Билік және оппозиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:41, реферат

Описание

Билік – адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі болып табылады. Олар адамдарға саяси билік жүргізетін мемлекеттік органдардың жүйесі, мемлекеттік және өкілеттігі бар қызмет адамдары немесе органдары болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
Билік – оппозиция – 5:0..........................................................................................3
Оппозиция мен билік келісімге келсе………………………………………...…6
Дағдарыспен оппозиция мен билік бірлесіп күрессе…………………………..7
Төрт жыл өтсе де, үш оқтың құпиясын билік те, оппозиция да аша алмады...9
Қорытынды............................................................................................................12
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................13

Работа состоит из  1 файл

Билік және оппозиция.doc

— 133.00 Кб (Скачать документ)

Үш жыл өтті, бірақ Заманбек Нұрқаділовтың өлімі жұмбақ  күйінде қалып отыр. Ресми тергеу -зерттеу қорытындысы бойынша, оппозициялық саясаткер екі оқты жүрек тұсынан атып, тағы бір оқты басына тигізіп, өзіне -өзі қол жұмсап өлген. Бірақ Нұрқаділовтің өлімі туралы мұндай қорытындыға сенгендер тым аз болды. Керісінше бұның өте қаталдықпен, аяусыздықпен кісі өлтіру екендігіне әлі күнге дейін сенетіндер көп.

Өзінің оппозициялық бағытымен  жалғыз қалған сұрапыл соғыс жылдарының перзенті

2005 жылдың 12-ші қарашасы күні болған трагедия туралы осы уақытқа дейін аз айтылған жоқ. Заманбек Қалaбайұлының өмірлік жолы және трагедиялық өлімі туралы әлі де талай жазылатын шығар. Ал бүгін біз Заманбек Нұрқаділовтың ел есінде қалған сөздері мен саяси қадамдарына тоқталғымыз келіп отыр. Сонымен, Зәкең өмірінің соңғы жылдары халықтың есінде қандай адам ретінде қалды? Ол кіммен күресті және кімге қарсы күресті? Оның бүгінгі билік  жүйесіне ашық түрде қарсылық білдіруіне қандай себептер әсер етті  деген сұрақтарға жауап іздедік. Қысқаша айтқанда, Зәкеңнің ішкі жан-дүниесіне үңілгіміз келді.

1996 жылы Заманбек Нұрқаділовтің  «Не только о себе» деп аталатын автобиографиялық кітабы жарық көрді Бұл Нұрқаділоовтің саяси қуғынға түскен алғашқы кезеңі болатын, дегенмен, саясаткер ол кезде 2004 жылдың сәуір айындағыдай Назарбаевтың құрған жүйесіне ашық түрде қарсылық танытқан жоқ еді. Кітапта ол өзінің келбеті мен болмысын шынайы көрсетуге тырысады, сол арқылы оқырманын баурап алады.

"Менің басқа адамдардан айырмашылығым жоқ. Мен де басқалар сияқты жазу үстеліне отырғанымда, тек жазу үстелінің үстінде ғана емес, басқа уақыттарда да үнемі өзімнің беделімді ойлап, өткен уақыттағы екіұшты бір жағдайларға байланысты, өзімді биіктен көрсете алмаған кездер үшін, өзімді қолайсыз сезініп,  жекелеген түзетулер арқылы қайталанбас беделімді қайтарып алуға тырыстым", - деп бастайды Нұрқаділов өзінің мемуарын.

Шынын айту керек, ол қызметтен шеттетіліп, билікпен арадағы қарым-қатынасы қатты нашарлап кеткен соң, көптеген жолдастары одан теріс бұрылды. Сол уақытта ол жалғыз қалғандығын түсініп, біржола шығармашылыққа бет бұрды. Өлең жазумен айналысып, Шығыстың шайырларын аударумен шұғылданды. Ол Хафиздің, Рудакидің, Омар Хайямның, Румидің, Саадидің, сонымен қатар, Пушкиннің, Лермонтовтың, Николай Гумилевтің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Бірақ, бұл еңбектердің барлығы Заманбек Нұрқаділовтың өлімінен кейін ғана жарыққа шықты.

Заманбектің демаршының жалғыз -ақ жұмбағы - ол Назарбаевтың саясатына қарсы болды

«Болашақта мені көптеген күмәнге толы жағдайлардың күтіп тұрғанына сенімдімін. Адамдарға шынайы керек болу үшін ақыл мен ерік-жігердің көп қажет болатыны сөзсіз. Тағдырдың тәлкегіне ұшырасаң да, осы үшін ғана қайтып бас көтеруге болады» - деп аяқтайды өз кітабын Заманбек Нұрқаділов. Бұл кітап Заманбек Нұрқаділовтың трагедиялық өлімінен 9 жыл бұрын жарыққа шықты. Дегенмен, ол өзінің ақ қағаз бетіне түскен ойларында, газет бетіне басылған сұхбаттарында өмір мен өлім тақырыбына жиі-жиі оралып отырды.

Заманбек Нұрқаділовты тірі кезінде сынаушылардың көп болғаны белгілі. Бірақ, ол да бұғып қалмай, айтқысы келгенін іште сақтамайтын. Әрине, ондай жанжалдардың барлығы көп ұзамай ұмытылатын. Тіпті, оның ешқайсысы сотқа да жеткен емес. Алайда, Заманбек Қалабайұлының 2004 жылдың 11 сәуірінде жасаған саяси мәлімдемесі оның мемлекеттік қызметтегі карьерасына біржола нүкте қойды. Осы тұста Зәкеңнің  арқасына «пышақ ұрғандар» да болмай қалған жоқ.

Заманбек Нұрқаділовтың президент Назарбаевқа жасаған мәлімдемесінен соң, оны жұмыстан босату үшін сол уақыттағы премьер-министр Даниал Ахметовтың өзі  Алматыға келген болатын. Ахметов журналистерге берген түсініктемесінде:«Нұрқаділов мырза өз қызметін дұрыс атқармады. Басқару деңгейі өте төмен болды..»,-деп айтқан еді.

Заманбек Қалабайұлы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттікті басқарып отырған кезде оның орынбасары болған Нұрахмет Бижанов көптің көңілін күпті еткен ешкімге белгісіз тағы бір «құпияларды» сыртқа шығарды. Оның айтуынша, Заманбек Қалабайұлы соңғы жарты жылда өз міндетін тиісінше атқармаған. «Түске дейін жұмыста болады да, түстен кейін кетіп қалады, маскүнемдікке салынып жүр деп айтсақ та болады ... » деген еді.

Ендігі жерде Заманбек Нұрқаділовты тоқтату мүмкін емес еді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты сынаудың барлық мүмкіндіктерін жібермеді. Газеттерге мақалалар берді, митингтерде, оппозиция қайраткерлерімен  кездесулерде ойындағысын іркіп қала алмады. Бұдан соң Заманбек Нұрқаділов Парламент депутаттарына мемлекет басшысы Конституцияны бұзып отырғандықтан, оған импичмент жариялау туралы ұсыныспен хат жолдайды, одан біраз уақыт өтісімен Алматының Медеу аудандық сотына Назарбаевқа қарсы талап арыз түсіреді.Келесі кезекте Нұрқаділов президент Н. Назарбаевқа 1 мамыр күні Республика алаңындағы халық серуені кезінде кездесіп, барлық мәселені бетпе-бет талқылайық  деген ұсынысын ел алдында жария етті. Белгіленген күні Нұрсұлтан Назарбаев  алаңдағы мінберге көтеріліп, ешкімнен де, Нұрқаділовтен де "қорықпайтынын" көрсетті. Бірақ та бұл кездесу тең күштердің, тең жағдайдағы кездесуі емес еді.

Дәлірек айтқанда ешқандай кездесу болмады, өйткені Назарбаевтың күзеті Нұрқаділовты оған жақын маңайлата қойған жоқ. Есесіне алаңда  Нұрқаділовке қарсы денелі келген, еңгезердей жігіттер тобы шабуыл жасамақшы болып, олардың бірі лақтырған тас көздеген нысанасына дәл тимей Нұрқаділовты жанап өтіп, аман қалған еді.

