"Өтпелі кезең" немесе жасөспірімдердегі дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:39, контрольная работа

Описание

Ұл-қыз 11-15 жас аралығына келгенде олардың мінез-құлқы, психологиясы өзгере бастайды. «Өтпелі кезең» немесе жасөспірімдік дағдарыс (переходной возраст) кезінде қыздар оңашаланып, ұяң тартса, ұл балалар бұзықтыққа бейім, ашуланшақ болып кетеді. Біз бүгін жасөспірімдердегі осы кезеңнің себебі мен онымен қалай күресу жөніне тоқталмақпыз.
«Өтпелі кезең» – бұл 11 жастағы қыз бен 13 жастағы ұл баланың биологиялық бой жету кезеңі деуге болады. Ол белгілі бір жас арасында өтеді дегенмен, әр адамда әр түрлі байқалуы мүмкін. Сол сияқты қыздар мен ер балалар арасындағы «өтпелі кезеңде» де өзіндік айырмашылық бар. Мәселен, қыздарда жасөспірімдік дағдарыс жұмсақ жағдайда өтеді, ұлдарға қарағанда ерте басталады және тез аяқталады. Ал ұл балалар бұл кезде ашушаң, бұзықтау, тіл алмайтын, өзін-өзі ересек етіп көрсетуге талпынатын болып келеді.