Әлеуметтік институттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:16, реферат

Описание

Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Работа состоит из  1 файл

алеуметтик институттар.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖІКТЕЛУІ 

Қоғамның  әлеуметтік құрылымы 

1.Әлеуметтік құрылымның басты элементтері

2. Әлеуметтік қауымдастықтар (топтар)

3. Әлеуметтік институттар 

Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтері 

 

   

      

   

байланыстар мен                                                                                            байланыстар мен  

    қатынастар                                                                                                        қатынастар 
 
 

Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.  

Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. 
 
 

І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.

Мәселен, бұл топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)

3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар) 

ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың  мақсат-мүдделері де жақын болады.

ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді: 

  

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе

әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. өйткені  қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор. Ол туралы алдағы тарауларда айтылады.

Жоғарыда біз  әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне  әлеуметтік институттар жптады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам  мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін  ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 

Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық  инстиуттар экономиканың тиімді  дамуын қамтамасыз ету мақсатында  шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды  жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.    

Еңбек ақы –  жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар  қоғамды билеу және басқару  қызметтерін жүзеге асырып отырады. 

3) Рухани саланың  институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы  моральдық  құндылықтарды қолдауға  ықпал етеді.

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. 

Қоғам ілгеріліп  дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады. 
 

МЕМЛЕКЕТ ПЕН  ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

1.1. Пәні, әдісі және  заң ғылымы

Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық  пәні - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.

Методология (әдіс-тәсіл) - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжірибенің бірлестігіне сүйене отырып, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі - диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.

Адам қоғамының  тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.

Заң ғылымы - қоғам  ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң  дұниесін, заң құрамын жете танитын  ғылым болып XIX ғасырдың ортасында  қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен  құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:

Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың  тарихи дамуы;

Салалық заң  ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т.б.

Арнаулы заң  ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т.б. 

Мемлекеттік дін қай елдерде  бар?

Құдайға шүкір, 70 пайыз мұсылман елміз. Бірақ зайырлы  мемлекетпіз. Осы әлемде дінге мемлекеттік  мәртебе берген елдер бар ма?Дияр КӨШЕКБАЕВ, Алматы облысы

Әлемнің көптеген елінде дінге мемлекеттік мәртебе  берілген. Мемлекеттік діні жоқ елдер зайырлы немесе секулярлы мемлекет деп аталады. Мемлекеттік дін болғандықтан билік оны қаржыландырады, кадрлық мәселелеріне тікелей араласады. Дін басылары мемлекеттік құрылымдары қатыстырылады. Қазіргі кезде шамамен 75 елде мемлекеттік дін ресми түрде танылған, ал қалған 113 мемлекет зайырлы болып саналады. Сонымен діндерге мемлекеттік мәртебе берген елдерді тізбелей кетсек. Католицизмді Аргентина, Боливия, Ватикан, Доминикан республикасы, Коста-Рика, Лихтенштейн, Мальта, Монако, Сальвадор, Сан-Марино мемлекеттік дін деп таныған. Лютеран Дания, Исландия, Норвегияда ресми дін болып табылады. Ал Кипр, Греция, Финляндия, Молдова, Армения, Белоруссия, Македония, Украинада православие дініне мемлекеттік мәртебе берілген. Сол сияқты Израильде иудаизм, Бутан, Лаос, Тайланд, Оңтүстік Корея, Камбоджада буддизм, ал Алжир, Мысыр, Иран, Ирак, Оман, Иордания, Сауд Арабиясы, Ливия секілді араб елдерінде ислам діні мемлекеттік болып жарияланған.

Дін деген не, көксегені қандай мақсат?

21 Тамыз, 2009

Пікір жоқ

«Дін» сөзінің  араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті  кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды.

Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ  Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның  аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б.

Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат-міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді.

Діннің ең басты  ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Дүниеге келген адамның бойында  дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді. Тарихи деректерге көз жүгіртсек дінсіз (яки, имансыз) адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж. Аллаһ адамзатқа жаратылысқа дейін рухтар әлемінде Өзінің Жаратушы Ие екендігін үйретіп, бізден Өзін Жаратушы Иеміз деп танитындығымыз турасында уәдемізді алды. Атам қазақтың «әлмисақтан мұсылманбыз» деуінің төркіні де осында жатыр. Бұл жайында аятта былай дейді: «Сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп; Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? – дегенде олар: «Әрине куәміз», деген. Қиямет күні: Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер» (7. Ағраф-172).

Хазіреті Пайғамбарымыз да бір хадисінде адамның ислам дінімен дүниеге келетіндігін айтып өтеді: «Әрбір сәби (жаратылысында) мұсылман болып дүниеге келеді. Бірақ ол баланың әке-шешесі оны өз діндеріне кіргізеді. Яһуди болса яһуди, христиан болса христиан, мәжуси болса мәжуси етеді» (Бухари, Жәнайз 80; Муслим, Қадар 22; Тирмизи, Қадар, 5). Хазіреті Пайғамбарымыз осы хадисімен адамдағы діни сезімнің туа біткеннен болатындығын білдіреді.

Сонымен қатар  қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

Информация о работе Әлеуметтік институттар