Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат
Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.
Бұл жағдай уәкілетті мемлекеттік органдардың интернат-үйлер басшыларының құқықтық біліктілігін арттыруына тиісті бақылау ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдамайтындығын көрсетеді. Қамқорлыққа алынушылардың құқықтары туралы ережелер түсіндірілмейді және қамқорлыққа алынушылардың құқықтар ымен бостандықтарын құрметтеуді сезімдерін қалыптастыруға күш салынбайды.
В) Медициналық көмек
БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1-қағидасына сәйкес егде адамдар азық-түліктің, судың, тұрғын-үйдің, киім мен медициналық қызмет алудың, отбасы, қоғам және өзінің күшімен қолдау көрсетудің тиісті талаптарына қол жеткізуі тиіс. 11-қағидаға сәйкес егде адамдар олардың денсаулықтарын, психикалық және эмоционалдық саулығын қолдауға немесе қайта қалпына келтіруге және сырқаттарды болдырмауға немесе алдын алуға мүмкіндіктер беретін медициналық көмекке қол жеткізулері тиіс.
Мадрид іс-қимыл жоспарының 61 және 69-тармақтары мемлекеттерге төмендегі мәселелерді ұсынады:
Қарт тұрғындар арасында күтім мен емдеуді қажет етудің өсуі тиісті стратегиян талап етеді. Бұндай стратегияның болмауы тиісті шығындардың салмақты өсуіне алып келуі мүмкін. Ауруды емдеу және алдын алуды, күтімді, тиісті көрсеткіштер кезінде сауықтыруды, денсаулықты психикалық қорғау бойынша қызметтерді, салауатты өмір салтын және оған қажетті жағдай жасауды көтермелеуді қоса алғанда, өмірдің бүкіл кезеңінде денсаулықты нағайту стратегиясы егде адамдар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуі мүмкін, ал бұл, өз кезегінде, бюджет қаражатын үнемдеуге алып келеді.
Жұмыс істейтін егде адамдардың денсаулықтарын қорғау және сауықтыру қызметін дамытуға ақша қаражатын жұмсау олардың денсаулықтары мен белсенді өмірін ұзартуға ықпалын тигізеді. Бұл саладағы негізгі мақсат денсаулықты нығайту мен аурудың алдын алудан бастап тең алғашқы медициналық-санитарлық қызметт қамтамасыз етуге дейінгі қызметтердің кең диаразонын қамтамасыз ету, күшті нысанда туындайтын ауруларды емдеу, созылмалы ауруар, егде адамдарды, оның ішінде мүгедектерді физикалық және психикалық сауықтыру, егде адамдарға палиативті күтім жасау проблемаларын қоғамдық деңгейде шешу болып табылады. Егде адамдарды тиімді күту дене, психикалық, әлеуметтік, рухани және экологиялық факторлардың кешенді есебін көздейді.
Интернат-үйлермен танысу нәтижесін көрсеткендей, олардың көпшілігінде терапет дәрігерлер, медбикелер, соматологтар, ортопедтер, психологтар, диеталық медбикелер, емдеу-денешынықтыру бөлмелерінің нұсқаушылары мен заңгерлер жұмыс істейді.
Мекемелерде физотерапия, психологиялық емдеу, стоматология, процедура және массаж бөлмелер бар. Медициналық көрсеткіштер, амбулаториялық карталар медицина бөлімінде сақталады. Қамқорлыққа алынушылар әрдайын медперсоналдың бақылауында болады.
Интернат-үйлердің мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, ондағы медициналық көмекті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты терапевт көмегі амбулаториялық стационар көлемінде көрсетіледі. Барлық тексерулер мен мамандардың консультациялары қаланың медициналық мекемелері базасында жүргізіледі, бұл интернат-үйі мен емдеу-алдын алу мекемелері дәрігерлерінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуін қамтамасыз етуді талап етеді.
Интернат-үйлердің көпшілігінде алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қажетті дәрі-дәрмектер бар. Дәрілер арнайы жабдықталған бөлмелердің сейфтерінде сақталады.
Осы ережелерді сақтау егде жастағы адамдардың медициналық қызметке қол жетімділігі туралы БҰҰ 1 қағидатына сәйкес келеді.
Алайда қамқоршылардың
құқығына қысым жасайтын жергілікті
мемлекеттік басқару
Кейбір қарттар интернат-үйлерінде, Семей № 3 қарттар интернат- үйінде қамқорлыққа алынғандар үшін фитобар ұйымдастырылған, 9 түрлі талдау жүргізілетін лаборатория бар. Семей мемлекеттік медициналық академиясының психиатрия кафедрасы көмегімен психоэмоционалдық жеңілдету кабинеті ашылды.
Барлық қамқорлыққа алынғандар медициналық тексеруден өткізіледі, түрлі маусымдық инфекцияларға қарсы егпе жасалады. Сондай-ақ қамқорлыққа алынғандар денсаулық сақтау мекемесінің тағайындауы бойынша санаториялық-курорттық емдеуге жіберіледі.
Мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша көптеген адамдар интернат үйге физикалық және психикалық жағдайы ең төмен күйде келіп түсетіндігін атап өткен жөн. Оларға жүргізілетін емдеу мен оңалтудың арқасында, сондай-ақ персоналдардың көңіл бөлуі мен қамқорлық көрсетуімен қамқорлыққа алынғандардың көпшілігі өз денсаулықтарын елеулі түрде және жан-жақты жақсартқаны байқалады.
Барлық мемлекеттік қарттар интернат-үйінің көбісі гигиеналық құрал-жабдықтары жоқ (мәселен, Қызылорда қаласындағы «Мейрімділік» қарттар интернат-үйі).
Медициналық-әлеуметтік оңалтудың маңызды бағыттарының бірі протездеу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды арнаулы жүріп-түру құралдарын беру болып табылады. Вена Конвенциясының 18 ұсынымына сәйкес Өкімет жоспары егде жастағы адамдарға, олардың өз қызметтерін жалғастыруына және дербес болуына қажетті дәрі-дәрмектер, есту аппараттары, тіс протездері, көзілдірік басқа да протездерге қол жетімділігін жеңілдетуге тиіс. Республикада техникалық және компенсаторлық құрал-жабдықтар оларды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін немесе жеңілдетілген жағдайда беріледі.
Алайда, республикада көмектесуші құралдармен және жүріп-түру құралдарымен қамтамасыз ету, қарттар интернат-үйлерінде қазіргі заманғы көмектесуші құралдардың жетіспейшілігі басым байқалып отыр.
Мәслен, Семейдегі интернат-қарттар үйінде барлық стандарттарға сәйкес келетін және мүгедектерге өзі жеке жүріп-тұруына мүмкіндік беретін мүгедекке арналған жиналатын коляска 2-3 мүгедек адамда ғана бар.
Интернат-қарттар үйіне бұл коляскаларды Жапония елшілігі сыйға тартқан. Ескірген үлгідегі коляскалар көбірек. Адам құқықтары жөніндегі өкілетті мекеменің директоры хабарлағанындай қазіргі заманғы коляскалар өте қымбат және оларды мекеменің бюджетінің қаражаты есебінен сатып алу көзделмеген.
Малотимофеевтегі интернат-қарттар үйінде болған кезімізде мүгедектерге арналған коляскалар мен есту аппараттарының жетіспейтіндігін (оларды қажет ететін адамдар кезекпен пайланды) айқындалды. Түрлі ауру ерекшелігі есерілген арнайы кресло-каталкалар жоқ болды. Мүгедектер креслосы тек аяқтары жоқ адамдарға ғана бөлінген, ал полиартритпен ауыратын науқастарға медицина қызметкерлерінің қорытындылары бойынша мұндай жүріп-тұру құралдарын бөлу көзделмеген.
Шымкент қаласындағы интернат-қарттар үйіне тіреу-қозғалу аппаратының бұзылулары бар адамдар үшін 2004 жылы ескірген үлгідегі, бар сұранысты қамтамасыз етпейтін бұрыннан пайлананылған 26 коляска ғана болды. Бұл коляскалар санынының сөзсіз жетіспейтіндгін және өте қажеттігін, жүріп-тұру құралдарының жаңа үлгісін толықтыруды және сатып алу қажеттігі туралы айтады. Сондай-ақ жүріп-тұруға ортопедиялық құралдар ретінде шарикті-подшипнигті коляскалары бар енді тақтайлар пайдаланылған. Осындай жағдай Тараз қаласындағы № 2 қарттарға арналған интернат үйінде орын алған. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етуді оған сәйкес көмекші құрылғыларды қажет ететіндердің оны пайдалана алуға тиістігі ережесін бұзу болып табылады ( № 4 ереже).
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды протез-ортопедия бұйымдармен қамтамасыз ету тәжірибесін талдау сондай-ақ бұйымдар сапасының төмендігін және бірқатар ұйымдастыру проблемаларының барлығын көрсетті.
«Протез-ортопедия саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қыркүйек № 1146 қаулысымен Қазақстан Республиасы Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігіне жыл сайын бюджеттік тапсырыстарды қалыптастырған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша қамтамасыз етілетін республика мүгедектерінің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қол және аяқ протездеріне қажеттілігін ескеру, республиканың кәсіпорындарында қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қол және аяқ протездеріне жинақтаушы түйіндер мен бөлшектерді шығару бойынша импорт алмастырушы технологияларды енгізуді ұйымдастыру тапсырылды.
Онымен қоса, қазіргі кезде протез бұйымдардың жаңа құрамаларын әзірлеу оны тұтынушылардың нақты қажет етуін есерместен жүргізілуде. Қазақстан Республикасы аумағында бірде-бір ҒЗИ протездеу мен протез құрылымы проблемаларын зерттеуін жүргізбейді. Фактомно-импульсивтік, дененi баптау, протездегі сынық бөлінуі және т.б. бойынша іс-шаралар жүргізілмейді.
Мемлекеттік органдар арнаулы көмекші құралдармен нашар қамтамасыз етудің проблемасын шешу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көмекші құралдарды және жабдықтарды әзірлеуге, шығаруға, бөлуге, қызмет көрсетуге қолдау жасауы, сондай-ақ ол туралы ақпаратты таратуы қажет. Көмекші құралдар мен жабдықтардың сапасын арттыру үшін технологиялық әлеуетті толық пайдалану қажет. Жергілікті материал мен жергілікті өндіріс базасының мүмкіндігін пайдалана отырып неғұрлым қарапайым және соғұрлым бағалы құрылымды әзірлеуді, шығаруды ынталандыру аса маңызды. Мұндай құрылымдарды шығаруға мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздерін кең тартқан жөн.
Санамалап өткендерді шешуге болады, өйткені қазіргі кезде шетелде шығарылған арнайы коляскалардың түрлі үлгілерін сатып алу мүмкіндігімен өзге қиындық жоқ. Уәкілетті органдар қамқорлығындағы адамдардың қажеттіліктеріне назар аударып, интернат-үйлердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуінің талдауын жүргізіп, сондай-ақ оларды сатып алуға ақша бөлу керек.
Медициналық көмек көрсету проблемасы жеке интернат-үйлердегі де өзекті проблемалардың бірі болып табылады.
Мәселен, Қызылорда қаласындағы «Өмір» мейрімділік үйі жеке мекемесінде 2005 жылы жүргізілген прокурорлық тексеру дәрі-дәрмектердің тағамдармен бірге жалпы бөлмеде сақталғанын анықтады. Дәрілерге арналған сейфте болмай шықты, бұл «Дәрiлiк заттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып табылады.
«Намыс» пансионатында
жүргізілген прокурорлық
Г) Шығармашылық және мәдени қызмет
Қартаю проблемалары бойынша Халықаралық Вена жоспарының 47 ұсынымында білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ғұмыр бойы оқуға байланысты тұжырымдамасына (ЮНЕСКО) сәйкес және қоғам алдындағы дербестігі сезімі мен жауапкершілігін дамыту мақсатында қартайғандар үшін демалыс және ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыруға бағытталаған ресми емес, қауымдық негізде ұйымдастыруды дамытуды көтермелеу ұсынылады.
1) Кітапхана және оқу залдары. Көптеген мемлекеттік интернат-үйлерде кітапхана және оқу залдары бар, олардың қорында мерзімді басылымдар, республикалық және жергілікті газеттердің тіркелімдер бар.
Алайда, барлық интернаттарда бірдей кездесетін проблема – ескірген кітап қоры, әдебиетті толықтыру қажеттігі, соның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиетпен толықтыру қажеттігі орын алған. Осыған орай интернат-үйлерде Адам құқықтыры жөніндегі уәкілдің болуы кезінде (Астандағы ардагерлер мен мүгедектер интернат-үйі, Малотимофеевка интернат-үйі) кітапхана қорына түрлі тақырыптағы кітаптар тапсырылды.
Сондай-ақ нашар көретін қамқорлыққа алынған адамдарға арналған Брайля қаріпімен басылған кітаптардың болмағандығын атап өткен жөн.
Қазіргі әдебиеттің болмауы интернат тұрғындарының рухани қажеттілігін іске асыруды шектейді, олардың хабардар болуын төмендетеді және оқшаулануға әкеп соғады. Аталған дәлел егде жастағы адамдарға қатысты БҰҰ-ның 16 қағидасына сәйкес келмейді.
2) Мәдени-көпшілік іс-шаралар
Барлық мемлекеттік интернат-үйлерде акт залдары бар, онда апта сайын мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Онымен қоса, қамқорлыққа алынған адамдардың демалысын ұйымдастыру кейбір жағдайларда демеушілердің қаражатының есебінен де және жергілікті бюджет есебінен де қаржыландырылады. Сонымен республиканың көптеген облыстарында мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларымен қарттар және мүгедектер интернат-үйлеріндегі адамдарды мәдени іс-шараларды өткізу үшін көркемөнерпаздар ұжымдарына тартуға мәдениет департаменттеріне тапсырма берілген.
Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау