Рефераты по бухгалтерскому учету и аудиту

Әлеуметтік салық және оның төлеу мерзімі

28 Января 2013, реферат

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғаннан бері салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының Конститутциясында “Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп атап көрсетілген. Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыланды – рудың негізгі көзі болып табылады.

Өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындарды талдау

05 Января 2012, курсовая работа

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.

Өнімнің өзіндік құнын талдау

16 Февраля 2012, реферат

Өнімнің өзіндік құнын талдау.
Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

02 Декабря 2011, реферат

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

18 Февраля 2013, курсовая работа

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

25 Февраля 2013, курсовая работа

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.[5]
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді қолданылуы. Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп – белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады.
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Өндіріс шығындары және фирма табысы

06 Ноября 2011, контрольная работа

Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.

Өндіріс шығындары және фирма табысы”

16 Января 2012, реферат

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар -- бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
* өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
* өндірісті ұлғайтуға және жақартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жақа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
* өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Өндіріс шығындарының есебі

24 Марта 2012, курсовая работа

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Өндіріске жұмсалған шығынды есептеу әдістері

23 Ноября 2012, курсовая работа

Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді. Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептержасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.

Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру

18 Февраля 2013, отчет по практике

Басқару есебінің мәліметтері сыртқы пайдаланушылар (мемлекет, банктер, инвесторлар т.б) үшін емес ішкі басқару функцияларын жүзеге асыру ұшін қажет
Басқару есебі дегеніміз-субъектіні басқару процесіне ақпараттық қолдау жүйесі.

Өндірістік есепті ұйымдастыру

01 Марта 2013, курсовая работа

Ұйымдастырушылық - есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі.
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін өндірістік есепті ұйымдастырға үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде өндірістік есепті ұйымдастырып, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есепті ұйымдастыруды, қаржылық есеп беруді, есеп жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.

Өндірістегі шығындардың құрамы мен жіктелуі

07 Марта 2013, курсовая работа

Менің курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, себебі басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу және қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру, яғни өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.

өнеркәсіп кәсіпорында бухгалтерлік есеп

16 Октября 2011, курсовая работа

Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез-келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.

Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

3. шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары

07 Февраля 2013, реферат

Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кеңейіп, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы жылдары республикада күрделі өңдеу кәсіпорындарының көбі өндірісін тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.

“Ұйым туралы түсінік және оның түрлері”

02 Января 2012, реферат

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады.