Симметриялық емес кілттері бар жүйелерді іске асырудың.ppt

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 20:15, творческая работа

Описание

Криптоанализ – шифрлерді ашу туралы ғылым. Хабар ашық мәтіннен тұрады. Оның мағынасын басқаларға түсініксіз қылу мақсатымен ашық мәтінді түрлендіру процесі шифрлеу деп аталады. Шифрлеу нәтижесінде шифрмәтін пайда болады. Шифрмәтінді ашық мәтінге кері түрлендіру процесі  шифрды ашу деп аталады. Жалпы айтқанда, шифрлеу түрлендіруі шифрды ашу түрлендіруіне қарағанда симметриялық немесе асимметриялық болуы мүмкін. Түрлендіру функцияның осы маңызды қасиеті криптожүйелердің екі класын анықтайды: симметриялық және асимметриялық криптожүйелер.

Работа состоит из  1 файл

Симметриялық емес кілттері бар жүйелерді іске асырудың.ppt

— 1.08 Мб (Скачать документ)

Симметриялық  емес кілттері  бар жүйелерді  іске асырудың  ерекшеліктері; стенографиялық  жүйелерді іске  асыру әдістері

      Криптография(гр. κρυπτός — жасырын және гр. γράφω — жазамын) - деректер мен хабарлардың әлдеқайда қауіпсіз сақталуы мен таратылуы үшін оларға код тағайындауға арналған стандарттар мен хаттамалар жиынтығы. Хабарлардың мазмұнын құпиялықта сақтау үшін не істеу керектігін үйрететін ғылым криптография болып табылады.  Криптографиямен байланысатын адамдар криптологтар болып табылады.  

      Криптоанализ – шифрлерді ашу туралы ғылым. Хабар ашық мәтіннен тұрады. Оның мағынасын басқаларға түсініксіз қылу мақсатымен ашық мәтінді түрлендіру процесі шифрлеу деп аталады. Шифрлеу нәтижесінде шифрмәтін пайда болады. Шифрмәтінді ашық мәтінге кері түрлендіру процесі  шифрды ашу деп аталады. Жалпы айтқанда, шифрлеу түрлендіруі шифрды ашу түрлендіруіне қарағанда симметриялық немесе асимметриялық болуы мүмкін. Түрлендіру функцияның осы маңызды қасиеті криптожүйелердің екі класын анықтайды: симметриялық және асимметриялық криптожүйелер.

      Симметриялы  криптожүйеде шифрлеу және дешифрлеу  үшін бір кілт қолданады. (Шифрлеу  – қайта құру процесі, дешифрлеу  – кері шифрлеу процесі.). Симетриялы  криптожүйеде бир ғана кілт  қолданғандықтан осындай алгоритмдерді  бір кілтті немесе жасырын кілті бар алгоритм деп атайды.  
 
 

Симметриялы  криптожүйе

Симметиялық  криптожүйенің шифрлау схемасы

      Асимметриялық  немесе екі кілттік және ашық кілті бар алгоритмдер деп аталатын шифрлеу алгоритмдері екі кілтті қолданады. Ашық кілті бар алгоритмдердің атауы келесіден пайда болды: шифрлеу кілтті жасырын сақтау қажет емес. Кез келген адам оны қолданып, өзінің хабарын шифрлеуіне болады. Бірақ, тек қана жасырын кілтті білетін ғана адам осы шифрленген хабарды оқи алады. Шифрлеу кілтін әдетте ашық кілт деп, ал шифрды ашу кілтті жасырын кілт деп атайды.  
 
 
 

Асимметриялы  криптожуйе 

Асимметриялы  криптожүйе

  • бастапқы  мәтінді түрлендіруі кері айналмайтын  болуы керек және де бастапқы  кілт негізінде оны қалпына  келтіру мүмкін болмауы керек;
 
  • қазіргі  технологиялық денгейінде ашық  кілт негізінде жасырынды кілтті  анықтау мүмкін болмауы керек. Және де шифрды ашудың еңбек  сиымдылығын (операциялар санын) бағалау  мүмкін болуы керек.
 

      Ақпаратты  сенімді қорғаудың гарантиясын  беру үшін асимметриялы жүйелерге  келесі екі маңызды және айқын  талап қойылады:

Асимметриялық  шифрлеудің сұлбасы (1-сурет)

  Бұл криптожүйеде В абоненті екі әртүрлі кілттерді генерациялайды: КВ – ашық кілт; kB – жасырын кілт. КВ және kB кілттердің мәндері кілт генераторының бастапқы күйінен тәуелді.    

  • дайындалу  қадамы:
 
  • қолдану қадамы – А мен В абоненттер

  арасында ақпаратпен алмасу: 
 

       
      Асимметриялық криптографиялық жүйеде ақпаратты беру процесі: 

  • ашық  КВ кілті және С криптограммасы қорғалмаған каналдармен тасымалдануы мүмкін, яғни жауға КВ мен С белгілі болуы мүмкін;
  • шифрлеу                        және шифрды ашу                     алгоритмдері ашық болып табылады.
 
 

 
   Асимметриялық криптожүйелердің сипатты ерекшеліктері: 

RSA  асимметриялық шифрлеу  стандарты. 

      Асимметриялық  шифрлеудің ең таралған алгоритмі RSA алгоритмі болып табылады. Ол  үш зерттеуші-математик Рональдом  Ривестпен (R.Rivest), Ади Шамирмен (A.Shamir) және Леонард Адльманмен (L.Adleman) 1977-78 жылдары ұсынылған болатын. Осы  алгоритмнің әзірлеушілеріне құпиямен  бір тараптық жұмыс істеу идеясын  тиімді асыру мүмкін болды. RSA төзімділігі үлкен тұтас сандардың  күрделілігіне базаланады. 1993 жылы RSA әдісі халыққа берілді және  стандарт  ретінде қабылданды. 

  Стеганография (steganography) – байланыс бар екендігінің өзін жасы-ратын байланыс ұйымдас-тыру әдісі. Стеганография әдістері ендірілген (қоса салынған) құпия жолдаулар бар екендігіне күдік түдырмайтындай етіп оларды зиянсыз хабарлар құрамына ендіруге мүмкіндік береді.  

Стеганография

Стеганографиялық  қорғаудың әдістерінің  классификациясы   

Назарларыңызға   
рахмет!!!

Информация о работе Симметриялық емес кілттері бар жүйелерді іске асырудың.ppt