«Қазгермұнай» компаниясы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 09:41, реферат

Описание

«Қазгермұнай» компаниясы Қазақстан Республикасына Германиядан инвестициялар тарту мақсатында 1993 жылы құрылды. Қазгермұнайдың Құрылтай шартына сәйкес, ол Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында 2024-жылдың 1-наурызында бітетін 30 жыл мерзімге барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған эксклюзивті құқықтар мен лицензиялар алды.

Қазгермұнай компаниясы өзінің қызметін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады. Қазгермұнайдың мұнай кен орындары 897 шаршы километр алаңды алып жатыр. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың дәлелденген және болжамды қорлары 24 миллион тонна (180 миллион баррель) мұнай құрады.