Заманбек өлімінің құпиясы Қазақстан тарихындағы ең бір үлкен жұмбақ

Заманбек Нұрқаділов билікпен біржолата ат құйрығын үзіскен соң, оппозиция да оны  құшақ жайып қарсы алған жоқ. Ол бүгінгі оппозицияда жүрген кейбір саясаткерлерге де ара-тұра қарсы шығып тұрды. Тіпті, 2005 жылдың басында Жармахан Тұяқбайды «биліктің оппозицияға жіберген тыңшысы» деп айыптаған болатын. Сол жылы біресе болады, біресе болмайды деген президент сайлауы өтті. Әрине, бұл сайлаудың қорытындысын көру Зәкеңнің маңдайына жазылмапты. Дегенмен, қазақстандық  оппозиция бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, Жармахан Тұяқбайды президенттікке үміткер етіп жариялағанда да, Заманбек Қалабайұлы шетте қалып қойды.

Ол осылайша бірте-бірте қоғамдық өмірден оқшаулана берді. 2005 жылдың жазында Заманбек Нұрқаділов өзінде бір чемодан "әшкерелеуші" материалдар бар екендігін мәлімдеді. Осы кезде ол  тек бірен -саран журналистермен ғана араласып, соларға шерін тарқататын еді. Олардың қатарында "Нави" интернет газетінің тілшісі Асхат Шәріпжанов болған-ды, Асхат та Нұрқаділовпен кезекті кездесуден кейін жұмбақ жағдайда қаза тапты.

2005 жылдың 12 қарашасы күні президенттік сайлау науқаны қызып жатқан шақта Заманбек Нұрқаділов өз үйінің төрінде оққа ұшты. Бұл өлім шындығы мен жұмбағы әлі анықталған жоқ.

Заманбек өмірінде өзінің үзеңгілесі, әрі шәкірті Алтынбекпен жиі  айтысып, пікір таластырып жүретін. Алтынбек Сәрсенбайұлы да Заманбек Нұрқаділов сияқты билік баспалдағының шыңына жетіп тұрып, бір-ақ күнде мәнсапты тәрк етіп, Қазақстанның Ресейдегі елшісі, Қазақстанның ақпарат және мәдениет министрі қызметтерінен бас тартып, оппозиции қосынына кеткен болатын. Өмірлерінің соңғы айларында екеуі түсінісіп, бір-бірімен ортақ тіл табыса білген еді.

Заманбектің өлімінен кейін арада үш ай өткенде Алтынбек те қастандық құрбаны болды.Сөйтіп азғантай уақыттың ішінде оппозиция екі бірдей көрнекті өкілінен, басшысынан қапияда айрылып, жаңа қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамға қатты соққы тиді. Алтынбек өлімінің де құпиясы әлі ашылған жоқ, оның үзеңгілестері Алтынбекті тұрмыстық дүрдараздық негізінде өлтірді деген ресми қорытындыға сенбейді де, келіспейді де.

Заманбек Нұрқаділов соңғы демі үзілгенше күресумен болды. Ол өзінің басына түскен қиыншылықтарға қарамастан, ешуақытта мойыған жоқ. Зәкең тәуелсіз газеттердің біріне берген сұхбатында, президент Назарбаевтың мұрагерін білетіндігін, әзірше оның есімін ел-жұртқа жариялай алмайтындығын да мәлім еткен болатын. Дегенмен, Заманбек Нұрқаділовтың өлімі қандай жұмбақ болса, ол айтқан адамның  есімі де қазақстандықтар үшін  жұмбақ болып қалды.


ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оппозиция – демократиялық қоғамның ең маңызды нышандарының бірі. Оппозиция ұғымының негізгі мағынасы қарсы тұру болса да, елдегі билік пен саяси режимге балама күш болып қалыптасуы шарт. Сонда ғана мемлекеттегі азаматтық қоғам институттарының дамуы мен плюрализмді қалыптастыру үрдісі жеделдейді.

Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев оппозицияның бірігетіндігіне күмән білдіреді. Ал, «Азат» партиясының басшысы Болат Әбілов өзгеше пікірде.

Себебі Ермұхамет мырзаның айтуынша сол көтерген кеуделері бүкіл қазақстандық оппозицияның идеясынан да жоғары. Тіпті, елдің жалпыұлттық мүдделерінен де жоғары дер едім. Сондықтан, Қазақстанның негізгі төрт оппозициялық партиясы қазір де, кейін де, 2012 жылы да іс жүзінде бірікпейді. Бұл – бір. Екіншіден, бұл сұрақ Ақорда үшін мүлде көкейтесті мәселе емес. Өйткені, қазіргі оппозиция жұмыс істеп тұрған саяси жүйеге ешқандай қауіп төндірмейді. Олар жеңіске жететіндей жағдайға ешқашан келе алмайды: қазір де, үш жарым жыл өткеннен кейін де.

Мәселен, «Азат» партиясының көшбасшысы Болат Әбілов ашық түрде премьер-министр болудан бас тартып отырғанда оппозицияның жеңісі туралы қалай сөз етуге болады. Алдағы парламент сайлауында 20 немесе 30 пайызға қол жеткізуді ғана армандайтынын ол еш бүкпелемей, ашық айтып отыр. Яғни, онда күресуге, жеңіске жетуге деген ұмтылыс жоқ. Былайша айтқанда Ермұхамет мырза қазақстанда азаматтық қоғам атымен жоқ, халқымыз табиғатынан саясатқа бейжай қарайды, жұмыс істеп тұрған саяси жүйеге оппозиция ешқандай қауіп төндірмейді деген қорытындыға келді.

Ал Болат Әбіловтың айтуынша, ешкім бізге билік жүргізіп, бұйрық бере алмайды, бірігу жолы – бір күннің шаруасы емес, және де оппозиция билікке қараған партиялар секілді бұйрықпен бірікпейді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Болат Әбілов былай деді:

- Мақсат бар, әрине. Бірігу мақсаты. Қазір келіссөздер жүруде. Бірақ, қалай болғанда да бірігу-бірікпеу – әркімнің өз құқығы. Сондықтан да, біз бұл мәселеге сабырмен, байыппен қараймыз.

Бізде «Нұр Отан» партиясы билікті қолдан шығарып алсақ, президент Назарбаев тақтан тайқып кетсе апат болады деп санайды. Жоқ, ешқандай да апат болмайды. Тек ұрлық азайып, тәртіп пен әділеттілік күшейеді.

Ал, бүгінгі саяси жүйе үшін оппозиция қауіп төндірмейді деу күлкілі! Егер бізді қауіп көрмесе, онда бізді соттамас еді, қуғын-сүргінге ұшыратпас еді. Қанеки, бізге, біздің электронды БАҚ-на өздерімен тең жол берсін. Олармен ашық та адал бәсекеге түсейік, қордаланған өзекті мәселелерді ашық талқылайық!

Осы кезде белгілі әлеуметтанушы Р.Дарендорфтың қағидасын еске түсірсек: «Оппозицияға саяси шешім қабылдаудың 10% мүмкіндігін берсін, сол кезде оппозиция да болмайды». Оппозиция болған күннің өзінде айғайшыл, құр дабырашыл күйде қалмайтыны анық.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Чеботаров А. Проблемы становления оппозиции как полноценного элемента политической системы РК // Саясат.-1998. –№11

2.      Еремин А. Оппозиция сдает позиции // Мысль -1995.-№6

3.      Малинин Г. Социальная трансформация казахстанского общество: особенности и тенденции. –Саясат – Полис, 2006г. №12

4.      Куликов Ю. Страдания юной оппозиции // Деловая неделя. - 1997. - 18 апреля

5.      www.alashainasy.kz

6.      http://www.aikyn.kz/

 



Информация о работе Билік және оппозиция