Аралас экономика мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 22:31, курсовая работа

Описание

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: «Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар... Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгіліктен қосуға бағытталған».

Содержание

Кіріспе
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Аралас экономиканың белгілері
Аралас экономикадағы мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Aralaseconomica.doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)
  1. Аралас  экономикадағы мемлекет

     Аралас  экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік  жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан  болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен  теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болады. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болады, бірақ осының себебінен капиталистік өндірістің қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес.  Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орны табылмаған белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализмде емес, социализмде де емес десек, онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

     Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құбылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті. Сөйтіп экономистер ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамның өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің «ескертуімен» өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

     Шаруашылықты  жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын  айтқанда мынаны атап өту керек: жаңаның  бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін  басқасының ауыстыруы бұл тауарлы  өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық  түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

     Әр  түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-ң немесе ГФР-ң экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-ң, ГФР-ң экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-ң немесе ГФР-ң қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гелбрейт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс» деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч.Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді:

     «Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен  қателіктерінің бірі – бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен  тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірісті дамытудағы бірден-бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды, оның дамуы үшін мемлекеттік реттеуді енгізу керек». Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикада классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Тауардың  өндіріс – аралас экономика, өйткені, мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасып, біреуінің заңдылықтары басқасына айналып жатады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі тауарлар заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Аралас экономиканың алғышқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу ретінде пайда болып, тек ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ол тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Осы тұрғыдан алғанда, экономика теориясындағы басты негіз, ол – қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздеріне айналады. Осы замандағы экономикалық қоғам өмірінің нақты шындығы – кәсіпорындарда өндірілген өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланған әдебиеттер: 

  1. Я. Әубәкіров  «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2004ж.
  2. К. Р. Макконнелл, С.Л. Брю, 14-издание, «Экономикс», Москва – 2003.
  3. Шеденов Қ. «Жалпы экономикалық теория»  Ақтөбе – 1999
  4. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев «Экономикалық теория», оқу құралы
  5. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

Информация о работе Аралас экономика мәні