Ішкі секреция бездері мен гармондар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 10:11, реферат

Описание

Ішкі секреция бездері Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Работа состоит из  1 файл

Самбетов А.А 109 группа.doc

— 76.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі

Абылайхан атындағы  қазақ  халықаралық  қатынастар және әлем  тілдері униветситеті

 

                                             

                                             СӨЖ

 

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері мен гармондар

 

 

                                                                      

                                                                         

 

  Факультет:   ПФИЯ 109 гр

 Пән  аты:      Возрастная физиология и школьная гигиена

           Қабылдаған: Жусипова Д. А

       Орындаған:    Самбетов А.А

 

 

 

                                               

                                                     Алматы-2012

 

 

Ішкі секреция бездері Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады-эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездері гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының нейросөлінісі бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. Эндокринді жүйеге шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Гормондар-ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары активті зат. Мысалы, ағзадағы зат алмасу процестері, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтер де гармондарға байланысты. Ішкі секреция бездерінің құрылысындағы ерекшелігі, безден шығатын өзектері болмайды. Сондықтан бездерден бөлінген гормондар тікелей қан мен лимфаға бөлінеді. Осыған байланысты эндокринді бездер қан тамырларымен тығыз қамтылған. Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді. 1) Клиникалық бақылау - жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырылып, ауытқулар айқындалады. 2) Безді сылып тастау (экстирпация). Арнаулы операция жасап, безді алып тастайды да, организмде болатын өзгерістерді анықтайды. 3) Безді алмастырып отырғызу (трансплантация). Бұл әдіс үш нұсқада қолданылады ауто-, гомо- және гетеротрансплантация. Алғашқы нұсқада без өзінің қалыпты орнынан сол организмнің басқа жеріне қондырылады. Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір организмнен екінші организмге кондырылады. Ал, гетеротрансплантацияда бір түлік малының безі екінші түлік өкіліне қондырылады. 4) Организмді қосарлау, немесе парабиоз. Арнаулы операция жасап, бір түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады. 5) Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егу. Бұл әдіспен жасанды түрде бездің гиперфункциясы тудырылады. 6) Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жолдарын анықтайды. 7) Радиоавтография әдісі. Организмге молекуласында радиоактивті атомы бар гормон егіліп, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпасынан тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға салады. Өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады. 8) Гормондарды химиялық және биологиялық әдістермен анықтау әдісі де практикада кең қолданылады. Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немссе сөлге (лимфаға) бөлетін, бездік құрылымы бар органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз — ішкі, «крино»— бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады. 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады. 1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады. 2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады. 3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады. 4— топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады. 5— топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады. Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» – қоздырамын, козғалыска келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» – асты, төменгі жағы, «tаlаmое» – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар – нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат

5-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері 
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері 
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады 
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді 
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді 
Глюкагон —- Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді 
Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді 
Норадреналин —- Қантамырларын тарылтады 
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді 
Гиреотропты гормон —- Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді 
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) —- Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді 
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді 
Вазопрессин —- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады 
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді 
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте).

Қызметі:

1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ – меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте).

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» – аяк-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз – пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.


Информация о работе Ішкі секреция бездері мен гармондар