Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Содержание

1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11
II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18
III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25
Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.............................

Работа состоит из  1 файл

мемл. Kaрылым инв.сясат-1.doc2003.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

     Бюджеттің кірістеріне-зейнеткерлік қорға,жұмыспен қамтамассыз ету қорына және т.б. бюджеттік емес қорларға түскен түсімдері де жатады.

     Халық шаруашылық экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері жобаның тиімділігін бүкіл халық шаруашылығы бойынша және жобаны іске асыруға қатысқан аймақтар,салалар,ұйымдармен кәсіпорындар бойынша көрсетеді.

    Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін халық шаруашылығы бойынша есептегенде жобаның нәтижелеріне мыналар кіреді.

  Соңғы өндірістік нәтижелер(барлық шығарылған өнімді сыртқы және ішкі нарықта сатудан түскен түсім);Жобалау барысында қатысушылар жасаған мүліктермен интеллектуалдық меншікті сатудан түскен түсімде;

  Әлеуметтік және экологиялық нәтижелер(жобаның халықтың денсаулығына,аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайға әсерін есептегенде);

  Тікелей қаржылық нәтижелер;Шетелдердің,банкілер мен фирмалардың қарыздар мен несиелері.

Құндық  өлшемге келмейтін әлеуметтік,экономикалық саяси және басқа да нәтижелер халық шаруашылығы тиімділігінің қосымша көрсеткіштері ретінде қарастырылады және жобаны қабылдау жайлы шешім қабылдағанда есепке алынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  II бөлім.      Қазақстан   тікелей инвестицияларды мемлекеттік                         

                       қолдау. 

2.1   Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік

               қолдау. 

Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:

-инвестициялық  қызметті қамтамасыз етудің заң  шығарушы кепілдері;

-жеңілдіктері мен артықшылықтары жүйесін белгілеу;

-Қазақстан  Республикасының мүддесін инвесторлар  алдында көрсетуге өкілетті, біріңғай  мемлекеттік органның болуы.Заңда  тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдаудың мақсаттары мен міндеттері  белгіленген.

     Бұл қолдаудың мақсаты-экономиканың басым секторларында тауар өндірісін,жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

     Мемлекеттік тікелей қолдаудың  ортақ мақсатына жету үшін  міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

 —жаңа  технологияларды,алдыңғы қатарлы  техника мен ноу-хау енгізу;

—жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге  ішкі нарықтың қанығуы;

—отандық  тауар өндірушілерді мемлекеттік  қолдау мен ынталандыру;

—экспортқа  бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

—ҚР-ның  шикізат базасын ұтымды және кешенді  пайдалану.

—менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін  енгізу;

—жаңа жұмыс орындарын құру;

—жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,олардың  мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу.

—өндірісті  күшейтуді қамтамассыз ету.

—қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

      Басқарупроцесі үшін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың  шаралар жүйесі басты мәнге  ие.

     Соның ішінде,жеңілдіктер жүйесі:бекітілген  инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері,сондай-ақ,келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

    Тікелей инвестицияларды қолдауды  жүзеге асыратын мемлекеттік  орган,инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

    «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы»заңды дамытуға  байланысты ҚР Президенті 1997ж  сәуір айының 5-ші жұлдызында тікелей  отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:

—өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары)

—өңдеуші  өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру)

—Астана қаласының объектілері;

—тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық  сақтау,білім беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі).

—ауыл шаруашылығы;

Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген,ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру  

           және оның маңызды мәселелері. 

      Инвестиция  түсінігі күрделі қаржы түсінігінен  әлдеқайда кең Инвестициялық қызмет –дегеніміз  «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс -әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады: а)күрделі құрылыс; ә)иновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в)қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік  құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).

      Инвестициялардың  күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады.Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер,таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

      Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс,келешек кезеңдер шығындары ж.б, айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б) айналым қорларынан тұрады.

      Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі  мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

      Бұндай  есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның  қазіргі кездегі құны бойынша  есептелген шығындарды табыспен салыстыру  мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төмендегі формула бойынща жүргізіледі:

                        ;

бұл жерде: -дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

         mt –ақшаның келешектегі құны;

          а-пайданың талапты нормасы немесе  ақшаның уақытша құны;

1-сурет инвестициялық үрдіс моделі.

n –ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.

          Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.

     Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау жәнет жүзеге асыру, осы іс -әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.

     Біздің ойымызша, кәсіпорындардың  инвестициялық қызметінің жалпы  қабылданған моделінің логикасын  макроэкономикалық (мемлекеттік  )деңгейде де қолдануға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді

             басқару.

 

3.1 Қазақстандағы инвестицияны  басқару ерекшеліктері.

 

        Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамассыз етілуі қажет.Себебі,қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді.Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай,қатаң орталықтандырылған қайнар көзге КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса,ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі,ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.

        Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжрибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны,оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты,потенциялды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді.

      Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады.Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды.Қоғамдық еңдек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-ы ғана сәйкес келді,ал материалдардың,энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамаме 2-3 және одан да көп есе артық болды.

     Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі,олардың соңғыға емес,аралық өнімге бағдарлануы болды.Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынды.Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады,яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды,бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді.Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

     Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді.Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді,ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді. 

3.2 Қазақстан Республикасындағы  инвестицияларды  мемлекеттік басқару  жүйесі.

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты