Бизнес жоспарын құру жолдары

Дата добавления: 30 Января 2013 в 08:00
Автор работы: A*******@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать (35.84 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

Бизнес жоспарын құру жолдары.docx

  —  38.13 Кб

 Сонымен бірге бағалар сәйкессіздігіне байланысты ауыл шаруашылығында айналым қаржыларының болмауы жағдайды ушықтыра түсті. Ірі кәсіпорындарды осылайша өзгертулердің экономикалық мақсатқа сәйкестілігін көп жағдайда ешкім айқындаған жоқ.

 Аграрлық сектордың  кешенді түрде және өзара байланысты толық шешілмеген мәселелері жекешелендіру үрдісінен күткендегідей нәтиже бергізбеді, өйткені жекешелендіруді елдің негізгі стратегиялық және экономикалық мәселелерімен үйлестіру механизмдері жоқ болатын.

 Мұндай жағдайда ең  бастысы - өтпелі кезеңде әлеуметтік – экономикалық үрдістердің басқарылуын қалпына келтіру және мемлекеттің өндірісті жедел реттеушілердің рөлін арттыру болмақ.

 Макроэкономикалық деңгейде  аграрлықбөліктегі өндірісті қалпына  келтіру параметрлерін және оны жүргізу кезеңдерін анықтап алу қажет.

 Микроэкономикалық тұрғыдан  ауыл шаруашылығындағы түбегейлі мәселелерді шешуге басты назар аударған жөн. Шешімін табу шаруашылық жүргізуші субъектілерге байланысты бұл мәселелер төмендегідей.

- топырақтың желге үгітілуін, желмен ұшуын (дефляцияны) және топырақ құнарлығы төмендеуін тоқтату үшін жер игеруді жетілдіру, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен аймақтар бойынша ауыл шаруашылық дақылдары егістерін орналастырудағы ауытқуларды болдырмау;

- егіс көлемінің құрылымын жетілдіру негізінде елдің ішкі қажеттіліктнрін толық қнағаттандыратындай және халықаралық рынокқа шығатындай егіншілік өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету;

- рынок қажеттіліктерін  мал өнімдерімен қанағаттандырарлықтай,  жоғары өнімді мал басын ұстау үшін жоғары сапалы мал азығы өндірісін ұйымдастыру.

 Өндірістің барынша аяқталып бітуі (ауыл шаруашылық өнімін өңдеу, сақтау және өткізілуі) бар, үйлестірілген жүйелер едәуір жоғары нәтижелер беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.

 Мұнда акционерлік негізде жоғарыдан төмен үйлестірілудің (интеграцияның) алуан түрлері таралуы мүмкін.Үйлестіруші ретінде ауыл шаруашылығына кірісіп, ене бастаған, ірі-ірі өңдеуші кәсіпорындар көрінуі ықтимал. Өңдеуші кәсіпорындар базасында акционерлік негізде, атқарушы аппаратын міндетті түрде талдау және оның шығындар сметасын бекіту арқылы, өндірушілер мен өндірушілер арасындағы өзара қатынаста қайшылықтар болдырмайтындай корпорациялар құрған дұрыс. Акционерлік (жабық) тұрпатты қосымша кәсіпорындар құрған да жөн болады.

 Қадағалау және бағаны  реттеу.

 Осы кезге дейін бір де бір капиталистік елде баға белгілеудің толық еркіндігі жоқ. Айрықша әлеуметтік маңызы бар бүтіндей салалар капиталистік елдердің әкімшілік қадағалауында болумен келеді.Қазіргі уақытта капиталистік елдерде, оның ішінде Еуропалық Бірлестікте де, әбден қалыптасқан ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де арасындағы «коридор» аумағында ғана болады. Мұнда жоғарғы шек ол өндірген тауарлармен рыноктың толып тұруы, сатып алу бағасының төмендеуі жағдайында фермердің ең аз кепілді кірісін сақтап қалуды көздейді.

 Жапонияда ауыл шаруашылығы үшін бағаның аса сәйкестігі жүзеге асырылуда, ауыл өнімдері бағасының өсу қарқыны өнеркәсіптік тауарлар бағасының өсу қарқынынан 1,5 есе асып отыр.

 Нарықтық экономиканың  жұмыс істеу ұстанымдарына баға тепе-теңдігі сәйкес келеді, бұл дегеніміз - өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды барынша азайту қажеттілігін ескере отырып, өнімнің белгілі бір түріне сұраныс пен ұсыныс мөлшерінің дәлме дәл келуі.

 Баға қатынастарын  материалдық –техникалық ресурстарды иемденуден өнімнің тұтынушыға жетуіне дейінгі бүкіл ұдайы өндіріс үрдісі жүйесінде қарастыру керек, өйткені барша осы тізбек бойынша кірісті қайта бөлу жүріп жатады. Бұл әсіресе тұтынушының жалпы соңғы бағасында шығындардың ең үлкен үлесі мен жиынтық пайданың біршама шағын үлесі тиетін ауыл шаруашылығына қатысты. Сондықтан шығындар мен бағалардың қалыптасу үрдісін өндіріс құралдарын сатып алғаннан өнімді соңғы тұтынушы сатып алғанға дейін қадағалау қажет.

 Бөлшек сауда бағасына үлестік қатысудың болжамды коэффициенттері, мысалы , сиыр еті (өндірістік шығындарды қоса есептегенде), қатысушы-кәсіпорындар үшін былай болуы мүмкін: ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін -0,55-0,60; ет өндірушілер үшін -0,15, көлік және көтерме сауда кәсіпорындары үшін -0,05, бөлшек сауда үшін -0,15-0,20, сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің үлестік қатысу коэффициенті -0,05-0,10.

 Агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) - өндіріс құралдарының орасан тапшылығы, оларды монополиялық жасап шығару жағдайында өте тапшы техниканы, сондай-ақ өндіріс тің басқа да құралдарын нарықтық еркін бағамен сатуға жол бермеу керек. Бағаның жоғарғы шегін белгілеу қажет, егер АӨК-тің бірінші өрісінің кәсіпорындары мұны бұзатын болса, онда олар жаңағы шектен асатындай айып немесе салық төлеуі тиіс. Сонымен қатар өте тиімді техника жасап шығаратын кәсіпорындарға несие алуда жеңілдіктер жасау, салықты төмендету, қазіргі ғылыми –техникалық даму жетістіктерін игеруге арналған табысын салықтан босату қажет.

 Соның өзінде жылына немесе тоқсан сайын бір рет өзгерістер енгізілетін өнім мен қызмет көрсету бағасын көтерудің экономикалық негізділігін министрліктер, ведомостволар деңгейінде қарап отыру керек және бағаның бұдан кейінгі көтерілуі баға тәртібін бұзушылық деп саналуға тиіс. Мемлекетаралық деңгейде өнімнің жекелеген түрлеріне бағаның бірдей болуы туралы басқа мемлекеттермен экономикалық келісім жасау қажет, мұны бұзушыларға экономикалық санкция қолдану керек.

 Сауда – делдалдық ұйымдардың үстеме бағалары өндіріс құралдарын 20 пайызға және оданда көп қымбаттатып жіберетіндіктен, бұл үстеме бағалардың ең шекті деңгейін белгілеу қажет, сонымен бірге тауарлар айналымының нақтылы шығындарына байланысты өндіріс құралдарының түрлеріне қарай үстеме бағаны да әртүрлі ету (дифференцициялау) керек.

 Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне агросервис қызметін көрсетуде кәсіпорынның іс-әрекет қырларын өзгертіп отыруға, тауар өндірушілердің өндірістік және экономикалық мүдделерін ескеруге, оларға қызмет көрсету бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін маркетинг жүйесіне көшкен жөн.

 Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін ұлғайтуға және көп еңбек тілейтін, тиімділігі төмен салаларды дамытуға материалдық ынталануын туғызуға бағытталға тиімді шаралар қабылдау мақсатында бағаның ауытқуына тәуелсіз, белгілі бір кезең бойында тұрақты кіріс алуына жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыратын, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында баға сәйкестігін қолдайтын, тұрақты жұмыс істеуші механизм ойластырылғаны дұрыс.

 Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу сатысында баға белгілеу жүйесін жетілдіру ауылдың тауар өндірушілердің өңдеуші кәсіпорындар (шығындардың бекітілген сметасы бойынша жұмыс істейтін корпарация, акционерлік қоғамдар, кооперациялар, атқару аппаратын жалдайтын келісім –шарт жүйелері, ассоциация) және тағы басқалармен үйлестірілуінің маңызды дәрежеде ұйымдық құрылымымен айқындалады.

 Экономикалық қатынастарды  реттеу үшін өндірушілер мен өңдеущілер арасында кепілдік баға ұстанымдарындаөзара есеп жүргізуді ұсынуға болады. Мұндай жағдайда тауар өндірушілер шикізат өңделіп, дайын өнім алынғаннан кейін көтерме сауда-сату бағасы есептелген кезде калькуляцияға енгізілген шикізат құны мен кепілдік баға бойынша іс жүзінде төленген аванс арасындағы айырмашылықты төлеуі керек. Пайда түрінде алынған айырмашылықты қатысушыларға тапсырылған шикізаттың есептелген құнына қарай теңбе-тең бөлген дұрыс. Азық-түлік рыногының субъектілерін: тауар өндірушілерді және сауданы экономикалық тұрғыдан үйлестірген пайдалы.

 Бағаны тұрақтандыру  мақсатында тауар өндірушілерге мемлекет, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, өңдеуші және сауда жасайтын кәсіпорындар, оларға қызмет көрсетуші орындар арасындағы келісімдер негізінде, сұраныс пен ұсынысты ескеріп өнім өндіру үшін жағдай жасау тиімді. Ол үшін жыл сайын негізгі шикізат түрлеріне отын-энергетикалық ресурстар мен материалдарға баға деңгейін болжап ойластыру қажет. Мұндайда өндірушінің бағаны көтеруі жөн бола ма, жоқ па, соны анықтау үшін өнім бағасын бір пайызға өзгерткенде сұраныс қанша пайызға өзгеретінін сипаттайтын икемділік көрсеткішін (ик) пайдалану керек.

 Шығындар мен бағалар  туралы нарықтық ақпаратты жақсарту, сауда мәмілелерінің жариялығы, статистика орындарының өндірістік құралдар мен заттар бағасын және олардың индекстерін жариялауы қажет. Есеп айырысу –нормативтік шығындар мен ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің және АӨК-де қолданылатын материалдық-техникалық ресурстардың ықтимал бағасы туралы ақпарат дайындау керек. Мұндай ақпаратқа ие болған өндірушілер мен тұтынушылар ұсынылған бағаның алыпсатарлық деңгейін шамалай алар еді.

 Қаржы-несиелік саясатты жетілдіру.

 Ауыл шаруашылығының, өнімді өткізу рыногы мен инфрақұрылымның материалдық-техникалық базасы әлсіреген тұста экономиканың аграрлық бөлігінің нарықтық қатынастарға көшуі көптеген кәсіпорындардың ойсырауына әкеп соқты.

 Көптеген елдерде экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.

 Ауыл шаруашылығына қосымша қаржы (дотация) берудің мақсаты дүние жүзі елдерінде түрліше. Бұл – аграрлық бөлікті шетелдік бәсекеден қорғау, өнімді сыртқа шығаруға ынталандыру және т.б. Шынында, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнының белгілі бөлігін дотация құрайды, мысалы, Жапонияда -70%, Еуропа Экономикалық Бірлестігі елдерінде-40%, АҚШ-та-30%. Жапониядағы қомақты дотация фермерлердің өндірістік шығындары едәуір көп болуынан туындайды. Мұнда елдің азық-түлік саудасына мемлекеттік монополия орнатылған, ауыл шаруашылық өнімін міндетті түрде сатып алу бағасы мен бөлшек сауда бағасы орталықтан анықталады.

 Қазақстанда қараусыз  қалған қора мен істен шыққан техника негізінде шаруа қожалықтарын құрып, олар – сенімді азық-түлік өндірушілері болады деп күту орынсыз.ауыл шаруашылығына қаржы бөлінуі қажет.

 Аграрлық бөліктегі  дағдарыс себептерінің бірі – банк-несие жүйесінің жағдайына байланысты. Банктік пайыздың үлкен мөлшері не ақша айналымын толығымен тұрақтандыра алмайды, не теңгенің толық мәнінде жақсы айырбасталуына қол жеткіздірмейді. Алайда күрделі мәселе мынада, пайыз мөлшерін өсіру ауылдық тауар өндірушілер экономикасын біржола туралатып тастауы мүмкін. Мұндай жағдайда ауылдағы тауар өндірушілердің несие алуға мүмкіндігі көтермейді, бірақ олар несие алуға мәжбүр болады, барлық дерлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің айналым қаржысы, әдеттегіше, тек қарыздан тұрады.

 Қазақстан жағдайында  аграрлық бөлікті қолдау түрлендірілген  болуға тиіс. Өндіріс пен өнім өткізу көлемін қысқартуды болдырмау, шаруашылықтардың элиталық астық дақылдары, картоп және басқалардың тұқымдарын өсіруге ықыласын арттыру, асыл тұқымды малдардың тектілігін сақтап қалу мақсатында ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілер қаржылай қолдаудың қажетті көлемінде дотация мөлшерін белгілеу керек.

 Сонымен қатар мемлекеттік бюджет есебінен мына шараларды орындаған жөн: мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің техниканы, қосалқы бөлшектер мен мұнай өнімдерін иемденудегі шығындарының орнын мемлекеттік бағаларды қадағалау арқылы ішінара толтыру, мемлекеттік жерге орналастыру шараларын, өсімдіктердің жаппай зиянкестерімен ауруларымен күрес жүргізу.

 Еңбекке ынталандыру және кадрлар жауапкершілігі.

 Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесін қолдану өндірістік ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы жүйе кәсіпкерлер мен қызметкерлердің Еңбекке ынталандыру және кадрлар жауапкерщілігін арттырады. Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесін қолдану өндірістік ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.осы жүйе кәсіпкерлер мен қызметкерлердің құлшынысын тудырып, дербестікке ынталандырады, екі жақтың да өзара жауапкершілігін арттырады.

 Біздің өмірімізге  бір пайдасы тиер деп, дамыған елдер тәжірибесіне талдау жасайтын болсақ, Германияда іс-жүзінде тарифтік шарттар жасасу соңғы кезде тағы бір маңызды екі элементі қамтиды. Бұл, біріншіден, еңбекақының ең аз мөлшерін белгілеу, екіншіден, еңбек ақыны индекстеу, яғни өмір сүру құны индексінің өсуіне сәйкес еңбек ақысының автоматты түрде өсетіндігі туралы пунктті тарифтік шартқа қосу.

 Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесі өзара материалдық жауапкершілікті қарастыруы керек. Келісім-шарт бойынша еңбекке ақы төлеу еңбектің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асырылады, соңғы нәтижемен және ең жоғарғы мөлшерменшектелмейді. Келісім-шарт бойынша жалақының алдын ала мөлшері жұмыс басталғанға дейін белгіленеді. Аграрлық рыноктың және шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлерінің дамуы табыстарды еңбек бойынша болумен қатар, өндірісті дамытуға еңбеккерлер салған қаржыға қарай кірістерді дифференциялауға да жағдай жасайды.осыған байланысты нарыққа көшудің негізгі мәселесі жалдамалы жұмыскерлерді қалай меншік иесіне айналдыруда болмақ, өйткені нарықтың қозғаушы күші меншік иесінің немесе тең құрылтайшының мүддесі болып табылады.

 Нарықтық экономика  жағдайында еңбекке ақы төлеу  жүйесі өнімні ңсаны мен сапасына, жалпы кіріс пен сіңірілген дербес еңбекке тікелей тәуелді болуға тиіс.

 Өнім өткізу және  қызметтер рыногын дамыту. Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерін тұрғындарға мемлекеттік сауда арқылы өткізгенде, өткізу бағасымен салыстырғанда, бөлшек бағаның өсетіні байқалады, ол әр түрлі сауда айналымына түсу есебінен болады.

 Қазіргі уақытта агробизнес жүйесіндегі ең әлсіз буын өнімді өткізу болып табылады.

 Бұл мәселені шешудің  басты жолдарының бірі – бағаны сұраныс пен ұсыныс негізінде реттеп отыратын аймақтың тауарлық биржалар жүйесін құру. Сонымен қатар облыстар мен аудандарда ауыл шаруашылық сату жөнінен жәрмеңкелермен аукциондар өткізуді кеңінен қолдану керек.

 Аймақтарда астық сатып алуға аванс беру үшін, меншік түріне қарамастан, өңдеуші, сауда жасаушы, делдалдық етуші және басқа ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың жарнамаларынан қалыптасатын, орталықтандырылған қаржы қорларын құру қажет. Қордың мақсаты – астық және басқа азық-түлік түрлерін сатып алуға қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру.

Описание
Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Содержание
содержание отсутствует