбас  бағамы, ақша базасының көлемі, ақша массасының көлемі, бір күндік несиелер бойынша банкаралық биржалық мөлшерлеме, заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойыпша мөлшерлеме, экономикаға несиелердің көлемі, тоқсандық инфляция үлгінің эндогендік, яғни түсіндірілетін айнымалылары болып табылады. Ақша-несие саясатының мынадай құралдары: Ұлттық банктің репо операциялары бойынша мөлшерлемесі, айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі депозиттерінің көлемі, Ұлттық банктің валюта басымдығы, ең төменгі резервтік талаптар экзогеңдік, яғни ықпал ететін айнымалылар болып табылады. Ақша-несие саясатының құралдарынан басқа, сондай-ақ импорт пен экспорттық көлемі, ЖІӨ, импорттық бағалардың индексі, Қаржы министрлігінің айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі, банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі, негізгі капиталға инвестициялар, мұнайдың әлемдік бағасына тәуелді болып табылады.

      2008 жылы ақша-несие саясатының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттарының жобасын әзірлеу шегінде осы үлгіні жетілдіру мен маңызын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

      Трансмиссиялық тетіктің үлгісін өзгертуге үш түрлі себеп негіз болды. Біріншіден, Ұлттық банк үлгіге экзогендік айнымалы ретінде кіргізілген репо мөлшерлемелерін белгілеуді уақытша тоқтатты. Екіншіден, ЕРТ туралы жаңа ереже енгізілді. Үшіншіден, Ұлттық қордың активтерін айырбастаудың және қайта айырбастаудың жаңа ережесі қабылданды, Ұлттық банк осы Ережеге сәйкес Ұлттық банктің алтын валюта активтерінен Қаржы министрлігіне шетел валютасын сату есебінен ғана емес, сонымен қатар валюта нарығында нарықтық бағам бойынша шетел валютасын сатып алу есебінен де Ұлттық қордың қаражатын айырбастауды жүзеге асырады.

Информация о работе Денежная политика в РК