Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 15:34, курс лекций
Дәріс сұрақтар:
1 Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.
2 Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рөлі.
3 Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету.
4 Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.
Компанияның ақша қаражаттар қозғалысы дегеніміз - бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған қаражаттар. Сондықтан ақша қаражаттарының қозғалыс туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған, ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.
Компанияның операциондық қызметін жүзгізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.Операциондық қызмет бұл табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциондық қызметтері жүргізу кезінде ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:
Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептерге сипаттама.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп белгілі бір есептік кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар беріледі. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарының табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарының қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әртүрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарын көруге болады.
Ақаша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерді жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады:
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда АҚША – бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктен ашылған әртүрлі шоттардағы ақша қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық, есеп айырысу шоты, т.б.арнайы шоттар).
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы – бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары. Сондықтан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.
Компанияның операциялық қызметті жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.
Операциялық қызмет – табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциялық қызметін жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:
Нәтижесінде: компанияның операциялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының жалпы сомасы есептелінеді.
Тікелей әдісті қолданған кезде пайда болатын ақша қозғалысын төмендегідей бөліп қарастырайық.
І. Тауарларды сатудан және қызметтерден түскен ақша қаражаттары:
− тауарлы материалдық запастарды жеткізу үшін және қызметтер көрсету үшін
алынған аванстар
− дивидендтер, сыйақылар және тағы басұа түрдегі табыстар мен түсімдер.
ІІ. Ақша қаражаттарының шығуы
Жанама әдіс − кәсіпорын ағымдық активтер мен міндеттемелердің өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығын сомасы да өзгереді. Сонымен бірге, инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижесінде пайда болатын табыстар мен шығындар сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып, өзгерістер жасалынады. Яғни бұл әдіс есептік кезеңдегі таза табысты көрсетумен басталады және ақша қаражаттарына тікелей байланыстары жоқ сомаларға түзетулер енгізіледі. Бұл әдіс негізінен бухгалтерлік баланста және табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетілген ақпараттарға негізделеді.
Жанама әдіс арқылы табыстар мен шығындар туралы есептің әрбір баптарына өзгерістер енгізіледі. Осы әдіс негізінде таза табыс сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып өзгереді.
Жанама әдісті пайдалану кезінде таза табыс (зиян) сомасына
енгізілетін өзгертулер.
I |
Таза табыс |
Бұл сома кәсіпорын табыстар мен шығындар туралы есебінен алынады |
II |
Таза табысқа түзетулер |
|
II.1 |
Есептелінген тозу |
Кезең бойынша есептелінген тозу сомасы, таза табыс сомасына қосылады. Себебі, олар ақша қаражаттарына тікелей әсер етпейді. |
II.2 |
Қысқамерзімді активтер соманың өзгеруі |
Қысқа мерзімді активтер сомасының көбеюі, есептік кезең аралығындағы ақша қаражаттарының ағаманың азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттырының шығуын көрсетеді. Ал қысқа мерзімді активтердің азаюы ағаымдық кезеңдегі ақаша қаражаттарының көбеюіне алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттарының келіп түсуіне алып келеді. |
II.3 |
Ағымдық міндеттемелердің сомасының азаюы |
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақмерзімді активтерді сатып алу және сату сонымен бірге қайтарылатын қарыздарды алу және беру қызметтері. Инвестициялық қызмет нәижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы төмендейді.
І. Ақша қаражаттарының түсуі
- компанияның материалдық емес
активтерін, негізгі құрал-жабдықтарын
және т.б. ұзақ мерзімді активт
- қаржылық инвестицияларды
- басқа заңды тұлғалардан
- т.б. түсімдер
ІІ. Ақша аражаттарының шығуы
- материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтар және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатып алу.
- қаржылық инвестициялар сатып алу
- басқа заңды тұлғаға қарыз беру
- т.б. төлемдер.
Инвестициялық қызмет компанияның бухгалтерлік балансында көрініс табады және ұзақмерзімді активтер ертінде саналады. Сонымен бірге, инвестициялық қызмет компанияның табыстар мен шығындар туралы есебінде де көрініс табады. Онда негізгі құрал жабдықтарды, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс немесе шығын ретінде көрсетіледі.
Қаржылық қызмет – компанияның меншік капиталымен қарызға алынған қаражаттар көлемі мен құрамында болатын өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Компанияның қаржылық қызметі нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына мынылар жатады:
І. Ақша қаражаттарының түсуі
- акцияларды және т.б. бағалы қағаздарды шығарып сатудан түсетін табыс
- банктік несиелер алу
- т.б. түсімдер
ІІ. Ақша аражаттарының шығуы
- банктік несиелерді қайтару
- өзінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алу.
- дивидендтер төлеу
- т.б. ақша қаражаттарының шығу көздері
Барлық заңды тұлғалар өзінің инвестициялық және қаржылық қызметтерінен келіп түсетін және шығатын ақша аражаттарының негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көрсетуі қажет.
Өз білімін бақылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.
2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.
3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.
4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.
5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.
6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ
Практикалық (семинар) сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық
1-тапсырма
Тақырыптарының атауы – Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауаптар беру:
Экономикалық талдаудың
2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу және тақырыптың ашылуын ойын түрінде дайындау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- тапсырманы орындау үшін
2-тапсырма
Тақырыптарының атауы – Экономикалық талдаудың түрлері
Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауаптар беру:
Экономикалық талдау түрлерін жіктеу: талдау жүргізуге көзқарасы бойынша; басқару үдерісінің мазмұны бойынша; басқару объектілерінің сипаты бойынша; басқару субъектілері бойынша; қайталануы бойынша; объектіні оқып-үйрену әдісі бойынша; талданатын объектіні қамту деңгейі бойынша; талдауды механикаландыру және автоматтандыру деңгейі бойынша. Талдаудың әрбір түрінің ұйым қызметін басқарудағы рөлі.
2. Ситуациялық есептерді шығару.
Тапсырма 1. Экономикалық элементтер бойынша шығындарға талдау жасаңыз.
Экономикалық шығындар |
Сомасы, мың теңге |
Құрылымы, % | ||||
жоспар |
нақты |
+,- |
жоспар |
нақты |
+,- | |
1.Материалдық шығындар 2.Еңбекақы 3.Әлеуметтік аударымдар 4.Негізгі құралдардың 5.Басқа да өндірістік шығындар |
56236 41000 12200
6300 31128 |
62492 42930 12880
7000 31934 |
||||
Жалпы өндірістік шығындар |
||||||
Коммерциялық шығындар |
8840 |
10100 |
||||
Толық өзіндік құн, соның ішінде: Өзгермелі шығындар Тұрақты шығындар |
155904 109134 |
168336 118676 |
100 |
100 |
- |
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- өткен материалдарды қайталау
3-тапсырма
Тақырыптарының атауы – Экономикалық талдау әдісі мен әдістемесі
Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауаптар беру: