Меншікке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Содержание

МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
Ұрлықты тергеу әдістемесі
Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
Алаяқтықты тергеу әдістемесі
Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

menshikke__1179_arsy__1179_ylmystar.doc

— 212.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорқытып алу

 

    Қорқытып алушылықтың  қоғамға қауіптілігі сонда, ол  меншік құқығын бұзады.

Бұл қылмыстың объектісі  деп тек меншікті ғана емес, жәбірленушінің өз басын да санау керек ( оның бостандығы, ар-ожданы, қадір-қасиеті, жеке дербестігі).

Объект құрылымына және де меншік құқығымен ғана емес, кейбір жағдайларда міндетті құқықпен: меншікке өз үлесінен бас тарту, қорқытып алудың пайдасына қандай да бір мүліктік сипаттағы әрекеттерді қайтарымсыз орындаумен қамтамассыз етілген мүліктік мүдделер де кіреді.

Қорқытып алушылық –  мүліктік қылмыс, меншіктің қоғамдық қатнастарына қол сұға отырып өз затына тек мүлікті немесе оған құқықты ғана емес, сонымен қатар мүліктік сипаттағы әрекеттерді жатқызады. Бұл жерде мүлікке  құқық қатаң заңдық нысанның сақталуын талап ететін тиісті құжаттармен бекітіледі.

Күн көрсетіп қорқытушылықтың  ерекшелігі – оның келешекте жүзеге асатындығында, яғни айыпты өзінің мүлікті беру туралы талабы орындалса бірнеше уақыттан кейін күш қолданылатындығын айтады.

Сонымен қатар бұл  қылмыста табандылық сипат та болады, яғни өз талабы орындалмаса айыпты сол жерде күш қолданылатынын білдіреді.

Қорқытып алудың қарақшылықтан айырмашылығы сол, қорқытып алу кезінде айыпты келешекте күш  қолданамын деп қорқытады, яғни  қорқыту мен оны іске асыру арасында қандй да бір уақыт болады.  Қорқытып алушылық кезінде  айыпты иелігінде немесе  күзетінде мүлік бар адамға ғана қатысты емес, оның жақындарына да қатысты күш қолданамын деп  қорқытады, мұндай қараушылық кезінде болмайды.

 Қорқытып алушылық  кезінде мүліктің келешекте брілуі, ал қарақшылықта оның табан-асты  берілуі талап етіледі.

Мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту дегеніміз – ол жүзеге асса, мүлік не мүлік болудан қалады, не келген зақымнан кейін оны қайта қалпына келтіру қажет болады.

Бөтен мүлікті иеленуші немесе сол мүлік күзетіндегі  адамды масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқыту дегеніміз  – сол мәліметтерді оларды білмейтін адамдарға хабарлаймын деп қорқыту.

Жәбірленуші қорқытып, оған мүліктік талап қойылған кезден бастап тіптеп айыпты өзі қалаған  нәтижеге қолын жеткізе алмаса да, мүлікті  немесе оған құқықты иеленбесе де, қылмыс аяқталған болып табылады.

Қорқытып алушылық заты – мүлік, мүлікке құқық, мүліктік сипаттағы әрекеттер, ал қараушылық пен тонаудың заты тек – мүлік.

Қорқытып алушылық кезіндегі  зорлық күш көрсетілген деп  қорқыту  мен мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп  қорқытумен, масқаралайтын мәлеметтерді таратамын деп қорқытумен, сондай-ақ күш қолданумен сипатталады.

Субъективтік жағынан  қылмыс тікелей ниетпен және пайдакүнемдік  мақсатпен сипатталады. Мүлікке  ешқандай құқ болмаса да, жәбірленушінің мүддесіне  залал келтіруі мүмкін әрекеттер жасаймын деп қорқытып сол мүлікті талап етіп, отырғанын айыпты ұғынады.

Мақсат -  мүлікті немесе сол мүлікке құқықты алу.

Қорқытып алудың субъектісі – жасы он төртке толмаған, есі дұрыс  адам.

Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдестемесі – бұл тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру және қылмыстың жеке түрлерін болдырмау бойынша  кеңес беу негізінде қарастырылатын ғылыми жағдай жүйесін құратын криминалистиканың бөлімі.

Криминалистиканың әдістемесінің  көздері мыналар болып табылады:

а) қылмыстың құрамының  белгілерін, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні мен шегін айқындайтын қылмыс және қылмыстық іс жүргізуші заң шығарушы нормалар;

б) криминалистикалық  техника, криминалистикалық тактика, криминалистикалық ұйымдастыру  жағдайының жалпы теориялық ережелері;

в) қылмысты ашу, тергеу және болдырмаудың  алдыңғы қатарлы  тәжірибесі;

г) қылмысты тергеуде қолданылатын басқа ғылымдардың жеке ережелері (сот медицинасы, психология, криминология)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Криминалистикалық әдістеменің  жалпы мәселесі болып Республикалы қылмыспен белсенді айбынды түрде күреске қатысу болып табылады.

Өзекті мәселе қатарына жататындар:

      • криминалистикалық тұрғыдан қылмыс пен қылмыстылық жағдайларды зерттеу;
      • әр қилы қылмыстың түрлерін ашу, тергеу және болғызбаудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін  зерттеу және талдап қорыту;
      • қылмыстың жеке түрлерін ашу, тергеу және қылмысты болғызбауды жүзеге асыру  мен ғылыми негізделген бағдарламаларды жаңарту.

Қылмыстың жке түрлерін тергеу әдісі екі бөлімнен тұрады:

а) криминалистикалық  методологияның жалпы ережелері;

б) қылмыстың нақтылы  айқын түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі (жеке әдіс);

Жалпы жағдайы – бұл  криминалистикалық әдістің теориялық  негіздері (жүйесі, мақсаты, қағидасы)

Жеке әдістер –  қылмыстың нақты түрлерін тергеу кеңестері мен  бағдарламалары жеке әдіс екі топқа бөлінеді: жай және ерекше.

Жай әдістер – қылмыстық  заңмен бекітілген қылмыстың түрлері  бойынша, ал ерекше әдістер мынандай белгілер бойынша құралады:

      • қылмыстың болған орны;
      • қылмыскер тұлғасының мінездемесі;
      • қылмыстың болуы мерзімінен бергі уақыт саны;
      • тергеуге қатысқан тергеушілер саны.

Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесінің жеке типтік құрлымы  келесі бөлімдерден тұрады:

а) көрсетілген қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы;

б) көрсетілген қылмыс түрін тергеудегі анықтауға жататын жағдай;

в) көрсетілген категория  ісі бойынша қылмыстық істі қозғау және тергеудің бастапқы этабын жоспарлау  негіздері;

г) типтік тергеу жағдайы  пайда болу барысында, тергеуші тергеудің  әр этаптағы әрекет тәртібі; тергеу іс-шарасындағы тактика әрекетінің және  басқа да ұйымдасқан  әрекеттің ерекшеліктері;

д) көрсетілген дәреже істері бойынша арнаулы  білімді  қолдану ерекшеліктері;

е) тұрғындардың көмегін  пайдалану ерекшелігі;

з) көрсетілген қылмыс түрін тергеудегі тергеушінің, анықтаушы бөлім қызметкерлерінің және олардың басшыларының ара қатынасты жан-жақты жандандыру;

и) сәкес келетін іс катергориясы бойынша тергеушінің  тергеу материалдары бойынша  профилактикалық  жұмыс, яғни алдын алу әрекетін ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Ұрлықты тергеу әдістемесі

 

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексі – 175 бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырып  ұрлау болып ұғындырылады.

Бұл жеке меншікке қарсы  кең тараған қылмыс.

Объект – меншік.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті жасырын ұрлау.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы –  тікелей қасақаналық.

Ұрлық заты – ақша, бағалы бұйымдар,  тауарлар және тағы басқа  болып табылады.

Бұл қылмыс әр түрлі жерлерде жасалады. Ұрлық күндізгі уақытында, түнгі уақытта да жасалады. Жиі  кездесетіні дүкен, қойма, пәтер, үйдегі заттар және де жеке заттарды вокзалдарда, поезда, базарларда, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде қалтадан ұрлау.

Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға ұрылар төбені, қабырғаны, еденді, есікті, терезелерді  бұзып кіреді немесе жерді қазып кіреді. Құлыпты бұзып немесе арнайы дайындалған кілтпен ашып кіреді. Сындыру, бұзу үшін белгілі бір құралдарды қолданады.

Қалтадан ұрлағанда  бір заттың көмегімен немесе заттың көмегінсіз қыстырылысқан уақытты  пайдаланып ұрлайды. Ұрылар өз қылмысын сездірмеу үшін үй жас балаларды, орамадағы гүлдерді пайдаланады.

Ұрлықты тергеудегі анықтауға  жататын мән-жайға мыналар жатады:

      • ұрлықтың орны бар ма;
      • оны жүзеге асырудағы уақыты, орны және шарты;
      • ұрлық заты (қылмыскермен ұрланған зат), оның құны, белгісі;
      • ұрланған зат кімге тиесілі;
      • ұрлықты істеу тәсілі;
      • ұрлық субъектісі (оның кіммен істелгені);
      • ұрлық қылмыстық топпен жасалды ма, жасалынса топтың әрбір қатысушысының кінәларының дәрежесі;
      • ұрланған затты сату орны, уақыты және тәсілі;
      • кінәлілердің жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;
      • ұрлыққа ықпал еткен себептер мен шарттар.

Ұрлықты істеу тәсілдерін келесі көрініспен топтауға болады:

а) мемлекеттік немесе қоғамдық, не азаматтардың жеке мүлкін тұрғын алаңнан ұрлау; олар бұзу және бұзбау жолдарымен жүзеге асырылады;

б) тұрғын үй алаңға енусіз азаматтардың жеке мүлкін ұрлау (сумкадан, қалтадан ұрлау, маскүнемдікті пайдалану);

в) сенімділікті пайдалану  арқылы істелетін ұрлық (тұрғын үйге немесе алаңға ену және енбеу арқылы);

г) автоматтандырылған сақтау камераларынан ұрлау;

д) автокөліктерден және тағы басқалардан ұрлау.

Қылмыстық іс келіп түскен арыздар, хабарлар және жедел іздеу  кезінде алынған мәліметтер бойынша  қозғалады.

Ұрлықты тергеу кезінде  бастапқы үш түрлі тергеу әрекеттері айқындалады.

А) Ұсталынған, қылмыс жасаған  сезікті тұлға.

Бұл тергеу жағдайында болған қылмысқа тұлғаның қатыстығын көрсететін дәлелдемелерді жинаумен қорытындыланады. Тергеушінің келесі әрекет бағдарламасы ерекше: сезіктікті ұстау, жеке тінту, қажет болғанда куәгерлендіру; оқиға болған жерді қарау; жәбірленушілерді немесе материалды жауапты тұлғаларды және куәгерлерді жауаптау; сезіктікті жауаптау; сезіктінің тұрғын орнын тінту.

Б) қылмыс жасалды деп  сезіктелген тұлға ұсталмаған, бірақ  оның тұлғасы жайында анықталған дәлел бар.

Тергеудің негізгі бағыты болған қылмыс болған материалдық жағдайды зерттеу, сезіктелген тұлғалар, ұрланған мүлікпен немесе  құнды заттар туралы дәлелдемелерді жинау мен бекіту және басқа қылмыс мән-жағдайларын  анықтау болып табылады.  Берілген жағдайда мынандай бастапқы тергеу  әрекеттері негізгі мәселе бола алады: жәбірленушілерді немесе материалды жауапты  тұлғаларды жауаптау; оқиға болған жерді қарау;  куәгерлерді жауаптау;  сот сараптамаларын тағайындау, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру.

В) қылмыс істеген тұлға  жөнінде мәліметтердің құқық  қорғау органдарында болмауы және жоқтығы.

Тергеуші әрекеттеріне жататындар: зерттеп, іздеуші бағыттамалар қасиетері сәйкес бұл жағдайлар  үшін жоғарыда айтылған  тергеу әрекеттерінен  басқа қылмыс істеген тұлғаны анықтауға; ұрланғанды іздестіру; қылмыстың болу тәсілі, оқиға болған жердегі табылған іздер, ұрланған заттардың белгілері туралы криминалистикалық тіркеуді және басқа іс-шараларды пайдалану арқылы тергеуді жүзеге асыруға арналған жедел-іздестіруші іс-шаралар сипаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Тонау мен қарақшылықты  тергеу әдістемесі

 

Тонау - бұл бөтен мүлікті  ашық ұрлау.

Қарақшылық, яғни бөтен  мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға  ұшыраған дамның өмірі мен  денсаулығына қауіпті күш көрсету мен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп  қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Тонау

Объект – меншік, адамның  жеке басы.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті ашық ұрлау.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы –  тікелей қанаушылық.

Қарақшылық

Объект – меншік, адамның  өмірі мен денсаулығы.

Объективтік жағы – адамның  өмірі мен денсаулығына қауіпті  күш көрсету, күш көрсетемін деп  қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы –  тікелей қастандық, пайдакүнемдік.

Аса қауіпті қарақшылық шабуылдар банктерге (ақша айырбастау бөлімдеріне, банк филиалдарына, бөлімшелеріне) кассирлерге, инкасатрларға қарулы шабуыл жасаумен жасалады.

Мұндай қылмысты жасау  үшін қылмыскер жан-жақты дайындалады. Бөлек мекеменің және қызметкердің жұмыс уақытын біліп алады. Қызметкерлердің жүретін жолдарын анықтап алады. Өздерін  көлік құралдарын қамтамассыз етеді, қаруландырады.

Ұшу, теміржол билеттерін алдын ала дайындап сатып алып қояды, істерін бітіргеннен кейін  қаладан қашып кету үшін және де түр түстерін, киген киімдерін өзгертіп алады.

Қылмыскерлер тобы нақты  және тез қимылдайды, көздейді. Қылмыс кезінде қауіпті жағдайларды  сезгенде қару қолданады.

Пәтерлерге қарақшылық шабуыл жасау кезінде қылмыскер  жалған құжаттарды қолданады.  Өздерін құқық органдарының қызметкеріміз деп, почта, коммуналдық бөлім қызметкерлеріміз деп пәтерлерге алдап кіреді. Одан кейін қатаң қимылдайды; жәбірленушілерді байлап тастайды немесе бәрін бір бөлмеге қамап бекітіп тастайды (ваннаға, бөлмеге) және қорқытады полицияға хабарласа өлтірітіндерін айтады. Егер жәбірленуші қарсылық  көрсетсе, көмек сұрап айқайласа ұрып соғады, денсаулығына қауіпті зиян келтіреді.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар